Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Сырымбетұлы Хангелді (1688-1763 ж.ж)

Сырымбетұлы Хангелді (1688-1763 ж.ж)

Сырымбетұлы Хангелді (1688-1763 ж.ж)

Сы­рым­бетұлы Хан­гелді- жоңғар басқын­шы­лары­на қар­сы күрес­кен атақты ба­тыр­лардың бірі. Шыққан тегі –Ұлы жүздің Ал­бан тай­па­сының Әлжан ру­ынан. Көнекөз кәри­ялар­дың, ба­тыр­дың қазіргі ұрпақта­рының ай­ту­ына қараған­да, оның аты Хан­гелді емес, Қан­гелді көрінеді. Ба­ла ана­дан шыр етіп жер­ге түскен­де, қан шеңгел­деп туған­дықтан, оған ха­лық дәстүрі бойын­ша «Қан-келді» деп ат қойып­ты.

Хан­гелді за­манын­да ай­ту­лы ба­тыр болған. Ұлы жүздің ақыл­шы білікті адам­да­рымен ара­лас-құра­лас жүріп, ел басқарысқан, жау жүрек ба­тыр­ла­рымен үзеңгілес жүріп, қол бас­таған.

Аягөз, Тесіктас жерінде жоңғар­лармен болған шайқас­тарда ерлігімен ерек­ше көзге түскен, атақты Аңырақай соғысы­на қатысқан.

Жоңғар басқын­шы­лары­на қар­сы күрес­те әкесімен тізе қосып, үлкен ұлы Тіле­уке мен не­мересі Райым­бек те жауға шапқан. Екеуі де есімін ел та­ныған ба­тыр болған.

Хан­гелді ба­тыр сол кездің жағдайына орай Ұлы жүз қазақта­рының Ро­осияға қосы­лу­ына ел ағала­рымен бірге еле­улі үлес қоса­ды. 1733 жы­лы Төле би, Са­тай және Бөлек ба­тыр­лармен бірге орыс мем­ле­кетінің қол ас­ты­на қарауға тілек білдіріп, орыс­тың пат­ша әйелі Ан­на Ива­нов­на­ның (Иоан­новна­ның) аты­на хат жаз­ды. Бұл алғашқы хат­ты Арал­бай ба­тыр мен Ораз­гелді ба­тыр жеткізсе, бір жыл­дан кейін, яғни 1734 жы­лы тағы да пат­ша аты­на жа­зылған екінші хат­ты Пе­тер­борға тіке­лей Хан­гелді мен Төле бидің не­мере нісі Ай­тбай екеуі апа­рады.

Ел аузын­да Абы­лай сұлтан жоңғар­лар қолын­да тұтқын болған­да, оны бо­сатуға Төле би бас­тап барған тоқсан адам­ның ішінде Хан­гелді де болған көрінеді. Ол қол­басшы­лығымен аты та­нылған кез­де ела­ралық бітімгерлік жұмыс­тарға да ба­рып, өзінің білікті мәміле­герлігімен де көзге түседі. Қытай де­рек­терінде оның Жауғаш ба­тыр­мен бірге қытай­дың ше­кара әкімшілігіне барғаны ай­ты­лады.