Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Сүлеймен Бақырғани

Сүлеймен Бақырғани

Сүлей­мен Бақырғани (12 ғасыр­дың ба­сы — 1186) – со­пылық ди­дак­ти­калық са­рын­дағы әде­би­еттің негізін қала­ушы­лар­дың бірі, ой­шыл, ғұла­ма, ақын, «Түркістан пірі» атанған Қожа Ах­мет Яс­са­уидің атақты төрт шәкіртінің бірі. Түркістан қала­сын­да дүни­еге кел­ген. Са­марқанд, Бұха­ра, Хо­резм, Шам қала­ларын­да білім алған. Ха­лық ара­сын­да Әкім ата де­ген ат­пен белгілі. Атақты түрко­лог А. Бо­ров­тың зерт­те­улері бойын­ша, Сүлей­мен Бақырғани өз жыр­ла­рын кезінде бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған оғыз-қып­шақ тілінде жазған. Ол со­пылық по­эзия үрдісін жалғас­ты­рып, түркі тілінде діни хик­меттер жазған, әулие дәре­жесіне жетіп, ел-жұртын иман­ды­лыққа, адам­гершілікке үнде­ген. Ғұла­ма кітап­та­рының түпнұсқасы сақтал­маған, көшірме нұсқала­рының жа­зылу мерзімі 15 ғасырға жа­тады. 17 ғасыр­да жа­зылған қол­жазба Қазақстан Рес­публи­касы Ұлттық кітап­ха­насы қорын­да сақта­улы. Оның көлемі 652 бет, 119–489 бет­тері бірыңғай Сүлей­мен Бақырғанидің хик­меттерінен тұра­ды. Ғалым­ның «Ақыр­за­ман», «Бибі Мәри­ям» кітап­та­ры діни мек­тептер­де оқулық ретінде пай­да­ланылған. «Ақыр­за­ман» дас­та­нының мазмұндық желісін Та­жал мен Мәдінің күресі, ақыр­за­ман белгілері, мах­шар күні мен Мұхам­мед пайғам­бардың (ғ. с.) өз үмбет­терін то­зақ оты­нан құтқаруы құрай­ды. Ал «Бибі Мәри­ям» дас­та­нын­да ана мен ба­ла ара­сын­дағы сүйіспеншілік, Ал­лаға құлшы­лық ету, Хаққа де­ген шексіз сенім бей­не­леніп, Мұхам­мед, Иса пайғам­барлар­дың (ғ. с.) үмбет­терінің қамын ой­ла­уы бас­ты на­зар­да ұсталған. Қазақстан Рес­публи­касы Ұлттық ғылым ака­деми­ясы­ның Ор­та­лық кітап­ха­насын­да «Хакім ата» кіта­бының 1878 жы­лы Қазан уни­вер­си­теті бас­па­хана­сын­да жа­рық көрген нұсқасы­ның фо­токөшірмесі сақталған. Кітап ақын­ның төл шығар­ма­сы емес, ол жай­лы жа­зылған аңыз-хи­ка­ят­тардың жи­нағы. Бұл? Сүлей­мен Бақырғани жай­лы тұңғыш бас­па бетін көрген еңбек, Ф. Ама­шев де­ген адам бас­тырған, көлемі 20 беттік про­залық шығар­ма. Кітап түрлі ке­зеңдер­де өмір сүріп, Яс­са­уи үлгісінде хик­меттер жазған ақын­дардың шығар­ма­лары­нан тұра­ды, хик­меттердің әрқай­сы­сының соңын­да ав­торла­рының аты аталған. Жи­нақтағы Сүлей­мен Бақырғани хик­меттерінің көлемі 1200 жол­дан аса­ды. Кітап­та 9 дас­тан берілсе, оның екеуінің «Ра­сул Миғра­жы» мен «Ис­майыл» қис­са­сы Сүлей­мен Бақырғанидікі екендігі көрсетілген. «Ра­сул Миғра­жы» қис­са­сы арап­ша ере­жеп айының 27-ші кешінде Ал­ла әмірімен көкке көтерілген Мұхам­мед пайғам­бар са­пары­на ар­налған. Бұл оқиға Құран Кәрімнің 17-Ісра сүресінде ай­тылған. Ал 74 шу­мақтан