Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Жиембет жырау (XVII ғ )

Жиембет жырау (XVII ғ )

Жи­ем­бет Бор­тоғашұлы- жы­рау, әскер­ба­сы болған. 16 ғасыр­дың соңы мен 17 ғасыр­дың алғашқы жар­ты­сын­да ғұмыр кеш­кен, қазақтың жо­рық жы­ра­уын жыр­лаған.

Жи­ем­бет Бор­тоғашұлы қазақ халқының ішкі және сыртқы істерінің бел ор­та­сын­да жүрді. Есім хан тұсын­да ол Кіші жүздің әскер­ба­сы, ба­тыры, биі болған.

Жи­ем­бет жы­рау-қазақ та­рихын­дағы ел басқарған көсем деңгейінде көтерілген еле­улі тұлғалар­дың бірі. Кіші жүз құра­мын­дағы байұлы тай­па­сынан шыққан Жи­ем­бет жы­рау өз за­манын­да бүкіл ал­шынға әмірін жүргізген. Еңсе­гей бой­лы ер Есім хан­ның ұлы жо­рықта­рын­да асқан ерлік көрсе­теді. Ол 1620 жылғы ой­рат­тармен болған ірі соғыс­та Кіші жүз қолын басқарып, қазақтар­дың жеңіске же­туіне ықпал ет­кен. 1627 жы­лы Қазақ хан­дығы құра­мынан бөлініп шығып, дер­бес билік құрғысы ке­ген Қатаған­ның ха­ны Тұрсын­ның бүлігін басқан Есім хан­ның қасын­да бо­лып, ел тұтас­тығын сақтау жо­лын­да қажыр­лы қай­рат көрсе­теді. Кейін Кіші жүзге сөзі өтіп тұрған Жи­ем­бет жы­рау билігінен сес­кенген Есім хан, оны інісі Жо­лым­бетпен бірге жер ауда­рып жібе­реді. Жи­ем­бет жы­рау хан­ның қаһары­нан қай­тпаған өр ке­уделі адам болған сияқты. Иесіз аралға ай­да­лып ба­ра жатқан Жи­ем­бет жы­рау "Еңсе­гей бой­лы ер Есім, Есім сені есірткен, Есіл де менің кеңесім… "-деп Есім ханға ай­бат ше­ге, ойын­дағысын тай­сал­май ай­тып ке­теді. Ел аузын­дағы бір де­рек­терге қараған­да, Жи­ем­бет жы­рау сол ауда­уда жүріп, қай­тыс бо­лады. Ке­лесі бір де­рек­терде, Есім хан дүни­еден өткен­нен кейін туған жұрты­на қай­тып ора­лады. Бірақ Жи­ем­бет жы­рау Есім хан қай­тыс болған 1643 жыл­дан кейінгі ғұмы­ры белгісіз.

Бізге жет­кен шығар­ма­лары­нан оның май­тал­ман сөз зер­гері болғанын білеміз. «Есім хан ту­ралы толғау», «Қол-аяғым бұғауда» ат­ты ту­ын­ды­лары­ның үлкен та­рихи және эт­ногра­фи­ялық маңызы бар.