Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Шал ақын

Шал ақын

Шал Ақын, Тіле­уке Құле­кеұлы (1748–1819) ха­лық ақыны, Абы­лай хан­ның за­ман­да­сы. Тi­ле­уке Құле­кеұлы қазiр­гi Ақмо­ла об­лы­сы Азат те­мiр жол стан­ци­ясы­ның маңын­да дүни­еге кел­ген. Шал ақын­ның әке­сi Құле­ке ба­тыр Тәңiр­бердiұлы қазақ-қал­мақ соғысы­ның атақты ба­тыр­ла­рының бi­рi.

Ол Абы­лай хан­ның ши­рек ғасыр­дай уақыт­та ең жақын қадiр­лес до­сы, се­нiм­дi ба­тыры, бе­дел­дi ел­шi­сi бо­лып, ор­та жүздiң iшiн­де­гi ел бас­таған, қол­басшы ада­мы болған. Ол 1742 жы­лы Ор­та жүз аты­нан Ре­сейдің қол ас­ты­на қарау ту­ралы ант бе­рушi­лер­дiң бi­рi болған. Абы­лай хан аты­нан Ре­сей мем­ле­кетi­не ел­шi­лiк­ке барғаны ту­ралы де­рек­тер сақталған. Ана­сы — үйсін тай­па­сынан шыққан атақты Төле би­дiң қызы. Құле­ке мен оның ағасы Тi­леке­нiң соғыс­тағы ер­лi­гi жай­лы әңгi­мелер ел iшiн­де күнi бүгiн­ге дейiн ай­ты­лады. Құле­ке жайын­да Ал­ма­ты мұрағатын­да нақты де­рек­тер де сақталған.

Ауыз­ша жет­кен әңгi­ме бойын­ша Шал ақын қоян жы­лы, 71 жа­сын­да дүни­еден өткен, бұл есеп­пен алған­да ақын өмi­рiн зерт­те­ушi­лер 1819 жы­лы қай­тыс бол­ды дей­дi. Қари­ялар­дың ай­туы бойын­ша Сер­ге­ев (қазіргі Шал ақын) се­лосы­ның қасын­дағы «Аютас» де­ген төбе­нiң жа­нын­да, Есiл­дiң оң жағын­дағы үлкен бейiт iшi­не жер­ленген, бi­рақ қабi­рi бел­гi­сiз. Құле­ке ба­ласы Тi­ле­уке­нiң Шал ақын деп ата­луы ту­ралы ел iшiн­де бiр­не­ше түрлi әңгi­мелер бар. Ол ба­ла кезінде тапқыр, зе­рек, ойға жүйрік, алғыр болған. Шал өлең шығару­мен ба­ла­уса жас ке­зiнен бас­тап ай­на­лысқан. Жа­сынан сөзге үйiр, ше­шен сөй­лей­тiн тiл­ге дiлмәр, ой­лы жас бо­лып көзге түсе­дi. Жа­сынан ел ара­сы ақын­да­рымен ай­тысқа да түсiп жүре­дi. Оның кiш­кентайынан үлкен­дерше сөй­ле­уi, төрде оты­рып төре­лiк айтқаны­на қарап жұрт Шал атап ке­тедi.

Зерт­те­ушi­лер­дiң ай­туы бойын­ша Шал ақын­ның тұңғыш өлеңi — «Өлеңге тоқта­май­ды Шал де­генiң». Бұл өлеңдi ақын шығар­ма­шылығының ба­сы деп жүр. Өлеңнiң шығу та­рихы бы­лай екен. Әй­гi­лi хан Құле­ке ба­тыр­дың бәй­ге ал­дын бер­мей­тiн жүй­рiк атын сұрап алып, кейiн қай­тар­май қояды. Бiр­де Құле­ке атын сұрауға барған­да ба­ласы Шал­ды ер­тiп ба­рады. Хан ба­ла Шал­дың көзiн­ше: «Iшi боқ, сыр­ты түк сол мәстек­тi осын­ша­ма не­ге сұрай бе­ресiң?» — де­ген сөз ай­та­ды. Таңер­тең ер­те тұрған Шал хан­ның қой­шыға сазға ба­тып, отарға ере ал­май қалған бiр қозы­ны арқалап алып кет де­генін естіп қала­ды. Шал ке­терiн­де хан екен деп қысыл­май, өлеңде­тiп, мал­жанды­лығын бе­тiне ай­та­ды.

«Өлеңге тоқта­май­ды Шал де­генiң,
Бол­май­ды қойға па­на тал де­генiң.
Таң ата жа­лаң аяқ тоқты арқалап,
Хан ата, қалай екен мал де­генiң?
Сый­лай­ды ха­нымыз деп үлкен-кi­шi,
Бi­ре­удiң хақын же­мес жақсы кi­сi.
Тақтағы хан, топ­тағы би­дi еңкей­ткен,
Хан ата, қалай екен мал­дың күшi?» -дей­дi.

