Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Қазыбек би Келдібекұлы

Қазыбек би Келдібекұлы

Дүни­еге кел­гені: 1665

Қай­тыс болғаны: 1765

Ман­са­бы: би

Өмірба­яны

Қаз да­уыс­ты Қазы­бек би, Қазы­бек Келдібекұлы – қазақ халқының XVII – XVI­II-ғасыр­лардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мем­ле­кет қай­рат­кері. Ор­та жүз арғын тай­па­сының қара­кесек ру­ына кіретін бо­латқожа ата­сынан шыққан ол 1667 жы­лы Сыр бойын­да дүни­еге кел­ген. Арғы ата­лары Шан­шар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек — есімдері ел­ге белгілі әділ би­лер болған.

Қаз да­уыс­ты Қазы­бектің оқыған жер­лері, алған білімі ту­ралы нақты де­рек жоқ. Де­ген­мен, ел аузын­дағы әңгіме, аңыз­дар мен би­ден жет­кен ше­шендік сөздер оның өз за­манын­да білімді де же­телі, ха­лықтың ауыз әде­би­еті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жо­лы заңда­рын мейлінше мол меңгер­ген, озық ой­лы, әділ де көре­ген, ба­тыл да ба­тыр адам болған­дығын айқын аңғар­та­ды. Әділдігі мен алғыр­лығы үшін Тәуке хан Қазы­бекті Ор­та жүздің Бас биі ет­кен. Би Әз Тәукенің тұсын­да хан кеңесінің белді мүше­лерінің бірі бол­са, Сәме­ке, Әбілмәмбет, Абы­лай ел би­леген ке­зеңдер­де де мем­ле­кет басқару ісіне жиі ара­ласып, ішкі-сыртқы са­ясат­та ақыл-кеңес­тер беріп отырған.

Бидің жас­тық шағы мен бүкіл са­налы өмірі қазақ елінің өз ішінде ру­лық-тай­па­лық ала­уыз­дықтар мен хан­дық билікке та­лас­тың неғұрлым өршіген, көрші мем­ле­кет­тердің көз тігуі жиілеп, Жоңғар шапқын­шы­лығы үдей түскен ке­зеңге тап келді. Ел аузын­дағы аңыз-әңгіме­лер­ге қараған­да, ол Тәуке хан­ның белгілі би-ба­тыр­ла­ры бас­таған елшілігіне ілесіп алғаш рет қал­мақ қоңтай­шы­сы Цэ­ван Раб­данға барғанын­да 14 жас­та екен. Қылы­шынан қан тамған қаһар­лы қал­мақ ха­нының ал­дында қазақ би­лері жасқан­шақтық та­нытып, күмілжіңкіреп қалған сәтте жасөспірім Қазы­бек: «Дат, тақсыр!» деп жұлқынып алға шығады да:

«Қазақ де­ген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт-бе­реке қаш­па­сын деп, жеріміздің шетін жау бас­па­сын деп най­за­сына жылқының қылын таққан елміз.
Дұшпан ба­сын­баған елміз, ба­сымыз­дан сөз асыр­маған елміз.
До­сымыз­ды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз.
Бірақ асқақтаған хан бол­са – хан ор­да­сын тап­тай білген елміз.

Ата­дан ұл ту­са – құл бо­ламын деп ту­май­ды, ана­дан қыз ту­са – күң бо­ламын деп ту­май­ды, ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп оты­ра ал­май­тын елміз.

Сен темір бол­саң, біз көмірміз – еріткелі кел­генбіз, қазақ-қал­мақ ба­ласын теліткелі кел­генбіз.
Та­нымай­тын жат ел­ге — та­нысқалы кел­генбіз, та­нысуға көнбе­сең – ша­бысқалы кел­генбіз.
Сен қабы­лан бол­саң, мен арыс­тан – алысқалы кел­генбіз, тұтқыр са­ры желіммен жа­бысқалы кел­генбіз.
Бітім бер­сең – жөніңді айт, бер­ме­сең – тұры­сатын жеріңді айт!» – депті.

Жас ба­ланың бұл сөздерінен бас алыс­пақ ба­тыр­лықты да, ын­ты­маққа шақырған ізгілікті де аңғарған қал­мақ ха­ны әділдікке жығылып, өжеттігі мен ше­шендігіне ри­за бо­лып: «Да­уысың қаз­дың да­уысын­дай екен, бұдан бы­лай сенің есімің Қаз да­уыс­ты Қазы­бек бол­сын», – де­ген екен. Со­ның арқасын­да елшілік жау қолын­дағы 90 тұтқын­ды ша­былған мал, то­налған мүлігімен ша­шау шығар­май қай­та­рып алып, ел­ге ол­жа­лы оралған екен. Қазы­бек бұдан кейін де жоңғар­ларға екі рет елшілікке ба­рып, ел на­мысы­на дақ түсірмей, көзде­ген мақса­тын орын­дап қайтқан.

