Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша

Тарихи хроника

Түрік қағана­ты (551–603 жж.)

«Түрік» де­ген ат алғаш рет 542 жы­лы ата­лады. Қытай­лар түріктерді сюн­ну-ғұндар деп атаған, мұның өзі түріктердің ғұн тай­па­лары­ның жалғасы екенін көрсе­теді. 546 жы­лы ти­рек (те­лэ) тай­па­лары Моңғоли­яның оңтүстік және ор­та­лық аудан­да­рын ме­кен­де­ген авар­ларға (жкань-жу­ань) қар­сы жо­рық жа­сай­ды. Осы кез­де күтпе­ген жер­ден түріктердің қағаны Ту­мын­ның (Бу­мын) басқару­ымен түріктер те­лэ әскер­леріне ша­бу­ыл жа­сап, жеңіп, 50 мың әскерін тұтқынға ала­ды. Осы­дан кейін түріктер күшейіп, енді бұрын өздері тәуелді бо­лып кел­ген авар­ларға (жу­ань-жу­ань) қар­сы шығады. 552 жы­лы көктем­де түріктер авар­лардың ор­да­сына ша­бу­ыл жа­сап, олар­ды жеңеді, авар­дың қағаны Анағұй өзін-өзі өлтіреді. Осы кез­ден бас­тап Бу­мын түрік қаған де­ген атағын ала­ды. Бу­мын 553 жы­лы қай­тыс бо­лады.

Бу­мын өлген­нен кейін, таққа оның інісі Қара-Ес­ке оты­рады. Ол Ор­хонның жоғарғы жағын­да авар­ларды екінші рет жеңеді. Қара-Ес­ке­ден кейін, оның мұра­гер інісі Еркінді-Мұқан де­ген ат­пен қаған бо­лады. Оның ел би­леген кезі 553–572 жыл­дар. Мұқан­ның тұсын­да аз уақыт ішінде (553–554 жж) түріктер шығыс­та қай­лар, қидан­дар және оғыз-та­тар тай­па­ларын, солтүстікте Ене­сей қырғыз­да­рын, Жетісу жеріндегі түргент­терді өздеріне қарат­ты. Бұл жыл­да­ры түріктердің ба­тысқа қарай жа­саған жо­рықта­ры күшті бол­ды. Олар­ды Ту­мын­ның басқа бір інісі Ес­темі жүргізді. Кейін та­рихи де­рек­терде оны Ба­тыс түріктерінің түпкі ата­сы және Ба­тыс Түрік қағана­тының негізін қала­ушы деп атай­ды. 563 жы­лы Түрік қағаны Сил­зи­бул (Ес­темі) Эф­та­лит мем­ле­кетін ба­сып алуға кіріседі.

571 жы­лы Ес­темі қаған Солтүстік Кав­казды ба­сып ал­ды, сөйтіп Керчь түбегіне (Бос­порға) шықты. Оның ба­ласы Түріксанф Керчті ба­сып алып, 576 жы­лы Қырымға ша­бу­ыл жа­сады. Бірақ Ес­темі өлген­нен кейін, 582–593 жыл­да­ры Түрік қағана­тын­да билік үшін қырқыс бас­талды. Өз ішіндегі ала­уыз­дық пен әле­уметтік қай­шы­лықтар қағанат­ты қат­ты әлсіретті. Ел­де мал індет­тері, жұттар мен ашар­шы­лық орын ал­ды. Түрік қағана­ты ше­кара­лары­на шығыс­тан Қытай­дың Сүй әулетінің (581–618 жж.) ша­бу­ылы күшейді. Бұл жағдай­лар­дың бар­лығы 603 жы­лы Түрік мем­ле­кетінің екі дер­бес қағанатқа – Шығыс және Ба­тыс қағанат­та­рына бөлінуімен аяқтал­ды.

Ба­тыс Түрік қағана­ты (603–704 жж.)

Ба­тыс Түрік қағана­ты. Аумағы Ал­тай­дан Тянь-Шаньға дейін, Шығыс Түркістан­нан Кас­пий­ге дейін со­зыла­ды. Ас­та­насы – Су­яб қала­сы. Қағанат құра­мын­дағы тай­па­лар: қаңлы, үйсін, ду­лат, түркеш, қып­шақ, қарлұқ т. б.

Ша­ру­ашы­лығы. Көшпелі мал ша­ру­ашы­лығымен, су­ар­ма­лы егіншілікпен ай­на­лыс­ты. «Ұлы Жібек жо­лының» Ба­тыс Түрік қағана­ты жерінен өткендігі са­уда мен қолөнердің да­му­ына әсер етті.

Басқару жүйесі. Мем­ле­кетті қаған басқар­ды. Қаған­ның әулеті жоғары тұрды. Олар янғу, шад, тегін сияқты жоғары ла­уазым­дарға ие бол­ды. Билік мұра­герлікпен беріліп отыр­ды. Қағанат он тай­паға бөлінеді. Ол «он оқ» деп ата­лады.

Мәде­ни­еті. Ха­лық түрік тілінде сөй­лейді. Бізге белгілі Ор­хон-Ени­сей жа­зуы Ба­тыс түрік қағана­тының мәде­ни­етінен де­рек бе­реді. Моңғолия жерінен та­былған Білге қаған­ның, Күлтегіннің, То­ныкөктің Ор­хон жа­зуы бар құлпы­тас­та­ры қағанат мәде­ни­етінің жоғары дәре­жеде да­мығанын көрсе­теді. Бұл ес­керткішті 716 жы­лы жазған. Ес­керткішті алғаш рет Да­ни­яның ғалы­мы Том­сон оқыған. VII ғасыр­да Ба­тыс түрік қағана­тын­да жаз­ба әде­би­еті да­мыған.

Қағанат­тың ыды­ра­уы. Ба­тыс Түрік қағана­ты 704 жы­лы құла­ды.

Бас­ты се­беп­тері: фе­одал­дардың ішкі та­лас-тар­ты­сы және Ба­тыс түрік қағана­тының Таң пат­ша­лығымен соғысы. Қағанат тер­ри­тори­ясы жаңадан құрылған Түркеш қағана­тының құра­мына кірді.

Та­рихи де­рек­тер. Ба­тыс түрік қағана­ты жайын­да көпте­ген мәлімет­тер бар. Со­лар­дың ішінде Жуңғо ке­зеңінің де­рек­тері ең қомақты де­рек­тер бо­лып та­была­ды. 630 жы­лы буд­да ғалы­мы Шу­ан Заң қағанат ас­та­насы Су­яб және тағы басқа қала­лар жайын­да ес­теліктер қал­дырған. Моңғолия жеріндегі Білге қаған, То­ныкөк, Күлтегін құлпы­тас­та­ры Ба­тыс түрік қағана­ты ту­ралы зат­тай де­рек­тер бо­лып та­была­ды.

Түргеш қағана­ты (704–756 жж.)

Түрік тек­тес түргеш тай­па­лары VI-ғасыр­да Тянь-Шань та­улы ай­мақта­рын ме­кен­де­ген, ал VII-ғасыр­да Жетісу­дың ор­та­лық ай­мақта­рын қоныс ет­кен. Түргеш тай­па­лары жөніндегі алғашқы мәлімет­тер Күлтегін ес­керткішінде және Қытай жаз­ба де­рек­терінде кез­де­седі. Ал түргеш­тердің же­ке қаған­дық бо­лып құры­луы ту­ралы де­рек "То­ныкөк” жа­зу­ын­да ай­тылған. Түргеш қағана­ты халқының эт­ни­калық құра­мы негізінен са­ры және қара түргеш тай­па­лары­нан тұрған. Шу бойын­дағы түргеш­тер са­ры, ал Та­лас ай­мағын­дағы түргеш­тер қара түргеш­тер деп аталған.

Түргеш қағана­ты 704–756 жыл­дар ара­лығын­да өмір сүрді. Бұл кез­де Жетісу ай­мағын­да араб басқын­шы­лары­на қар­сы күрес жүріп жатқан бо­латын. Жетісу­да Түргеш қағана­ты би­ле­ушілерінің негізін қала­ушы Үшелік-қаған. Оның билік жүргізген кезі – 699–706 жыл­дар. Ол Жетісу­дан Ба­тыс түрік би­ле­ушісі Бөрішад­ты қуып, Таш­кент­тен Тур­фанға және Бес­ба­лыққа дейін өзінің өкіметін ор­натты. Оның бас­ты са­яси ор­та­лығы – Шу өзені бойын­дағы Су­яб қала­сы. Екінші ор­та­лығы – Іле өзені бойын­дағы Күнгүт қала­сы. Үшелік елді 20 ұлысқа бөліп, олар­дың әрқай­сы­сын­да 7 мыңнан әскер ұста­ды.

Түргеш қағана­тын­да Үшелік өлген­нен кейін билік оның ба­ласы Сақал-қағанға көшті. Оның ел би­леген кезі 706–711 жыл­дар. Қаған билігі үшін са­ры және қара түргеш тай­па­лары­ның ара­сын­да та­лас-тар­тыс бас­талды. Ба­тыс­та түргеш­тер соғды­лар­мен бірігіп араб­тарға қар­сы күрес жүргізді. 711 жы­лы Шығыс түрік қағаны Қапаған Жоңғария жерінде түргеш­терге соққы беріп, Сыр­да­ри­ядан өтті. 712–713 жыл­да­ры араб­тарға қар­сы түріктер, соғды­лар Шаш (Таш­кент) қала­сы тұрғын­да­ры және ферғана­лықтар бірігіп күш көрсетті. Мәуере­нахр­дағы араб иелігіне төніп отырған қауіпті түсінген Күте­иб Шаш қала­сын өртеді, 714 жы­лы ол Ис­пиджабқа ша­бу­ыл ұйым­дастыр­ды.

Екі тай­па­ның ара­сын­дағы тар­тыста қара түргеш­тер жеңіске же­теді, олар қол­даған Сұлу тар­хан қаған бо­лады. Түргеш қағана­ты Сұлу қаған­ның (715–738 жж.) тұсын­да қай­та күшейе бас­та­ды. Бұл кез­де өкімет қара түргеш тай­па­лары­ның қолы­на көшіп, мем­ле­кет ор­та­лығы Та­лас (Та­раз) қала­сына ауыс­ты. Ай­ла­лы са­ясат­кер және күшті әске­ри қол­басшы Сұлу екі май­дан­да: ба­тыс­та араб­тарға қар­сы, шығыс­та Ба­тыс түрік қаған­да­ры ми­расқор­ла­рын қол­даған Тан им­пе­ри­ясы­мен күрес жүргізді. 723 жы­лы түргеш­тер Ферған қарлұқта­рымен және Шаш тұрғын­да­рымен бірігіп, араб­тарға күй­ре­те соққы берді. Араб­тар 732 жы­лы өз әскер­лерін біріктіріп, түргеш­терді қира­та жеңіп, Бұха­ра қала­сын ба­сып ал­ды. 737 жы­лы Сұлу араб­тарға қар­сы жо­рық ұйым­дасты­рып, То­харс­танға дейін жетті, бірақ кейін жеңіліп қал­ды. Қай­тып ке­ле жатқан­да, оны өзінің әске­ри бас­шы­сы Баға-тар­хан өлтірді. Сұлу қаған қаза болған­нан кейін билік үшін "са­ры” және "қара” түргеш­тердің ара­сын­да ұзаққа со­зылған күрес жүрді. Түргеш мем­ле­кеті өз ішіндегі күрестің нәти­жесінде едәуір әлсіреді, мұны Тан (Қытай) им­пе­ри­ясы ұтым­ды пай­да­лан­ды. 751 жы­лы Та­раз­дың қасын­дағы Ат­лах қала­сы жа­нын­да Зи­яд-ибн-Са­лых бас­таған араб әскер­лері мен Гао-Сянь­чжи басқарған Қытай әскер­лерінің ара­сын­да 5 күнге со­зылған қырғын соғыс жүрді. Қытай­лықтарға қар­сы оның ты­лын­дағы қарлұқтар көтерілді. Нәти­жесінде Қытай әскер­лері жеңіліске ұшы­рады. Әбден әлсіре­ген Түргеш мем­ле­кеті 756 жы­лы құла­ды.

Түргеш қаған­дығы бар-жоғы жар­ты ғасыр­дай өмір сүрді. Оның көп жыл­да­ры сыртқы жа­улар­мен соғыс­та өтсе, ішкі жағдайын­да да ты­ныш­тық бол­ма­ды. Тай­па­лар екі жаққа бөлініп, бір-бірімен та­лас-тар­тысқа түсті. Мұндай ұзақ уақытқа со­зылған са­яси күрес қағанат­тың эко­номи­калық және мәде­ни жағынан өсіп өркен­деуіне кері әсерін тигізді.

Қарлұқ қағана­ты (756–940 жж.)

Қарлұқтар ту­ралы алғашқы мәлімет V ғасыр­дан бас­тап белгілі бо­лады. Бұл кез­де қарлұқтар Моңғол Ал­тай та­уы мен Балқаш көлінің шығыс жағала­уы ара­сын қоныс етіп, көшіп жүрген. VI-VII ғасыр­ларда қарлұқтар Түрік, Ба­тыс түрік және Шығыс түрік қағанат­та­рының құра­мына кіреді. Олар ірі-ірі үш тай­па­лық – бұлақ, шігіл (се­бек) және таш­ли одағына бірікті. Қарлұқ тай­па­лар одағының би­ле­ушісі ел­те­бер деп атал­ды.

742 жы­лы Моңғолия да­ласын­дағы Шығыс Түрік қағана­тын үш тай­па­ның – қарлұқтар­дың, ұйғыр­лар мен ба­сымал­дардың біріккен одағы күй­ретіп жеңеді. Қағанат билігі аз уақыт ба­сымал­дардың қолы­на көшіп, олар­дың көсемі қаған бо­лады. Қарлұқтар бас­шы­сы мен ұйғыр­лардың же­текшісі жабғы атағын ала­ды. Алай­да, бұлар­дың ара­сын­да та­лас-тар­тыс бас­та­лып, 744 жы­лы ба­сымал­дарды ұйғыр­лар мен қарлұқтар­дың біріккен күші тас талқан етеді. Сөйтіп, Ор­та­лық Ази­яда жаңа мем­ле­кет Ұйғыр қағана­ты (744–840 жж.) құры­лады. Ұйғыр тай­па­лары­ның бас­шы­сы жоғарғы қаған бо­лады да, қарлұқтар көсемі жабғы атағын ала­ды. Бірақ қарлұқтар­дың дер­бестікке ұмты­луы, олар­дың Ұйғыр қағана­тынан бөлініп шығуына жеткізеді. 746 жы­лы қарлұқ тай­па­лары Жетісу жеріне қоныс ауда­рады. Сыртқы жа­улар­дың ша­бу­ылы­нан және өза­ра қырқысқан күрес­терден әлсіре­ген түргеш қаған­да­ры қарлұқтарға қар­сы­лық көрсе­те ал­ма­ды. 766 жы­лы түргеш қағаны­ның екі ор­да­сы – Та­раз бен Су­яб және бүкіл Жетісу жері қарлұқтар жабғуының қолы­на көшті.

Қарлұқ тай­па­лары VI­II-X ғасыр­ларда Қазақстан­ның Жоңғар Ала­та­уынан бас­тап, Сыр­да­ри­яның ор­та бойына дейінгі кең бай­тақ жер­лердің бәрінде қоныс­танды. Олар Балқаш пен Ыс­тықкөлдің ара­сын, Іле, Шу, Та­лас аңғар­ла­рын, Тянь-Шань­ннің ба­урай­ла­рын ме­кен­деді. Қарлұқтар­дың бір то­бы 766–775 жыл­да­ры Қашғар­ды ба­сып ал­ды, ал VI­II ғасыр­дың аяғын­да олар­дың екінші бір бөлігі Ферғанаға өзінің үстемдігін жүргізді. IX ғасыр­дың бас кезінде қарлұқ тай­па­лары Оңтүстік Қазақстан­дағы Оты­рар (Фа­раб) қала­сы маңына ба­рып қоныс­танды. Бұл кез­де Қарлұқ кон­фе­дера­ци­ясы­на түркі тілдес көшпелі және жар­ты­лай көшпелі әр түрлі тай­па­лар: жікілдер, бұлақтар, ха­лаж­дар, түргеш­тер, аз­кишлер, тух­си­лер, ша­рух­тар, ар­гу­лар, барс­хан­дар кірген. Қарлұқ жабғуы IX ғасыр­дың ба­сын­да араб­тарға қар­сы Ферғана және Жетісу қарлұқта­рының күрес­терін қол­дап отыр­ды. 810 жы­лы араб­тар қарлұқтарға қар­сы ша­бу­ыл жа­сап, Құлан (қазіргі Лу­говой стан­са­сы) қала­сына же­теді. 812 жы­лы араб­тар Оты­рарға жо­рыққа шығып, қарлұқтар­ды жеңеді. Олар­дың жабғысы Қимақ еліне қашып ке­туге мәжбүр бо­лады. Осы­дан кейін Оңтүстік Қазақстан жерінің Қарлұқ қағана­тына кіретін бір бөлігінде араб билігі ор­най­ды.

