Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Қожа Ахмет Яссауи

Қожа Ахмет Яссауи

Дүни­еге кел­гені: ша­мамен 1093, кейбір де­рек­терде 1103 жы­лы

Оңтүстік Қазақстан об­лы­сы, Сай­рам ауда­ны

Қай­тыс болғаны: 1166 жы­лы

Оңтүстік Қазақстан об­лы­сы, Түркістан

Ман­са­бы: Ақын, Пәлса­пашы

Қожа Ах­мет Йас­са­уи (1093 ж. ш., кейбір де­рек­терде 1103, 1041, Сай­рам (Ис­фиджаб) — 1166 ж. Түркістан (Иасы)) — түркі ха­лықта­рының, со­ның ішінде қазақ халқының, байырғы мәде­ни­етінің та­рихын­да ай­рықша оры­ны бар ұлы ақын, пәлса­пашы.

Мазмұны

  1. Өмірба­яны
  2. «Ди­уани Хик­мет»
  3. Қожа Ах­мет Йас­са­уи ілімі

Өмірба­яны Қожа Ах­мет Йас­са­уи – түркістан­дық ғұла­ма, әулие. Қожа Ах­мет Йас­са­уидың арғы тегі қожа­лар әулеті. Әкесі – Ис­фиджаб­та даңққа бөлен­ген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Иб­раһим. Ана­сы – Мұса шей­хтың қызы Ай­ша (Қара­шаш ана). Мұса шейх те Ис­фиджаб­та әули­елігімен та­нылған. Кейбір де­рек­терде Қожа Ах­мет Йас­са­уидың Иб­раһим ат­ты ұлы мен Га­уhар Хош­наз (Жа­уhар Шах­наз) ат­ты қызы­ның болған­дығы ай­ты­лады. Қожа Ах­мет Йас­са­уидың ұрпағы негізінен осы қызы­нан та­рай­ды. 9 ғасыр­да Оты­рар, Ис­фиджаб, Ба­ласағұн, Иасы, Са­уран, Сығанақ Шаш, Сүткент, Жент, Ку­дур, От­лук, Өзкент, тағыда басқа Ма­уеран­нахр қала­ларын­да ис­лам діні уағыз­шы­лары­ның бел­сенді әре­кет­тері са­яси си­пат алған бол­са, 10 ғасыр­дан бас­тап ис­лам ілімі жо­лын­дағы тәлім-тәрби­елік ор­да­лар – мед­ре­се-тек­ке­лер түбе­гейлі ор­нығып, ис­ламдық-ру­хани­ят­тық ах­лақи (мо­раль­дық) ұста­ным­дар қалып­та­са бас­та­ды. Қожа Ах­мет Йас­са­уи дүни­еге кел­мей тұрып, Ис­фиджаб­та ис­ламдық фикһ (құқық) мек­тебі ха­нафи мазһабы­ның он­даған өкілдері өмір сүрді. Йас­са­уи ілімі осы са­яси-әле­уметтік, та­рихи шарт­тарға бай­ла­ныс­ты қалып­тасты. Қожа Ах­мет Йас­са­уи ұстаз­да­рының көшбас­шы­сы – Арыс­тан баб. Ка­шифи «Ра­шахат-ул айн-ил хайат» ат­ты еңбегінде Қожа Ах­меттің Арыс­тан баб­тың шәкірті болған­дығы, одан заһир және ба­тин ілімдерінің сы­ры мен мәнін үй­рен­гендігі, оған 16 жы­лы қыз­мет ет­кендігі ту­ралы мәлімет бе­реді. Йас­са­уидың «Ди­уани хик­метінде» де Арыс­тан баб жиі ауызға алы­нады. Қожа Ах­мет Йас­са­уидың өмірі мен қыз­меті ту­ралы Жаз­ба де­рек­терде (Ха­зини, «Жа­уаһир-ул Аб­ра Мин Аму­аж-ил Биһар») оның Юсуф Ха­мада­нидың шәкірті екендігін көрсе­тетін де­рек­тер болғаны­мен, соңғы зерт­те­улер­де оны теріске шығара­тын тұжы­рым­дар ай­ты­ла бас­та­ды. Қожа Ах­мет Йас­са­уидың алғашқы шәкірті – Арыс­тан баб­тың ұлы Мансұр Ата, екінші шәкірті – Сайид Ата Хо­рез­ми, үшінші шәкірті – Сүлей­мен Бақырғани. Осы­лар­дың ішіндегі ең көрнектісі – Бақырғани (Хакім Ата) (Ка­шифи, «Ра­шахат-ул айн-ил хайат»). Тағы бір та­нымал шәкірттерінің бірі Мұхам­мед Да­ныш­менди со­пы Қожа Ах­мет Йас­са­уидың «Ми­рат-ул Қулуб» ат­ты мұра­сын хатқа түсірді. Сон­дай-ақ Садр Ата, Бадр Ата, Қажы Бек­таш Әулие, Са­ры Салтұқ, Шейх Лұқпан Пе­рен­де сияқты тұлғалар да Қожа Ах­мет Йас­са­уидың шәкірттері са­нала­ды. А. Бен­нигсон Қожа Ах­мет Йас­са­уидың Шо­пан Ата және Зеңгі Ба­ба ат­ты да шәкірттерінің болған­дығын ай­та­ды. Йас­са­уи шәкірттері жөнінде Фу­ат Көпру­лу: «Му­таса­ууф­тардың (со­пылар­дың) өмірба­яны жай­лы еңбек­терде Ирак, Хо­расан және Ма­уеран­нахр со­пыла­рынан басқа түркі шей­хта­ры деп жүрген со­пылар­дың бар­лығы дерлік Қожа Ах­мет Йас­са­уи та­риқаты­ның шей­хта­ры еді» дейді. Ах­меттің әкесі діндар, құдай жо­лын ұстаған атақты шай­кы­лар­дың бірі болған секілді. Бұлай дейтін се­бебіміз, ақын­ның 149-хик­метінде оның шыққан тегі ту­ралы төмен­дегі сыр шер­теді:

