Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Үмбетей жырау

Үмбетей жырау

Үмбе­тей Тілеуұлы 1697 жыл­дар ша­масын­да осы еліміздің Ерей­мен­тау өңірінде дүни­еге кел­ген. Әкесі – Тілеу қаһар­мандық жыр­ларды, көне аңыз­дарды, ше­шендік сөздер мен қис­са­лар­ды жақсы білетін шежіре, со­нымен қатар ха­лықтың му­зыка өнерінен көп ха­бары бар ше­бер қобыз­шы, ел ішінде абыз атанған адам екен. Үмбе­тейдің өмірдегі, өнер­дегі мек­тебі — өз әкесі, дәріс алған тұстаз­да­ры – сол кез­дегі әкесі тәрізді көнекөз қарт­тар. Ақын­дық қабілеті ер­те байқалған Үмбе­тей ауыл ара­сын­да ғана емес, жал­пы жұртқа да өзіндің ерек­шелігімен өте тез та­ныла­ды. Жоңғар шапқын­шы­лығы кезінде ат жа­лын тар­тып мініп, най­за­сы мен жа­лын­ды жыр­ла­рын жа­уына қатар сер­ме­ген Үмбе­тей жы­рау халқының құрметіне бөле­неді. Сыртқы жа­улар­мен күрес­те аты шыққан ба­тыр­ларды ма­дақтау оның өзекті тақыры­бына ай­на­лады.

Үмбе­тей – Бұхар жы­ра­удың әрі за­ман­да­сы, әрі тілек­тес-ни­ет­тес ең жақын до­сы болған адам, XVI­II ғасыр­дағы ең атақты, ірі жы­ра­улар­дың бірі. Ол өзі көрген, ба­сынан кеш­кен та­рихи оқиғалар­ды жеріне жеткізе шын­шылдықпен жыр­лай­ды. Оның бұл қаси­етін Бөген­бай ба­тыр­ды жоқта­уынан және оның дүни­еден өткенін Абы­лайға естіртуінен айқын аңғара­мыз. Үмбе­тейдің жы­ра­улық, ақын­дық өнерінің ерек­ше қаси­ет­терін Шәкәрім Құдай­бердіұлы ше­берлікпен су­рет­тейді. Қарабұжыр қан­жығалы Үмбе­тей жы­ра­уды Мағжан Жұма­ба­ев та ерек­ше ма­дақтап:

Әрі ақын, әрі ба­тыр Қарабұжыр,
Ай­тайын өрлеп ба­рып ас­панға сыр, -
дейді өзінің «Ба­тыр Ба­ян» дас­та­нын­да.
Осын­дағы Қарабұжыр – Үмбе­тей жы­ра­удың лақап аты.
Жы­рау өз за­ман­да­сы Бұхар Қалқаманұлы­на ар­наған толғауын­да:
Өткіздің тоғыз хан­ды толғауме­нен,
Шештің та­лай түйінді бол­жа­уме­нен.
Іс бол­са қиын-қыс­тау сен сөй­леттің,
Қылыш қып қызыл тілді қорғауме­нен.
Сұраған­мен бер­месті,
Жы­лаған­мен кел­месті,
Ай­ттым сәлем еліңнен,
Са­ры­арқадай жеріңнен,
Жат­саң да шірімейтін,
Асыл та­сым – дейді тебіреніп.

Үмбе­тей жы­рау «өткіздің тоғыз хан­ды толғауме­нен» де­се, бұл та­рихи шын­дық. Бұхар Әз Тәуке­ден бас­тап, одан кейінгі қазақ хан­да­ры: Қайын, Бо­лат, Сәме­ке, Әбілмәмбет, Күшік, Әбілхайыр, Ба­рақ, Абы­лай­дың ақыл­шы­сы, ке­меңгер биі болған.

Ше­шендік сөздің сал­мағын білетін қас жы­рау қара қыл­ды қақ жа­ра оты­рып, қаһар­лы қылыш ала ал­маған қамал­ды қанат­ты сөзбен алуға бо­латын­дығын дәлел­дейді. Сөйтіп, Қаз да­уыс­ты Қазы­бектің ұлы Бек­бо­лат би мен Абы­лай хан­ды бір ауыз сөзбен тоқта­тып, ел бірлігін сақтап қала­ды.