791 жы­лы ұйғыр­лар Бес­ба­лық түбінде қарлұқтар мен ти­беттіктердің біріккен әскер­лерін талқан­дай­ды. 812 жы­лы олар қарлұқтар­ды жеңеді. 840 жы­лы Ене­сей қырғыз­да­ры Ұйғыр қағана­тын талқан­дап оның халқын Тур­фан ай­мағы мен Гань­чжоу ауда­нына еріксіз көшіреді. 893 жы­лы Са­мани би­ле­ушісі Ис­ма­ил-ибн-Ах­мет Та­разға жо­рық жа­сай­ды. Қарлұқ қағаны Оғұлшақ Қадыр­хан қорғанғаны­мен ақырын­да қала құлап, халқы ис­лам дінін қабыл­дай­ды.

Қарлұқ фе­одал­дық қоғамы бай­лар мен ке­дей­лер­ге бөлінді, одан басқа қауым­ның ешбір құқы жоқ то­бы – құлдар-тын. Көшпелі тай­па­лар­дың би­ле­уші ақсүйек топ­та­рының қолын­да жайылым­дар мен құнар­лы жер ғана емес қала­лар да бо­латын. Та­рихи де­рек­тер бойын­ша қарлұқтар елінде 25 қала мен қыс­тақ болған. Олар: Та­раз, Құлан, Мер­ке, Ат­лақ, Тұзын, Ба­лиг, Ба­рыс­хан, Сыйкөл, Талғар, Тонг, Пен­чуль т. б. Қала­лар­да қолөнер мен зер­герлік кеңінен да­мыды. X ғасыр­дың ба­сын­да Қарлұқ қағана­тының жағдайы на­шар­лай түсті. Оған Ор­та Ази­ядағы са­мани­лер әулеті мен араб­тардың ша­бу­ылы күшейді. Ішкі қырқыс, өкіметті ба­сып алу, қоныс-өрісті ием­де­ну жо­лын­дағы та­лас-тар­тыс оның бе­реке-құтын қашыр­ды. Міне осын­дай қиын жағдай­да қауіп-қатер Қарлұқ қағана­тына Қашғар жағынан келді. 940 жы­лы олар Ба­ласағұнды ба­сып ал­ды да, Қарлұқ мем­ле­кеті құла­ды.

Араб­тардың жа­улап алу жо­рықта­ры

VII ғасыр­дың ба­сын­да Ара­бия түбегінде Араб мем­ле­кеті құры­лады. Бұл мем­ле­кет ис­лам дінін бас­ты қағида етіп ұстай­ды. Араб фе­одал­да­ры «дін үшін соғыс» жиһад ұра­нымен басқа ха­лықтарға, ел­дерге басқын­шы­лық жо­рықты бас­тай­ды.

Араб­тар жо­рығының бас­та­луы. 633 жы­лы араб­тардың «дін үшін соғыс» ұра­нымен жа­улап алу жо­рықта­ры бас­та­лады. Олар Си­рия, Иран, Еги­пет жер­лерін ба­сып ала­ды.

Араб­тардың Ор­та Азияға, Қазақстанға ша­бу­ылы. Араб­тар ең ал­ды­мен Мәуерен­нахрға, 706 жы­лы Бұха­раға ша­бу­ыл жа­сай­ды. Араб­тарды Ор­та Азияға Қора­сан би­ле­ушісі Ку­тей­ба ибн Мус­лим бас­тап ке­леді. 709 жы­лы араб­тар екінші рет Мәуерен­нахрға ша­бу­ыл жа­сап, Бұха­ра қала­сын, 714 жы­лы Шаш­ты ба­сып ала­ды. 753 жы­лы қарлұқтар мен түріктер араб­тарды Са­марқанға дейін қуады. 724 жы­лы араб­тар Ферғана­ның ор­та­лығы Қасан­ның маңын­да түркеш­тер мен ферғана­лықтар­дан жеңіледі. 737–748 жыл­да­ры араб­тар Қазақстан жер­леріне бірне­ше рет ша­бу­ыл жа­сай­ды. 451 жы­лы Та­раз қала­сының маңын­да араб­тар осы өңірді ба­сып алған қытай­лар­ды жеңеді.

Араб­тарға қар­сы күрес­тер. 766 жы­лы қарлұқтар­дың, со­дан кейін Ферғана ха­лықта­рының араб­тарға қар­сы күресі бас­талды. 806 жы­лы Ор­та Ази­яда араб­тарға қар­сы Мұқан­на қозғалы­сы бол­ды. IX ғасыр­да Араб ха­лифа­тының са­яси жағдайы күрт на­шар­ла­ды. Осы­ның сал­да­рынан Ор­та Азия мен Оңтүстік Қазақстан­да араб­тардың билігі әлсіреді.

Араб басқын­шы­лығының сал­да­ры мен маңызы. Оңтүстік Қазақстан, Жетісу өңірлеріндегі ха­лықтар ма­лынан, жерінен айырыл­ды. Араб­тардың басқын­шы­лығы Қазақстан­ның са­яси-эко­номи­калық, мәде­ни өміріне үлкен өзгеріс әкелді. Ең ал­ды­мен Қазақстан аумағын­да ис­лам діні, араб мәде­ни­еті, жа­зуы та­рады. Та­раз, Оты­рар, Бұха­ра т. б. қала­лар­да араб мәде­ни­етінің, ис­лам дінінің ірі ор­та­лықта­ры пай­да бол­ды.

Оғыз мем­ле­кеті (IX-XI ғғ. ба­сы)

Қарлұқ қағана­тының солтүстік-ба­тыс жағын­да, Сыр­да­ри­яның ор­та және төменгі бойын­да, оған жалғасып жатқан Ба­тыс Қазақстан да­лала­рын­да IX-X ғасыр­ларда Оғыз тай­па­лары­ның ежелгі фе­одал­дық мем­ле­кеті қалып­тасты. Оғыз­дардың ата-ба­бала­рының әуелгі қоныс­танған жер­лері Ыс­тықкөлдің маңы. Оғыз­дар IX ғасыр­да Сыр­да­рия бойына келіп ор­на­ласа­ды, бірақ он­дағы кан­гар-пе­ченег бірлестігімен ұзақ уақыт соғысуға ту­ра ке­леді. Махмұд Қашғари Оғыз елінің 22 кейбір де­рек­терде 24 тай­паға бөлінгенін және әр тай­па­ның өз белгі таңба­сы мен туы болғанын ай­та­ды.

IX ғасыр­дың аяғы мен X ғасыр­дың бас кезінде оғыз тай­па­лары Сыр­да­ри­яның ор­та ағысы­нан Еділдің төменгі бойына дейінгі ора­сан кең жер­лерді ме­кен­дейді. Оғыз­дардың қоныс өрістері Ырғыз, Орал, Ембі, Ойыл өзен­дерінің бой­ла­рын­да, Сыр­да­ри­яның Қара­тау ба­урай­ла­ры мен Ис­фиджаб шегіне дейін жет­кен. Олар Сыр­да­ри­яның ор­та және төменгі ағысы бойын­да, арал өңірі мен шығыс Кас­пий ай­мағын­да шоғыр­ла­нып қоныс тепті.

X ғасыр­да Оғыз мем­ле­кетінің ас­та­насы – Ян­ги­кент не­месе Жаңа Гу­зия деп ата­латын қала бол­ды. Ол Қимақ да­ласы арқылы Са­рысу, Есіл және Нұра бой­ла­рына ба­ратын са­уда жо­лының үстінде ор­на­ласқан. Оғыз мем­ле­кеті өзінің са­яси және әле­уметтік тұрмы­сы жағынан көне фе­одал­дық мем­ле­кет бол­ды. "Жабғы” атағы бар жоғарғы би­ле­уші Оғыз мем­ле­кетінің бас­шы­сы бо­лып са­нал­ды. Оғыз жабғыла­рының орын­ба­сар­ла­рын Көл-еркін деп атаған. Жоғарғы би­ле­ушілер ор­ны мұра­гер­ге беріліп отырған. Оғыз хан­да­рын сай­лау кеңес­терде өткізілген. Жабғудың "инал” де­ген атағы бар өз мұра­гер­лері болған. Жас кезінде олар­ды тәрби­елеу үшін ар­найы қамқор­шы­лар (ата­бек­тер) тағайын­далған. Оғыз жабғыла­рының әйел­дері са­рай маңын­дағы өмірде ай­тар­лықтай рөл атқарған. Оларға "қатын” де­ген атақ берілген. Са­рай­да әске­ри кеңес­ке сүйенетін оғыз әскерінің бас­тығы (Сю­башы) маңыз­ды орын алған.

965 жы­лы Оғыз жабғуы Ки­ев князі Свя­тос­лав пен одақта­сып ха­зар­ларды талқан­да­ды. 985 жы­лы оғыз­дар Орыс князь­да­рымен бірігіп, Еділ Булғари­ясын күй­ре­те жеңді. IX-X ғасыр­ларда Оғыз мем­ле­кетінде ескі ру­лық-тай­па­лық инс­ти­тут­тардың тез ыды­ра­уы жағдайын­да пат­ри­ар­хаттық-фе­одал­дық қаты­нас­тар да­мыды. X ғасыр­дың аяғы мен XI ғасыр­дың бас кезінде Оғыз елінде алым-са­лықты ти­янақты түрде жи­нап оты­ру жүйесі орын ал­ды, бұл – мем­ле­кет­те тұрақты басқару ап­па­раты­ның құрылғанын көрсе­теді. Оғыз­дардың көпшілігінің бас­ты кәсібі көшпелі мал ша­ру­ашы­лығы бол­ды. Оғыз тай­па­лары­ның бір бөлігі Сыр­да­ри­яның төменгі бойын қыс­тап, жай­лауға Кас­пий маңын­дағы да­лаға көшкен. Оғыз­дар негізінен жылқы, қой, ешкі, си­ыр, өгіз, түйе өсірген. Әсіре­се, қой өсіру ша­ру­ашы­лығы маңыз­ды рөл атқарған. Сон­дай-ақ оғыз бай-фе­одал­да­ры жер қайыс­тырған қалың жылқы үйірлерін ұстаған. Көшпелі оғыз­дар түйе, оның ішінде айыр өркешті ірі түйелер өсірген. Оғыз­дар аңшы­лықпен де ай­на­лыс­ты. Оғыз ке­дей­лері Арал теңізінен, Сыр­да­ри­ядан, тағы басқа да өзен­дерден ба­лық аулап кәсіп қылған. Қала­лар­дағы үй­лер көбіне тас­тан, ағаш­тан, қамыс­тан тұрғызыл­ды. Оғыз­дардың Сыр­да­ри­яның төменгі ағысын­да Жан­кент, Жент, Жу­ара, ал Сыр­да­ри­яның ор­та ағысын­да Қар­нақ, Сүткент, Фа­раб, Сығанақ және Са­уран т. б. қала­лары болған. Олар­да қолөнер кәсібі, со­ның ішінде мал өнімдері мен шикізат­тарды өңдеу да­мыды. Оғыз­дарда құмы­рашы­лық өндірісі де өркен­деді. Олар ме­кен­дейтін аумақтар­да темір, күміс, ал­тын, мыс және асыл тас­тар өндірілді.

XI ғасыр­дың ба­сын­да Оғыз мем­ле­кеті құлды­рай бас­та­ды. Оған алым-са­лықты жыртқыш­тықпен аяусыз жи­науға на­разы­лық білдірген оғыз тай­па­лары­ның көтерілісі се­беп бол­ды. Бұл жағдай X ғасыр­дың екінші жар­ты­сын­да өкімет ба­сына кел­ген Әли­хан­ның билік құрған кезіне жа­тады. Жабғының өкіметіне қар­сы ха­лық на­разы­лығын, Жент маңына келіп қоныс­танған салжұқтар­дың көсем­дері пай­да­лан­ды. Салжұқ көсем­дері Ян­ги­кент­тегі оғыз би­ле­ушілеріне қар­сы көтерілісті бас­тап, Жент қала­сын ба­сып ал­ды, бірақ оны ұзақ ұстап тұра ал­ма­ды. Осы кез­де ел ба­сына Әли­хан­ның мұра­гері Шахмәлік келіп, мем­ле­кет едәуір кұшейді. 1041 жы­лы оғыз­дар Хо­резмді жа­улап ала­ды. Алай­да, ара­да екі жыл өткен­нен кейін оғыз­дардың соңғы жабғысы Шахмәлік салжұқтар­дың қолы­на түсіп өлтіріледі. Салжұқтар­мен жүргізілген ұзақ жылғы соғыс­тар Оғыз мем­ле­кетін қат­ты әлсіретті. Аяғын­да келіп Жабғы мем­ле­кеті қып­шақ тай­па­лары­ның соққысы­нан біржо­лата құла­ды. Оғыз­дардың бірсы­пыра топ­та­ры осы­дан кейін Шығыс Еуро­паға, Кіші Азияға қоныс аудар­ды. Енді біра­зы Ор­та Азияға, Оңтүстік Қазақстан­дағы Қара­хан әулетінің және Хо­расан­ның салжұқ би­ле­ушілерінің қол ас­ты­на көшті. Ал XI ғасыр­дың ор­та­сын­да қып­шақтар талқан­даған оғыз­дардың кейбір қал­дықта­ры кейін ке­ле Дешті Қып­шақтар­дың түркі тілдес тай­па­лары­на сіңіп кетті.

Ки­мек қағана­ты (IX-XI ғғ. ба­сы)

Қытай де­рек­те­мелерінде көрсетілген­дей (Ки­мек­тер) Қимақтар та­рихы VII ғасыр­дан бас­та­лады. Он­дағы ата­латын янь­мо тай­па­сы зерт­те­ушілердің ша­мала­уы бойын­ша ки­мек тай­па­сы бо­лып са­нала­ды. Те­ле тай­па­лары­ның бірі болған янь­мо­лар (ки­мек­тер) VII ғасыр­дың бас кезінде Солтүстік Моңғоли­яны ме­кен­де­ген, ал VII ғасыр­дың ор­та­сына та­ман ки­мек­тер Ал­тай та­ула­рының солтүстігі мен Ертіс өңіріне көшіп ба­рады. Ки­мек тай­па­лары­ның бас­шы­сы "шад татұқ” деп аталған. VI­II ғасыр­дың екінші жар­ты­сы – IX ғасыр­дың ба­сын­да ки­мек тай­па­лары үш бағыт­та: солтүстік-ба­тыс­та Оңтүстік Оралға, оңтүстік-ба­тыс­та Сыр­да­рия аңғары­мен Оңтүстік Қазақстанға, оңтүстікте Солтүстік Шығыс Жетісу ай­мағына қарай қоныс ауда­рады.

766 және 840 жыл­дар ара­лығын­да ки­мек­тер Ба­тыс Ал­тай, Тар­бағатай мен Алакөл ой­па­тының жер­лерін жай­лап, Шығыс Түркістан­ды ме­кен­дейтін тоғыз оғыз­дардың теріскей шебіне дейін же­теді. Осы кез­дері жеті тай­па­дан: эй­мур, ки­мек, қып­шақ, та­тар, ба­яндүр, ла­никаз, аж­лардан тұра­тын ки­мек фе­дера­ци­ясы құрыл­ды. Ки­мек тай­па­лары­ның бас­шы­сы "бай­гу” (жабғы) деп ата­лады. Бұл атақ өзінің ла­уазым­дық дәре­жесі жағынан шад­тан жоғары болған.

IX ғасыр­дың бас кезінде ки­мек­тер Сыр­да­рияға қарай жыл­жи­ды. Бұл жер­де олар қарлұқтар­мен одақта­сып, Сыр­да­рия бойын­дағы және Арал өңіріндегі қаңғар-пе­ченег тай­па­ларын талқан­дай­ды. Пе­ченег­терді бұл жер­лерден ығыс­ты­рып, осын­да қоныс аударған оғыз тай­па­лары­на олар­ды ба­тысқа қарай қуып жібе­руге пәрменді көмек бе­реді. Мем­ле­кет ішінде тай­па­лар ақсүйек­терінің өкілдерінен би­ле­ушілерді тағайын­дап отырған.

IX ғасыр­дың аяғы – X ғасыр­дың бас кезінде, яғни Ки­мек қағана­тының құрылған уақыты­нан бас­тап, олар­дың ха­ны түріктердің ең жоғарғы ла­уазы­мы ха­кан деп аталған, не­месе хан­дардың ха­ны де­ген мағына­ны білдіреді. Ха­кан­нан кейінгі билік Қимақ мем­ле­кетінің құра­мына ен­ген тай­па­лар бірлестігін басқарған жабғулар­дың қолын­да болған. Олар­дан кейінгі же­ке-же­ке ру-тай­па­лар­ды шад-түріктер би­леген.