тұра­тын «Ис­майыл» қис­са­сы Құрбан айт ме­рекесінің шығу та­рихын ба­ян­дай­ды, ол 37-Саф­фат сүресінен алынған оқиға негізінде жа­зылған. Мұхам­мед пайғам­бардың (ғ. с.) қай­тыс бо­лу­ына бай­ла­ныс­ты дас­тандар Шәмсі асынікі, Мұхам­мед пен Иб­раһим жай­лы дас­тан Ғұбай­дул­ланікі, «Ақтым қис­са­сы» Хы­таи сақынікі деп берілген, «Жа­рым ал­ма хи­ка­ясы» дас­та­нының ав­то­ры көрсетілме­ген. Сүлей­мен Бақырғани шығар­ма­лары­ның бас­ты тақырып­та­ры? со­пылық ағым қағида­лары, Ал­лаға де­ген сүйіспеншілік, оны ма­дақтау, Ал­лаға құлшы­лық ету­ге, ис­ламның шарт­та­рын мүлтіксіз орын­дауға шақыру. Шығар­ма­ны ежелгі дәуір әде­би­етіне тән Ал­лаға ма­дақ ай­ту­дан бас­тап, соңын­да ав­тордың өзі ту­ралы мәлімет бе­руі, кейіпкер­лердің аса мінсіз бо­лып су­рет­те­луі, сұлу­лықты асыл тас­тарға теңеу сияқты дәстүрлер Сүлей­мен Бақырғани шығар­ма­лары­нан да байқала­ды. Ақын­ның иман­ды­лықты, ізгілікті жыр­лаған, білімділікке, са­бырға, төзімділікке шақырған, нәпсіқұмар­лықты, дүниеқоңыз­дықты, мен­мендікті, тәкап­парлықты сы­наған өлеңдері мен өмірдің өткіншілігі жай­лы ой-пікірлері кейінгі ке­зең ақын­да­ры шығар­ма­ларын­да жалғасын тап­ты. Бақырғани кіта­бын­дағы қис­са-дстан­дар желісімен 19 ғасыр­дың 2-ші жар­ты­сы мен 20 ғасыр­дың ба­сын­да Ж. Шай­хы­сыламұлы, М. -Ж. Көпейұлы, А. Са­балұлы, Ш. Жәңгірұлы, Е. Көлдей­бекұлы, т. б. қис­са­шыл ақын­дар жыр жаз­ды. Біздің за­маны­мызға көшірме қол­жазба­лар арқылы жет­кен ақын мұра­сын жа­ри­ялау ХІХ ғасыр­дың ор­та тұсын­да мықтап қолға алын­ды. Алғаш рет 1846 жы­лы Қазан уни­вер­си­тетінен қадим әліпбиімен ба­сылған Бақырғани шығар­ма­лары өткен ғасыр­дың жи­ыр­ма­сын­шы жыл­да­рына дейін он ал­ты рет жа­рық көрді. Ке­шегі кеңес за­манын­да түркі ха­лықта­рының әде­би­ет та­рихы­на қатыс­ты том­дар мен жи­нақтар­да ақын хик­меттерінен үзінділер жа­ри­ялан­ды. Тек өткен ғасыр­дың соңына қарай 1991 жы­лы Таш­кент­те (Өзбекс­тан), 2000 жы­лы Қазан­да (Та­тарс­тан) бұрын Қазан төңкерісіне дейін жа­ри­яланған ли­тог­ра­фи­ялар негізінде қай­та ба­сыл­ды. Сон­дай-ақ Бақырғани­дың бірне­ше хик­меттері Б. Сағын­дықов, Р. Ах­ме­тов және Н. Мәтбек та­рапы­нан қазақшаға тәржіма­ланып, жа­рық көрді. Ақын­ның кіта­бы 1897 жы­лы Е. Ма­лов­тың «Ис­то­рия об­щест­ва ар­хе­оло­ги, ис­то­рии, эт­ногра­фии» (XIV) ат­ты еңбегінде ба­сылған. 19 ғасыр­дың соңын­да Е. Ма­лов, Н. Мал­лицкий, Ф. Ка­танов, М. Көпрүлү, т. б. ғалым­дар ғұла­ма еңбек­терін зерт­те­ген.

Сүлей­мен Бақырғани 82 жа­сын­да Түркістан қала­сын­да дүние са­лады.

Бұл кісінің еңбек­тері кейіннен ор­та және жоғары оқу орын­да­рын­да еңбек­тері шыға бас­тай­ды, со­ның ішінде мұсыл­ман ел­дерінің ба­сылым­да­рын­да жа­рыққа шығады.