Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Тәуке хан

Тәуке хан

Тәуке хан

Тәуке хан, әз-Тәуке Мұхам­мед Баһадүр (т. ж. б. -1718) Қазақ хан­дығының би­ле­ушісі, Жәңгір хан­ның ба­ласы. Ол билік ет­кен ке­зең Қазақ хан­дығының «ал­тын ғасы­ры» са­нала­ды. Орыс­тың белгілі та­рих­шы­сы А. Лев­шин Тәуке хан­ды көне Спар­та­ның ақылгөй заңгері Ли­кург­пен теңеген. Тәуке хан да­ла ақсүйек­терінің өкілі би­лердің көмегіне сүйене оты­рып, ор­тақ билікке жікшілдік пиғыл­да болған төре­лер­ге қар­сы күрес жүргізді. Мем­ле­кеттік мәсе­лелерді ше­шетін хан кеңесін құрды.

Оған бар­лық қазақ ру­лары­ның би­лері мен әскер­ба­сыла­рын тарт­ты. Кеңесті Түркістан қала­сы жа­нын­дағы Битөбе­де, Сай­рам қала­сы маңын­дағы Мәртөбе­де және Күлтөбе­де өткізіп тұрды. Ұлы жүзді Төле би­ге, Ор­та жүзді Қазы­бек би­ге, Кіші жүзді Әй­те­ке би­ге, қарақал­пақтар­ды Са­сық би­ге, қырғыз­дарды Қоқым би­ге басқару тұтқасын берді. Бұрын­нан қалып­тасқан дәстүрлі әдет-ғұрып заңда­рын және «Қасым хан­ның қасқа жо­лы» мен «Есім хан­ның ескі жо­лын» одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жа­сады.

Да­улы істерді ше­шуде би­лер со­тының бе­делін арт­тыр­ды. Тәуке хан заңының құра­мына «Жеті жарғы», би­лер со­тының тәжіри­бесі, би-ба­тыр­лардың ын­ты­мағын арт­ты­руға және көршілес ел­дермен дип­ло­мати­ялық, са­уда-сат­тық қаты­нас­ты нығай­туға бағыт­талған жаз­ба құжат­та­ры кірді. Заңдағы қыл­мыстық және не­ке нор­ма­лары ша­риғат негізінде түзілді. Ру­лар ара­сын­дағы маңыз­ды дау-ша­ралар үш жүзге та­нымал би­лердің қаты­су­ымен шешілді. Би­лер то­бы хан­дықты басқаруға, заң шығаруға және сот­тық қыз­метке ара­лас­ты. Бар­лық ру, тай­па­лар­дың ұран­да­ры мен мал-мүлікке ар­налған таңба­лары белгіленді.

Тәуке хан Түркістан қала­сын Қазақ хан­дығының ас­та­насы етті. Кейбір де­рек­терге қараған­да қазіргі Ас­та­на қала­сынан 10 шақырым жер­дегі Күй­ген­жарда да хан ор­да­сы қоныс­танған. Тәукенің Түркістан­ды тас­тап, Са­ры­арқаға қоныс ауда­ру­ына жоңғар­лардың үздіксіз ша­бу­ылы се­беп бол­са ке­рек. Бір жағынан қол ас­тындағы қазақ ру­лары­ның би­лерімен ел тағды­ры жер тағды­рын ой­лап, кеңесу­ге мейлінше қолай­лы жер еді. Ол Сыр­да­рия бойын­дағы 32 қала­ны өзіне қара­тып, Бұқар хан­дығымен са­уда­ны да­мытуға күш сал­ды. 1687 жы­лы Бұқар ха­ны Суб­ханқұлы­мен Таш­кент қала­сына бай­ла­ныс­ты келіссөз жүргізіп, оны қазақтар иелігіне қал­дырды. Орыс-қазақ қарым-қаты­насы­ның бейбіт түрде жүруіне мүдделік та­нытып, 1686–1693 жыл­да­ры ара­лығын­да Сібірге бес елшілік жіберді. Оның 1694 жы­лы қазан айын­да жа­зылған ха­ты сақталған.

Тәуке хан Ре­сей еліне ар­наған ха­тын­да дос­тық қарым-қаты­нас­ты сақтай оты­рып, бейбіт көрші бо­луға шақыр­ды. Тәуке хан тұсын­да қазақ-ой­рат қарым-қаты­насы ши­еленісе түсті. Се­ван Раб­тан маңыз­ды са­уда жол­да­ры өтетін және ірі са­уда ор­та­лықта­ры ор­на­ласқан Оңтүстік Қазақстан аумағын ба­сып алу­ды көздеді. Тәуке хан Сығанақ, Түркістан, Оты­рар, Сай­рам және Со­зақ қала­ларын жоңғар­лармен күрес­те стра­теги­ялық тірек бе­кетіне ай­нал­дырды. Тәуке хан көрші жатқан мем­ле­кет­термен өз за­маны­на сай тиімді мәміле­герлік қарым-қаты­нас ор­натты. Қазақ хан­дығы Тәуке хан тұсын­да басқару жүйесінде хан­дық билікке негіздел­ген, са­яси жағынан ор­та­лықтанған мем­ле­кет бол­ды.