Ки­мек мем­ле­кетінің қалып­та­сып өсуіне қарай, олар­дың тай­па­лары­ның құра­мы да өзгеріп отырған. Та­рихи де­рек­тердің көрсе­туі бойын­ша, бұл кез­де қағанат құра­мына кірген тай­па­лар­дың са­ны 12-ге жет­кен. Ки­мек­тердің 16 қала­сы бо­лып­ты, бас­ты­лары Ки­мекия, Қаран­тия, Да­мурия, Шна­рия, Са­ра­ус, Дах­лан, Банд­жар, Ас­тур. Қимақтың ақсүйек бай­ла­ры киімді қызыл және са­ры жібек­тен ки­етін болған, ке­дей­лері жұпы­ны киінген. Қимақ қоғамын­да мал-мүліктің теңсіздігінің нәти­жесінде көшпелі ақсүйек­тер пай­да бо­лады. Ма­лы аз қимақтар ке­дей­ге ай­на­лады. Қимақтар қол өнер­мен, аң аулау, ба­лық аула­умен шұғыл­да­нып, қыс­та­улар­ды қоныс етіп, шағын ме­кен­дерде тұрған, бұл ме­кен­дер бірте-бірте қалаға ай­налған.

Қимақтар жа­зуды білген. Олар ежелгі көне түрік жа­зу­ын пай­да­ланып, қамыс қалам­мен жазған. Қимақтар та­биғат­тың әр түрлі күштері мен құбы­лыс­та­рын пір тұтқан, көк тәңірісі ата-ба­бала­рына си­ынған. Олар күнге, жұлдыз­дарға, аруақтарға да та­бынған. Ертіс өзенін қаси­ет тұтып, "өзен – адам­ның тәңірі” де­ген. Өлген­дерді өртеп жібер­ген. Оларға тас сым­бат (мүсін) қойып, оған та­быну сал­ты кеңінен та­раған.

XI ғасыр­дың бас кезінде Ор­та­лық Ази­ядан шыққан тай­па­лар­дың бірінен соң бірінің ша­бу­ыл жа­са­уы Қимақ мем­ле­кетін әлсіретті. Бұдан басқа қағанат­тың өз ішінде де билік үшін та­лас-тар­тыс күшейді. Сон­дықтан оның құра­мына кірген қып­шақтар өзінің қоныс­танған жер­лерін тас­тап, Сыр­да­рия бойын­дағы, Арал­дың ба­тысы мен Кас­пийдің солтүстік өңіріндегі оғыз­дарды орын­да­рынан қозғап, олар­ды оңтүстікке және Қара теңіз да­лала­рына көшу­ге мәжбүр етті. Оғыз жерін ба­сып алған­нан кейін, қып­шақ хан­да­ры күшейе түсті.

Осы оқиғалар­дың ба­рысын­да қимақтар са­яси үстемдігінен айыры­лып қана қойған жоқ, со­нымен қатар қып­шақтарға тәуелді бо­лып шықты. Қимақтар­дың бір бөлігі Ертісте қалып, екінші бөлігі Түркістан және Ор­та Азия ай­мағына қоныс аудар­ды, енді біра­зы қып­шақ тай­па­лары­мен ба­тысқа, оңтүстік орыс да­лала­рына қарай қозғал­ды. Сөйтіп, қып­шақтар қимақ мем­ле­кетінің ор­нын бас­ты.

Қып­шақ хан­дығы (XI ғ. — 1219 ж.)

Қып­шақтар ту­ралы алғашқы ха­бар Қытай­дың жаз­ба де­рек­терінде кез­де­седі. Қып­шақтар ең әуелі Ал­тай, Са­ян та­ула­рының ба­урай­ла­рын ме­кен­де­ген. VII ғасыр­да олар Қазақстан жеріне Ал­тай­дағы те­лэ тай­па­лары­ның құра­мын­да қоныс ауда­рып кел­ген. VII-X ғасыр­ларда Қазақстан аумағын­да қып­шақ эт­ни­калық қауым­дастығының ұзаққа со­зылған қалып­та­су про­цесі жүрді.

Қазақстан жерінде қып­шақ эт­ни­калық қауым­да­су­ын үш ке­зеңге бөліп қарауға бо­лады. Бірінші ке­зең, қып­шақтар­дың қимақ тай­па­лық одағын­да бо­луы: VII ғасыр­дың екінші жар­ты­сы – VI­II ғасыр­дың соңына дейін. Екінші ке­зең: VI­II ғасыр­дың аяғы – XI ғасыр­дың ба­сы. Бұл кез­де қып­шақтар Ал­тай және Ертістен Орал та­ула­ры мен Еділге дейін қоныс тепті. Қып­шақ тай­па­лық Одағына Мұғал­жар жеріндегі құман­дар және қимақ тай­па­лары кірді. Қып­шақтар Сыр­да­рия, Қара­тау бойын­дағы қала­лар­ды өздеріне бағын­дырды. XI ғасыр­дың ор­та кезінен бас­тап қып­шақтар қазіргі Вол­га­дан (Еділден) ба­тысқа қарай жыл­жы­ды, сөйтіп шығыс Еуро­па ел­дерімен, орыс княздіктерімен, Ви­зан­ти­ямен, Венг­ри­ямен шек­тесті. Ұлан-бай­тақ қып­шақтар ме­кен­де­ген жер­лер "Дешті қып­шақ”, яғни қып­шақ да­ласы деп атал­ды. Ал қып­шақтар­дың өзі Ба­тыс Еуро­па де­рек­терінде құман­дар, орыс жыл­на­мала­рын­да по­лов­цы­лар деп көрсетілді.

XI ғасыр­дың екінші жар­ты­сынан бас­тап 1219 жылға дейін қып­шақ тай­па­лық одағы да­му­ының үшінші ке­зеңі жүрді. Осы кез­де қып­шақ хан­да­рының мәрте­бесі, күш-қуаты өсті. Олар­дың эт­ни­калық құра­мы өзгеріп, қимақ, құман, ер­те­дегі башқұрт, оғыз т. б. тай­па­лар кірді. Сон­дай-ақ қып­шақтар­дың эт­нос бо­лып қалып­та­су­ына түрік тілді қаңлы­лар, ұран­дар, Шығыс Түркістан­нан кел­ген ба­ят­тар, түргеш­тер, қарлұқтар, шігілдер әсерін тигізді.

Бұл кез­де қып­шақ хан­да­ры өз жер­лерін оңтүстікте Та­раз қала­сына дейін жеткізіп, қара­хан­дықтар­мен шек­тесті. Олар­дың ара­сын­дағы ше­кара – Балқаш көлі және Алакөл ой­па­ты бол­ды. XII ғасыр­да қып­шақ тай­па­лары Ал­тай­да, Ертістің жоғарғы жағын­да най­ман­дармен, қаңлы­лар­мен, ке­рей­ттер­мен шек­тесті, солтүстікте қырғыз­дар және ха­кас­тармен көрші бол­ды. Қып­шақ тай­па­лары­ның ба­сын­да қаған, одан төмен қарай хан, тар­хан, басқақа, бек, бай­лар тұрды. Қып­шақ қоғамы әле­уметтік және сос­ло­ви­елік жағынан тең болған жоқ. Негізгі теңсіздік малға де­ген же­ке меншік еді. Жылқы бас­ты бай­лық бо­лып са­нал­ды. Төменгі тапқа ма­лы аз ша­ру­алар, ке­дей­лер жат­са, ал қолға түскен тұтқын­дар құл ретінде пай­да­ланыл­ды. Мал ұрлау қатаң жа­залан­ды. Же­ке меншіктегі малға ру­лық-тай­па­лық белгілер са­лын­ды. Ма­лынан айырылған, не­месе көшу мүмкіндігін жоғалтқан қып­шақ ке­дей ша­ру­ала­ры оты­рықшы тұрғын­дар — жа­тақтар қата­рына көшті. Бірақ олар жеткілікті мөлшер­де мал жи­нап алы­сымен, қай­та­дан көшпелі ша­ру­ашы­лыққа ауысып отыр­ды.

Қып­шақ хан­да­ры Ор­та Азия мем­ле­кет­терімен, әсіре­се Хо­резм шах­та­ры және салжұқтар­мен та­бан­ды күрес жүргізді. 1065 жы­лы салжұқтар­дың би­ле­ушісі Алып Ар­сы­лан қып­шақтарға қар­сы Маңғыс­тауға ша­бу­ыл жа­сай­ды. Қып­шақтар­ды жеңіп бағын­дырған­нан кейін, ол Жент пен Са­уранға жо­рыққа шығады. Соғыс­та жеңіліс тапқан қып­шақ тай­па­лары­ның бір бөлігі Хо­расан салжұқта­рына тәуелділікке түсті. 1096 жы­лы "Құдіретті” хан бас­таған қып­шақ бірлестігінің әскер­лері Хо­резм­ге қар­сы жо­рық жа­сады, бірақ ол сәтсіздікпен аяқтал­ды.

XI ғ. аяғы – XII ғ. бас кезінде Жент, Ян­ги­кент, төменгі Сыр­да­ри­яның тағы басқа қала­лары қып­шақ көсем­дерінің қолы­на қараған. Хо­резм­шах Ат­сыз (1127–1156 жж.) Жентті жа­улап ала­ды, со­нан соң солтүстікке қарай бет алып, өз қара­уына Маңғыс­та­уды да қоса­ды. 1133 жы­лы Жент қала­сынан Дешті Қып­шақ да­ласы­на те­реңдеп жо­рық жа­саған Ат­сыз қып­шақтар­ды ой­сы­рата жеңеді. Осы кез­ден бас­тап қып­шақ хан­дығының ыды­ра­уы бас­та­лады. Оған се­беп болған негізгі жәй­ттер: қып­шақ тай­па­лары ақсүйек­терінің ара­сын­да Хо­резмді жақта­ушы­лар­дың көбеюі, қып­шақтарға қар­сы қаңлы­лар­дың аса ірі бірлестігінің құры­луы, өкімет билігі үшін өза­ра әулетті қырқыс­тың күшеюі еді.

Бұл жағдай­ды Хо­резм би­ле­ушілері, әсіре­се Те­кеш пен Мұхам­мед жан-жақты пай­да­лануға ты­рыс­ты. Олар қып­шақ би­ле­ушісі Қадыр-Бүке хан мен оның не­мере інісі Алып-Де­ректің ара­сын­дағы бітіспес тақ үшін та­лас­ты пай­да­лан­ды. Қып­шақтар­дың ор­та­лығы Сығанақ қала­сын ба­сып алуға әре­кет жа­сады. 1195 жы­лы Те­кеш (1172–1200 жж.) өз ойын іске асы­ру үшін Сығанақты басқарып отырған Қадыр-Бүке ханға жо­рыққа ат­танды. Бірақ, шайқас кезінде Хо­резм ша­хының түріктердің ұран тай­па­сынан құрылған сар­базда­ры Қадыр-Бүке хан­мен келісіп, со­ның жағына шығып ке­теді. Осы­дан кейін талқан­далған әскерінің қал­дығымен Те­кеш Хо­резм­ге қай­тып ора­лады. 1198 жы­лы Те­кештің ұлы Мұхам­мед Алып-Де­рек­пен одақта­сып Қадыр-Бүке ханға қар­сы қай­та жо­рық жа­сады. Соғыс ба­рысын­да Қадыр-Бүке жеңіліп, Хо­резм­ге жеткізілді. Хан билігі енді Алып-Де­рек­ке көшті. Қып­шақ ха­нының одан әрі күшейіп ке­туінен қорыққан Те­кеш Қадыр-Бүке хан­ды бо­сатып, оған Хо­резмнің көп әскерін беріп, Алып-Де­рек­ке қар­сы ат­тандыр­ды. Шайқас­тың ба­рысын­да Алып-Де­рек әскер­лері жеңіліске ұшы­рады, бірақ қып­шақ билігін қолы­на алған Қадыр-Бүке хан­ның өзі де Хо­резм­шахқа тәуелді бо­лып шықты. Хо­резм би­ле­ушілері әйел­дерін қаңлы мен қып­шақтар­дың хан әулет­терінен алып отырған.

Хо­резм ша­хы Мұхам­мед (1200–1220 жж.) өз мем­ле­кетінің құра­мына XI­II ғ. бас кезінде Сығанақ жерін қосып ала­ды. Сығанақ иелігінен айыры­лып қалғаны­на қара­мас­тан қып­шақ хан­да­ры Хо­резм­ге қар­сы күресін жалғас­ты­ра берді. 1216 жы­лы қып­шақ би­ле­ушісі Қайыр­ханға қар­сы ат­танған әске­ри жо­рықта­рының бірінде ол Ырғызға дейін же­теді. Осы кез­де ол Торғай да­ласын­да қып­шақтар еліне қашып кірген меркіттерді қуалап ке­ле жатқан Шыңғыс­хан қолы­мен соқтығысып қала­ды. Бұл моңғол­дардың Қазақстан жерінде алғаш рет бо­луы еді, сөйтіп моңғол басқын­шы­лығының дәуірі бас­та­лады.

Қып­шақтар­дың бас­ты ша­ру­ашы­лығы мал өсіру бол­ды. Олар жылқы, қой, си­ыр, өгіз, түйе өсірді. Жылқы мен қой ба­сым болған. Жылқы бас­ты көлік құра­лы және қып­шақтар си­ыр мен қой етінен жылқы етін ар­тық көрді. Ба­тыс Қазақстан ай­мақта­рын­да қып­шақтар­дың же­келен­ген топ­та­ры түйе ша­ру­ашы­лығымен де шұғыл­данған. Қып­шақтар аңшы­лықпен де ай­на­лысқан. Олар аң аулаған­да са­дақ пен же­беден басқа ла­шын, бүркіт сияқты құстар­ды, жүйрік та­зылар­ды пай­да­ланған. Бағалы аң терілерін қып­шақтар басқа ел­дерге шығарып, са­уда қаты­насын жүргізген. Аң аула­умен қатар қып­шақтар­дың өзен мен көл жағала­ула­рын­да тұра­тын­да­ры ба­лық аула­умен шұғыл­данған, олар кішке­не қайық, ке­мелерді пай­да­ланған. Қып­шақ қоғамын­да мал­сыз ке­дей­лер егіншілікпен, со­ның ішінде өзен бой­ла­рын­да су­ар­ма­лы егіншілікпен ай­на­лысқан. Қып­шақтар негізінен та­ры өсірген. Олар жетіспе­ген ас­тықты Ор­та Ази­яның егіншілерінен мал ша­ру­ашы­лығы өнімдеріне айыр­бастап алып отырған. Қып­шақтар­да үй кәсібі, қолөнер жақсы да­мыған.

Қара­хан мем­ле­кеті (942–1210 жж.)

Қара­хан қағана­ты Шығыс Түркістан, Жетісу, Сыр­да­рия, Та­лас, Шу өңірін құтты қоныс етті. Оның құры­луы 940 жыл­дан бас­та­лады. Қағанат­тың ор­та­лық ас­та­насы Шу өзені бойын­дағы Ба­ласағұн, кейінірек Ор­да­кент (Та­раз) қала­сы. Қара­хан мем­ле­кетінің Үзген, Мер­ке, Құлан сияқты қала­ларын­да ірі алып­са­тар ал­па­уыт­тар мен қолөнершілер ме­кен­де­ген.

Қара­хан әулетінің негізін са­лушы Сатұқ Боғра­хан (915–955жж.) бо­лып есеп­телінеді. Ол Қарлұқ хан­дығының іргесін көтеріп, мәрте­бесін асы­рушы­лар­дың бірі – Білге құл Қадыр­ханның не­мересі. Сатұқ Та­раз және Қашқар қала­ларын өзіне қара­тып, 942 жы­лы Ба­ласағұндағы би­ле­ушіні құла­тып, өзін жоғары қаған деп жа­ри­ялай­ды. Мем­ле­кеттің күшеюіне қар­лық, шігіл, яг­ма тай­па­лары үлкен үлес қос­ты. Сатұқ өлген­нен кейін билік оның ба­ласы Мұсаға көшті, ол 960 жы­лы Қара­хан мем­ле­кетінің халқын ис­лам дініне қарат­ты. Оның ас­та­на қала­сы Қашғар бол­ды. Сатұқтың екінші ба­ласы Сүлей­мен-ілек Ба­ласағұнды иеленді. Кейін бұл өңірді оның ұлы Ха­сан Боғра-хан мұра етіп ал­ды. Мұса өлген соң, Қара­хан жеріндегі жоғарғы қаған атағы оның ба­ласы Әли Ар­сы­лан ханға көшті. 990 жы­лы Қара­хан би­ле­ушілерінің бірі Ха­сан (Ха­рун) Боғра хан Ис­фиджаб­ты бағын­дырды. Ал 992 жы­лы қара­хан­дықтар шығыс­та Хо­тан­ды, ба­тыс­та Бұха­раны ба­сып ал­ды. 999 жы­лы Қара­хан би­ле­ушісі Әли Ар­сы­лан­ның ба­ласы На­сыр Ор­та Ази­ядағы Са­мани­лер мем­ле­кетіне соққы берді. Қара­хан хан­дығы ұзақ соғыс­тардан кейін 1004–1005 жыл­да­ры Мәуере­нахр жерін түгел­дей өзіне қарат­ты. Осы­дан кейін Қара­хан мем­ле­кеті XI-ғасыр­дың 30 жыл­да­ры Шығыс және Ба­тыс қағана­ты бо­лып екіге бөлінді:

  1. Жетісу және Шығыс Түркістан жері Шығыс қағана­тына қарап, оның ор­та­лығы әуелі Ор­да (Ба­ласағұнға жақын), кейін Қашғар қала­сы бол­ды.
  2. Мәуере­нахр жер­лері – Ба­тыс қағана­тына қарап, оның ор­та­лығы Үзкент, кейінірек Са­марқанд бол­ды.

