Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Салқам Жәңгір(1645-1652 ж.ж)

Салқам Жәңгір(1645-1652 ж.ж)

Салқам Жәңгір- 1645 жы­лы ту­ылып, 1652 жы­лы қай­тыс болған. Есім хан­ның ұлы. Салқам Жәңгір хан тағына Есім хан өлген соң оты­рады. Жәңгір хан бойы ала­са, бірақ мол де­нелі кісі екен. Сон­дықтан да ха­лық оны «Салқам Жәңір» атап кет­кен. Оның тұсын­да Батұр қон­тай­шы басқарып отырған жоңғар-ой­рат­тардың күшеюі байқал­ды. Олар Қазақ хан­дығына үздіксіз ша­бу­ыл жа­сап тұрды. Жәңгір хан­ның билік ет­кен жыл­да­ры жоңғар фе­одал­да­рының қазақ жер­лерін жа­улап алуға жа­саған үздіксіз жо­рықтар ке­зеңіне сай келді. Кейбір мәлімет­терге сәй­кес, Жәңгір хан­ның ор­да­сы Түркістанға та­яу маңда ор­на­ласып­ты.

Жәңгір хан Бұхар хан­дығымен одақтас­тық келісімге келіп, жоңғар басқын­шы­лары­на қар­сы күрес жүргізді. Со­нымен бірге, ол қырғыз­дармен де осын­дай қарым-қаты­нас ор­на­туға ұмтыл­ды. Мұның бәрі жоңғар ша­бу­ылы­нан қорғану мақса­тынан ту­ып еді. Дәл осы ке­зеңде қазақ хан­дығы мен ой­рат жоңғар­ла­ры ара­сын­дағы қару­лы қақтығыс­тар жиілей түсті. Екі жақтың бас­шы­лары көшіп-қонуға жай­лы жер­лер және Сыр­да­рия өзені бойын­дағы са­уда ор­та­лықта­ры үшін күрес жүргізілді.

Сол ке­зеңдегі та­рихи мәлімет­тер бойын­ша, Жәңгір хан тұсын­да қазақтар мен ой­рат жоңғар­ла­ры ара­сын­да үш ірі шайқас болған: бірінші шайқас-1635 жы­лы, екіншісі-1643–1644 жыл­да­ры, үшіншісі-1652 жы­лы.

1635 жылғы шайқас­та қазақ әскер­леріне Батұр қон­тай­шы­сы бас­таған жер қайысқан қалың қол қар­сы тұрды. Бұл ұрыс­тың нақты нәти­желері жөнігде қайысқан қалың қол қар­сы тұрды. Бұл ұрыс­тың нақты нәте­желері жөнінде мәлімет­тер жоқ, бірақ шайқас кезінде Жәңгір хан­ның тұтқынға түсіп, біраз уақыт­тан соң қашып құтылғаны ту­ралы де­рек­тер кез­де­седі. Сол кез­ден бас­тап Жәңгір хан жоңғар­ларға үнемі ша­бу­ыл жа­сап тұра­ды.

Екінші ірі шайқас 1643 жы­лы қыс­та Батұр қон­тай­шы­ның қазақ жеріне ша­бу­ыл жа­са­уынан бас­та­лады. Жоңғар­лар Жетісу өңірінің үлкен бөлігін жа­улап алып, он мыңға жуық адам­ды тұтқынға түсіреді. Жәңгір ханға көмек­ке 20 мың сар­ба­зымен Са­марқан би­ле­ушісі Жа­лаңтөс Баһадүр ке­леді. Жа­лаңтөс Баһадүр қолы­ның көмегі арқасын­да Жәңгір хан бұл шайқас­та жеңіске же­теді. Батұр қон­тай­шы­сы шегіну­ге мәжбүр бол­ды. Жеңіліске ұшы­раған жоңғар­лар бұл ұрыс­та он мыңға жуық адам­нан айырыл­ды. Сақта­лып қалған та­рихи мәлімет­тер бойын­ша, бұл шайқасқа Жәңгір хан зор қол­басшы­лық да­рын мен әске­ри ше­берлік та­ныта білді.

Жәңгір хан жоңғар­ларға қар­сы күрес­те моғол­дар жағынан көмек алу ұшін біраз әре­кет етті. Олар­мен та­ту көршілік қарым-қаты­нас ор­на­ту үшін екі рет елші жіберді. Бұл дип­ло­мати­ялық тап­сырма Жәңгір хан­ның ұлда­ры Тәуке мен Апақ сұлтан­дарға жүктелді. 1643–1644 жыл­дардағы шайқас­та то­лық жеңілме­ген жоңғар­лар бо­лашақта бо­латын соғысқа мұқият дайын­да­ла бас­та­ды. Жоңғар­лар қон­тай­шы­сы 1643–1644 жыл­дардағы жеңілістен кейін бы­тыраған иеліктерін біріктіріп, Сібірдегі орыс қала­ларын қару-жа­рақтар және оқ дәрілер са­тып ала­ды.

1652 жы­лы қазақтар мен жоңғар­лар ара­сын­дағы үшінші ірі шайқас­та қазақ әскер­лері жеңіліске ұшы­рап, Жәңгір хан қаза та­бады.