Қай уақыт­та да Үмбе­тей жы­ра­удың есімі қан­жығалы қарт Бөген­бай­мен қатар ата­лады. Ар­нау жыр­ла­рымен аты шыққан Үмбе­тей жыр­ла­рының дені толғау.

Бөген­бай ба­тыр­дың 1708 жы­лы 30 мың қол­ды бас­тап, қазақ елінің бе­рекесін алып, құтын қашырған ка­зак-орыс­тарды талқан­дап, Еділден әрі асы­рып тас­тағанын:
Бал­дырғаны білек­тей,
Бүлдіргені бүй­рек­тей.
Бөде­несі үй­рек­тей,
Шор­та­ны тай­дай ту­лаған.
Қора­лы қой­дай шу­лаған,
Ұзы­ны шексіз, ені алыс –
Еділден өттің Бөген­бай, — деп жыр­лай­ды.

Қарақұм құрыл­тайын­да қазақ жүздерінің күш біріктіруі арқасын­да Бөген­бай бас­таған ха­лық жа­сағының 1711 жы­лы жоңғар­лармен соғыс­та үлкен жеңіске же­туі де Үмбе­тей жыр­ла­рына арқау бо­лады.

Бұдан кейін жоңғар­лар 1723 жылға дейін бас көте­ре қой­май­ды. Есін жи­ып алған соң, араға он үш жыл са­лып, бейқам жатқан қазақ еліне тұтқиыл­дан ша­бу­ыл жа­сай­ды. Ор­та жүздің Торғай, Есіл, То­был өзен­дерін бой­лай Қара­тау бе­кет­терінен жай­лауға көшкен сәтін пай­да­ланып, най­ман, ке­рей, үйсін, ша­пыраш­ты ру­лары­ның жер­лерін ба­сып алып, осын­да қалған жұртты бос­ты­рып жібе­реді. Оның үстіне Кіші жүзге, Еділ бойына Аюке хан бас­таған қал­мақтар ша­бу­ыл жа­сай­ды. Бірден екі жақты қыс­паққа түсіп, ба­рар жер, ба­сар та­уы қал­маған ел «Ақта­бан шұбы­рын­ды, Алқакөл сұла­маға» ұшы­рай­ды. «Ор­маннан көп ор­та жүзден» Бөген­бай жа­сақ жи­ып, Бұлан­ты мен Бөлеңті өзен­дерінің жағасын­да жа­уды ой­сы­рата жеңеді. Бұл жер кейіннен «Қал­мақ қырған» деп ата­лады. Осы соғыс жо­рықта­рына Үмбе­тей жы­рау бас­тан-аяқ қаты­сып, ба­тыр­лардың ерлігін жыр­ла­рына арқау етеді.

Жоңғар­лар 1733 жы­лы Уса-Се­рен бас­таған қалың қол­ды қазақ жеріне ат­танды­рады. Олар Қара Ертіс арқылы Зай­санға келіп, одан Аягөз, Қарқара­лы, Ба­янауыл та­ула­рын бой­лап, Ерей­мен­тауға же­теді. Ор­та жүз қолы Мұзбел та­уына жи­нала­ды. Екі жақ Өлеңті өзені мен Кәрітау ара­лығын­дағы жал­пақ аңғар­да кез­де­седі. Шығыс дәстүрі бойын­ша жек­пе-жек бас­та­лып, екі рет қал­мақ ба­тыр­ла­рының күші асып, қазақтар­дың сағы сы­нады. Осы сәтте Аңырақай соғысы­нан бері Бөген­бай­дың қасын­да болған Са­балақ жек­пе-жек­ке шығып, Гал­дан Це­реннің үлкен ба­ласы Са­ры-Ман­жа (Ша­рыш) ажал құша­ды. Жауға «Абы­лай­лап» ат қойған Са­балақ өзінің шын аты Әбілмансұр (Абы­лай) екенін мойын­дай­ды.