Қара­хан мем­ле­кетінде жоғарғы өкімет билігі ха­кан­ның қолын­да болған. Ол мұра­герлікке қалып отырған. Қара­хан фе­одал­дық қоғамы­ның үстем тап өкілдеріне ха­кан­ның ұрпақта­ры тегіндер, ілек хан­дар, бек­тер, нәмен­герлер, нөкер­лер жатқан. Ханға ең жақын адам­дардың бірі уәзір болған. Уәзір жоғарғы би­ле­ушінің ең жақын көмекшісі және кеңесшісі бо­лып са­нал­ды. Хан са­райы, оның бас­ты ор­да­сы мем­ле­кеттік және әкімшілік басқару ор­та­лығы бо­лып есеп­телді. Қара­хан мем­ле­кетіндегі аса маңыз­ды әле­уметтік-са­яси инс­ти­тут әске­ри-мұра­лық жүйе болған. Мем­ле­кет бірне­ше үлес­терге бөлінді. Олар­дың бас­ты­лары: Та­раз, Ис­фиджаб, Ба­ласағұн. Хан мем­ле­кеттік не­месе әске­ри қыз­меті үшін фе­одал­дарға жер беріп, сол жер­дегі ха­лықтан са­лық жи­науға рұқсат ет­кен. Мұндай жер­лер ик­та, ал оны иеле­нуші мук­та деп аталған. Қара­хан­дардағы жер иеле­нудің тағы бір көп та­раған түрі әске­ри – үлестік жер­лер. Ол әске­ри қыз­мет үшін берілген. Қара­хан фе­одал­дық қоғамын­да ша­ру­алар­ды қана­удың бір түрі – жалға үлестік жер бе­ру орын алған. Араб-пар­сы де­рек­терінде үлестік жер алған ша­ру­алар мұзар­лар не­месе барзұгар деп аталған. Үлес­кер жер­ден алынған өнімнің денін са­лық түрінде мем­ле­кет­ке және жер иелеріне төлеп отырған. Ша­ру­алар­ды қана­удың екінші бір түрі – ком­менда­ция жер иелігі. Оның мәні: әлсіз адам өзінің жер телімін күштінің қамқор­лығына бе­реді, ол күшті адам әлсіз адам­ды басқалар­дан қорғауға тиіс.

Қазақстан­ның оңтүстік-шығыс және оңтүстік аудан­да­рын ме­кен­де­ген қара­хан­дықтар көшпелі және жар­ты­лай көшпелі мал ша­ру­ашы­лығымен ай­на­лыс­ты. Мал ша­ру­ашы­лығын­да жылқы өсіру же­текші орын ал­ды. Қара­хан мем­ле­кетінің құра­мына ен­ген түркі тай­па­лары отар-отар қой ұста­ды, сон­дай-ақ түйе, ешкі, ірі қара өсірді. Оты­рықшы, жар­ты­лай оты­рықшы түрік тай­па­лары­ның біра­зы егіншілікпен де ай­на­лыс­ты. Олар та­ры және басқа да дәнді дақыл­дар өсірді, оты­рықшы­лар қала мәде­ни­етімен ара­ласып, қала халқын то­лықтыр­ды. Қала­лар­да қолөнер кәсібі, әсіре­се көзешілік кеңінен да­мыды. Олар аңшы­лықпен де ай­на­лысқан. Сон­дай-ақ Сыр­да­рия, Іле, Шу, Та­лас өзен­дерінен ба­лық аулау ай­тар­лықтай рөл атқар­ды.

XI ғасыр­дың аяғына қарай Қара­хан мем­ле­кеті соғыс­тармен және фе­одал­дық иеліктердің одан әрі бөлшек­те­нуімен бай­ла­ныс­ты құлды­рай түсті. XII ғасыр­дың 30-шы жыл­да­ры Шығыс Қара­хан иелігін, Жетісу­ды және Қазақстан­ның оңтүстігін шығыс­тан кел­ген ки­дан­дар жа­улап ал­ды.

Най­ман және ке­рейт ұлыс­та­ры

Най­ман тай­па­лар одағы (түрікше «сегіз тай­па одағы») VI­II ғасыр­дың ор­та шенінде Жоғарғы Ертіс пен Ор­хон ара­лығын­да пай­да бо­лып, Ханғай­дан Тар­бағатайға дейінгі жер­лерді алып жат­ты.

Най­ман­ның ба­тыс­тағы көршісі Ертіс өзені бойын­да тұрған қаңлы­лар, ал солтүстігінде – қырғыз­дар, шығысын­да – То­ла алқабын, Ор­хонның ор­та ағысы және оң жақ бетін алып жатқан меркіттер мен ке­рей­ттер, Оңтүстігінде ұйғыр­лар бол­ды. Най­ман­дар мен ке­рей­лер­де ер­те­дегі фе­одал­дық қаты­нас­тардың ор­нығуы ұлыс­тардың құры­лу­ымен қатар жүрді. «Ұлыс» де­ген сөз ол кез­де «ха­лық» де­ген ұғым­ды білдірді, әрбір ұлыс белгілі бір жер­лерді алып жат­ты. Оны белгілі бір ру­дың өкілі, хан басқар­ды. Хан ор­да­сы ұлыс­тың өздеріне меншікті жазғы жайылы­мы, қысқы қыс­та­уы бо­лып, әскері – он­дық, жүздік, мыңдық, түмен­дерге бөлінді. Най­ман­дар мен ке­рей­лер XII ғасыр­да іс жүргізу­де ұйғыр жа­зу­ын пай­да­ланған. Хан­ның «ал­тын мөрі» бо­лып, оны­мен қажетті құжат­тарды куәлан­ды­рып отырған. Шыңғыс­ханның жа­улап алу жо­рықта­рына дейін най­ман­дар Ор­та­лық Азия жеріндегі өте күшті ұлыс­тардың бірі болған. Шыңғыс­ханның әкесі Ясу­кай ба­тыр­дың тұсын­да най­ман елін Ина­лых Білгі Бұқа хан би­леген. «Ина­лых» — сенімді, «білгі» — білімді, ке­меңгер, «бұқа» — ұлық, мықты де­ген сөз. Білгі Бұқа хан өлген­нен кейін, оның екі ба­ласы: Та­ян (Байбұқа) хан мен Бұй­рық хан ара­сын­да тақ та­ласы бас­та­лып, най­ман ұлы­сын екіге бөлген. 1199 жы­лы Шыңғыс­хан ке­рей­лердің би­ле­ушісі Оң хан­мен одақта­сып, най­ман Бұй­рық ханға ша­бу­ыл жа­сай­ды. Ал­тай ай­мағының Ұлыңгір көлінің маңын­дағы шайқас­та Бұй­рық хан жеңіліп, қырғыз еліне қашып ке­теді.

1204 жы­лы Шыңғыс­хан ке­рей­лерді жа­улап алған­нан кейін, най­ман Та­ян­хан мен меркіттердің би­ле­ушісі Тоқта­бектің біріккен әскер­леріне ша­бу­ыл жа­сап талқан­дай­ды. 1206 жы­лы моңғол­дар Бұқтыр­ма өзенінің бойын­да Бұй­рық бас­таған най­ман­дарды жеңіп, оның өзін өлтіреді. 1208 жы­лы Шыңғыс­хан Ал­тай­дағы Күшлікхан бас­таған най­ман­дарға қат­ты соққы берді. Бұдан кейін най­ман­дардың бір бөлігі Ал­тай­дан Жетісу жеріне ойыс­ты, ал екінші бір бөлігі Шығыс Қазақстан­да қалып қой­ды. 1218 жы­лы моңғол­дар Жетісу жеріндегі най­ман­дарды жеңді. Бүкіл Шығыс Түркістан мен Жетісу жер­лері моңғол­дардың қол ас­ты­на көшті.

Ке­рей­ттер кон­фе­дера­ци­ясы­ның эт­ни­калық құра­мы бір текті бол­маған. Ол түрік тілді және моңғол тілді жұрттан құра­лады. Ке­рей­ттердің ба­тысын­да – най­ман­дар, солтүстігінде – меркіттер, шығысын­да – та­тар­лар, оңтүстігінде – таңғұттар ме­кен­де­ген. Ке­рейт тай­па­лары көсем­дерінің екі ор­да­сы болған. Солтүстік ор­да­сы – Ор­хон өзені бойын­дағы Қатын­ба­лық қала­сы, ал оңтүстік ор­да­сы Ху­ан­ке өзені бұры­лысы­ның теріскейіндегі Қара-Хо­то қала­сы. 1007 жы­лы ке­рей­ттер най­ман­дармен бірге хрис­ти­ан дінінің нес­то­ри­ян­дық тар­мағын қабыл­дай­ды.

XII ғасыр­дың 50-ші жыл­да­ры ке­рей­ттер­де Марғұз хан билік жүргізді. Кейін ол қытай­лар қолы­на түсіп өлтірілген. Одан кейін елді Бұй­рық хан би­леді. 1171 жы­лы хан тағы оның ба­ласы Тоғырылға көшті. Оның Оңхан де­ген екінші ла­уазым аты болған. Бұл ат «Уаң хан» де­ген­нен шыққан, мағына­сы – бір елдің әміршісі. Тоғырыл хан тұсын­да Ке­рей­ттер ұлы­сы солтүстікте – Се­лен­га­ның жоғарғы бойынан, оңтүстікте – Ху­ан­ке­ге дейінгі, ба­тыс­та – Хан­гай та­уынан, шығыс­та – Хал­кин Гол­ге дейінгі жер­лерді еркін жай­лаған. Тоғырыл хан Шыңғыс­ханның әкесі Ясу­кай­мен дос болған. Сон­дықтан осы жағдай­ды пай­да­ланып, Те­мучин Моңғоли­ядағы күшті ел бо­лып кел­ген Ке­рей ха­ны Тоғырылға арқа сүйеген. Тоғырыл екеуі дос бол­ды, одақта­сып жо­рыққа ат­та­нып отыр­ды. Бұл жағдай Тоғырыл хан­ның ба­лала­ры мен ту­ыс­та­рына, уәзірлері мен жақын­да­рына ұна­май­ды. Сон­дықтан олар екеуінің ара­сын­да іріткі са­лу әре­кетін қол­да­нып, бір-біріне ай­дап са­лады. Мұның аяғы на­сырға ша­уып, ке­рей­лер мен моңғол­дар ара­сын­да соғыс қақтығысы­на әкеліп соқты. Ақырын­да Шыңғыс­хан 1202 жы­лы Оңхан­ның елін ша­уып, өзін өлтіріп, жерін жа­улап ал­ды. Шыңғыс­ханнан жеңілген соң, Ке­рей ұлы­сы оған тәуелді ел­ге ай­нал­ды.

Қарақытай мем­ле­кеті (1128–1213 жж.)

Моңғол тілді ки­дан тай­па­лары б. з. IV ғасы­рын­да Қытай­дың солтүстік жағын­да Мань­чжу­рия мен Ус­су­ри ай­мағын ме­кен­де­ген.

X ғ. Ба­сын­да Солтүстік Мань­чжу­рия мен Моңғоли­яда Ки­дан­ның Ляо мем­ле­кеті (907–1125) құрыл­ды. Ки­дан­дықтар Сұн (960–1279) им­пе­ри­ясы жерінің бір бөлігін және Се­ленгі мен Ор­хондағы Ұйғыр қағана­тының жер­лерін ба­сып алып ме­кен етті. Көрші тай­па­лар­дың соғыс­та­рына және ішкі та­лас-тар­тыстарға бай­ла­ныс­ты Ляо им­пе­ри­ясы әлсірей берді. 1125 жы­лы ол тұңғыс-мань­чжур тай­па­лары­ның соққысы­нан бас көте­ре ал­май­тын­дай жеңіліске ұшы­рады. Осы­дан кейін Ки­дан тай­па­лары Елюй Да­шының бас­шы­лығымен ба­тысқа қарай көшіп, олар­дың са­яси ықпа­лы Жетісу жеріне, Сыр­да­ри­яның оң жағала­уына және басқа ай­мақтарға та­рады. Жергілікті жер­лердегі түркі тай­па­лары ки­дан­дарды қарақытай­лар деп ата­ды.

1128 жы­лы Қара­хан әулетінен шыққан Ба­ласағұнның би­ле­ушісі Арыс­лан өздеріне қысым жа­сап, ты­ныш­тық бер­ме­ген қаңлы­лар мен қарлұқтарға қар­сы күрес­ке қарақытай­лар­ды көмек­ке шақыра­ды. Қарақытай­лар көсемі Елюй Да­ши Ба­ласағұнды ба­сып алып, Жетісу­да өз мем­ле­кетін ор­на­тады. Олар қарлұқтар­ды бағын­ды­рып, Шығыс Түркістан­ды қосып ал­ды. 1137 жы­лы қарақытай­лар Ход­жент қала­сы жа­нын­да Мәуере­нахр­дың би­ле­ушісі Мах­мудхан әскерін талқан­да­ды.

Қарақытай­лар Ор­та Азияға қарай жыл­жып, Салжұқ сұлта­ны Сан­жарға соққы беріп, 1141 жы­лы Са­марқанд қала­сын ба­сып ал­ды. Осы­дан кейін Елюй Да­шы өзін ең жоғарғы ла­уазым­ды атақ гур­хан (ұлы­хан) деп жа­ри­яла­ды. XII ғасыр­дың 30–40 жыл­да­рын­да қазіргі Оңтүстік Қазақстан­ның, Бұқара мен Са­марқанд­ты қоса алған­да, Мәуере­нахр ай­мағының жері қарақытай иелігіне кірді. Ка­рахан­дар әулетін қарақытай­лар өз бо­даны­на (вас­сал) ай­нал­дырды.

Қарақытай­лар Жетісу және Ор­та Азия жер­лерін ба­сып алған кез­де, он­дағы қала­лар мен оты­рықшы қоныс­тарды қират­па­ды. Өй­ткені олар бұл жер­лердегі қала­лар­мен және егіншілік ай­мақтар­мен са­уда жүргізу­ге мүдделі бол­ды. Қарақытай мем­ле­кеттік бірлестігінің қалып­та­су­ымен қатар басқару­дың пат­ри­ар­хаттық-фе­одал­дық прин­циптері нығая түсті. Мұнда жоғары билікті мұраға қал­ды­ру жүйесінің өзіндік ерек­шелігі бол­ды. Мәсе­лен, гур­хан өлген жағдай­да оның мұра­гері бо­лып әйел­дері тағайын­да­лу орын ал­ды. Мұның өзі жергілікті мұсыл­ман халқының түсінбе­ушілігі мен на­разы­лығын туғыз­ды. Қарақытай би­ле­ушілері өзі ор­на­ласқан қала­лар­да хан са­рай­ла­рын, буд­да ғиба­дат­ха­нала­рын сал­дырды. Қала­лар­да қолөнер мен са­уда да­мыды. Көшпелі мал ша­ру­ашы­лығымен шұғыл­данған ай­мақтар­да егіншілік етек ал­ды. Қарақытай мем­ле­кетінде тұра­тын түркі ха­лықта­рының көпшілігі ис­лам дінін қабыл­да­ды, со­нымен бірге он­да буд­да дініне се­нушілер де, хрис­ти­ан­дық нес­то­ри­ан дінін ұста­нушы­лар да кез­десті.

Елюй Да­шы 1143 жы­лы қай­тыс бол­ды. Ба­ласы Иле жас болған­дықтан хан­дықты Елюй Да­шының әйелі Табұян басқар­ды. Жеті жыл­дан соң Да­шидың ұлы Иле әкесінің тағына оты­рып, 1150–1164 жж. гур­хан бол­ды. Ол қай­тыс болған соң, қарын­да­сы Бұсұған таққа оты­рып, 1164–1177 жж. билік жүргізді. Оның хан­дығының соңғы кезінде Бұсұған өлтірілді. Оның ор­ны­на Иленің ба­ласы Жи­лугу гур­хан бол­ды. Жи­лугу өзінің билігін 1213 жылға дейін жүргізді.

Қарақытай шон­жарла­рының басқаруы ха­лықты үлкен ауырт­па­лыққа ұшы­рат­ты, олар­дың қысым жа­са­уы, са­лықтар жи­нау кезіндегі ша­мадан тыс та­лап­та­ры бұқара­ның на­разы­лығын туғыз­ды. Нәти­жесінде Қарақытай мем­ле­кеті әлсіреп, Ор­та Ази­яда ба­сып алған жер­лерінен айыры­ла бас­та­ды. 1198 жы­лы Ауған ай­мағынан шыққан гу­рид би­ле­ушілері қарақытай­ларға күй­ре­те соққы берді. 1210 жы­лы Хо­резм­ша­хы Мұхам­мед Та­раз қала­сының жа­нын­да қарақытай­ларға күй­ре­те соққы берді. Бұл жағдай­ды Жетісу жеріне көшіп кел­ген най­ман­дар пай­да­лан­ды. 1213 жы­лы қарақытай­лар­дың Жетісу­дағы иеліктері най­ман­дардың қол­басшы­сы Күшліктің қолы­на көшті. Сөйтіп, Қарақытай мем­ле­кеті ыды­рап та­рады.