…Ысқақ ба­ба жұры­ны, шейх Иб­раһим Құлы­ны,
Ма­шайықтар ұлығы — шей­хым Ах­мет Яса­уи.
…Иасы оның ара­сы, жа­тыр гауһар па­расы,

Ма­шайықтар са­расы — шей­хым Ах­мед Яса­уи. Ах­мет Бұқар қала­сын­да Юсуф Ха­мада­нидан діни білім алған­нан кейін, Түркістанға келіп, сол кез­де Ор­та­лық Ази­яда кең та­раған со­пылық, діни-тақуалық иде­ялар­дың ірі на­сихат­шы­сына ай­на­лады. Ах­мет Яса­уидің ер­же­те ке­ле Түркістанға ке­луі дінге бай­ла­ныс­ты бол­са ке­рек. Ақын өз өлеңдерінде Түркістанға кел­гені жайын­да бы­лай­ша ба­ян­дай­ды:

…Он жетімде Түркістан­да тұрдым, міне
Он сегізде Шілте­менеи ша­рап іштім,
Ру­зы қыл­ды, Жәннат кезіп қор­лар құштым,
Хақ Мұста­фа жүздерін көрдім, міне…

[өңдеу] «Ди­уани Хик­мет»Оның бүгінгі ұрпаққа жет­кен көлемді шығар­ма­сы — «Ди­уани Хик­мат» (Хик­мат жи­нақ). Бұл шығар­ма алғаш рет 1878 ж. же­ке кітап бо­лып ба­сылып шығады. Со­дан кейін ол Ыс­тамбұл, Қазан, Таш­кент қала­ларын­да бірне­ше қайыра ба­сыла­ды. Со­ның бірі 1901 ж. Қазан­да Ты­ныш­тықұлы­ның қазақтарға ар­нап шығарған нұсқасы бо­латын. Төрт тар­мақты өлеңмен жа­зылған бұл шығар­ма­сын­да ақын өзінің ба­ла күнінен пайғам­бар жа­сына кел­генге дейін өмір жо­лын ба­ян­дай­ды, тіршілікте тартқан аза­бын, көрген қайғысын ай­та­ды, бұха­ра ха­лыққа үстемдік жүргізуші хан­дардың, бек­тердің, қазы­лар­дың жібер­ген кемшіліктерін, жа­саған қиянат­та­рын сы­най­ды, бұл фәнидің жалған­дығын білдіреді. «Ди­уани Хик­маттан» түркі ха­лықта­рына, со­ның ішінде қазақ халқына, ер­те­дегі мәде­ни­етіне, әде­би­етіне, та­рихы­на, эт­ногра­фи­ясы­на, эко­номи­касы­на қатыс­ты бағалы де­рек­тер та­буға бо­лады.