Сөзден ұтылған хан Құле­ке ба­тыр­дың бәй­ге атын қай­та­рып, оған қоса бір жылқы беріпті. Хан ал­дында ай­тылған бұл өлең ел iшi­не тез та­рап, Тi­ле­уке­нiң ақын­дық атын шығарған екен.

Осы­дан бы­лай Шал ақын­дық жолға көше­дi, да­рын­ды су­ырып сал­ма ақын бо­лады. Оның су­ырып сал­ма­лық өнері осы жанр­дың бей­несі бо­лып та­была­ды. Ол по­эзиялық сөз жа­рыс­тардың ше­бері, көпте­ген ай­тыс­тарға қатысқан. («Шал ақын­ның қыз­бен ай­ты­сы», «Бәйбіше мен Шал ақын­ның ай­ты­сы», «Шал ақын мен жігіттің ай­ты­сы», т. б.).

Ер­те­рек дәуiр­лерден қалып­та­сып, жалғасып ке­ле жатқан ақын­дық дәстүрдi ХVШ ғасыр­да өмiр сүрген Тәтiқара, Көтеш ақын­дардан кейiн­гi қазақ по­эзиясын да­мыта түсе­дi. Оның бұл са­лада қосқан үле­сi үлкен. Өлең тер­ме­лерi, толғау тақпақта­ры сан жағынан мол, са­па жағынан мазмұнды, көркем және тақыры­бы да кең. Шал ақын қазақ по­эзиясын­дағы ли­рика­лық өлең жан­рын, өз за­ман­даста­рымен са­лыс­тырған­да, жан-жақты то­лықты­ра түсiп, көркем­дi­гiн арт­тыр­ды. Бұл тұрғыдан алған­да оны толғауды көркем­дiк ше­гiне жет­кi­зе бiл­ген Бұқар жы­ра­умен ғана са­лыс­ты­руға бо­лады. Сон­дықтан да кейiн­гi ке­зеңдер­де өмiр сүрген ақын­дар Шал ақын­ды ұстаз тұтты.

Шал ақын­ның өлең, жыр­ла­ры ке­зiн­де ел ара­сына кеңiнен та­ралған. Шал­дың бiз­ге жет­кен шығар­ма­лары не­гiзi­нен әр жер­де әр түрлi се­беп­термен су­ырып са­лып айтқан шағын өлеңдер­ден тұра­ды. Тер­ме-тақпақта­ры, нақыл сөзде­рi, сөз қағыс­та­ры да бар­шы­лық. Шал­дың ұзақ эпи­калық жыр­лар шығарған­дығы, қазақ халқының ше­жiре­сiн өлеңмен жазғаны да Шоқан Уали­ханов­тың еңбек­те­рiнен бел­гi­лi. Шал ақын­ның мұра­лары бізге то­лық жет­пе­ген, жет­кендерінің өзі бір жа­рым мың жол ғана.

Адам­ның ар­тықшы­лығы, жақсы­лығы көпке, туған ел­ге пай­да­лы бо­лу­ын­да деп қоры­тын­ды жа­сай­ды. Ашқарақ, сұғанақ, арызқой, па­сық адам­дар то­бына да ақын қада­ла түсе­дi. Өзiм­шiл, күншiл па­сықтарға жа­ны та­за жақсы адам­дардың адал ни­ет­тi iз­гi iс­те­рiн қар­сы қоя жыр­лап, бi­рiнен жи­рен­дi­рiп, екiн­шi­сiнен үй­ре­нiп, үлгi-өне­ге алуға үндей­дi. Ол шығар­ма­ларын аяқ ас­ты­на шығарып отырған. Ақын өзi өмiр сүрген дәуiр­дiң өзек­тi мәсе­леле­рiн жыр­лаған. Өлеңде­рiнiң көбi мақал-мәтел­дерге, нақыл сөздер­ге, дi­ни ұғым сөздер­ге, бей­не­лi сөз тiр­кесте­рiне то­лы. Шал ақын — өз за­маны­ның бе­дел­дi ақыны. Оның өлеңде­рi өз ке­зiнiң өзек­тi мәсе­леле­рiн көте­рiп, ха­лыққа адам­гершi­лiк ақыл-ғиб­рат бе­редi.

