Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Райымбек батыр (1705 -? ж.ж)

Райымбек батыр (1705 -? ж.ж)

Райымбек батыр (1705 -? ж.ж)

Райым­бек ба­тыр-1705 жы­лы Ал­ма­ты об­лы­сын­да дүни­еге кел­ген. Қай­тыс болған жы­лы ша­мамен-1785 жы­лы Ал­ма­ты қала­сы.

Райым­бек- ба­тыр, қол­басшы, Ұлы жүз ал­бан ішіндегі ал­жан ру­ының сы­рым­бет тар­мағынан. Ата­сы Хан­гелді ба­тыр XVI­II ғасыр­дың 1-жар­ты­сын­да жоңғар­ларға қар­сы күрес­те аты шығып, 1733 жы­лы Төле, Қодар би­лер, Са­тай, Бөлек ба­тыр­лармен бірге Ұлы жүз қазақта­ры аты­нан орыс пат­ша­сымен Ан­на Иоанов­наға елші жібер­ген. Райым­бек ба­тыр 17 жа­сын­да жоңғар басқын­шы­лары­на қар­сы күрес­те ерлік көрсетіп, ба­тыр атан­ды. Қал­мақтың Ба­дам, Қорын, Ағанас, Се­кер, т. б. хан, но­ян, ба­тыр­ла­рын жек­пе-жек­те жеңіп, Қара­тау өңірі мен Жетісу­ды жа­удан азат ету­ге бас­шы­лық жа­саған­дардың бірі болған. То­райғыр және Сөгеті та­ула­ры ара­лығын­дағы «Ой­рантөбе» де­ген жер­де өткен шайқас­та көзге түсті. 1733 жы­лы Бөлек ба­тыр­мен бірге елші бо­лып барған.

Райым­бек за­манын­да ұйым­дасты­ру қабілеті жоғары, сар­базда­рын жеңіске жігер­лендіре білген қазақтың білікті қол­басшы­лары­ның бірі болған. Жан беріп, жан алысқан жа­угершілікті за­ман­да аяқ ас­ты­нан күтпе­ген қиын­дықтар пай­да бо­лып, қалың қол тығырыққа тіреліп, не істеу ке­ректігін білмей тұрған­да қол­басшы Райым­бектің қинал­май жол та­уып, әскерді аман алып шыққан та­лай ерліктері ел есінде сақта­лып қалған. Со­лар­дың бірі қама­лып келіпқалған қал­мақ қолы­нан ығысып ба­рып, жа­уын­герлері бу­ырқанып та­сып жатқан Іле­ге тіреліп, не істерін білмей тұрған­да қол­басшы Райым­бектің көзсіз ерлікке ба­рып, әскерін өзінен аман өткізуі. Райым­бектің үнемі Ұлы жүз қолы­ның атақты ба­тыр­ла­рымен тізе бүктіре оты­рып, ата ме­кенді жа­удан та­зар­ту­дағы ерліктері-ұрпаққа үлгі бо­лар­лықтай. Ол та­лай рет шағын топ­пен жау шебіне ба­рып, то­сын­нан тиісіп, қар­сы жақты ой­ран- то­пан етіп отырған. Оның ерек­ше көзге түсіп, ерен ба­тыр­лығын та­нытқан «Ой­рантөбе шайқасы» сон­дай ша­бу­ылы­ның бірі ғана.

«Ақта­бан шұбы­рын­ды» кезінде жау қолын бөгеп, босқан елдің қырғынға ұшы­рамай, аман құты­лып ке­туіне мүмкіндік жа­са­удан бас­талған ба­тыр­лардың ерлік жо­лы Жетісу жері азат етіліп, Жоңғар­ларды Тұрпан­нан асы­ра қуған жеңіс жо­лына үлессіз келіп жалғаса­ды. Ол осы кездің бәрінде ат­тан түспей, қару­лас серіктерімен бірге та­лай шайқас­тарды бас­тан өткізеді.

Райым­бек ба­тыр­дың ерек­ше еңбегін оның есімі ал­бан тай­па­сының ұрпғына ай­налғаны­нан да білу­ге бо­лады. Көзі тірісінде «көріпкел», «әулие» атанған. Райым­бек ба­тыр Ал­ма­ты алқабын­да Шілік, Жа­лаңаш өңірінде тоған қаз­ды­рып, су шығарып, егін ектірген.

Жа­зушы Ж. Тұрлы­байұлы ро­ман, ақын М. Мақата­ев «Райым­бек, Райым­бек» ат­ты по­эма жазған.

Ал­ма­ты об­лы­сын­да Райым­бек есімімен ата­латын жер-су ат­та­ры көп кез­де­седі. То­райғыр та­уын­дағы Айыр­лы асу­ының маңын­да «Райым­бек бас­та­уы» бар. Ал­ма­ты об­лы­сының На­рынқол, Ке­ген аудан­да­ры бірігіп, қазірде Райым­бек аты­мен ата­лады, он­да ба­тырға ес­керткіш.