Қожа Ах­мет Яс­са­уи сағана­сыТүркістан қала­сын­да жер­ленген Қожа Ах­мет Яс­са­уи «әзіреті сұлтан» ата­лып, ба­сына 14 ғ. аяғын­да атақты Ақсақ Темір күмбезді сағана ор­натты­рады. Жал­пы дәстүрлі түркілік со­пылық рух пен Қожа Ах­мет Йас­са­уи дүни­ета­нымы, оның ілімінің мәні мен маңызы «Ди­уани Хик­мет», «Ми­рат-ул Қулуб», «Пақыр­на­ма» сияқты мұра­лары­нан көрінеді. Қожа Ах­мет Йас­са­уи со­пылық ілімінің, дүни­ета­нымы мен фи­лосо­фи­ясы­ның негізін мо­раль­дық-эти­калық және со­пылық хик­меттер деп жікте­уге бо­лады. Йас­са­уи іліміндегі па­расат ұғымы адам­ның адам­гершілік ах­лақи мәрте­бесіне және «ин­са­ни ка­мил» дәре­жесіне же­ту мәсе­лесін қарас­ты­рады. Қожа Ах­мет Йас­са­уидың дүни­ета­ным­дық тұжы­рым­да­масы­ның те­ория негізін ша­ри­ат пен мағри­фат құра­са, ал тәжіри­белік негізін та­риқат белгілейді. Қожа Ах­мет дүни­ета­нымы­ның мәні – «адам­ның өзін-өзі та­нуы» арқылы «Хақты та­нуы». Бұл жол­дың алғашқы мақамы (басқышы) – «тәуба», соңғысы «құлдық» (убу­дийат, абд). Бұл жол­дағы адам «жа­ратылған – мен» екендігінің ақиқаты­на, жа­раты­лыс сы­рына көзі жет­кенде, өзінің адам­дық па­рызы – «Ал­ла мен адам­ның және адам мен қоғам­ның» ара­сын­да «көпір – жол» бо­лу екендігін ұғына­ды.

Йас­са­уи хик­меттерінің мәні, фи­лосо­фи­ясы­ның өзегі – адам. Адам «ке­мелдікке» же­туі үшін қажетті білімді иге­руі ке­рек. Бұл білімнің қай­на­ры – хик­мет. Хик­меттер­де адам жа­раты­лысы – Жа­ратқан иенің ұлы­лығын көрсе­тетін, көркемдігі жағынан ең жоғарғы кейіпте жа­ратылған бол­мыс екендігі айқын көрсетілген. Қожа Ах­мет Йас­са­уи хик­меттерінде адам­ның та­биғаты Құран­да ай­тылған­дай – су мен то­пыраққа телінеді. "Асы­лың білсең су уа кил (то­пырақ) және кил­ге (то­пыраққа) ке­тер йа” – дейді ол. Со­пылық мағына­да «то­пырақ» – адам­ның жа­раты­лыс та­биғаты, па­расат­ты­лық пен қара­пайым­ды­лық. Ал, нәпсіқұмар­лық, мен­мендік, өркөкіректік – адам­ды адам­шы­лықтан кетіретін қаси­ет­тер. Қожа Ах­мет Йас­са­уидың кейбір хик­меттерінде өзінің бүкіл бол­мы­сымен то­пыраққа ай­налған­дығын білдіретін сим­волдық ұғым­дар қол­да­ныла­ды: «Ба­сым то­пырақ, өзім то­пырақ, тәнім то­пырақ; Хаққа қауышар ма екем деп – ру­хым муш­тақ». Бұл со­пылық мағына­да «уисал» (Хаққа қауышу) мақамын білдіреді. То­пырақ бо­лу, нәпсіден ары­лу – Хаққа қауышу­дың бірінші шар­ты. Осы­дан кейін адам ақиқатқа жетіп, ин­са­ни кәміл дәре­жесіне ұла­сып, өзінің Хаққа бас­тар «жол» екендігінің мәніне қанығады. «То­пырақ болғыл әлем сені ба­сып өтсін» де­ген­дегі мақсат осыған са­яды. Өй­ткені со­пылық ата­уда әули­елер мен пірлердің қабірін де «то­пырақ» дейді. Қожа Ах­мет Йас­са­уи дүни­ета­нымын­да әулие – даңғыл жол, өй­ткені ол – халқына жақсы мен жа­ман­ның, ақиқат пен жалған­ның ара­сын айыруға жөн сілтейтін, Ал­ла рах­метінің қоғам­дағы көрінісі бо­лып та­была­тын да­на тұлға.