Жо­рықтан жеңіспен оралған жа­уын­герлерді Ор­та жүз елі қуаныш­пен қар­сы ала­ды. Ба­янауыл­дағы Са­бын­дыкөл ба­сын­да отырған Қан­жығалы ауылы­ның иелері Абыз бен Шо­мақ 90 ту бие сойып, Жеңіс тойын өткізеді. Тойға жи­налған жұрт Әбілмансұрды ата­сының аты­мен Абы­лай деп атауға, ал ке­лесі 1734 ба­рыс жы­лы хан көте­руге сөз бай­ла­сып та­раса­ды.

Абы­лай хан тап­сырма­сымен Бөген­бай ба­тыр­дың жа­нын­да болған Үмбе­тей жы­рау 1761 жы­лы Абы­лай­дың Әділ де­ген ба­ласы­на еріп Қытай­мен келісім жа­сауға ба­рады. Сөйтіп, Қазақ елі мен Қытай ара­сын­да бейбітшілікті нығай­туға үлес қоса­ды.

Үмбе­тейдің Бөген­байға ар­наған екі ұзақ жы­ры бар. Оның бірі Бөген­бай­ды жоқтау да, екіншісі – Бөген­бай өлімін Абы­лай ханға естіртуі.

Бөген­бай жоңғар­ларға қар­сы күрестің бас қаһар­ма­ны, әулетті ба­тыр, атақты қол­басшы. Ел үшін жа­саған еңбегі үшін ха­лық жүрегінен орын алған адал ұлдар­дың бірі. Міне, осы өзі әкесі «Ала­та­удай Ақша ба­тыр­дан асып туған» Бөген­бай бей­несін Үмбе­тей жы­рау өз жыр­ла­рын­да ше­берлікпен сом­дай білген.

Бөген­бай ба­тыр­дың қаза­сын естіртуінен де оның жұрттан асқан ше­берлігін байқай­мыз. Бұрын қаза­ны естіртудің өзі өнер болғаны мәлім. Әдет­те, естіртуші қайғылы ха­бар­ды бірден тоқ еткізіп ай­тып сал­май, ай­тар ойын алыс­тан орағытып бас­тай­ды. Ал­ды­мен тұспал­дап сөй­леп, қара жа­мылуға тиіс адам­ды ауыр ха­барға дайын­дап ала­ды.

Үмбе­тей де ескі салт­ты бұзбай­ды. Жы­рау ал­ды­мен Абы­лай­дың өз ба­сынан, ха­лық ба­сынан өткен ауыр күндердің жайын толғай­ды. Бұдан соң жы­рау дүни­енің аума­лы-төкпелі екенін, қаза­сыз пен­де жоқ екенін ес­ке са­лады. Әй­тсе­де өлімнің ар­ты­нан тағы да қуаныш бо­латы­ның, бір ба­тыр өлсе, оның ор­ны­на тағы бір ба­тыр ту­атын­дығын ай­та­ды. Сөйтіп, Үмбе­тей өзінің қара­лы ха­бар­шы екендігін, атақты ба­тыр­лардың бірі дүни­еден көшкенін естірту үшін кел­гендігін жеткізеді.

… Жа­сыңда болған сыр­ла­сың,
Үлкен­де бол­са құрда­сың.
Сек­сеннен аса бер­генде,
Қайырыл­мас қаза кел­генде.
Ба­тырың өтті Бөген­бай! – дейді.

XVI­II ғасыр­дағы қазақ ауыз әде­би­етінің көрнекті өкілдерінің бірі – Үмбе­тей жы­ра­удың бізге жет­кен қис­са­лары­ның көрнектісі – «Жан­тай ба­тыр».

Ба­пан би Тұра­налыұлы бірде Ерей­меннің көрікті жері Күншалған ба­урайын­да отырған Үмбе­тей жы­рауға сәлем бе­ре ба­рады.