Ор­тағасыр­дағы Қазақстан­дағы ша­ру­ашы­лық (VI-XII ғғ.)

Мал ша­ру­ашы­лығы. Мал ша­ру­ашылғының 2 түрі:

  1. Көшпелі мал ша­ру­ашы­лығы,
  2. Жар­ты­лай көшпелі мал ша­ру­ашы­лығы.

Өсірген негізгі мал­да­ры: қой, ешкі, жылқы. Солтүстік Қазақстан­да негізгі мал ірі қара (си­ыр) бол­ды.

Егін ша­ру­ашы­лығы. VII-VI­II ғасыр­ларда Арыс өзенінің жағасын­да су­лан­ды­ру жүйесі қалып­тасты. Ақтөбе су жүйесі мен Ве­сидж су­лан­ды­ру жүйесі осы ке­зеңге жа­тады. Егінді су­аруға өзен су­ымен қатар қар суы пай­да­ланылған. IX-XII ғасыр­лардағы аса ірі су­ар­ма­лы егіншіліктің ор­та­лығы Оңтүстік Қазақстан­дағы Оты­рар өңірі бол­ды. Жетісу­да Та­лас өзенінің маңын­да ұзын­дығы 100 шақырымға дейін же­тетін Қал­мақ арық де­ген егіншілікке ар­налған су ар­на­сы болған. Жал­пы егіншілік Оңтүстік Қазақстан­да (Сыр­да­рия, Арыс), Жетісу­да (Іле, Та­лас) жақсы да­мыған. Өсірген дәнді дақыл­дар: та­ры, би­дай, ар­па, сұлы және бау-бақша өнімдері. Егіншілік құрал­да­ры: кет­пен, орақ, айыр, күрек т. б.

Қолөнер. Ор­та ғасыр­ларда Қазақстан­ды ме­кен­де­ген ха­лықтар­дың қолөнері жөнінде ар­хе­оло­ги­ялық құнды де­рек­тер мол. Олар ауыл ша­ру­ашы­лық шикіза­тын өңдеу арқылы қолөнер түрлерін да­мытқан. Мы­салы, тоқыма­шылық, кілем тоқу, ою-өрнек жа­сау т. б. Ор­та ғасыр­ларда ыдыс­тардан құмы­ра көп жа­салған. X-XII ғасыр­ларда қыш ыдыс­тар пеш­ке күйдіріліп жа­салған. Та­раз, Оты­рар қала­ларын­да шы­ны бұйым­дар өндірілген. Ор­та ғасыр­лардағы ше­бер­лер мыс, ал­тын, күміс, қорғасын, темір сияқты ме­тал­дарды өңдей білген. Қолөнер ше­бер­лері түрлі әше­кей бұйым­дар мен диірмен, кел­сап сияқты тұрмыс зат­та­рын да жа­саған. Зер­герлік өнер XI-XII ғасыр­ларда жақсы да­мыды.

Са­уда және ақша ай­на­лымы. Ор­та ғасыр­ларда Қазақстан­ның са­уда ісінде «Ұлы Жібек жо­лының» ор­ны ерек­ше бол­ды. Бұл жол­дың бойын­да Та­раз, Ис­пиджаб, Шаш, Мер­ке, Құлан, Су­яб сияқты қала­лар ор­на­лас­ты. Қазақстан­ның ор­та ғасыр­лардағы аса ірі са­уда ор­та­лықта­ры – Та­раз, Оты­рар, Сығанақ сияқты қала­лар. Қазақстан ха­лықта­ры негізгі са­уда­ны Ор­та Азия, Иран, Сібір, Кав­каз, Шығыс Түркістан ел­дерімен жа­сады. Са­уда ай­на­лымын­дағы негізгі зат­тар: кілем, ма­та, жылқы, әше­кей, қару-жа­рақ т. б. Қытай елінен Жібек жо­лы арқылы жібек келіп тұрды. Са­уда­ның да­муы ақша ай­на­лымын ту­дыр­ды. VI-VI­II ғасыр­ларда әр тай­па­ның өз теңге­лері болған. Са­уда ай­на­лымын­да VII ғасыр­да ежелгі түрік теңге­лері мен соғды теңге­лері, VI­II ғасыр­да Бұха­ра теңге­лері мен Таш­кент (Шаш) теңге­лері, Та­раз қала­сын­да түркеш теңге­лері, IX-X ғасыр­ларда Са­мани әулетінің мыс теңге­лері, күміс дир­хемдері жүрді. XI-XII ғасыр­ларда Та­раз, Ис­пиджаб, Шаш, Қашғар, Бұха­ра қала­ларын­да теңге са­рай­ла­ры бол­ды. XII-XI­II ғасыр­ларда Оты­рар қала­сын­да мыс дир­хемдер шығарыл­ды. Жаз­ба де­рек­терде Та­раз бен Су­яб қала­лары ірі са­уда ор­та­лықта­ры болғаны ай­тыл­ды.

VI-XII ғасыр­лардағы қала­лар

Ор­та ғасыр­ларда әкімшілік, са­уда-эко­номи­калық ор­та­лық болған қала­лар Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу­да қалып­тасты. Қазақстан­дағы ор­та ғасыр­лардағы қала­лар­дың бірне­ше бөліктері бол­ды.

  1. Шах­ристан – қала би­ле­ушілері, ақсүйек­тер мен діни қыз­меткер­лердің тұрағы.
  2. Ра­бад – қала­ның қолөнершілері мен са­уда­гер­лері тұра­тын бөлігі.
  3. Ци­тадель – қала­ның қорғаныс бөлігі, яғни қамал мен бекіністер.

VI-XII ғасыр­лардағы Қазақстан жеріндегі ірі қала­лар: Мер­ке, Ас­па­ра, Су­яб, Үзкент, Са­уран, Құлан, Тал­киіз, Қой­лық, Та­раз, Оты­рар, Қар­нақ, Аш­нас, Бар­шынкент, Сығанақ, Ис­пиджаб, Ве­сидж, Шауғар, Иасы (Түркістан), Ба­ласағұн, Ор­да т. б. Ар­хе­олог­тар Қазақстан жерінен 60-тан ас­там қала ор­нын анықтаған.

Қала әкімшілігі. Ор­та ғасыр­лардағы қала­лар­дың көбі тәуелсіз өмір сүрген. Әр қала­ның же­ке билік жүргізетін би­ле­ушілері болған. Би­ле­ушілердің ти­тулы әр түрлі, мы­салы Кер­ми­кент би­ле­ушісі – ку­теген-ла­бан, Ба­рыс­ханда – ма­нап, На­уакент­те – ялан-шах, Се­мек­на­да би­ле­уші инал-тегін деп аталған.

Қала халқы. Қала­лар­да ха­лық бірша­ма қоныс­танды. Со­нымен қатар қала халқы оты­рықшыға ай­налған көшпелілер есебінен көбейіп отырған. Ис­пиджаб­та 40 мың, Оты­рар­да 16 мың, Та­раз­да 10 мың, Ба­ласағұнда 10 мыңдай адам өмір сүрген (IX-XI ғасыр­лар)

Ис­пиджаб. Қазіргі Шым­кент қала­сынан 12 шақырым жер­де (Сай­рам) ор­на­ласқан. Бұл қала V ғасыр­да аса ірі мәде­ни­ет және са­уда ор­та­лығы бол­ды. Ис­пиджаб­тың осын­дай са­уда ор­та­лығы ретіндегі рөлі X-XII ғасыр­ларда күшейді. XI ғасыр­да са­уда ай­на­лымы үшін шығары­латын теңге са­райы Ис­пиджаб­та ор­на­ласқан. Ис­пиджаб IX-X ғасыр­ларда Қарлұқ, Қара­хан мем­ле­кет­терінің құра­мын­да бол­ды. Со­нымен қатар Ис­пиджаб ірі діни ор­та­лық болған.

Та­раз. «Ұлы Жібек жо­лы» бойын­дағы ор­тағасыр­лық ірі қала­лар­дың бірі Та­раз бол­ды. Та­раз қара­хан­дықтар мен қарлұқтар за­манын­да ерек­ше гүлденді. Бұл қала Та­лас деп те аталған. Та­раз қала­сын­да Ба­баша ха­тун, Ай­ша бибі, Қара­хан ке­сене­лері ор­на­ласқан. Та­раз қала­сы жайын­да араб са­яхат­шы­сы Әл-Мак­ди­си: «Та­раз – ірі бекіністі қала, бақта­ры көп, халқы тығыз, қала сыр­тында те­рең ор қазылған, төрт қақпа­сы және төңірегінде елді ме­кен­дері бар. Қала­ның ор­та­лық бөлігіне кірер қақпа ал­дында үлкен өзен ағады, өзеннің арғы бетінде де тұрғын үй­лер, өзен­нен өтер өткел­дері бар. Мешіт ба­зар ара­сына са­лынған», — деп жазған.

Түркістан (Иасы). Бұл қала алғашын­да Шауғар деп аталған. Қала­да атақты ой­шыл, ис­лам дінінің білгірі Қожа Ах­мет Иас­са­уи өмір сүрген (кейіннен Мәуерен­нахр би­ле­ушісі Ақсақ Темір Ах­мет Иас­са­уиге VII ғасыр­да ма­зар сал­дырған.) Қала­ның Қазақстан мен Ор­та Ази­яның діни ор­та­лығы ретіндегі бе­делі өсе берді.

Сығанақ – Сыр­да­рия бойын­да ор­на­ласқан ірі са­уда ор­та­лығы. VII ғасыр­да Сығанақ қала­сы қып­шақтар­дың са­яси ор­та­лығы бол­ды.

Ба­ласағұн – ор­тағасыр­лық ірі қала­лар­дың бірі. Бұл қала Шу өзенінің бойын­да ор­на­ласқан. Жал­пы зерт­те­улер бойын­ша Ба­ласағұн қала­сы V ғасыр­да пай­да болған. Бір кез­дері Ба­ласағұн қарлұқтар мен қарақытай­лар­дың ас­та­насы болған. Ба­ласағұнда ұлы ақын, ғалым Махмұд Қашғари еңбек ет­кен және ақын Жүсіп Ба­ласағұн туған. Ба­ласағұн қала­сы Ақтөбе деп аталған.

VI-XII ғғ. Қазақстан­ның ру­хани мәде­ни­еті. Ежелгі түрік ал­фа­виті мен жа­зуы

Ер­те ор­та ғасыр­ларда Қазақстан жерінде түркі тілдес ха­лықтар қалып­тасты. Түркі тілдес ха­лықтар­мен қатар Қазақстан жерінде басқа тілдік топ­тар да өмір сүрді. Түркі тілдес топ­тардың ішіндегі ең ірісі – VI­II-X ғасыр­ларда Ертіс өңірінде қалып­тасқан қимақ-қып­шақ то­бы. Со­нымен қатар Қазақстан жерінде иран (соғды) тілдес, си­рия тілдес, араб тілдес ха­лықтар то­бы өмір сүрді. VI ғасыр­дан бас­тап түркі тілдес тай­па­лар­дың өз жа­зула­ры бол­ды. Бұл жа­зу ғалым­дардың пікірінше, соғды жа­зу­ына ұқсас. Көне түрік жа­зула­рының ес­керткіштері Моңғолия жерінде та­был­ды.

Бу­гут жа­зу­ымен соғды тілінде жа­зылған құлпы­тас Ор­та­лық Моңғоли­ядан та­былған.

VI-X ғасыр­ларда Қазақстан­да соғды жа­зуы және тілі кең қол­да­нылған. Бұл жа­зу Та­раз, Ба­ласағұн, Ис­пиджаб қала­ларын­да та­рады. IX ғасыр­дан бас­тап Қазақстан­да ме­кен­де­ген тай­па­лар ара­сын­да ұйғыр жа­зуы қол­да­ныла бас­та­ды. Ғалым­дардың пікірінше, бұл жа­зу – соғды ал­фа­витінің өзгертілген түрі. XII ғасыр­да соғды жа­зу­ына негізделіп жа­салған түріктердің жаңа жа­зу­ын­да 38 әріп-таңба болған.

Көне түріктердің негізгі жа­зуы ру­на жа­зуы деп аталған. Бұл жа­зу скан­ди­нави­ялық ру­на жа­зу­ына ұқсас. XVI­II ғасыр­дың ба­сын­да жа­зуды алғаш рет Д. Мис­серш­мидт пен Ф. Стра­лен­берг ат­ты ғалым­дар Ени­сей аңғары­нан тапқан. Ал аса бағалы та­рихи ес­керткіш бо­лып са­нала­тын ру­на жа­зуы бар құлпы­тас XIX ғасыр­да Солтүстік Моңғоли­ядағы Ор­хон өзені маңынан Н. М. Яд­ринцев тапқан. Құлпы­тас­тағы жа­зуды түркіта­нушы В. В. Рад­лов пен дат ғалы­мы В. Том­сон оқыған. Бұл жа­зу «Ор­хон-Ени­сей тас жа­зуы» деп ата­лады.

«Ор­хон-Ени­сей тас жа­зуы» Бұл ес­керткіш көне түрік ру­на жа­зу­ымен жа­зылған. Ес­керткіш құлпы­тас­тар 689–744 жыл­дардағы Ұйғыр және Түрік қағанат­та­рының өмір сүрген кезінде ор­на­тылған. Құлпы­тас­тар Білге қаған, оның інісі Күлтегін (732–735), кеңесші То­ныкөктің (716 жы­лы) құрметіне қойылған. Құлпы­тас­та түрік дәуіріндегі ба­тыр­лар мен ұлы адам­дардың ерлігі, өмірі жайын­да жа­зылған. Ор­тағасыр­лық та­рихи әде­би­еттің та­маша үлгілері – VI­II ғасыр­да Қазақстан­дағы ру­на жа­зу­ының ес­керткіштері. Олар екі топқа бөлінеді:

  1. Жетісу­лық жа­зулар то­бы,
  2. Ферғана­лық қыш­тағы жа­зулар то­бы.

XI-XII ғасыр­лардан кейін түрік мем­ле­кет­терінде көне түрік ру­на жа­зу­ын ұйғыр жа­зуы мен араб жа­зуы ығыс­тырды.

Әде­би­ет және ғылым VI-VI­II ғасыр­лар – түркі тілдес тай­па­лар ара­сын­да ер­те дәуірден бас­талған ауыз­ша шығар­ма­шылық дәстүр да­мыды.

VI­II-X ғасыр­лар – Сыр­да­рия алқабын­да қып­шақ-оғыз ара­сын­да «Қорқыт ата» эпо­сы та­рады. Қорқыт ата – (Қызы­лор­да об­лы­сы, Қар­мақшы ауда­ны) Сыр­да­рия алқабын­да дүни­еге кел­ген атақты жы­рау, күйші, ой­шыл. «Қорқыт ата кіта­бын» тұңғыш зерт­те­уші – неміс ғалы­мы Н. Ф. Диц. «Қорқыт Ата кіта­бының» екі нұсқасы белгілі:

  • 12 та­ра­удан тұра­тын Дрез­ден нұсқасы.
  • 6 та­ра­удан тұра­тын Ва­тикан нұсқасы.

1999 жыл — «Қорқыт Ата кіта­бының» 1300 жыл­дығы дүни­ежүзілік көлем­де атап өтілді.

«Оғыз-на­ма» эпо­сы ел ара­сына кең та­ралған. YI ғ. пар­сы тіліне, IX ғ. Араб тіліне ауда­рылған.

XI­II ғасыр – Ра­шид-ад-дин ескі нұсқасын бірінші жа­зып қал­дырған.

XVII ғасыр – Әбілғазы хан то­лық көшірген.

«Оғыз – на­ма» жы­рын­да Оғыз хан­ның өмір жо­лы, күресі ба­ян­да­лады.

X ғасыр­да жаз­ба әде­би­ет қалып­та­са бас­та­ды. IX-XII ғасыр­ларда ис­лам дінінің та­ралу­ына бай­ла­ныс­ты әде­би және ғылы­ми шығар­ма­лар араб тілінде жа­зыл­ды.

Жүсіп Ба­ласағұни XIғ. (1021–1075 жж.) «Құтты білік» дас­та­нын дайын­дауға 30 жы­лын ар­нап, 1 жа­рым жыл­да жа­зып шыққан (1069 ж.). Дас­танда өмір сүрген ор­та­ның шын­дығы, әле­уметтік топ­тың қоғам­дық түсінігі мен са­яси тұжы­рымы берілген. Бақыт­ты бо­лудың негізі – білім деп түйіндейді. Ба­ласағұни еңбегін Сүлей­мен Арс­лан ханға сыйға тар­тып, Ұлы хас-ха­жип атанған.

Махмұт Қашғари XIғ. (1030–1090 жж.) 1072–1074 жыл­да­ры жа­зылған «Ди­уани лұғат ат-түрік» («Түрік тілдерінің сөздігі») ат­ты еңбегі тілта­ну ғылы­мына үлкен үлес қос­ты. Бұл шығар­ма – түркі тілдес ха­лықтар­дың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрып, тілі ту­ралы та­рихи де­рек. Түркі тілдес ха­лықтар­дың эн­цикло­педи­ясы атан­ды. Бұл еңбек ғалым А. Еге­убай­дың ауда­ру­ымен 1997–1998 жж. қазақ тілінде жа­рық көрді.