Қожа Ах­мет Йас­са­уи іліміҚожа Ах­мет Йас­са­уи ілімінде Хаққа қыз­мет ету ха­лыққа қыз­мет ету­ден бас­та­лады. Ал, ха­лыққа, ұлты­на қыз­мет етудің шар­ты – то­пырақ си­пат­ты бо­лу, нәпсіні тыю. То­пырақ си­пат­ты бо­лып, өзін халқына ар­нау ке­мелдікті білдіреді. Қожа Ах­мет Йас­са­уи ке­мелдікке же­ту үшін адам­да ашқ (қуат­ты ма­хаб­бат) пен дерт бо­лу ке­рек дейді. «Дертсіз адам адам емес, мұны аңла; Ашқсыз ин­сан хайуан жы­нысы, бұны тыңда». Осы хик­мет жо­лын­дағы «дертсіз адам» адам­дық сезімнен жұрдай, өз ұлты­ның, қоғамы­ның, Ота­нының ал­дында жа­уап­сыз, мұңсыз, қара ба­сының қамын күй­ттейтін жан. «Ашқсыз адам» – ила­hи фит­раттан, яғни Ал­ла та­рапы­нан адамға берілген құдай­лық сый­дан мақрұм қалған, өзінің адам­дық қадірін бағалай ал­май­тын, па­расат­ты­лыққа ұмтыл­май­тын, өзін қор­шаған әлем­ге, адамға, та­биғатқа, осы­ның бәрін Жа­рату­шы иеге мән бер­мейтін жан. Дертті адам­ның Қожа Ах­мет Йас­са­уи іліміндегі ала­тын ор­ны ерек­ше. Ол хик­метінде «Білімің – шы­рақ, халің – пілте, көз жа­сың – жағатын май» бол­сын дейді. Дертті, шерлі адам пілте бо­лып жа­нып, ашқ оты­на түсіп, қоғам­ның кемшілік тұста­ры мен ақсаған ру­хани­ятын көріп, көз жа­сы, қай­рат-жігерімен одан шығар жол, да­уа іздейді. Шы­найы ашққа осы дерт арқылы ұла­сады. Ал ашқ ке­мелдікке же­телейтін күш-қуат көзі. Қожа Ах­мет Йас­са­уи ілімінде адам­ның жа­раты­лыс мақса­ты – Хаққа құлшы­лық ету (иба­дат), ол «Сізді, бізді Хақ жа­рат­ты иба­дат үшін» – дейді. Бұл иба­дат (убу­дийат) – Хақты та­ну жо­лын­дағы ең жоғарғы мақам. Құдай­лық ашқты, Ал­лаға де­ген ма­хаб­батпен тұтас­тықта көретін Қожа Ах­мет Йас­са­уи дүни­ета­нымы Ал­ла жа­ратқан адам ба­ласын кемсітпей, өзімен тең дәре­жеде құрмет­те­уді па­рыз деп қарай­ды. «Сүннет екен кәпір де бол­са бер­ме азар, Көңілі қат­ты діла­зар­дан Құдай би­зар» де­ген хик­мет адам­ның тегі мен түсіне, діні мен діліне қара­мас­тан оған құрмет көрсе­ту, адам ретінде ар­дақта­уды пайғам­барлық сүннет (жүйе, заң, қағида) ретінде та­ныта­ды. Өй­ткені Қожа Ах­мет Йас­са­уи ілімі – дін, мазһаб аясы­на сый­май­тын шексіз ашқ (ма­хаб­бат) жо­лы. Қожа Ах­мет Йас­са­уи дүни­ета­нымын­да «дертті адам», «то­пырақ адам», «ке­мел адам», сон­дай-ақ, «ғарип адам» тұлғала­ры да дәріпте­леді.

