Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Шыңғыс хан

Шыңғыс хан

Шыңғыс хан, Тэ­муд­жин, Те­мучин (1155 ж. ш., Онон өзені бойын­дағы Де­ли­ун-Бол­дак шатқалы – 25.8.1227, Си­ся мем­ле­кетінің жері) – Ази­яда біртұтас мем­ле­кет құру­шы, өз за­маны­ның аса ірі әске­ри және мем­ле­кет қай­рат­кері. Ежелгі ру бас­шы­сы Есу­гей ба­тыр­дың от­ба­сын­да ту­ылған. 12–13 ғасыр­дың ба­сын­да монғол тай­па­сының өкілі Тэ­муд­жин Ор­та Азия тай­па­ларын біріктірді, сөйтіп ол Ор­та Азия да­ласын­дағы ең құды­ретті жа­улап алу­шыға ай­нал­ды. Өзінің әске­ри да­рыны­ның арқасын­да және дұшпан­да­рының әлсіздігі мен бы­тыраңқылығын пай­да­ланып, 1183 – 1204 жы­лы өкімет билігі үшін күрес­те негізгі жа­ула­рын (Меркіт тай­па­сының көсемі Тох­та­дан бас­тап, Най­ман тай­па­сының бас­шы­сы Та­ян (Да­ян) ханға дейін) талқан­да­ды да, кең-бай­тақ тер­ри­тори­яны ба­сып ал­ды, сөйтіп он­да ме­кен­дейтін көпте­ген ру тай­па­лық одақтар­дың бірден-бір би­ле­ушісі бол­ды. Осы жеңістері және тай­па көсем­дерін өз маңына топ­тасты­руға бағыт­талған бірсы­пыра әле­уметтік ша­ралар­ды жүзе­ге асы­ру нәти­жесінде Тэ­муд­жин да­ла ақсүйек­тері құрыл­тайының шешімімен 1206 жы­лы бар­лық тай­па­лар­дың ұлы ха­ны бо­лып жа­ри­ялан­ды да, "Шыңғыс хан” (түрікше "теңіз, мұхит” де­ген сөзден шыққан) ла­уазы­мын ала­ды. Ішкі са­ясат­та Шыңғыс хан мем­ле­кетті басқару ісін бір ор­та­лыққа бағын­ды­руға күш сал­ды, түркі-моңғол тай­па­ларын "мыңдық” деп ата­латын әске­ри-әкімшілік бөліктер­ге бөлді (өй­ткені хан та­лабы бойын­ша, бұл бөліктердің әрқай­сы­сы 1000 ат­ты әскер бе­руге тиісті бол­ды). Шыңғыс хан бұлар­ды жайылым жер­лерімен қоса өз ту­ыс­та­ры мен но­ян­дарға еншіге бөліп берді. Им­пе­рия әскері үш бөлікке бөлінді: оң қанат (ба­рунғар), сол қанат (жоңғар), ор­та қанат (гол). Мем­ле­кет ішіндегі на­разы­лықты ба­су үшін 10 мың адам­дық же­ке гвар­дия (кэ­шиг) құрды. Әскер­де өте қатаң тәртіп ор­натты: сәл кінәлі не­месе қорқақтық көрсет­кен әске­ри адам­дар өлім жа­засы­на кесілді, Шыңғыс хан әске­ри стра­тегия мен так­ти­када мұқият бар­лау, жа­уды же­келеп талқан­дау, тұтқиыл­дан ша­бу­ыл жа­сау, дұшпан­ды ал­дау үшін ар­на­улы топ­тардан тосқауыл қою, қыру­ар ат­ты әскер­мен ма­невр жа­сау, т. б. әдістерді қол­данды. Ұлы хан жаз­ба­ша іс жүргізуді ұйым­дастыр­ды. 1206 жы­лы ол әдет­тегі құқық (яса) ере­желерін бекітті. 1207 – 11 жы­лы Шыңғыс хан Сібір мен Шығыс Түркістан­ды (бу­рят­тарды, якут­тарды, ой­рат­тарды, қырғыз­дарды, ұйғыр­ларды) бағын­дырды. 1211 жы­лы Цзинь мем­ле­кетi­не жо­рық жа­сады. 1215 жы­лы Пе­кинді ал­ды. 1217 жы­лы Солтүстік Қытай түгел Шыңғыс хан­ның билігіне көшті. 1219 жы­лы Ко­рея пат­ша­лығы Шыңғыс хан әскер­лерінен тізе бүкті. Моңғол әскерінің Солтүстік Қытай мен Ко­рея пат­ша­лығына жо­рықта­рын ірі қол­басшы, әмір Мұқылай Га­уин Жа­ла­ири басқар­ды. Қытайға қар­сы ша­бу­ыл­дан кейін Шыңғыс хан әскерінің бір то­бы 1218 – 19 жы­лы Жетісу­ды, 1219 – 21 жы­лы Қазақстан мен Ор­та Ази­яны жа­улап ал­ды. Ба­сып алған жер­лерді Шыңғыс хан ұлыс­тарға бөлді де, ұлда­рын үлестіріп берді. Кіші ұлы Төле­ге Моңғоли­яның өзі, үшінші ұлы Үге­дей­ге ба­тыс Моңғолия, жоғарғы Ертіс пен Тар­бағатай ай­мағы, екінші ұлы Шағатайға шығыс Түркістан, Жетісу мен Ма­уеран­нахр­дың көп бөлігі, үлкен ұлы Жо­шыға Ертістен ба­тысқа қарай Жетісу­дың солтүстік бөлігін және төменгі Еділ бойына дейінгі жерді қоса бүкіл Шығыс Дешті Қып­шақ бағын­ды­рыл­ды. Қазақстан аумағы Шыңғыс хан им­пе­ри­ясы­ның үш ұлы­сының құра­мына: үлкен (да­лалық) бөлігі – Жо­шы ұлы­сына, оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстан – Шағатай ұлы­сына, Жетісу­дың солтүстік-шығыс бөлігі – Үге­дей ұлы­сына кірді. Шыңғыс хан­ның тірі кезінде ұлда­рын бөліп бер­ген жер­лер олар үшін тек қана пай­да көзі бол­ды, бірақ им­пе­рия бас­шы­сына бағыныш­ты бо­лып қала берді. Шыңғыс хан өлген соң бас­шы­лық жо­рықта­рын оның ми­расқоры, Шыңғыс әулетінің хан­да­ры аз­ды-көпті үзілістер­мен үсті-үстіне жүргізе берді. Бірақ күшпен, зор­лық-зом­бы­лықтың арқасын­да құрылған бұл ұлыс­тардың ара­сын­да ешбір са­яси, эко­номи­калық, эт­ни­калық бай­ла­ныс бол­ма­ды. Шыңғыс хан ұрпақта­рын өз әулет­терін то­лығымен дер­бес етіп алуға, ал ұлыс­тарды тәуелсіз иеліктер­ге ай­нал­ды­руға ты­рысу­ынан им­пе­рия бірне­ше мем­ле­кет­ке ыды­рады (Ақ Ор­да, Ал­тын Ор­да, Шағатай ұлы­сы).