Қожа Ах­мет Иас­са­уи XII ғ. (1103–1167 жж.) Ор­та ғасыр­лардағы қазақ по­эзиясы­ның со­пылық бағытын да­мытқан тұлға. Ах­мет Иас­са­уи XII ғасыр­да өмір сүрген. Өмірінің көбі Сай­рам мен Иасы­да (Түркістан) өтеді. Бұха­ра қала­сын­да діни білім алған ол, Түркістан қала­сын­да ис­лам дінін уағыз­дай­ды. Бұл кез Қазақстан жерін ис­лам дінінің жаңадан та­рала бас­таған уақыты бо­латын. Қожа Ах­мет Иас­са­уидың бас­ты шығар­ма­сы «Ди­уани хик­мат» (Да­налық жайын­дағы кітап) 4 том­нан құралған. Ол 63 жасқа, яғни Пайғам­бар жа­сына жет­кеннен кейін өзінше о дүни­еде өмір сүреді. Жер ас­ты қапас­та қалған өмірін өткізеді. Ах­мет Иас­са­уи өзінің ұста­зын Арыс­тан баб­ты қат­ты құрмет­те­ген. XIV ғасыр­да Ақсақ Темір Түркістан қала­сын­дағы Қожа Ах­мет Иас­са­уидің бейітінің ба­сына үлкен ма­зар салғызған. Сон­дықтан бұл жер мұсыл­мандар­дың «екінші Мек­кесі» аталған. «Ме­дине­де Мұхам­мед, Түркістан­да Қожа Ах­мет» де­ген сөз со­дан қалған.

Сүлей­мен Бақырғани XII ғ. (Хакім ата) Ах­мет Йас­са­уидің шәкірті, Йасы­да 1104 жы­лы дүни­еге келіп, 1186 жы­лы Бақырған қыс­тағын­да қай­тыс болған. «Дүни­енің ақыры» («Ақыр за­ман») еңбегінде тәңірге се­нуді уағыз­дап, ру­хани та­залыққа үндейді. «Ди­уани хик­мет» және «Дүни­енің ақыры» еңбек­тері жүзде­ген жыл­дар бойы Ор­та Азия мен Қазақстан­ның мед­ре­селерінде оқулық ретінде пай­да­ланыл­ды.

Ах­мет Иүгіне­ки XII ғ. То­лық есімі Әдиб Ах­мед ибн Махмұд Иүгіне­ки. Түркістан маңын­дағы Иүгінек де­ген жер­де дүни­еге кел­ген. Араб, пар­сы сияқты шығыс тілдерін жетік меңгер­ген. Ах­мет Иүгіне­ки XII ғасыр­да «Хақиқат­та» сияқты шығар­ма­лар жазған. Шығар­ма­лары ақиқат, адам­гершілік сияқты ру­хани ой­лар­ды қам­ти­ды. «Хақиқат­тар ха­дисі» 14 та­ра­удан, 235 бет­тен құралған. Бас­ты тақыры­бы – адам­гершілік. Оның кіта­бы тек 1985 жы­лы ба­сылып шығады.

Әбу На­сыр Әл-Фа­раби IX-X ғ. (870–950 жж.) Ор­та ғасыр­дағы ұлы ой­шыл Әбу На­сыр Әл-Фа­раби Сыр­да­рия өзенінің жағасын­да ор­на­ласқан Оты­рар (Фа­раб) қала­сын­да 870 жы­лы дүни­еге кел­ген. То­лық аты-жөні – Әбу На­сыр Мұхам­мед ибн Уз­лағ Тар­хан. Асқан білімділігімен «Шығыс­тың Арис­то­телі» атанған эн­цикло­педист ғалым Әл-Фа­раби Бұха­ра, Са­марқан, Да­маск, Бағдат, Алек­санд­рия қала­ларын­да өз білімін жетілдірген. Ол – фи­лософ, ма­тема­тик, та­рих­шы, фи­зик, аст­ро­ном, асқан да­рын иесі. Араб, грек, пар­сы тілдерін еркін меңгер­ген. Ар­хи­мед, Арис­то­тель, Евк­лид, Пи­фагор еңбек­терін зерт­те­ген. Алек­санд­рия, Оты­рар кітап­ха­нала­рынан нәр алған. Оның әйгілі «Ғылым­дар эн­цикло­педи­ясы», «Ғылым­дардың шығуы», «Жұлдыз­дар бойын­ша бол­жа­улар», «Мәсе­лелердің түпкі мазмұны», «Ва­куш ту­ралы трак­тат» т. б. еңбек­тері та­маша ғылы­ми жетістіктер екені белгілі. Қып­шақ тай­па­сынан шыққан ұлы ой­шыл Әл-Фа­раби 950 жы­лы Да­маск (Шам) шаһарын­да қай­тыс бол­ды.

Әбу Рай­хан әл-Би­руни X-XI ғғ. (973–1050 жж.) Әбу Рай­хан Би­руни 973 жы­лы Хо­резм ор­та­лығы Қият қала­сының маңын­да туған. Ол – ма­тема­тик, фи­зик, ге­олог, фи­лософ, аст­ро­ном, эт­нограф, ақын, эн­цикло­педи­ялық білімі бар ғалым. Ор­та ғасыр­дағы ғылым­да араб, пар­сы, грек тілдерін меңгер­ген 22 жас­тағы Би­рунидің аты ша­рықтаған, 150-ден ас­там кітап­тың ав­то­ры. Дүни­енің ге­лицентрлік жүйесін, де­ненің Жер­ге тар­ты­лысын, Жердің күнді ай­на­латы­нын Би­руни Га­лилей, Ко­пер­ник, Ньютон сияқты ор­тағасыр­лық ба­тыс ғалым­да­рынан 500–600 жыл бұрын айтқан. Хо­резм­де билік құрған Ғаз­на­ның қол ас­ты­на 33 жыл еңбек етеді. 600-ден ас­там қала­ның ко­ор­ди­нат­та­рын анықтап шығара­ды және гло­бус жа­сай­ды. «Аст­ро­номи­ялық кілт», «Ежелгі ха­лықтар­дың хро­ноло­ги­ясы», «Ми­нерал­дардың сы­бағалы сал­мағын та­бу ере­желері» ат­ты еңбек­терді жа­зады.

Ор­та ғасыр­лардағы ха­лықтар­дың діни түсініктері.

Қазақстан аумағын ме­кен­де­ген көшпелі тай­па­лар­дың діни түсініктері әр түрлі бол­ды. Ер­те ор­тағасыр­лық түріктер пұтқа та­бынған.

Түріктер Көкке (Тәңір), Жер­ге, Суға (Иер-Су) та­бын­ды. Түрік қаған­да­ры Көк тәңірінің же­леуімен билік жүргізді. Түріктердің діни түсінігінде Көктен кейін от­ба­сының және ба­лалар­дың қамқор­шы­сы Ұмай құдай-ана ки­елі са­налған.

IX-XI ғасыр­ларда Қазақстан­да ме­кен­де­ген тай­па­лар ара­сын­да буд­дизм, хрис­ти­ан, ма­нихейлік, зо­ро­аст­ризм діндері та­ралған. Бұл діндер­ге тән өлікті жер­леу түркі тілдес тай­па­лар ара­сын­да VI-IX ғасыр­ларда болған.

Буд­дизм діні – Түрік қағана­тының ақсүйек­тер ара­сын­да та­нымал болған ер­те ор­тағасыр­лық дін. Жетісу­дағы Су­яб қала­сының ор­ны­нан буд­да хра­мы, Шығыс Қазақстан өңірінен буд­да­лық мо­ла та­былған (қимақ әйелі)

Қазақстан жерінде ер­те ор­та ғасыр­да хрис­ти­ан, ма­нихейлік діндер болғаны анықта­лып отыр.

Бұл діндердің та­ралуы VI-IX ғасыр­ларды қам­ти­ды. Ар­гу-Та­лас (Та­раз) пен Жетісу­дың 4 қала­сын­да ма­нихейлік дін кең та­рағаны жайын­да VI­II ғасыр­дағы «Қос негіздің қаси­етті кіта­бын­да» ай­ты­лады. Та­раз, Мер­ке, Мерв­те хрис­ти­ан шірке­улері болған.

Қазақстан аумағын­дағы осын­дай діндерді ис­лам діні ығыс­тырған. IX-X ғасыр­ларда қазақ жерін ме­кен­де­ген ха­лықтар ара­сын­да ис­лам діні кең та­рай бас­та­ды.

Қазақстан жеріндегі Ұлы Жібек жо­лы

Жібек жо­лының пай­да бо­луы.

Жібек жо­лымен ең алғашқы са­уда бай­ла­нысы б. з. б. III-II ғасыр­ларда жа­салған. Бұл са­уда жо­лының Жібек жо­лы ата­ну­ын­да үлкен мән бар. Се­бебі алғашқы негізгі та­уары жібек (Қытай) болған. Со­нымен қатар VII ғасыр­да буд­да ла­масы Сю­ань-Цзянь Ыс­тықкөл маңын­дағы Түрік қағана­тының Су­яб қала­сына ке­леді. Түрік қағаны­ның оған жібекті сыйға бер­гені ай­ты­лады.

Ұлы Жібек жо­лы Қытай­дан бас­та­лып, Рим­ге ба­рып аяқталған. Ұлы Жібек жо­лы – Шығыс пен Ба­тыс­ты бай­ла­ныс­ты­рып, Же­рор­та теңізінен Қытайға дейін Еура­зи­яны қақ жа­рып өтетін ке­ру­ен жо­лының жүйесі. Ұзын­дығы — 7 мың шақырым­нан ас­там. Ор­та Азия мен Қазақстан тер­ри­тори­яла­ры арқылы өтеді.

Қазақстан­дағы Жібек жо­лы.

Б. з. б. II ғасыр­да Ұлы Жібек жо­лының са­уда дип­ло­мати­ялық бас­ты жо­лы ретінде аты шығады. Ұлы Жібек жо­лы Ал­тай, Па­мир, Тянь-Шань, Сыр­да­рия, Әму­дария жерімен өткен. Жібек жо­лының тар­мақта­ры V-VII ғасыр­ларда Жетісу, Оңтүстік Қазақстан жер­лерін қам­тыған. Жібек жо­лының бойын­да Та­раз, Ба­ласағұн, Бұха­ра, Са­марқан, Сай­рам, Са­уран, Оты­рар, Сығанақ, Мерв, Тал­хиз, Үргеніш, Ис­пиджаб, Шаш. Ве­сидж, Шауғар т. б. ірі ор­тағасыр­лық қала­лар ор­на­ласқан. Кейіннен XI­II-XIV ғасыр­ларда Жібек жо­лының са­яси-эко­номи­калық маңызы артқан.

Жібек жо­лы бағыты: Ху­ан­хэ өзені – Ұлы Қытай қорғаны­ның ба­тысы – Іле өзені – Ыс­тықкөл. Бірне­ше са­уда жол­да­ры қалып­та­сып, да­мыды.

Ла­зурит жо­лы: Ба­дах­шан та­уы – Иран – Ме­сопа­тамия – Мы­сыр – Си­рия-Қытай.

Неф­рит жо­лы: Жар­кент­да­рия – Шығыс Түркістан – Қытай.

Да­ла жо­лы (б. з. б. 1 мыңжыл­дықтың ор­та­сы).

Жібек жо­лын­дағы та­уар­лар.

Жібек жо­лының алғашқы негізгі та­уары Қытай жібегі болған. Қытай жібегі осы жол­мен Ба­тысқа жеткізіліп тұрған. Кейіннен Ба­тыс пен Шығыс­тың басқа та­уар­ла­ры та­сылған (күміс, ал­тын, тұлпар, түйе, бүркіт, қар­шыға, піл сүйегі, жеміс-жи­дек­тер, эк­зо­тика­лық аңдар т. б.). Жібек ал­тынмен теңеліп, ха­лықара­лық ва­лютаға ай­налған. Жа­лақы мен қарыз­ды жібек­пен төле­ген.

Жібек жо­лының маңызы.

Жібек жо­лы Қазақстан мен Ор­та Ази­яда мәде­ни-эко­номи­калық жағдай­дың өрлеуіне ықпал етті. Жал­пы, Жібек жо­лымен 2000 жыл­дан ас­там уақыт бойы са­уда ке­ру­ен­дері жүрген. Жібек жо­лымен шығыс­тан буд­да, ба­тыс­тан хрис­ти­ан діні та­ралған. Жібек жо­лы – са­уда жо­лы ғана емес, көшпелі оты­рықшы ха­лықтар мәде­ни­етінің да­му, та­ралу жо­лы.

XI­II – XVI ғғ. Моңғол им­пе­ри­ясы­ның құры­луы. Қазақстан моңғол шапқын­шы­лығы ке­зеңінде.

Та­тар-моңғол тай­па­лары­ның са­яси жағынан ба­сын біріктіріп, Моңғол фе­одал­дық мем­ле­кетінің негізін са­лушы Те­мучин бол­ды. Ол та­рих­тағы де­рек­тер бойын­ша 1162 жы­лы, екінші бір де­рек­тер бойын­ша 1155 жы­лы ірі но­ян Есу­гай баһадүрдің от­ба­сын­да туған. Те­мучин ер же­те ке­ле негізгі қар­сы­лас­та­рының бар­лығын жеңіп, Моңғол­дың бүкіл тай­па­ларын өзінің қол ас­ты­на біріктірген. 1206 жыл­дың көктемінде Өнан өзенінің сағасын­да Те­мучинді жақта­ушы-моңғол ақсүйек­терінің құрыл­тайы бо­лып, он­да ол сал­та­нат­ты жағдай­да Шыңғыс­хан де­ген ат­пен моңғол­дардың әміршісі бо­лып жа­ри­ялан­ды.

Шыңғыс­хан әске­ри-ұйым­дасты­ру прин­ципін мем­ле­кеттік құры­лыс­тың негізі етіп ал­ды. Елдің бүкіл жері мен халқы оң қанат (ба­рунғар), сол қанат (жоңғар), және ор­та­лық (гол) ат­ты үш әске­ри әкімшілік ок­ругте он мың адам­нан тұра­тын бірне­ше түмге­лер (түмен­дер) бол­ды. Олар өз ке­зегінде «мыңдық», «жүздік», «он­дықтан» құрыл­ды.

Өте қатал тәртібі, мұқият құры­лымы бар әскер ба­сын­да моңғол­дардың фе­одал­дық жоғарғы то­бының өкілдері-нойон­дар, ба­гадур­лер, мер­гендер, се­чен­дер тұрды. 1207–1208 жыл­дардың қысын­да Шыңғыс­ханның үлкен ба­ласы Жо­шы Ене­сей қырғыз­да­рын және Сібірдің оңтүстігіндегі басқа да «ор­ман ха­лықта­рын» бағын­дырды. 1208–1209 жыл­да­ры Шыңғыс­хан әскер­лері тұтқиыл­дан ша­бу­ыл жа­сап, таңғұттық Си Ся мем­ле­кетін күй­ретті. Шыңғыс­тың қаһары­нан сес­кенген қазіргі Шығыс Түркістан ай­мағын­дағы ұйғыр­лар моңғол­дарға өз еркімен бағын­ды. Олар­дың ел бас­шы­сы Бар­шық өзін Шыңғыс­ханның бо­даны­мын деп мойын­даған. 1211 жы­лы Шыңғыс­ханның қолы Солтүстік Қытайға бет ал­ды, 1215 жы­лы олар сол кез­дегі Цзинь мем­ле­кетінің ас­та­насы болған Чжун­ду­ды (Пе­кинді) бағын­дырды.

Шыңғыс­ханның Ор­та Азия және Қазақстанға шапқын­шы­лығы

Шыңғыс­хан Шығыс Еуро­па мен Ал­дыңғы Азияға жол аша­тын Ор­та Азия мен Қазақстан­ды жа­улап алу жо­рығына жан-жақты әзірленді. Бұл үшін ол мұсыл­ман көпес­терінен, моңғол­дардың қол ас­тында болған босқын­дардан мәлімет­тер алып, Қарақытай­лар мем­ле­кетінің, со­дан кейін Хо­резм ша­хын­дағы ішкі жағдай мен әске­ри күштер ту­ралы де­рек­терге қанықты, со­ның негізінде ой­лас­ты­рылған іс-қимыл­дың бағдар­ла­масын жа­сады.

Шыңғыс­хан Қазақстан мен Ор­та Азияға жо­рықты Жетісу арқылы жүргізбекші бол­ды. Өз ба­сының же­ке жа­уы най­ман­ның ха­ны Күшлік хан­ды талқан­дап, бай қала­лары бар Жетісу­ды өзіне қара­ту үшін оған 1218 жы­лы Же­бе но­ян бас­таған әскер то­бын жіберді.