Ғарип адам­ды ке­мелдік мәрте­бесіне жеткізіп, пайғам­бардың қоғам­дағы өкілі, ізба­сары ретінде бағалай­ды (қ. Со­пылық). Қожа Ах­мет Йас­са­уи өзін де ғарип ретінде көрсе­теді: «Ғариппін ешкімім жоқ, бей­ша­рамын hәм пақыр, Се­нен басқа кімім бар, рақым ет Сен (Ал­ла) таң сәріде» – деп рақым­ды тек Ал­ла­дан ғана күтеді. Өй­ткені оны Ал­ла­дан басқа шын ұғатын, қол­дай­тын ешкім жоқ. Оны ғарип қылып, жалғыз­дыққа итер­ме­лейтін күш оның дүни­еге де­ген көзқара­сы, ила­hи ашқ – Хақ жо­лына де­ген ұмты­лысы мен ма­хаб­ба­ты. Ғариптік – адам­ның өз-өзімен іштей күресіп, са­насын сан­сы­ратқан мәсе­лелердің шешімін та­бу жо­лын­да ру­хымен тілде­су, өз әлімен ғана ләззат алу сияқты көңіл-күйді білдіретін пси­холо­ги­ялық хал. Сон­дықтан да Қожа Ах­мет Йас­са­уи «Қай жер­де ғарип көрсең һем дем болғыл» дейді. Яғни оларға дем бер, қол­дау көрсет, қасы­нан та­был, құрмет­те де­гені еді. Қожа Ах­мет Йас­са­уи дүни­ета­нымын­да өмір мен өлім мәсе­лесінің мәні өзге­ше. Ғаза­ли «өлімнің ақиқатын түсіну үшін, өмірдің мәніне же­ту ке­рек, ал рух­ты білмей тұрып, өмірді та­ни ал­май­сың» дейді. Оның ілімінде нәпсі – жа­ман­дықтың, рух – жақсы­лықтың қай­нар көзі бо­лып та­была­ды. Жақсы­лық пен жа­ман­дық секілді нәпсі мен рух­тың да қатар өмір сүруі мүмкін емес. Рух­тың өмір сүруі үшін нәпсінің өлуі шарт. Өй­ткені өмірдің мәні рух­тың та­залығын­да, яғни көңіл ай­на­сының саф­тығын­да жа­тыр. Рух та­залығын мақсат тұту «ашқ» мәрте­бесіне ұла­сып, Хақ ди­дарын көру бо­лып та­была­ды. «Му­ту қаб­ла ан та­муту-то­пырақ бол­мақ; Ашқтар өлмес бұрын өледі екен…» «Құл Қожа Ах­мет, нәпсіні тептім, нәпсіні тептім, Өлмес бұрын жан бе­рудің дертін шектім, Ди­дар тілеп тәрк ет­сем ма­си­уаны; Өлмес бұрын бол­мы­сыңды ай­ла фа­ни…» Бұлар – «өлмес бұрын өлу» фи­лосо­фи­ясы­на тән хик­меттер. Қожа Ах­мет Йас­са­уи мұнда ма­си­уаны (Хақтан басқа бар­лық дүни­ені) тәрк ету арқылы шы­найы өмір мәнін ұғынуға шақыра­ды. Оның көзқара­сы бойын­ша, «шы­найы өмір» деп, рух­тың нәпсіден ары­лып, ила­hи нұрлар­мен шайылу­ын ай­та­ды. Бұл