Шал ақын­ның алғаш рет 1928 жы­лы «Жаңа әде­би­ет» жур­на­лының 5 са­нын­да бiр ғана өлеңi, 1958 жылғы 28-шi қара­шада «Қазақ әде­би­етi» га­зетiн­де бел­гi­лi қалам­гер Ғалым Мал­ды­ба­ев жа­ри­ялаған се­гiз өлең мен «Шал ақын кiм» мақала­сы жа­рық көрді. Шал ақын­ның кейбір шығар­ма­ларын кезінде М. Хакімжа­нова, Ф. Ғаби­това, А. Нұрқатов, тағы басқалар ақсақал­дардың ауыз­ша айтқан­да­рынан хатқа түсірген. Шал ақын­ның бірне­ше шығар­ма­сын, Қазақстан­нан тыс жер­де Ха­сен Ша­ях­метұлы Ғали ат­ты түркi ха­лықта­рының тi­лi мен әде­би­етi­нiң бiл­гi­рi, үлкен ғалым XX-ғасыр­дың ба­сын­да жа­зып алған, оның қол­жазба­сы Қазан уни­вер­си­тетінің Н. Ла­бочевс­кий атын­дағы ғылы­ми кітап­ха­насын­да сақта­улы.

Шал ақын­ның шығар­ма­лары негізінен 1960 жыл­дан ба­сылып шыға бас­та­ды, сол кез­дері оның шығар­ма­лары ту­ралы ғылы­ми-зерт­теу мақала­лары да жа­ри­ялан­ды. «ХVІІ-ХIХ ғасыр­лардағы қазақ ақын­да­ры шығар­ма­лары» (1962), «Үш ғасыр жыр­лай­ды» (1985) ба­сылым­да­рының алғы сөздерінде Қазақстан Рес­публи­касы Ұлттық Ғылым ака­деми­ясы­ның кор­респон­дент мүшесі, про­фес­сор И. Дүй­сен­ба­ев Шал ақын­ның шығар­ма­ларын Бұхар жы­рау, Тәттіқара, Ақтам­берді есімдерімен қатар қояды. Шал ақын­ның мұра­ларын әде­би­ет­та­нушы­лар — Х. Сүйеншәли­ев, М. Мағауин, Г. Абе­тов, Ш. Еле­уке­нов, Ә. Дербісәлин, Ө. Күмісба­ев, тағы басқалар зерт­те­ген. Шал ақын­ның шығар­ма­лары жоғары­да аталған ба­сылым­дардан басқа «Ал­даспан» (1971), «ХV-ХVШ ғасыр­лардағы қазақ по­эзиясы» (1982), «Бес ғасыр жыр­лай­ды» (1985–1989) жи­нақта­рына ен­ген.

1999 жы­лы Ал­ма­тының «Дайк-Пресс» бас­па­сынан «Шал Құле­кеұлы» (Шығар­ма­лары. Зерт­те­улер) ат­ты 364 бет­тiк көлем­дi кi­тап ба­сылып шыққан бо­латын. Кi­тап­тың алғы сөзiн жазған фи­лоло­гия ғылым­да­рының док­то­ры М. Әуезов атын­дағы Әде­би­ет және өнер инс­ти­туты­ның Ғылы­ми же­тек­шi­сi Жұмат Тi­лепов­тың ай­ту­ын­ша: «Шығар­ма­ларын үлкен­нен кi­шi, ұрпақтан ұрпақ жат­тап, есi­мi ғасыр­дан ғасырға өлмей же­тiп отырған Шал Құле­кеұлы ту­ралы алғашқы жаз­ба де­рек Шоқан Уәли­ханов еңбе­гiн­де кез­дескенімен, ақын­ның бүкiл шығар­ма­шылық бол­мы­сын та­нытар­лық ту­ын­ды­лары­ның не­гiзi­нен хатқа түсiп, зерт­те­лiп қалың оқыр­манмен кеңiнен жүзде­суi — соңғы 40–50 жыл­дың жүзi». Туғаны­на 250 жыл толған арқалы ақын­ның өз аты­мен тұңғыш рет жоғары­да аталған жи­нақ шықты. Жи­нақ не­гiзi­нен үш бөлiм­нен құралған. Соңғы шыққан «Шал ақын» («Арыс», 2003) ба­сылы­мына Шал ақын­ның қазақ және орыс тілдеріндегі шығар­ма­лары, белгілі ғалым­дардың ғылы­ми мақала­лары енгізілген.

1998 жылғы қазан­ның 25 күні Пет­ро­павл қала­сын­да Шал ақын­ның 250-жыл то­луы құрметіне Ха­лықара­лық ғылы­ми-те­ориялық кон­фе­рен­ция, қара­шада Ал­ма­тыда ұлттық ғылым ака­деми­ясы­ның ұйым­дасты­ру­ымен «Шал Құле­кеұлы және ақын­дық өнер» ат­ты ха­лықара­лық ғылы­ми-те­ориялық кон­фе­рен­ци­ялар өткізіліп, об­лыс ор­та­лығын­да, ақын­ның туған ауда­нын­да оның 250-жыл­дық ме­рей­тойына ар­налған әртүрлi өнер сайыс­та­ры, ай­тыс, тағы басқа ша­ралар өткi­зiл­дi. 1999 жылғы жел­тоқсан­ның 14-де Ел­ба­сының Жар­лығымен ақын­ның туған ауда­ны «Шал ақын ауда­ны» деп атал­ды.