Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Жолбарыс хан

Жолбарыс хан

Жол­ба­рыс Аб­дуллаұлы (1690–1740) – Ұлы жүз ха­ны. 1718 жы­лы Тәуке хан қай­тыс болған­нан кейін қазақ хан­да­рының бір ор­та­лыққа бағын­дырғысы кел­ген мақсат­та­ры жүзе­ге ас­пай қал­ды. Қазақ хан­дығы ауыр дағда­рысқа ұшы­рап, елдің бірлігі бұзыл­ды, бы­тыраңқылық етек алып өза­ра егес шегіне жетті. Тәукенің ор­ны­на отырған ба­ласы Бо­лат хан­ның тек атағы ғана бол­ды. Осы кез­де жүздерді би­леген кіші хан­дар өз ал­ды­на дер­бестеніп, қазақ хан­дығы са­яси жақтан бөлшек­тенді. Ор­та жүзді Сәме­ке хан, Ұлы жүзді Жол­ба­рыс хан, Кіші жүзді Әбілхайыр хан би­леді. 1730 жы­лы Тәуке хан­ның ба­ласы Үлкен Ор­да иесі Бо­лат хан қай­тыс бо­лып, таққа та­лас бас­талды. Бо­лат хан­ның інісі, Ор­та Жүздің ха­ны Сәме­ке (Шахмұха­мед) тақтан негізгі үміткер бол­ды. Сон­дай-ақ қал­мақты қыру­да үлкен ерлік та­нытқан және аса зор бе­дел жи­наған Кіші жүз ха­ны Әбілхайыр да тақтан дәме­ленді. Алай­да аға хан бо­лып Бо­лат­тың үшінші ұлы Әбілмәмбет сай­лан­ды. Әбілхайыр бұған на­разы бо­лып, май­дан шебінен әскерін алып кетті. Хан­дықтың заңды мұра­гері бо­луға лайық Сәме­ке де Шу бойымен Бет­пақда­лаға қарай өз әскерімен шегінді. Бұл реніштердің сал­да­рынан жоңғар­ларға қар­сы май­дан шебі әлсірей бас­та­ды. Ұлы жүз ха­ны Жол­ба­рыс өзі би­леген қазақ ру­лары мен Таш­кент тұрғын­да­ры аты­нан Жоңғар хан­дығына тәуелділігін мойын­дап, жоңғар әскер­ба­сына алым-са­лық төлеп тұруға мәжбүр бол­ды. 1733 жы­лы Ұлы жүз ха­нының елшілері Арал­бай мен Ораз­келді Кіші жүздегі Ерәлі сұлтан­мен бірге Ре­сей­ге ба­рып, пат­шайым Ан­на Иоанов­наға Ұлы жүздің Төле би, Қодар, Са­тай, Хан­гелді, Бөлек сын­ды ба­тыр­ла­рының аты­нан жа­зылған ха­тын тап­сырды. 1738 жы­лы Жол­ба­рыс хан Ре­сей бо­дан­дығын қабыл­дау ни­етін білдіріп, Ре­сей үкіметіне хат жаз­ды. 1738 жы­лы қыркүйек­те Ан­на Иоанов­на Жол­ба­рыс хан­ның аты­на ар­найы гра­мота жол­дап, оның тілегінің қабыл­данғанын мәлімдеді. Бірақ жоңғар би­ле­ушілерінің қар­сы­лығы және Ре­сей мен Ұлы жүз хан­дығы ара­сын­да са­яси қарым-қаты­нас­тардың қалып­таспа­уы се­бепті Жол­ба­рыс хан­ның са­яса­ты жүзе­ге ас­па­ды. Жол­ба­рыс Аб­дуллаұлы 1739 жы­лы Абы­лай хан­мен тізе қоса оты­рып, жоңғар басқын­шы­лары­на қар­сы күрес ұйым­дастыр­ды. Со­ның нәти­жесінде Таш­кент, Сай­рам қала­лары жоңғар әскер­лерінен азат етілді. 1740 жы­лы сәуірде Жол­ба­рыс хан Таш­кент тұрғын­да­рының қолы­нан қаза тап­ты. Орыс та­рих­шы­сы А. Лев­шин өзінің қазақтар ту­ралы та­рихи еңбегінде Жол­ба­рыс хан қай­тыс болған соң Төле бидің Таш­кентті ал­ты жыл бойы үздіксіз би­легенін ай­та­ды. Жол­ба­рыс хан­ның бар­лық іс-әре­кеті қазақ мем­ле­кетінің құры­лу, да­му ке­зеңдерінде зор маңызға ие бол­ды. Ол та­рихқа XVI­II ғасыр­дың бірінші жар­ты­сын­дағы тәуелсіз би­ле­ушілердің бірі ретінде енді.