ілім негізінде адам­дарды «өлілер» және «тірілер» деп қарауға бо­лады. Бұл жер­дегі «өлі» және «тірі» ұғымы рухқа бай­ла­ныс­ты. «Өлілер» – дүни­еде нәпсінің құлы бо­лып өткен­дер, олар тірі бол­са да өлікпен тең. «Тірілер» – нәпсілерін жою арқылы рух­та­рына «өмір» сый­лаған­дар, олар өлсе де мәңгілік өмірмен қауышқан­дар, бақи мәрте­бесіне жет­кендер. Қожа Ах­мет Йас­са­уи дүни­ета­нымын­да фи­зика­лық өлім жоқ. Ол жай ғана рух­тың тәннен айыры­лып, басқа бір хал­ге ауысуы. Ал­лаға құлшы­лықтың ең жоғарғы халі – еркіндік. Ру­хани өмір ішкі рухқа қатыс­ты болған­дықтан, Қожа Ах­мет Йас­са­уи іліміндегі еркіндік мәсе­лесі де адам­ның «ішкі еркіндігі» шеңберінде қарас­ты­рыла­ды. Ішкі еркіндікті ис­лам ах­лағын­да «мо­раль­дық еркіндік» дейді. Яғни, Хаққа то­лық құл болған адам ғана то­лық еркін, азат. Де­мек, Ал­ла­дан басқа бар­лық нәрсе­ден та­зару шы­найы еркіндікке ұла­сады. Со­пы Хақ ал­дында құл, ха­лық ал­дында азат, еркін. Ру­хани өлімнің нәти­жесінде нәпсі үстемдік құрып, адам­ды өзіне құл етеді. Адам өзінің жа­раты­лысын, та­биғатын жат­сы­на бас­тай­ды. Нәти­жесінде рух еркіндіктен айыры­лады. Қожа Ах­мет Йас­са­уи әдісі бойын­ша, рух­ты еркіндікке қауыш­ты­рудың жо­лы – зухд Қожа Ах­мет Йас­са­уи ілімінде ішкі еркіндікке же­тудің дәре­желері мен басқыш­та­ры ай­ты­лады. Бұлар со­пылық дүни­ета­ным­дағы «хал­дер» мен «мақамат» ка­тего­ри­яла­рының рет-ретімен жалғасуы арқылы жүзе­ге аса­ды. Ішкі еркіндік жайын­дағы мәліметтің негізі – дін. Ал дін адам­затқа «ішкі құлдықтан» құты­лу және «ішкі еркіндікке» же­тудің жо­лын көрсе­тетін Ал­ла та­рапы­нан берілген ила­hи жол­дағы Қожа Ах­мет Йас­са­уи ілімі бойын­ша, «өлілер» мен «тірілер» ұғымы­на сәй­кес, еркіндік мәсе­лесінде де адам­дарды екі топқа бөліп қарауға бо­лады. Бірінші топ – «еркіндікті аңса­ушы­лар». Бұлар тек қана Хаққа та­бынып, құлшы­лық етеді. Екінші топ – «еркіндіктен қорқатын­дар». Бұлар – нәпсі, ман­сап, бай­лық, атақ, дүние, адамға, т. б. та­бынып, құлдық ұра­ды. Хик­меттің ба­сы – Ал­ла­ны бар және бір деп білу.

