Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Балпық би (1694 – 1784 жж.)

Балпық би (1694 – 1784 жж.)

Балпық би (1694 – 1784 жж.)

Осы­дан 280 жыл­дай уақыт бұрын Жа­лайыр елінде әрі көсем, әрі ше­шен, әрі би, әрі қол бас­таған ба­тыр атанған Бал­пықтың та­рихи еңбегі ерек­ше. Ес­келді би, Қабы­лиса (Қабан) ақын­мен бірге ол да көзі тірісінде әулие са­налған, 1694 жы­лы дүни­еге келіп, Қара­тал, Көксу бойын­да 1784 жы­лы қай­тыс бол­са ке­рек.

Бал­пық он екі ата Жа­лайыр­дың ең үлкені Ан­дас тар­мағына жа­тады. Қай жер­де, қан­дай жағдай­да бол­ма­сын өзінен екі жас үлкен Ес­келді би­мен аты қатар аталған. Жүзде­ген жыл­дар бойы үздіксіз шапқын жа­сап тұрған Жоңғар қал­мақта­рынан ығысып, Сыр бойын, Шу бойын па­налап жүрген Жа­лайыр­лардың ба­сын құрап, Ес­келді, Қабан ақын, Орақ ба­тыр­лармен бірге жа­удан бо­саған Жетісу өлкесіне көшіріп әкеліп, қоныс­тандырған еңбегі ел аузын­да ерек­ше ай­ты­лады. Нақты­лы де­рек­терге сүйен­сек, Бал­пық, Ес­келді, Орақ ба­тыр Аңырақай шайқасын­да Жа­лайыр­лардың қолын бас­тап, қал­мақтар­ды Іле да­ри­ясы­на тоғытқан. Жа­удың негізгі күші Тал­дықорған жаққа қашқан­да үлкен бір то­бы қасқа жол­дан шалғай­да жатқан Іле, Балқаш, Қамау жақты па­нала­мақ бо­лады. Ұлы қол­басшы­лар Кіші жүздің ха­ны Әбілқайыр, Қара­керей Қабан­бай, Қан­жығалы Бөген­бай, Ша­пыраш­ты На­урыз­бай, Жа­ныс Өте­ген, Ал­бан Райым­бектер қал­мақтар­ды күншығыс жаққа түре қуған­да, арт­та, қап­талда қалған жау то­бын жай­ра­туды Ес­келді, Бал­пық, Орақ ба­тыр­лардың жа­сағына тап­сырса ке­рек. Қап­шағай­дан Балқашқа дейінгі 500 шақырым­дай ұзақ жол­да олар жүргізген жойқын жо­рық жайын­да ел аузын­да аңыз, әңгіме көп. Осы күнге дейін Іле, Жи­делінің құйылы­сын­да, Балқаш теңізіне жақын­дау ай­мақта Үш қал­мақ де­ген шұрай­лы жер бар. Сол үшеуі өз еркімен жа­лайыр­лардың қол­басшы­лары­на тыңшы­лық қыз­мет ет­се ке­рек, со­дан соң жер үшеуіне сыйға берілген тәрізді.

Бал­пық бидің соңғы өлеңдері бұрынғы Тал­дықорған об­лыстық «Жерұйық» га­зетінде Көксу ауда­нын­да тұра­тын Т. Сағын­дық де­ген аза­мат жа­ри­ялап­ты. Мұның бәрін келтіріп отырған се­бебім – әулие ата-ба­бала­рының ру­хына өткен ғасыр­да да, жаңа за­ман­да да ұрпақта­ры әрдайым си­ынып жүргенін айғақтау. XVI­II ғасыр­дың бірінші жар­ты­сын­дағы хан­дар Жол­ба­рыс, Әбілмәмбет, Әбілқайыр­лар, одан кейін Абы­лай Жа­лайыр тай­па­сын жер жан­на­ты Жетісу­дың ең шұрай­лы өлкесі — Көксу, Қара­тал, Іле ай­мағына қоныс­тандырған­да, со­нау Шыңғыс хан за­маны­нан бер­мен қарайғы елдің елдігін, аза­мат­та­рының ерлігін, үш әулие Ес­келді, Бал­пық, Қабы­лиса-Қабан сияқты ел бас­шы­лары­ның еңбегін ес­керсе ке­рек. Ұлы ақын Сүйінбай өзіне ұстаз тұтқан Қабы­лиса-Қабан ақын ой­лы да те­рең сөздерімен ел ру­хын көтер­се, Ес­келді мен Бал­пық әрі қол бас­тап, әрі әділ билік ай­тып, күллі Жа­лайыр­дың ауызбірлігін сақтай білсе, Орақ сияқты ба­тыр­ла­ры елін, жерін қорғап, ат­та­ры аңызға ай­налған.

Бал­пық ай­тты де­ген ше­шендік сөздер 1993 жы­лы жа­рық көрген ғылым док­то­ры Яны­сан­бек Төреқұлов­тың «Қазақтың би-ше­шен­дері» де­ген кіта­бына ен­ген. Әлі де ел аузын­да жүрген, жи­налып-қат­талмаған қан­ша­ма ұлағат­ты сөздер бар де­сеңізші. Өй­ткені тоқсан жас жа­саған әулие қари­яның ұрпаққа қал­дырған мұра­сы ұшан-теңіз екеніне күмән жоқ. Мен реті кел­ген соң рес­публи­калық, об­лыстық бас­пасөзде жа­ри­яланған кейбір сөздерін келтіре ке­туді жөн көрдім:

Ауызбірлік бол­ма­са, көпте бе­реке бол­май­ды,
Изен-жу­сан бол­ма­са, шөпте бе­реке бол­май­ды.
Теңімен ой­нап-күлме­се, жас­та бе­реке бол­май­ды.
Кеңінен ой­лап істе­мей, бас­та бе­реке бол­май­ды

***
Дүни­енің қызуы күннен,
Киімнің жы­луы жүннен.
Қараңғыны қара­лап қай­теміз,
Жұлдыз­дың жарқыра­уы түннен.

***
Кімнің ба­тыр екенін жау кел­генде білерсің,
Кімнің ше­шен екенін дау кел­генде білерсің.

***
Жақсы­дан жа­ман ту­са, жын­нан бо­лар,
Жа­ман­нан жақсы ту­са, нұрдан бо­лар.

***
Хан­ның ісі қараға түсер,
Кәрінің ісі ба­лаға түсер.