- Уа, ата, ұзақ жа­сап көпті көрдіңіз. Менің ұлы атам қарт Бөген­бай ба­тыр­дың серігі, Абы­лай хан­ның жы­ра­уы болған екенсіз. Са­ры­арқаны жат жұрттан қашан та­зар­тып, Ерей­мен­ге елді қалай қон­дырған­да­рыңыз­ды ай­тыңыз­шы, — дейді. Сон­да Үмбе­тей жы­рау дом­бы­расы­ның құлақ күйін келтіре оты­рып, сұрағына жа­уап ретінде Жан­тай ба­тыр­дың ерліктерін ба­ян­дай­ды.

Жарқабақ, кең жа­уырын, түлкі құсақ,
Көзі от­ты, ке­удесі өр, бойы сұңғақ.
Білек­тей дойырын быр тас­та­май­ды,
Дұшпан­ның мы­сын ба­сар осы­мен-ақ.
Қасқыр­дың қызыл жон­ды ар­ла­нын­дай.
Бұл – Ни­язұлы ба­тыр Жан­тай, — дейді
Үмбе­тей оған нақты­лы си­пат­та­ма беріп.

Жан­тай бас­таған көп қал­мақтар­ды Балқаш көлінің күнба­тыс жағала­уына қуып же­теді. Кескілес­кен ауыр соғыс үш күнге со­зыла­ды. Қан­ды қырғын соғыс­та Жан­тай ба­тыр қаза та­бады. 1771 жы­лы болған бұл соғыс та­рих­та «Шаңды жо­рық» де­ген ат­пен енеді. Уақтан шыққан атақты ба­тыр­лар Са­ры мен Ба­ян да осы соғыс­та қаза та­бады. Сөйтіп, Үмбе­тей жы­рау елі үшін жа­нын пи­да ет­кен Жан­тай ба­тыр­дың атын қазақ та­рихы­на мәңгі қал­ды­рады. Атал­мыш қис­са­да ол До­сай, Атан, Үйсімбай­лар­ды да жырға қоса­ды.

Атақты «Елім-ай» өлеңінің ав­то­ры Қожа­бер­ген жы­ра­удың жыл асын­да, яғни 1764 эылы (Мешін) Ке­рей жай­ла­уын­да Үмбе­тей жы­рау көлемді толғау жыр жа­зады. Негізінде ол өз толғаула­рын­да ха­лықты адам­гершілікке, ізгілікке, пен­де ба­ласы­на қиянат жа­самауға шақыра­ды.

Жы­ра­удың өлең-жыр­ла­рын шөбе­ресі Бо­пы Кен­жеғараұлы, Атқыбай Бай­кен­жеұлы, көзіміз көрген шөпшегі Имақан Атқыбайұлы, Аман­жол Әлжанұлы сын­ды ақын­дар ауыз­ба-ауыз ай­тып осы за­манға жеткізген, қағазға түсіріп, М. Әуезов атын­дағы әде­би­ет және өнер инс­ти­туты­на тап­сырған. «Ал­даспан», «Бес ғасыр жыр­лай­ды» жи­нақта­рын­да жы­ра­удың белгілі ғалым­дар Ғалым­жан Мұқатов пен Әлкей Марғұлан жи­нас­тырған өлеңдері берілген.

Үмбе­тей жы­ра­удың ұрпақта­ры Ерей­мен­тау ауда­нының Күншалған әкімшілігіне қарас­ты Шәкей ауылын­да тұра­ды. Имақан Атқыбайұлы­нан жа­зып алған шежіре­ге сүйен­сек, Үмбе­тей Тілеуұлы­нан төрт ұл ту­ады. Жы­рау Қан­жығалы ішінде Жо­лым­бет ру­ынан. Ұлда­ры: Әте­бек, Ба­тыр­бек, Бел­денжа­на, Боқан.

Бел­денжа­насы­нан – Бұй­ра ту­ады. Бұй­ра­дан – Жүзбай, Жүзбай­дан – Кәрісмағұл, Кәрісмағұлдан – Атай, Атай­дан – Жеңіс, Мэлс, Қуат ту­ады.