Тәуке хан үйсін Төле, ал­шын Әй­те­ке, арғын Қазы­бек би­лер­ге жаңа заң жо­басын – «Жеті жарғыны» жа­сатып, Күлтөбенің ба­сын­да бүкіл ха­лық ал­дында қабыл­датты. Сөйтіп, ұлы үш бидің көмегімен ел ішіндегі әдет-ғұрып нор­ма­лары, жер-су, қоныс иеліктерінің мөлшері, жесір да­уы, құн төлеу, кек алу, ұрлық-қар­лыққа тыйым са­лу, ағайын-ту­ыс, ру ара­сын­дағы дау-да­май­лар, ел бірлігі, мем­ле­кет басқару, Отан қорғау, сыртқы жа­улар­дың ша­бу­ыл­да­рына той­та­рыс бе­ру, ұрпақ тәрби­есі, т. б. мәсе­лелердің шешілу жүйесі жаңаша белгіленді.

Ел «Ақта­бан шұбы­рын­ды, Алқакөл сұла­ма» нәубетіне ұшы­рап, қат­ты күй­зеліске түскен ке­зеңде Қазы­бек би өзге де би­лер­мен бірге Сәме­ке, Әбілмәмбет хан­дардың, Ба­рақ, Ба­тыр, Абы­лай сұлтан­дардың ара­сын жа­рас­ты­руға күш сал­ды, олар­ды өза­ра ын­ты­маққа шақыр­ды. Орыс пат­ша­сымен дос­тық қарым-қаты­нас ор­на­туды жақта­ды. Абы­лай сұлтан тұтқынға түсіп қалған­да Қазы­бек би Абы­лай­ды құтқару үшін қол­дан кел­ген бар­лық дип­ло­мат­тық ай­ла-әре­кет­терін жа­саған. Би 1762 ж. Абы­лай сұлтанға Қытай боғды­ханы­нан іргені аулақ са­луға кеңес бер­ген. Қазы­бек мем­ле­кет істерімен қатар ру­ара­лық, сұлтан­дар ара­сын­дағы кикілжің тар­тыстарға да әділ билігін ай­тып отырған. Орыс пат­ша­сының өктемдігіне қар­сы 1740 жылғы башқұрттар көтерілісінің бас­шы­сы Қара­сақал­дың Қабан­бай ба­тырға бар­мас бұрын Қазы­бек би­ге келіп па­налағаны белгілі. Ал Ба­рақ сұлтан қысас­тықпен 1748 ж. 24-та­мыз­да Кіші жүз ха­ны Әбілқайыр­ды өлтірген­де, мұны ел бірлігіне іріткі са­латын қыл­мыс деп бағалаған.

Би 18-ғасыр­дың 40-жыл­да­рының ба­сын­да Сыр бойынан Арқаға қарай көшіп, Ұлы­тау, Қарқара­лы өңірін қоныс қылып, Семізбұғы та­уының бет­кей­лерін жай­лаған. Қазы­бек­тен: Бек­бо­лат, Қазым­бет, Ба­зар­гелді, Барқы, Сы­рым­бет есімді бес ұл, Маңқан (Қамқа) де­ген бір қыз туған. Қазы­бек ұрпақта­ры ата-ба­ба жо­лын қуып, сөз ұстаған па­расат­ты әділ қазы­лар атанған. Ба­ласы Бек­бо­лат, одан кейінгі Тіленші, Ал­шынбай­лар да дүйім жұртты аузы­на қаратқан әділ де ту­ра би­лер болған. Белгілі әнші-ком­по­зитор Мәди Бәпиұлы да Қазы­бек бидің ұрпағы.

Қазы­бек би 1764 жы­лы Семізбұғы та­уының етегіндегі Те­ректі қыс­тағын­да 97 жа­сын­да дүни­еден өткен. Де­несін ба­ласы Бек­бо­лат Түркістан­дағы Қожа Ах­мет Иаса­уи ке­сенесіне апа­рып жер­леп, ба­сына құлпы­тас ор­натқан. Қазы­бек бидің қай­рат­керлік қыз­меті мен ше­шендік өнері ту­ралы Алек­сей Лев­шин, Шоқан Уәли­ханов, Шаһабуд­дин Мар­жа­ни, Бал­та­бай Адам­ба­ев, Ны­сан­бек Төреқұлов, т. б. зерт­те­улері сақталған. Жа­зушы Со­фы Сма­та­ев­тың «Елім-ай» ро­манын­да ке­меңгер бидің келісімді тұлғасы жа­салған. Қараған­ды об­лы­сын­да бір ауданға, Ал­ма­ты, Шым­кент қала­ларын­да көше­лер­ге би есімі берілген, ел ор­да­сы – Ас­та­нада ес­керткіш ор­на­тылған. Қазы­бек бидің әде­би мұра­сы әр жыл­дарда бас­па­дан жа­рық көрген ше­шендік сөздер жи­нақта­рына енгізілген.

