Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Төле би (1663–1756 ж.ж)

Төле би (1663–1756 ж.ж)

Төле би (1663–1756 ж.ж)

Төле би (1663–1756) – қазақ халқының бірлігін нығай­туға зор үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мем­ле­кет қай­рат­кері. Қазіргі Жам­был об­лы­сының Шу өңіріндегі Жай­саң жай­ла­уын­да туған. Ұлы жүздегі Ду­лат тай­па­сының жа­ныс ру­ынан шыққан. Әкесі Әлібек мо­мын­дығы үшін ағайын­да­ры ара­сын­да «қара­шоғыр» атанғаны­мен, өзіндік бе­делі бар би болған. Ба­ла күннен жас Төле әкесіне ере жүріп ел көріп, жұрт танған, қазақ халқының ақын­дық-ше­шендік өнерінен тәлім алған.

Он бес жа­сынан ел билігіне ара­ласып, ақыл-па­расат­ты­лығы, әділ шешімі, ше­шендік өнерімен көзге түскен. Төле би Қаз да­уыс­ты Қазы­бек, Әй­те­ке би­лер­мен бірге Тәукені хан етіп сай­лауға, үш жүздің ұлыс­та­рын бір ор­таққа бағын­ды­руға, сөйтіп, біре­гей қазақ хан­дығын нығай­туға, жоңғар шапқын­шы­лығына қар­сы ба­уыр­лас қазақ, қарақал­пақ және өзбек ха­лықта­рының жа­уын­герлік одағын құруға бағыт­талған ша­ралар­ды жүзе­ге асы­руға қаты­насқан. Тәуке хан Төле биді ұлы жүздің бас биі ет­кен. Төле би Қазы­бек би­мен және Әй­те­ке би­мен бірле­се оты­рып, қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңда­рының жи­нағы бо­лып та­была­тын «Жеті жарғының» қабыл­да­ну­ына ат­са­лысқан.

Ор­да­басы жи­ыны кезінде жоңғар басқын­шы­лығына қар­сы бүкілха­лықтық той­та­рыс бе­руге ұйтқы болған. Ша­шырап кет­кен қазақтар­дың ба­сын қосып, Ре­сей мен Қытай секілді екі ал­па­уыт мем­ле­кет ара­сын­да оңтай­лы са­ясат­ты жүргізген Абы­лай хан­ды өкіл ба­ла етіп тәрби­елеп, аза­мат қата­рына қосу­да Төле бидің қыз­меті ора­сан. 1742 жы­лы Абы­лай тұтқиыл­дан ша­бу­ыл жа­саған жоңғар­лардың қолы­на түсіп қалған­да оны тұтқын­нан бо­сату­да Төле би бел­сенділік та­нытқан. Та­рихи жыр­ларда қазақ би­ле­ушілерінің аты­нан Әбілқайыр хан мен Төле бидің Орын­бор әкімшілігінен Абы­лай­ды тұтқын­нан бо­сатуға өтініш жа­саған­дығы ай­ты­лады. Қазақтың үш жүзінен Төле би бас­таған 90 адам елші ба­рып, келіссөз жүргізіп, 1743 жы­лы қыркүйектің 5-інде Абы­лай­ды тұтқын­нан шығарып алған.

Төле би ішкі және сыртқы са­ясат­та са­ра бағыт ұстанған. Хан­дық пен мем­ле­кет тұтас­тығын, тәуелсіздігін діттеп, жа­угершілікте дұшпан қолын­да қалған қала­лар мен жер­лерді қай­та­руға күш салған. 1734 жы­лы Ре­сей пат­ша­сы Ан­на Ива­нов­наға және 1749 жы­лы Орын­бор гу­бер­на­торы И. Неп­лю­ев­ке хат жол­дап, бо­дан­дықты қабыл­дауға ри­зашы­лық та­нытқан. Бұл сол та­рихи ке­зеңде ша­расыз­дан жа­салған қадам бо­латын. Ол жоңғар шапқын­шы­лығынан ти­тықтаған ха­лықтың жағдайын жақсар­ту­ды бірінші ке­зек­ке қойған. 1748 жы­лы орыс са­уда ке­ру­ені то­налған­да, бұған кінәлі Қой­гелді ба­тыр­ды би­лер алқасы­на шақыр­тып, оған бұл шығын­ды жұрт көзінше төлеттірген. 1748 жы­лы Әбілқайыр хан қаза тапқан­да оның ба­ласы Ера­лы сұлтан әкесінің құнын да­улап Төле би­ге шағым­да­нады.

Төле би Әбілқайыр­дың өлімі үшін айып­керлердің Жеті жарғы аясы­на сәй­кес жеті құн төлеуі ту­ралы шешім шығара­ды. Ера­лы айып­керлер­ден екі құн алып, төрт құнды кешіреді де, әкесін өлтіру­ге қаты­сушы­лар­дың бірі Сы­рым­бет ба­тыр­ды жетінші құн ор­ны­на өз қолы­мен өлтіреді. Әбілқайыр­дың ба­лала­ры бұған да тоқта­май, Ба­рақ сұлтан­ның жа­уапқа тар­ты­лу­ын Төле би­ден сұрай­ды. Бас сауғалап қашып жүрген Ба­рақ сұлтан Төле би­ге өзі келіп, жа­саған ісі үшін сотқа тар­ту­ды сұрай­ды. Төле би би­лер со­тына қазақ би­лерінің ішінен, Ба­рақ сұлтан­ның ұсы­нуы бойын­ша төрт белгілі биді (Жалған би, Сыр­лы­бай би, Да­ба би, Қабек мыр­за) қатыс­ты­рып, өз та­рапы­нан бірне­ше биді шақыра­ды. Би­лер алқасын­да Төле би Ба­рақ сұлтан­ды ақтап ала­ды.