Жетісу­ды Шыңғыс­хан әскері қар­сы­лықсыз оңай ба­сып ал­ды. Жетісу­ды бағын­дырған­нан кейін Шыңғыс­ханның Мәуере­нахрға, сол кез­де бүкіл Ор­та Ази­яны би­леп отырған Хо­резм мем­ле­кетіне қар­сы жо­рыққа жо­лы ашыл­ды. 1218 жы­лы көктем­де Шыңғыс­хан Ор­та Азияға са­уда ке­ру­енін жіберді. 500 түйеден тұра­тын ке­ру­енінде моңғол жан­сызда­рын қосып есеп­те­ген­де бар­лаығы Көп ада­мы бар ке­ру­ен 1218 жыл­дың жа­зын­да Оты­рарға келіп жетті. Оты­рар­дың би­ле­ушісі Қайыр­хан Инал­шық көпес­терді тыңшы­лық жа­сады деп күдіктеніп, олар­ды өлтіру­ге бұйыр­ды. Шыңғыс­хан Хо­резм ша­хынан Қайыр­ханды ұстап бе­руді та­лап етті. Бірақ Хо­резм ша­хы бұл та­лап­ты орын­да­мады, Шыңғыс­хан жібер­ген елшілерді өлтіру­ге әмір берді. «Оты­рар апа­ты» деп ата­латын бұл та­рихи оқиға Шыңғыс­ханның Хо­резм­ге қар­сы соғысын тез­детті.

Ор­та Ази­яны бағын­ды­ру үшін Шыңғыс­хан өзіне тәуелді ел­дерден алған жа­сақтар­мен қоса жал­пы са­ны 150 мыңға дейін ада­мы бар қалың қол­ды бас­тап шықты. Хо­резмнің ша­хы Мұхам­мед моңғол­дарға қар­сы тұруға дайын емес еді.

1219 жы­лы қыркүйек­те Шыңғыс хан­ның 111 мың әскері Оты­рар қала­сын қор­шай­ды. Бұл қалың қол­ды Шыңғыс хан­ның ұлда­ры Шағатай, Үге­дей басқара­ды. Бір ай­дың ішінде Шыңғыс хан әскері Оты­рар­ды ала­ды. Әйгілі кітап­ха­на өртеніп, ха­лық көптеп қыры­лады. Қайыр хан­ның де­несіне ерітілген күміс құйып, азап­тап өлтіреді. 1219–1220 жыл­да­ры Шыңғыс­ханның ұлда­ры Бұха­ра, Са­марқан, Сығанақ, Са­уран, Бар­шынкент, Жент, Үзгент қала­ларын бағын­ды­рады.

1221 жы­лы Шыңғыс хан әскері Хо­резмді, Ор­та Ази­яны жа­улап ала­ды. Осы­дан кейін Шыңғыс хан әскер­лері пар­сы, Ауғанс­тан, орыс, Дешті-Қып­шақ жер­лерін жа­улап ала­ды. 1224 жы­лы Ертістегі Шыңғыс хан ор­да­сына қай­та ора­лады. 1219–1224 жыл­дар ара­лығын­да Шыңғыс хан Қазақстан мен Ор­та Ази­яны жа­улап алып, өз им­пе­ри­ясы­ның құра­мына қоса­ды.

1238 жы­лы Бұха­рада Махмұд та­раби бас­таған көтеріліс Шыңғыс хан қол ас­тындағы ха­лықтар көтерілісінің ең ірісі бо­лады.

Ұлыс­тардың құры­луы

Ұлан-бай­тақ өңірлерді жа­улап алған Шыңғыс хан өлерінің ал­дында өзінің төрт ұлы­на ол жер­лерді бөліп бе­реді.

Төле­ге (кіші ұлы) кіндік Моңғоли­яны;

Шағатайға Жетісу мен Әму­дария маңын (Мәуерен­нахр), Шығыс Түркістан­ды;

Үге­дей­ге Ал­тай, Тар­бағатай, Ба­тыс Моңғолия жер­лерін бе­реді.

Жо­шы (үлкен ұлы) үлесіне Ертістен ба­тысқа қарай бүкіл Дешті-Қып­шақ жерін қоса Оралға дейін, Жетісу­дың солтүстік бөлігі, Арал Кас­пий маңын­дағы жер­лер тиді.

Бұл бөлінген жер­лер ұлыс­тар деп атал­ды. Бар­лық ұлыс­тардың ор­та­лығы Қарақорым бол­ды. Қазақстан ай­мағы үш ұлысқа (Төле­ден басқа) қара­ды. Бұлар­дың ішінде ең ірісі – Жо­шы ұлы­сы, кейінгісі – Шағатай ұлы­сы.

Шағатай ұлы­сы. Жетісу, Мәуерен­нахр сияқты өңірлерді иелен­ген Шағатай 1241 жы­лы өлді. Оның ор­ны­на Шағатай ұлы­сына ба­ласы Есу-Мөңке хан бол­ды. Бірақ Ұлы Ор­даға билік үшін күрес Шағатай ұлы­сына да зар­да­бын тигізді. XIV ғасыр­дың ба­сына қарай ғана шыңғыс хан им­пе­ри­ясы­ның билігі Шағатай әулетінің қолы­на тиді. Шағатай ұлы­сын­дағы бұл та­лас­тар, өза­ра қырқысу­лар XIV ғасыр­дың ор­та­сын­да ұлыс­тың ыды­ра­уына се­беп бол­ды. Шағатай ұлы­сының мұра­сы ретінде Жетісу­да Моғолс­тан мем­ле­кеті құрылған еді.

Жо­шы ұлы­сы. Шыңғыс хан құрған алып им­пе­рия аумағының ба­сым бөлігі Жо­шы ұлы­сына қара­ды. Алғашқыда ұлыс тер­ри­тори­ясы Ертістен Еділге дейінгі, Сібірден Сыр­да­рияға дейінгі жер­лерді қам­ты­ды. Қазақстан жерінің ба­сым бөлігі осы ұлыс­тың құра­мын­да бол­ды. Жо­шы хан өлген­нен кейін ми­расқоры Ба­тый жо­рықта­ры нәти­жесінде ұлыс аумағын Ал­тай­дан Ду­найға дейін соз­ды. Бұл ұлы мем­ле­кет Ал­тын Ор­да мем­ле­кеті бол­ды.

Ал­тын Ор­да

Ал­тын Ор­да­ның құры­луы. 1235 жы­лы Моңғол им­пе­ри­ясы­ның ас­та­насы Қарақорым­да болған құрыл­тай­ды Ба­тысқа (Еуро­паға) шапқын­шы­лық жо­рық жа­сау ұйғарыл­ды. Бұл жо­рық 1236 жы­лы бас­та­лады. Шыңғыс хан­ның не­мересі, Жо­шы хан­ның ба­ласы Ба­тый басқарған әскер Еділ мен Жайықтан өтіп, Орыс, Ук­ра­ина жер­лерін бағын­ды­рып, Шығыс Еуро­па ел­дерін талқан­дап, Ад­ри­ат теңізіне дейін же­теді. Осы­дан кейін Еділ бойын­да Ба­тый Ал­тын Ор­да мем­ле­кетін құра­ды. Ал­тын Ор­даға Ертістен Днестірге дейінгі жер­лер кіреді. Орыс княз­да­ры Ал­тын Ор­да билігін мойын­дай­ды. Ал­тын Ор­да­ның ас­та­насы Са­рай-Ба­ту, ал кейінірек Са­рай-Бер­ке қала­сы бо­лады.

Қоғам­дық-са­яси жағдайы. Ал­тын Ор­да әске­ри мем­ле­кет бол­ды. Ұлан-ғайыр өлке­де ор­на­ласқан мем­ле­кет халқының ба­сым бөлігі түркі тілдес қып­шақтар бол­ды. Мем­ле­кеттің бас­ты са­яси-мәде­ни тілі қып­шақ тілі бол­ды. Құрыл­тай мем­ле­кеттің негізгі ұйымы бо­лып са­нал­ды. Ал­тын Ор­да әскер­лері оң қол, сол қол деп екі қанатқа бөлінді. Мем­ле­кет ба­сын­дағы но­ян­дар мен бек­тердің, басқақтар мен тамғашы­лар­дың қолын­да билік көп бол­ды.

Ша­ру­ашы­лық пен мәде­ни­еті. Көшпелі мал ша­ру­ашы­лығы мен оты­рықшы егін ша­ру­ашы­лығы Ал­тын Ор­да ха­лықта­рының бас­ты ша­ру­ашы­лығы бол­ды. Ал­тын Ор­да ха­лықта­ры — мұсыл­мандар. Ал­тын Ор­да мем­ле­кетінің алғашқыда көне ұйғыр жа­зуы негізгі жа­зу бо­лып қалып­тасса, кейіннен ис­лам діні ықпа­лының күшеюіне бай­ла­ныс­ты араб жа­зуы да қатар қол­да­ныла­ды. Ал­тын Ор­да дәуірі ор­тағасыр­лық түрік әде­би­етінің да­мыған ке­зеңі бол­ды. Бұл ке­зеңдегі әде­би шығар­ма­лар: 1233 жы­лы «Қис­са Жүсіп» (Әли), 1303 жы­лы «Ко­декс-Ку­мани­кус», 1303 жы­лы «Қып­шақ тілі сөздігі», 1359 жы­лы «Ма­хаб­батна­ма» (Ах­мет Хо­рез­ми дас­та­ны), 1391 жы­лы «Гүлстан бит-түрки» (қып­шақ ақыны Са­раи), 1409 жы­лы «Жүсіп-Зы­лиқа» (Дүрбек ақын). Осы дәуірде «Қырық ба­тыр» жы­ры дүни­еге ке­леді. Бұл ту­ын­ды­да қырық қып­шақ ба­тыр­ла­рының ерлігі ту­ралы ба­ян­да­лады.

Ал­тын Ор­да­ның ыды­ра­уы.

Ыды­рау се­беп­тері:

  • Эт­ни­калық құра­мы әр түрлі ха­лықтар бір мем­ле­кет­те тұра ал­ма­ды;
  • Ша­ру­ашы­лығының өркен­деуі на­шар бол­ды;
  • Билік үшін та­лас күшейді;
  • Езілген ха­лықтың азат­тық күресі күшейді.

Ал­тын Ор­да­ның тәуелсіз иеліктер­ге бөлінген кезі – XIV ғасыр­дың екінші жар­ты­сы. Ақ Ор­да, Хо­резм, Еділ бұлғар­ла­ры т. б. Дер­бес мем­ле­кет­тер пай­да бол­ды. Бұлар­дың бар­лығы бұрын Ал­тын Ор­да­ның құра­мын­да, кейіннен Ал­тын Ор­да­ның қазақстан­дық бөлігінде Ақ Ор­да, Моғолс­тан, Әбілқайыр хан­дығы, Ноғай Ор­да­сы сияқты мем­ле­кет­тер билік жүргізген.

Ақ Ор­да мем­ле­кеті (XI­II-XV ғғ.)

XIV-XV ғасыр­ларда Ор­та Азия мен Қазақстан халқы моңғол шапқын­шы­лығының зар­дапта­рынан бірте-бірте ары­ла бас­та­ды. Қазақстан­ның оңтүстігі мен оңтүстік шығысын­да қала мәде­ни­еті, егіншілік, қолөнер өндірісі жан­да­на түсті. Өлкенің ба­тыс, ор­та­лық, да­лалық өңірі мен оның оңтүстігі, Жетісу және Ор­та Азия ай­мақта­рымен са­уда бай­ла­ныс­та­ры қал­пы­на келтірілді. Со­нымен бірге бұл тұста моңғол­дардың қол ас­тында бо­лып кел­ген ұлыс­тар мен ел­дер дер­бес тәуелсіз мем­ле­кет­тер қата­рына шықты. Осын­дай тәуелсіздіктің арқасын­да Қазақстан жерінде алғашқы рет жергілікті эт­ни­калық негізде пай­да болған ірі мем­ле­кет – Ақ Ор­да хан­дығы. Оның ше­кара­сы Жайық өзенінен Ертіске, Ба­тыс-Сібір ой­па­тынан Сыр­дың ор­та шеніне дейін со­зылып жат­ты. Ақ Ор­да­ның негізгі халқы ер­те за­ман­нан осын­да ме­кен­де­ген түркі қып­шақ тай­па­лары, сон­дай-ақ, Ал­тай­дан осын­да қоныс аударған най­ман­дар, қоңырат­тар, крей­ттер, үйсіндер, қарлұқтар және басқала­ры.

Ақ Ор­да­ның негізін қалаған Шыңғыс­тың не­мересі Жо­шы хан­ның үлкен ұлы Ор­да Ежен. Ақ Ор­да алғашқы құрылған кез­де Ал­тын Ор­даға тәуелді иелік бо­лып есеп­телді, ал іс жүзінде өз ал­ды­на тәуелсіз са­ясат жүргізіп отыр­ды. Ол кез­де Ал­тын Ор­да­ның ас­та­насы Еділ бойын­дағы Са­рай қала­сы еді. Ал Ақ Ор­да­ны би­леген Ор­да Еженнің ор­да­сы алғашын­да Ертіс алқабын­да Алакөл маңын­да, яғни әкесі Жо­шы хан­ның алғашқы қоныс­та­рын­да бол­ды. Ақ Ор­да хан­да­рының кес­тесі олар­ды болған уақыты­на қарай мы­надай рет­пен тізеді: Ор­да Ежен, Сар­тақ, Қоны­ша, Ба­ян, Са­сы-Бұқа, Ер­зен, Мүба­рак, Шым­тай, Ұрыс хан, Қойыр­шақ, Ба­рақ, т. б.

Ақ Ор­да­ның ке­меліне келіп, то­лысқан шағы XIV ғ. екінші жар­ты­сы. Ақ Ор­да хан­да­ры хан­дықтың ас­та­насы Сығанақ қала­сын­да өз ат­та­рынан ме­талл ақша шығар­ды. 1361 жы­лы Ақ Ор­да­ның би­ле­ушісі болған Ұрыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Ал­тын Ор­да тағына оты­руға күш сал­ды. 1374–1375 жыл­да­ры Еділ бойымен жо­рыққа шыққан ол Са­рай­ды өзіне қара­тып, Хад­жы-Тар­ханды (Аст­ра­хан­ды) қошауға ал­ды. Ка­ма бұлғар­ла­рының жерін бағын­дырды. Бірақ Ұрыс хан­ның үстемдігі ұзаққа со­зыл­май, ке­лесі жы­лы ол Еділ бойынын кетіп, Ал­тын Ор­да­дағы билікті Ма­майға бе­руге мәжбүр бол­ды. Өй­ткені бұл кез­де Ор­та Ази­ядағы Ма­уере­нахр жеріндегі билікті өз қолы­на алып күшейе түскен Әмір Темір Ақ Ор­да­ның оңтүстік ше­кара­сына ша­бу­ыл қаупін төндірген еді. Ақ Ор­даға қар­сы ша­бу­ыл­да Әмір Темір Маңғыс­тау үлесінің би­ле­ушісі Түйқожа оғлан­ның ба­ласы Тоқта­мыс­ты пай­да­лануға ты­рыс­ты. Әмір Темір Ақ Ор­да­ны жа­улап алу мақса­тын жүзе­ге асы­ру үшін қару-жа­рақ, әске­ри күш беріп, Тоқта­мыс­ты Ақ Ор­даға қар­сы ай­дап сал­ды.

Тоқта­мыс­тың алғашқы жо­рығы (1374–1375 жж.) сәтсіз аяқтал­ды. Бұл соғыс­та Ұрыс хан­ның ба­ласы Құты­лық Бұға қаза тап­ты. Тоқта­мыс­тың екінші жо­рығы да Ұрыс хан­ның ба­ласы Тоқтақия басқарған Ақ Ор­да әскер­лерінен жеңілді. Әмір Темір Ақ Ор­даға жо­рық жа­сау үшін Тоқта­мыс­ты үшінші рет әскер­мен жа­сақта­ды және бұл жо­рықты өзі бас­тап шықты. Тек төртінші жо­рық кезінде Ұрыс хан­ның және оның ба­ласы Тоқтақияның қай­тыс бо­луы Әмір Темірдің жеңіске же­туіне мүмкіндік берді. 1377 жы­лы Ұрыс хан қай­тыс болған­нан кейін, Ақ Ор­да иелігі оның ба­ласы Темір Мәлікке көшкен-ді. Осы кез­де Тоқта­мыс Ор­та Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқан­дай­ды, сөйтіп 1379 жы­лы өзін Ақ Ор­да­ның ха­ны деп жа­ри­ялай­ды. Темірдің басқын­шы­лық соғыс­та­рының нәти­жесінде және ішкі та­лас-тар­тыстан XIV ғ. аяғы мен XV ғ. бас кезінде Ақ Ор­да да әлсірейді. Ол Әмір Темірдің бо­даны­на ай­нал­ды.