Қожа Ах­мет Йас­са­уи адам ба­ласы осы шын­дықтан бей­ха­бар қалған­да өзінің негізінен алыс­тай бас­тай­тын­дығын ай­та­ды. Осы ақиқат­ты адам ба­ласы­на ес­кертіп, тіке­лей ес­ке са­лып оты­ратын та­ным көзі – Құран деп біледі. Со­нымен қатар, Ал­ла­ны та­нудың негізгі сы­ры адам­ның өзінде екендігін ай­та­ды. Адам – мик­ро­кос­мос бол­са, рух, бүкіл әлем, бол­мыс – мак­ро­кос­мос, Ал­ла­ның аят­та­ры, яғни белгілері. Адам – рух әлемінде Ал­ла­мен болған сұхбат-ант­ты бұзбай «Зікір» арқылы үнемі ес­те сақта­ушы. Қожа Ах­мет Йас­са­уи іліміндегі зікір, уажд (экс­таз), са­ма сияқты әдістер Ал­ла­мен болған сертті ұмыт­пау үшін қол­да­нылған. Адам­ның араб­ша «ин­сан», яғни «ұмыт­шақ» екендігін ес­керген­де, Құран­ның бір аты бо­лып та­была­тын зікір (ес­ке алу) адам­дық бол­мысты то­лықты­рып, ке­мел­дендіріп оты­ратын әдіс екендігі белгілі. Осы тұста «қалу бәла» серті («… мен сен­дердің Жа­рату­шың емес пе едім» де­ген Тәңірінің сұрағына рух­тардың «Ия, әлбет­те» де­ген жа­уап-серті) мен рух әлеміндегі он­тол. және ту­ыс­тық бірліктің адам­зат ара­сын­да осы кез­ге жалғасып, сақта­лу­ына де­ген ұмты­лыс­тың, тілектің жатқан­дығын байқау қиын емес. Жал­пы со­пылық дүни­ета­нымға тән бұл те­ориялы-тұжы­рым­да­малық ұста­ным­ды Қожа Ах­мет Йас­са­уи түркілік дүни­ета­ным негізінде жаңғырт­ты. Ис­лам та­рихын­да дінді ұғыну­дың, қабыл­да­удың ерек­ше түрі ретінде пай­да болған «со­пылық ағым» рес­ми діндегі (қалам мен фикһ) қасаңдыққа қар­сы бағыт ретінде бой көрсетті. Сол секілді Қожа Ах­мет Йас­са­уи ілімі де түркілік дүни­ета­ным­ның негізгі ка­тего­ри­ясы бо­лып та­была­тын әмбе­бап­тыққа сай да­мыды. Тәңірді жа­зала­ушы, қорқыныш иесі ретінде ғана емес, Тәңірді сүю және оның үкімдерін құрмет­теу арқылы Ал­лаға ма­хаб­батпен қауышу-ұла­су әдістерін қалып­тастыр­ды. Өй­ткені со­пылық дүни­ета­ным­да Ал­ла – ғашық (сүюші), мағшуқ (сүйілуші) әрі ғашықтықтың өзі болған­дықтан да, ғашықтық бол­мыс жа­раты­лысы­ның ең негізгі мұра­ты. Бұл адам бойын­да ма­хаб­бат, жа­уап­кершілік сезімді, иман, т. б. асыл құнды­лықтар­ды қалып­тасты­рады. Адам хик­мет арқылы, оның нәти­желі жемістерінің негізінде ғана мәнді, мағына­лы өмір, «адам­ша тіршілік ету өнерін» меңге­ре ала­ды (қазіргі «Ди­уани хик­мет»). Қожа Ах­мет Йас­са­уи ілімінің та­ным­дық тірегін құрай­тын адам­гершілік қағида­лар­дың өзегі – ах­лақ (мо­раль). Ах­лақ – хик­меттің нәти­жесінде қалып­тасқан ру­хани құнды­лықтар жи­ыны. Адам ах­лақ арқылы адам­дық бол­мысқа, мәнге ие бо­лады. Яғни, адам ах­лақтық-ру­хани құнды­лықтар­ды бойына сіңірген­де ғана «шын­дыққа», «жан ты­ныш­тығына» қауыша­ды. Қожа Ах­мет Йас­са­уи ілімінде «жан ты­ныш­тығы», «шын­дыққа же­ту» адам­гершілік қаси­ет пен си­патқа ұла­су арқылы та­риқат­та жүзе­ге аса­ды. Ал­лаға қауышу­дың жо­лы қоғамға, адамға қыз­мет ету – тіке­лей ах­лақтық ке­мел­де­ну арқылы өтеді. Нәти­жесінде ру­хани та­залыққа, өзін өзі меңге­руге қолы жетіп, «Ке­мел адам» тұрпа­ты қалып­та­сады. Көшпелі түркі қауымын иман­ды­лыққа шақыру арқылы Қожа Ах­мет Йас­са­уи ілімі бар­ша түркі ха­лықта­ры мәде­ни­етіне үлкен