Төле би Әбілқайыр хан­ның өлімі үшін жеті адам­ның құнын кес­кенде де, Ба­рақ сұлтан­ды ақтап алған­да да, ту­ысы Қой­гелді ба­тырға то­налған орыс са­уда ке­ру­енінің өтеуіне екі мың жылқы төле­уге билік шығарған­да да елдің елдігін бұзба­уды, әлі кел­генше ха­лықтың ты­ныш жағдайын, тұтас­тығын сақта­уды көзде­ген. Төле бидің бұл секілді ела­ралық си­пат­тағы билігімен қатар ұлыс ішіндегі да­улар­ды шеш­кен билігінен де оның мем­ле­кеттік деңгей­дегі па­расат­ты­лығы, ойының са­ралығы мен ни­ет-тілегінің та­залығы та­ныла­ды. Төле би хан, сұлтан­дардың, бек­тер мен би­лердің өза­ра қырқысы­ның ұлт тәуелсіздігі мен бос­тандығына ешнәрсе бер­мейтіндігін сезініп, та­тулықты жақтаған. Оның ел­ге та­нымал «Ел­ге бай құт емес, би құт» дейтін қанат­ты сөзі айқын аңғар­та­ды. Бізге келіп жет­кен аңыз-әңгіме­лер­де Төле бидің ұлт бірлігін нығай­ту­ды ба­рын­ша жақтаған­дығы ай­ты­лады. Сон­дай аңыз-әңгіме­лердің бірінде Төле би өз көңілін сұрай кел­ген Қазы­бек, Көкі, Мәлік, Ер­жан би­лердің еліңізге қан­дай өси­ет қал­ды­расыз де­ген сұрағына «Жүзге бөлінген­дердің жүзі қара.

Руға бөлінген­дердің құруға асыққаны. Атаға бөлінген­дер ады­ра қала­ды. Көпті қор­лаған көмусіз қала­ды. Хан аз­са халқын са­тады. Ха­лық аз­са хан­дыққа та­ласа­ды» деп жа­уап бер­ген екен. Төле бидің ар­тында кейінгі ұрпаққа жа­рық жұлдыз­дай жол көрсетіп, жөн-жо­ба сілтейтін көпте­ген өси­ет сөздері қалған. Оның ше­шендік сөздері ай­тпақ ойының ұшқыр да тапқыр­лығымен, тап ба­сатын көркем теңеулерінің дәлдігімен, тілінің өткір де айқын­ды­лығымен ерек­ше­ленеді. Бидің Да­нагүл есімді келінінің де есімі көпке та­нымал. Төле би Шым­кент, Түркістан және Таш­кент қала­ларын­да көпшілік пай­да­лана­тын ғима­рат­тар са­лу ісіне бел­се­не ара­ласқан. Төле би ха­лық ара­сын­да «Қар­лығаш әулие», «Қар­лығаш би» де­ген ат­пен де та­нымал. Оның бұлай ата­луы жай­лы да аңыз сақталған. Төле би Таш­кент­тегі Шайқантәуір зи­раты­на жер­ленген. Қабірі Ба­быр­дың нағашы ата­сы Жүніс хан ма­зары­ның қасын­да. Төле би қабіріне ке­сене са­лынған.

Ғиб­ратты ғұмыр кеш­кен бидің жарқын бей­несіне көпте­ген ақын мен жы­ра­улар ора­лып, оның да­налығын шығар­ма­лары­на арқау етіп отырған. Өткен дәуірлер­де А. Лев­шин, П. Ма­ковец­кий, Л. Бал­лю­зек секілді, т. б. орыс зерт­те­ушілері өз еңбек­терінде Төле би есіміне ілти­пат білдіріп, құрмет тұта атап өткен. Әр кез­де Мәшһүр Жүсіп Көпе­ев, Шәкерім Құдай­бердіұлы, С. Сей­фул­лин, М. Әуезов, Б. Адам­ба­ев, Н. Төреқұлов, т. б. Төле би­ге бай­ла­ныс­ты әр та­рап­тағы зерт­те­улері мен ой-қоры­тын­ды­ларын жа­ри­ялаған. Жам­был об­лы­сын­да Төле би есімімен ата­латын елді ме­кен бар. Оңтүстік Қазақстан об­лы­сын­да бір ауданға Төле би есімі берілген. Жам­был, Оңтүстік Қазақстан об­лы­сын­да және Ас­та­на қаса­лын­да Төле би­ге ес­керткіш қойылған. Ал­ма­тыда, Шы­мент­те және бірқатар елді ме­кен­дерде Төле би есімімен ата­латын көше­лер бар.