Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Толыбайұлы Олжабай (1709-1783/85 ж.ж)

Толыбайұлы Олжабай (1709-1783/85 ж.ж)

Толыбайұлы Олжабай (1709-1783/85 ж.ж)

То­лыбайұлы Ол­жа­бай (1709–1783) — жоңғар басқын­шы­лығына қар­сы күрес­кен қазақтың атақты ба­тыр­ла­рының бірі. Шыққан тегі — Ор­та жүздің Арғын тай­па­сынан.

Ол­жа­бай­дың арғы ата­сы Ай­да­бол он үш жа­сын­да би болған. Осы Ай­да­бол­дың үш әйелінің бәйбішесінен — Жанқозы, Малқозы, Кен­жеқозы, ор­таншы әйелінен Қарақозы, Бозқозы, Аққозы, тоқалы­нан — Қожа­гелді мен Тай­келтір ту­ады. Ба­лала­рының бәрі де «сен тұр, мен атайын» әрі ше­шен, әрі ба­тыр бо­лып өседі. Жалғыз-ақ бәйбішесінің Кен­жеқозы­сы қыр­шын жас кезінде өліп, ай­тты­рып қойған қызы оң жақта жесір қала­ды. Ол үйсін Қара­тай ба­тыр­дың қызы екен. Әкесі осы қыз­ды тоқал­дан туған Тай­келтірге алып бе­рем де­ген­де, Жанқозы: «кіндіктесімнің жесірін тоқал­дың ба­ласы­на ал­дырмай­мын» деп, зор­лықпен қыз­ды інісі Малқозы­ның ба­ласы То­лыбайға алып бе­реді. Осы Қара­тай ба­тыр­дың қызы­нан Ол­жа­бай ту­ады.

Әкесі То­лыбай атақты «Ақта­бан шұбы­рын­ды­да» босқан елді жау өтінен қорғап жүрген­де оққа ұша­ды. Осы кез­де он үшке жаңа толған Ол­жа­бай нағашы­сы Қара­тай ба­тыр­дың қолы­на ба­рып, сон­да тәрби­еле­неді.

Ха­лықтың шежіре­лерінде, ауыз­ша әңгіме­лерінде Ол­жа­бай ту­ралы өте көп ай­ты­лады, өлең жыр, дас­тандар да бар­шы­лық. Он­да Ол­жа­бай­дың ба­тыр­лығы, тапқыр­лығы, мер­гендігі ерен сүйіспеншілікпен сөз бо­лады.

Оның есімі он сан ор­та жүзге ұран болған. Ха­лық жыр­ла­рын­да: «Ол­жа­бай­лап» жауға шапқан­ның жеңбейтіні бол­маған. Үрей туғыза­тын ұран­ды пай­да­ланып, өзге­лердің де жауға «Ол­жа­бай­лап» ша­батын кез­дері болған көрінеді.

Қабан­бай, Бөген­бай, Ма­лай­са­ры секілді ба­тыр­лармен бірге тізе қоса оты­рып, ата жауға қар­сы та­лай жо­рыққа қатысқан. Оның ерлігінің ерек­ше көрінетін жері Ба­янауыл­да ба­урайын­дағы қал­мақтар­мен болған шайқасы. Осын­да Ол­жа­бай жи­ені Жа­сыбай­мен бірге қал­мақтар­дың жо­лын то­сып жа­тады. Жа­сыбай жа­сағымен Шойынкөлге өтетін асу­дың аузын­да, Ол­жа­бай То­райғыр көліне өтетін асу­дың аузын­да жа­тып, жау қолын күтеді. Бұлар­дың жол то­сып жатқанын қал­мақтар да біліп, қапы­сын та­уып, Жа­сыбай қолы­на то­сынан келіп тиіседі. Жа­сыбай осы шайқас­та қаза та­бады.

Жау кел­генінен ха­бар­ланған Ол­жа­бай көмек­ке ұмты­лады. Ол жа­уды қор­шап алып, та­удың бір қуысы­на тығып қойып қой­дай қыра­ды. Сон­да Ол­жа­бай­дың сұсын көрген жол­да­сы Төрткул Баймұрат ба­тыр: « Енді сен дем ал, мұнда саған қар­сы ке­лер ешкім қалған жоқ. Қалған құтқаны бол­са, маған сауға бер­мейсің бе» деп, аты­ның су­лығынан ұстаған­да, Ол­жа­бай: «Жа­сыбай­дың бір бар­мағының да құны толған жоқ қой» де­ген екен күрсініп. Кейін ха­лық қапы­да кет­кен есіл ердің құрметіне Жа­сыбай­дың жау күткен асу­ын «Жа­сыбай асуы», Шойын­келді «Жа­сыбай көлі» атап кетіпті. Ол жер­лер бүгін де со­лай ата­лады.