Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Өтеген батыр

Өтеген батыр

Өте­ген ба­тыр (1699–1773) – XVI­II ғасыр­дың І-жар­ты­сын­да жоңғар басқын­шы­лығына қар­сы күрес­кен қазақ ба­тыры. Ұлы жүздің ду­лат тай­па­сынан Жа­ныс ру­ынан шыққан. Өте­геннің ата-ба­бала­ры да есімдері ел­ге та­нылған ба­тыр­лар болған. Ба­басы Сы­рым­бет 1635 жы­лы Ой­рат ха­ны Ба­тыр­дың 50 мың әскеріне қар­сы соққы бер­ген Салқам Жәңгірдің са­пын­да ұрысқа қатысқан. Өз әкесі Өтеғұл да та­лай қан­ды жо­рықты бас­тан кеш­кен ба­тыр адам болған. Ше­шесі Нұрба­ла атақты Қор­дай ба­тыр­дың не­мересі екен. Өте­ген ба­тыр 15 жа­сынан жоңғар­ларға қар­сы соғысқа ара­ласқан.1723 жы­лы Та­уасар, Райым­бек, Хан­келді ба­тыр­лармен тізе қосып, жоңғар­лармен айқаса­ды. 1470 жы­лы Іле бойын­да қал­маққа қар­сы жа­сақ жи­наған Төле би әскеріне қосы­лып, елін жа­удан азат етіседі. 1756 жыл ша­масын­да Абы­лай­дың Қытай­мен бейбіт бо­лу са­яса­тына қар­сы шығып, Жи­делібай­сын­да 17 жыл жүріп қай­тып­ты де­ген аңыз да бар.

Өте­ген ба­тыр жөнінде ел аузын­да аңызға бергісіз әңгіме­лер көп сақталған. Со­лар­дың біра­зы Сүйінбай мен Жам­был секілді жыр алып­та­рының да дас­танда­рына арқау болған. Ел оның есімін әулие тұтып, қос мүйізі бар ки­елі деп біледі. Жам­был Жа­ба­ев­тың: «Қаса­ра біткен маңдай­дан, жан еді қос мүйізді» — деп жыр­лап, оны ба­тыр­лықтың белгісі ретінде та­нуы да со­дан. Өте­ген ба­тыр­дың өмір жо­лын үш ке­зеңге бөліп қарауға бо­латын секілді. Оның бірі — Бұха­ра мед­ре­сесін бітірген ғұла­ма ретінде ел ішінде хазірет атанған кезі. Екнішісі — ба­тыр­дың елді «ақта­бан шұбы­рын­дыға» ұшы­ратқан жоңғар басқын­шы­лары­на қар­сы күресі. Ол күрес­те ерлігімен көзге түсіп, ба­тыр атанған. Үшіншісі – жоңғар­лардың 1734 жылғы екінші қай­тар соққысы­нан кейін оңтүстік қазақта­ры қат­ты күй­зеліске ұшы­раған­да, Төле бидің жау өтінен шалғай жер­ден қоныс ізде­уге жіберіп, ел­ге жай­лы, малға қолай­лы жер іздейтін кезі. Өте­ген ба­тыр мен Райым­бек ба­тыр екеуі жауға бірге шапқан за­ман­дас кісілер екен. Райым­бек бірде Өте­ген­ге: «өлген­де сен су ас­тында қала­сың» де­ген екен. Әули­енің сол айтқаны дәл келіп, 1973 жы­лы Қап­шағай су қой­ма­сы са­лынған­да, Өте­ген ба­тыр­дың бейіті су ас­тында қала­тын бо­лады. Бірақ ба­тыр­дың ұрпақта­ры бұдан ер­те­рек ха­бар­лап, қам жа­сап, ба­тыр ба­бала­рының сүйегін алып, Өте­ген ауылы­на әкеп қай­та жер­лейді. Ба­тыр­дың кезінде өзі тұтынған біраз мүлкі сақталған. Со­лар­дың бірі – Абы­лай хан­ның жез те­генесі. Оны Абы­лай хан Өте­ген­ге кезінде өзі сый­лаған екен.

Өте­ген ба­тыр – ел ара­сын­да аңызға ай­налған адам. Оны алғаш жыр­лаған Сүйімбай­дың ба­басы Күсен ақын. Өте­ген ба­тыр жайын­да та­рихи де­рек жи­наған та­рих­шы Де­леба­ев­тың ма­тери­алы­на қараған­да, Тілеміс, Майкөт ақын­дар да ба­тыр­ды дас­тан етіп жыр­лаған екен. Бұлар­дың ішінде бізге жет­кені – Жам­былдың «Өте­ген ба­тыр» дас­та­ны. Өте­ген ба­тыр ту­ралы де­рек-аңыз­дар жи­науға әде­би­етшілер Е. Ыс­майылов, Қ. Тұрған­ба­ев, Н. С. Смир­но­ва, С. Бе­галин­дер қатысқан. Ал­ма­ты об­лы­сының Бо­зой мен Қарой ара­лығын­да Өте­ген ба­тыр есімімен ата­латын жер­лер бар. Кейбір зерт­те­ушілердің мәлімет­теріне қараған­да, ба­тыр Бұқара, Са­марқанд, Ка­бул, Ис­фа­хан, Те­геран, Ыс­тамбұл сияқты қала­лар­да бо­лып, білім алған. Өте­ген ба­тыр­дың соңын­да атағы ғана емес, Қосағал, Қосдәулет, Асау, Ылау, Бердіс, Тар­пақ, Ба­зар­бай, Аюса, Жақұлы, Төке, Тоқтар­бай есімді ба­лала­рынан та­раған үрім-бұтағы да қал­ды. Атақты Бай­сер­ке күйші, Тілеміс ше­шен Өте­ген ба­тыр­дың ұрпағы.

Ба­тыр әуелі Іле өзенінің бойына (қазіргі Қап­шағай су қой­ма­сының та­баны) жер­ленген. Кейін оның сүйегін ұрпақта­ры Қор­дай ауда­нына апа­рып, қай­та жер­ле­ген. Жер­ленген жері Өте­ген ауылы деп ата­лады. Ал­ма­ты об­лы­сын­дағы бірсы­пыра жер ба­тыр есімімен ата­лады. 1999 жы­лы Өте­ген ба­тыр­дың 300 жыл­дығы кең көлем­де ата­лып өтті. Соған орай қабірінің ба­сына ке­сене тұрғызы­лып, Жам­был об­лы­сы Қор­дай ауда­нының ор­та­лығын­да ес­керткіш ор­на­тыл­ды. Ба­тыр ту­ралы екі те­лефильм түсіріліп, екі кітап жа­рық көрді. Ал­ма­ты қала­сының бір көшесіне, Іле ауда­нының ор­та­лығы Энер­ге­тичес­кий кентіне Өте­ген ба­тыр есімі берілді.