Қосым­ша ақпа­рат­тарҚазы­бек Келдібекұлы (1667–1764) Сыр­да­рия жағала­уын­дағы ауыл­да ту­ып, жас­тық шағын Қара­тау, Ұлы­тау аты­рабын­да өткізсе ке­рек. Қазақ шежіре де­рек­тері бойын­ша, Қазы­бек Арғын­ның Қара­кесек (Бо­латқожа) ру­ынан. Сол Қара­кесектің бір ата­сынан Бұлбұл, одан Шан­шар ту­ады. Бұлар­да оқыған, тоқығаны көп, ақылгөй абыз, ше­шен би көп өткен.

Шан­шардың екінші әйелі Ай­би­кеден Келдібек, Ты­ныбек, Жәнібек, Есіркеп (олар­ды ел «төрт бегі» деп те атаған) та­рай­ды. Келдібек кезінде аузы­на ел қаратқан белгілі ше­шен, би боп­ты. Ол отыз жасқа кел­генше үй­лен­бей жүріп алып­ты. Оның се­бебін ел бы­лай аңыз етеді: Бұлбұл ба­басы түсінде — сен қатын ал­май­сың, ешбір әйел­ге көзіңді сал­май­сың. Ала­тын әйелің мы­надай бо­лады: ұзын бой­лы са­ры қыз, оң аяғы ақсақ, оң жақ құлағының түбінде та­надай меңі, екі ем­шегінің ара­сын­да алақан­дай қалы бо­лады. Сен соған үй­лен — депті. Айтқанын­дай Келдібек сол қызға кеш жөне­кей кез­десіп, та­ныса­ды. Ол қыз­дың аты Тоқмейіл екен. Ай­тты­рып ал­мақ боп жүрген­де әке-ше­шесі:

- Ба­лам-ау, басқа сұлу қыз­дар тұрған­да, өзі түсі кел­ме­ген қыз екен, уәде­лес­кен құда, жег­жаттар­ды қай­теміз? — де­ген­де, Келдібек:

Қай­мағын піскен сүттің ал­дым қалқып, Аяғы ақсақ болған­мен, ақылы ар­тық. Көзі қыли, сөзі мен ісі түзу. Сөй­лес­кеннен өн бойым кетті балқып, — депті. Тағы бірде құрбы-құрдас­та­ры Келдібектің үйінде оты­рып, оны ке­кетіп, ке­лемеж­ге ай­нал­ды­ра беріпті. Сон­да жаңа түскен жас келіншек әдеп­пен сы­пайы ғана:

Көзім қыли, жа­сыр­май­мын, ақсақпын. Келдікеңмен сон­дай та­ту жақсы-ақпын. Та­тулықтың белгісіндей та­маша, Төрт Бо­шан­ды би­лейтін ұл тап­пақпын, — де­ген­де, әлгілер «бұл тегін адам емес екен, қал­жыңды қояйық» десіпті. Айтқанын­дай-ақ Тоқмейіл ана­дан атақты Қазы­бек би дүни­еге ке­леді. Сол Тоқмейілден Қазы­бек, Сәдімбек, Асан, Ба­лапан, Үсен, Бөде­не де­ген ал­ты ұл ту­ады. Бұлар­ды ел «ақсақтың ал­та­уы» деп атап ке­теді. Қазы­бек туған­да ана­сы:

«Ай­на­лып-толғанып өсірсем,
Ақ сүтімді кешірсем,
Адал­дан бо­лар нәсібің.

Тіліңнен бо­лар кәсібің», — депті. Сәдімбек туған­да ай­тып­ты: «Осы шіркін ызақор бо­лар, ем­шегімді емер­де, ашу­ланып тыр­на­ла­ушы еді» депті.

Асан туған­да «осы шіркін даңғой бо­лады-ау» депті. Ба­лапан туған­да, «осы шіркін ше­шен бо­лар» депті. Үсен­ге «кер­без бо­лар­сың» депті. Бөде­не туған­да «ба­тыр бо­лар ма екенсің» депті. Бәрі сол да­уагер ана­сының айтқанын­дай боп ер­жетіпті.

Қазы­бек ба­ла жа­сынан ше­шендік өнер­ге бейім өседі. Ол ел ара­сын­дағы ай­ты­лып жүрген да­на сөздерді, мақал-мәтел, нақыл­дарды өткен­дегі ақын" жы­ра­улар­дың тақпақ, тер­ме, толғаула­рын, ше­шен, би­лердің ұтым­ды сөздерін есіне сақтап жүреді. Әсіре­се, әке тәрби­есі оған мол өсер етеді. Жа­сынан ел билігіне ара­ласа­ды.