өзгеріс енгізді. Дәстүрлі түркілік дүни­ета­ным­ның негізі сыр­шылдық (мис­ти­ка) дін екендігін ес­керсек, со­пылық та­ным­ның түркі мұсыл­мандығының ең маңыз­ды ерек­шелігін қалып­тасты­рудағы се­беп­терін ұғыну қиын емес. Бұл құбы­лыс­тың та­биғилығын дін фе­номе­нол-сы тұрғысы­нан қара­сақ, діндердің та­ралу­ын­дағы ескі ұстын­дардың то­лығымен жойыл­май­ты­нын, жаңала­ры сол құнды­лықтар, түсінік, ұғым­дар негізінде өз ор­нын та­баты­нын көру­ге бо­лады. Көбіне­се діндер­де ескі ұстын­дар мис­ти­калық инс­ти­тут­тармен тұта­сып, «ха­лық діндар­лығы» түрінде тіршілігін жалғас­ты­рады. Бұл құбы­лыс­тың көрінісін Қожа Ах­мет Йас­са­уи дың со­пылық-мо­раль­дық ілімінен көру­ге бо­лады. Оның «құрма» сим­во­лизмі арқылы Мұхам­мед (ғ. с.) пайғам­барға бай­ла­нуы, осы құбы­лысқа Арыс­тан баб­тың «се­беп» бо­луы, өмірін пайғам­бар өміріне ұқса­туға ты­рысуы, пайғам­барға ұқса­удың иша­раты ретінде ұлы­ның атын Иб­раһим қоюы, пайғам­бар жа­сына кел­генде тірідей «же­рас­ты мешітіне», яғни қылу­ет­ке түсуі, осы­ның бәрі оның іліміндегі көшпелі түркілер­ге ис­ламды та­рату­дағы маңыз­ды әдісте­мелік, құбы­лыс­тық ерек­шелік әрі жаңалық бо­лып та­была­ды. Жергілікті ха­лықтың салт-са­насы мен сенім-на­нымы­на, әдет-ғұрпы­на қай­шы кел­мейтін діни-мис­ти­калық мек­тептің негізін қалаған Қожа Ах­мет Йас­са­уи шығар­ма­шылығы со­пылық ағым­ның түркілік дәстүріне даңғыл жол сал­ды. «Ис­лам дінін тек араб тілі арқылы ғана та­нуға бо­лады» де­ген түсінікті теріске шығарып, со­пылық әде­би­ет ұста­ным­да­рын көне түркі әде­би тіл – шағатай тілінде сөй­летті. Қаси­етті кітап­тың араб­ша мағына­сын то­лықтай түсіндіру, ша­ри­ат­тың қыр-сы­рын, дін қағида­ларын қалың қауымға өз тілдерінде те­реңнен та­ныту мақса­тын­да хик­меттерін жергілікті ха­лыққа жақын ай­шықты по­эзия тілімен жаз­ды. Қожа Ах­мет Йас­са­уи түркі тілінде жа­тық әрі бей­нелі жыр жа­зудың үлгісін жа­сап, түркі тілдерінің көркем шығар­ма­лар ту­дыру мүмкіндігінің мол екендігін дәлел­деді. Оның жаз­ба әде­би­ет үлгісіндегі шығар­ма­лары түркі то­пырағын­да ер­те­ден қалып­тасқан су­ырып­салма­лық дәстүрдегі әде­би­ет­ке жаңа серпін, тың мазмұн алып ке­лумен қатар, оны түр жағынан көркейтіп, ке­мел­дендіре түсті. Сөйтіп, бұрын­нан ди­дак­ти­калық си­паты ба­сым түркі әде­би­еті на­сихат­тық ой тұжы­рым­дармен то­лыға түсті. Ол фоль­клор мен жаз­ба әде­би­еттің өза­ра жақын­да­су­ының, то­лысып, көркеюінің дәне­кері бо­ла оты­рып, Шығар­ма­шылық әде­би­етінде ер­те­ден қалып­тасқан, Құран Кәрімде ба­ян­да­латын та­рихи аңыз­дар мен пайғам­барлар, әулие-әнби­елер жөніндегі әпса­налар­ды хик­меттерінде ұтым­ды пай­да­лан­ды. Қожа Ах­мет Йас­са­уи шығар­ма­шылығы түркі-мұсыл­ман әлеміне кеңінен та­нылып, Йас­са­уи ше хик­мет жа­зу дәстүрге ай­нал­ды. Кіші Ази­яда Қажы Бек­таш, Жүніс Әмре, Сүлей­мен Бақырғани хик­меттерінен Қожа Ах­мет Йас­са­уи са­рыны байқал­ды. 12 ғасыр­дан бері түркі халқының дүни­ета­нымы­на еле­улі ықпал ет­кен Қожа Ах­мет Йас­са­уи са­рыны Асан Қайғыдан Абайға, сон­дай-ақ, күні бүгінге дейінгі қазақ ақын­да­ры шығар­ма­ларын­да көрініс тапқан.