Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Саңырық батыр

Саңырық батыр

Саңырық батыр

Саңырық ба­тыр Тоқты­байұлы (1691, қазіргі Жам­был об­лы­сы, Та­лас ауда­ны, Үша­рал ауылы маңын­дағы Ағыбай қыс­та­уы – 1740, Арыс­танбаб ке­сенесі маңы) – жоңғар басқын­шы­лығына қар­сы күрес­тегі атақты ба­тыр, қол­басшы. Ұлы жүздің Ошақты тай­па­сының тасжүрек ру­ынан. Әкесі – Тоқта­бай да ба­тыр болған. Ол кісі кезінде ба­тыр­лығымен бірге, ту­рашыл­дығымен, әділдігімен де ел­ге та­нылып, аты шыққан.

Әкенің осы қаси­еті ба­лала­рына да беріліп, Саңырық ба­тыр­дың ағасы Дәнен де, інісі Са­рымер­ген де ба­тыр болған. Саңырық ба­тыр­дың ере­ек­ше қаси­еті — құра­лай­ды көзге атқан мер­гендігі. Алғашқыда атағы осы мер­гендігімен шыққан. Ошақты­ның атақты бір байы той жа­сап, сон­да мер­гендер жа­рысын өткізіп, бас бәй­ге­ге кілем жа­былған қара нар бас­таған тоғыз және сүйек­тен жа­сап, ал­тынмен ап­тап, күміспен күпте­ген са­дақты тігеді. Осы сайыс­та 16 жа­сар Саңырық ба­тыр бас жүлдені жеңіп ала­ды.

Кейін «Саңырақтың сар­на­уығы» деп ата­лып кет­кен осы са­дақ Саңырық ба­тыр­дың жоңғар­мен соғыс­тағы бес қару­ының бірі болған. Саңырықтың ба­тыр­лық жо­лы әйгілі «Ақта­бан шұбы­рын­ды­дан»кейін бас­та­лады. Бұлан­ты – Біле­уті шайқасын­дағы Саңырық Кіші жүздің Тай­лақ ба­тыры­мен тізе қосып жоңғар­лардың қалың қолын ой­сы­рата жеңді. Саңырық пен Тай­лақ ба­тыр осы­дан кейін де жұп жаз­бай Аңырақай шайқасын­да да бірге бол­ды.

Саңырық ба­тыр әсіре­се, Та­лас өңірін жа­улап алып, Ақке­сене мен Көкке­сенені әске­ри қосынға ай­нал­дырған, жоңғар­ларға жиі-жиі ша­бу­ыл жа­сап, қол­ба­сылық ше­берлігін та­нытқан. Төле би оған ар­найы кісі жіберіп, да­рын­ды қол­ба­сыларға ғана ти­есілі сый – ке­уде­ге тағатын ай­рықша белгі тар­тып, ба­тасын бер­ген. 1740 жыл­дың соңына қарай жа­умен болған шайқас­та Саңырық ба­тыр ауыр жа­рақат алып, со­ның сал­да­рынан көз жұма­ды. Төле бидің жар­лығымен Саңырық ба­тыр­дың де­несі Түркістанға жер­ленген.