1423–1424 жыл­да­ры Ұрыс хан­ның не­мересі Ба­рақ өзінің бақта­лас­та­рын жеңіп шығып, Ақ Ор­да­да хан­дықты өз қолы­на ала­ды. Бұл кез­де, Ақ Ор­да­ның бас­ты қала­сы Сығанақ, сон­дай-ақ Сыр­дың ор­та ағысын­дағы қала­лар Темір әулетінің қолын­да еді. 1425–1426 жыл­да­ры Ба­рақ Ақсақ Темірдің не­мересі Ұлықбек­ке қар­сы жо­рыққа ат­та­нып, Сығанақты және Сыр­да­рия бойын­дағы басқа да қала­лар­ды бо­сат­ты. Осы жеңістің нәти­жесінде Ақ Ор­да Темір әулетінің үстемдігінен тәуелсіз бо­лып ал­ды. 1428 жы­лы Ба­рақ хан жа­ула­рының қолы­нан қаза тап­ты. Ол Ақ Ор­да­ның ең соңғы ха­ны бол­ды. Ба­рақ хан өлген­нен кейін Ақ Ор­да ыды­рады да, билік Жо­шының кіші ұлы Шай­бан тұқымы­нан шыққан Әбілхайыр сұлтан­ның қолы­на көшті.

1227 жы­лы Жо­шы өліп, оның ұлы­сы екіге жіктел­генде жа­рыққа шыққан Ақ Ор­да хан­дығы екі ғасыр өмір сүрді. Ақ Ор­да­ның оты­рықшы аудан­да­рын­да жерді шарт­ты түрде иеле­ну мен же­ке меншіктің түрлері қалып­тасты. Көшпелі аудан­дарда мал ша­ру­ашы­лығы кеңінен да­мыды. Ақ Ор­да­ның еңбекші халқы хан­дар мен ақсүйек­тер пай­да­сына күшпір, зе­кет, тағар тәрізді са­лықтар төлеп, әртүрлі па­рыз-қарыз­дарды да өтеп тұрған. Түркі тілдес тай­па­лар ме­кен­де­ген Ақ Ор­да­ның рес­ми тілі – қып­шақ тілі, не­месе қазақ тілі бо­лып са­нала­ды. Ақ Ор­да­ның хан­да­ры бұқара ха­лықтың қол­да­уымен Ал­тын Ор­да­дан тәуелсіздік алып, оны дер­бес мем­ле­кет­ке ай­нал­дырды. Сыр­да­рия бойын­дағы ша­ру­ашы­лық, мәде­ни­ет ор­та­лығы болған маңыз­ды қала­лар үшін күрес­те Мәуере­нахр­дағы Шағатай хан­да­рын жеңді. Әмір Темірдің Ақ Ор­даға қар­сы жа­саған шапқын­шы­лығына той­та­рыс бе­ру үшін аян­бай күрес жүргізді. Кейін олар қазақ халқының же­ке ха­лық бо­лып қалып­та­су­ын­да үлкен рөл атқар­ды.

Моғолс­тан мем­ле­кеті (XIVғ. ор­та­сы-XVI ғ. ба­сы)

XIV ғасыр­дың ор­та­сына қарай Шағатай ұлы­сы дер­бес екі иелікке – шығыс және ба­тыс бөліктер­ге бөлінді. Шағатай ұлы­сы қоныс ет­кен Мәуере­нахр­дың ба­тыс бөлігінде 50–60 жж. фе­одал­дық ыды­ра­ушы­лық әре­кеті жойылып, Әмір Темір мем­ле­кеті құрыл­ды. Ал оның шығыс бөлігінде Моғолс­тан мем­ле­кеті ор­на­ды. «Моғолс­тан» та­рихи-жағра­фи­ялық тер­мині «моңғол» ата­уынан шыққан. Моғолс­тан мем­ле­кеті алғашқы құрылған кез­де билік Шағатай ханға адал қыз­мет ет­кен Ду­лат тай­па­сы әмірлерінің бірі – Бо­лат­тың қолын­да болған. Шыңғыс тұқымы­нан шықпаған, сон­дықтан хан бо­луға құқы бол­маған­дықтан, Бо­лат өзінің айтқаны­на көнетін әрі жас 18 жас­тағы Шағатай ұрпағы Тоғылық Темірді 1348 жы­лы хан тағына отырғыз­ды.

Моғолс­тан мем­ле­кетінің құра­мына Шығыс Түркістан, Оңтүстік-Шығыс Қазақстан және Ор­та Ази­яның кейбір жер­лері кірді. Мем­ле­кет ше­кара­сы ба­тыс­та Таш­кент пен Түркістан ай­мағынан шығыс­тағы Баркөл мен Ха­ми қала­сына дейінгі, солтүстікте Бал­хаш, Тар­бағатай мен Қара Ертістен оңтүстіктегі Ферғана мен Қашғари­яның егінді ай­мақта­рына дейін со­зылып жат­ты. Моғолс­тан мем­ле­кетінің ор­та­лығы – Ал­ма­лық қала­сы. Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалып­тасты. Бұл мем­ле­кеттің негізін қалаған моңғол әмірлерінің бірінің ба­ласы – Тоғылық-Темір хан (1348–1362 жж.). Моғолс­тан құра­мына кіретін тай­па­лар: ду­лат­тар, қаңлы­лар, ке­рей­лер, арғын­дар, ба­ирин­дер, ар­латтар, бар­ластар, булғашы­лар және басқала­ры.

Моғолс­тан­да мем­ле­кеттің са­яси бас­шы­сы және жер-су­дың жоғарғы иесі хан бол­ды. Бай-фе­одал­дар жерді шарт­ты иеле­нудің ик­та, инд­жу, сойұрғал сияқты түрлерін пай­да­ланған. Хан­дар мен ел би­ле­уші ақ сүйек­тердің пай­да­сына қала мен ауыл тұрғын­да­рынан, егінші мен көшпелі ха­лықтан күпшір, зе­кет, тағар, баж, ка­радж және тағы басқа да са­лықтар жи­нал­ды. Мем­ле­кетті басқару ісінде ханға Ұлыс­бек көмек­тесті. Ол ду­лат тай­па­сы әмірлерінен тағайын­далған.

Моғолс­тан­ның алғашқы ха­ны Тоғылық Темір өзі би­леген түркі тілдес мұсыл­ман ха­лықта­ры ара­сын­да бе­делін арт­ты­рып, үстемдігін нығай­ту үшін ис­лам дінін қабыл­даған. 1362 жы­лы Тоғылық Темір қаза та­уып, Моғолс­тан­да билік Іли­яс-қожаға көшкен­де Мәуере­нахрға би­ле­уші бо­лып Қазаған­ның не­мересі Хұсайын тағайын­далды. Шайқас­тардың бірінде Темірдің екі са­усағы кесіліп, бір аяғы жан­шылды. Аяғы өмір бойы сырқырап ауырып, ақсақ бо­лып қалған соң, ол со­дан бас­тап Те­мир­лан (дұры­сы Те­мир­ленг, «ленг» пар­сы­ша – ақсақ) Ақсақ Темір атан­ды.

Тоғылық Темірден кейін Моғолс­тан­ның ха­ны болған Іли­яс-Қожа 1365 жы­лы бұрынғы Шағатай иеліктерін біріктіру­ге әре­кет жа­сады. «Бат­пақты шайқасын­да» Әмір Темір жеңіліп қашып құтыл­ды. Әмір Темірдің Моғолс­танға жа­саған алғаш жо­рығы 1371 жы­лы бас­талды. 1372 жы­лы Әмір Темірдің өзі Моғолс­танға қай­та жо­рық жа­сап, Ыс­тықкөл маңын­дағы Сегізағашқа дейін ба­рып, сан­сыз тұтқын, сан жет­пейтін ол­жа түсіріп ора­лады. Осы­дан кейін Әмір Темірдің сол кез­дегі Моғолс­тан­ның ең ірі би­ле­ушісі болған әмір Қамар-ад-дин дуғлатқа қар­сы 1375–1377 жж. ара­лығын­да бірне­ше жо­рықта­ры жүрді.

1375 жы­лы Жетісу жеріндегі Ша­рын өзені бойын­да бо­лып, Моғол әскер­лері талқан­далды. 1376 жыл­дың көктемінде Хо­резмді жа­улап алу­мен ай­на­лысып жатқан Темір Моғолс­танға Ка­мар-ад-дин­ге қар­сы 30 мың әскерімен әмір Са­сы-Бұға қып­шақты, Әділ-шақты және басқа да әмірлерін ат­тандыр­ды. 1377 жы­лы Ка­мар-ад-дин екі рет: біріншісінде – Қара­тау етегінде, екіншісінде – Шу бойымен Ыс­тықкөлге ба­ратын жол­дағы Бұғым шатқалын­да Әмір Темірден жеңіліске ұшы­рап, өзі қашып құтыл­ды. Ол Моғолс­тан­ды біржо­лата ба­сып алу­ды көздеді. Оған же­ту үшін 1380–1390 жж. ара­сын­да Темір ба­лала­рымен бірігіп, Моғолс­тан жеріне бірне­ше рет жойқын жо­рықтар ұйым­дастыр­ды.

Ақсақ Темір басқан ізінен қан сорғала­тып, тек Моғолс­тан­ды ғана емес, со­нымен бірге тағы басқа да көпте­ген ел­дерді жа­улап ал­ды. Мәуере­нахр­дан өзінің қан­ды жо­рығын бас­таған ол әмірші болған 35 жыл ішінде (1370–1405 жж.) Хо­резмді, Пер­си­яны, Әзірбай­жан­ды, Ге­рат­ты, Гру­зи­яны, Ар­ме­ни­яны, Ақ Ор­да­ны, Ауғанс­тан­ды, Үндістан­ды, Еги­петті, Бағдат­ты, Си­ри­яны, Кіші Ази­яны жа­улап алып, та­бан ас­ты­на сал­ды. Әмір Темір құрған ора­сан зор мем­ле­кет, 1405 жы­лы ол өлген­нен кейін бы­тырап та­рап кетті. Моғол билігі Қызыр Қожа хан­ның не­мересі Уәйіс оғлан қолы­на көшті.

1428 жы­лы Уәйіс хан қай­тыс болған­нан кейін, хан­дық үшін оның екі ба­ласы Жүніс пен Есенбұғы ара­сын­да та­лас бас­талды. 1434 жы­лы Есенбұғы хан тағына отыр­ды. 1462 жы­лы Жүніс Есенбұғы хан­ның қай­тыс болғанын естіп, өзінің Моғолс­танға хан­дық өкімет­ке заңды ми­расқор екендігін жа­ри­ялап, он­да 1487 жылға дейін билігін жүргізді.

XVI ғасыр­дың ба­сын­да Жүніс хан ұрпақта­ры ара­сын­дағы ала­уыз­дық пен ішкі фе­одал­дық қырқыс Моғолс­тан хан­дығының біржо­лата ыды­ра­уына әкеліп соқты. Нәти­жесінде ежел­ден Жетісу мен Іле өңірін ме­кен­де­ген үйсін, ду­лат, қаңлы, жа­лайыр және тағы басқа қазақ ру-тай­па­лары Жетісу­да құрылған Қазақ хан­дығының құра­мына бірікті.

Ноғай Ор­да­сы (XIV аяғы – XVI ғғ.)

Ал­тын Ор­да ыды­рап, Ақ Ор­да­ның әлсіреуі нәти­жесінде Қазақстан­да бой көтер­ген мем­ле­кеттік құры­лым­дардың бірі – Ноғай Ор­да­сы еді. Ноғай Ор­да­сы Ал­тын Ор­да­дан XI­II ғасыр­дың екінші жар­ты­сын­да бөлек­те­не бас­та­ды. Бұл жағдай әмір Едіге тұсын­да 1396–1411 жыл­да­ры жалғасып, оның ба­ласы Нұр ад-ды­ның (1426–1440) кезінде аяқтал­ды. Ноғай Ор­да­сын­дағы бас­ты тай­па маңғыт­тар бол­ды. XI­II ғасыр­дың екінші жар­ты­сын­да маңғыт­тар Ал­тын Ор­да­ның уақыт­ша бас­шы­сы түмен ба­сы Ноғай иелігінің құра­мына кіреді. Осы­дан ба­рып «Ноғай Ор­да­сы» ұғымы пай­да болған.

Ноғай Ор­да­сы Еділ мен Жайық ара­сын­дағы со­зылып жатқан жал­пақ да­ла мен құмды, та­улы жер­лерді ме­кен­деді. Оның халқы солтүстік ба­тыс­та – Қазанға, оңтүстік шығыс­та – Арал, Аты­рау өңірлерінің солтүстігіне, Маңғыс­тау мен Хо­резм­ге дейінгі жер­лерде көше-қонып жүріп ме­кен­деді. Сыр бойын­дағы қала­лар мен қамал­дардың бірқата­ры осы Ноғай Ор­да­сына қара­ды. Оның ор­та­лығы – Жайықтың төменгі сағасын­дағы Са­рай­шық қала­сы.

Ноғай Ор­да­сының негізін қала­ушы Едіге бо­лып са­нала­ды. Ол XIV ғасыр­дың соңы – XV ғасыр­дың ба­сын­да 15 жыл Ал­тын Ор­да­да бүкіл билікті өз қолы­нан шығар­май, оны өзі тағайын­даған хан­дар арқылы басқар­ды. Едіге 1399 жы­лы Лит­ва-Поль­ша әскері мен Тев­тон ор­дені ры­царь­ла­рының біріккен жа­сақта­рына күй­ре­те соққы берді. 1408 жы­лы Едіге орыс әскер­лерін талқан­дап, Мәске­уге дейінгі жер­лерді жеңісті жо­рықпен жүріп өтті. Ал­тын Ор­да­дағы фе­одал­дық өза­ра қырқыс кезінде Ноғай ұлы­сын нығай­туға ты­рысқан жа­ула­ры Едігені 1419 жы­лы өлтіреді. Едіге өлген­нен кейін де Ноғай Ор­да­сын­да бүкіл са­яси билік пен эко­номи­калық жағдай оның ұрпағы – маңғыт әмірлерінің қолын­да бол­ды.

Ноғай Ор­да­сы құра­мына Маңғыт­тармен қатар Қоңырат, Най­ман, Арғын, Қаңлы, Ал­шын, Қып­шақ, Кен­ге­рес, Қарлұқ, Ала­ша, Та­ма және басқа ру тай­па­лары кірді. Олар­дың бас­шы­лары ара­сын­да билік пен жер үшін то­лас­сыз тар­тыстар үнемі орын ал­ды. XV ғасыр­дың екінші жар­ты­сын­да ноғай­лар Жайықтың сол жағала­уынан өтіп, «Көшпелі өзбек­тердің» өріс-қоны­сын ба­сып ала бас­тай­ды. Ноғай ру-тай­па­лары­ның би­ле­ушілері Уақас би, Мұса мыр­за, Жаңбыр­шы мыр­за және басқала­ры Әбілхайыр ханға Сыр­да­рия бойын­дағы қала­лар­ды жа­улап алуға көмек­тескен. Кейбір кез­де ноғай­лар қазақ хан­дығымен соғыс­са, енді бірде та­тула­сып, олар­мен одақ құрып отырған.

XIV-XV ғасыр­ларда Ноғай Ор­да­сын­да ер­те фе­одал­дық қаты­нас­тар қалып­тасқан. Әле­уметтік бай-фе­одал топ­тардың қата­рын­да хан­дар мен мыр­за­лар, сұлтан­дар мен би­лер, бек­тер бол­ды. Мұндағы жер-су, жайылым жер­лер сөз жүзінде ру­лық қауым­дастықтың меншігі бо­лып есеп­телгенімен, шын мәнінде қоныс­тар, мал өрістері, аң аулай­тын жер­лер бай топ­тардың иелігінде бол­ды. Ноғай Ор­да­сын­да өкімет пен елді басқару ісі са­яси ұйым­дасты­рудың ұлыс­тық жүйесі негізінде қалып­тасты. Шыңғыс тұқымы­нан шыққан хан­дар мен сұлтан­дарға Ор­да­дағы өкімет билігі, со­ның ішінде әске­ри, елшілік, әкімшілік т. б. билік түрлері мұра ретінде көшіп отырған. Ор­да бірне­ше ұлыс­тарға бөлінген. XVI ғасыр­да Ноғай Ор­да­сы өздерінің солтүстіктегі көршісі Орыс мем­ле­кетімен са­уда-эко­номи­калық қаты­нас­тар және са­яси бай­ла­ныс­тар ор­на­тады.

Ноғай Ор­да­сын­да да сұлтан­дар мен ақсүйек-фе­одал­дардың ара­сын­да хан­дық билік үшін та­лас-тар­тыс тоқта­май үнемі жүріп жат­ты. Осы ала­уыз­дық оның да түбіне жетті. XV ғасыр­дың бірінші жар­ты­сын­да Ноғай Ор­да­сы ыды­рап, оның ор­ны­на Қазан, Қырым, Аст­ра­хань хан­дықта­ры құрыл­ды. Оның Қазақстан жеріндегі бір бөлігі қазақстар­дың Кіші жүзінің құра­мына кірді.

Әбілхайыр хан­дығы (1428–1468 жж.)

XIV ғасыр­да Ор­да-Ежен мен Шай­ба­ни ұрпақта­ры иелігіндегі ұлыс­тар мен ру-тай­па­лар Ақ Ор­да мем­ле­кетінің құра­мын­да бол­ды. Мұнда Ор­да-Ежен мен Тоқа Темір әулетінен шыққан хан­дар билік жүргізді. Осыған қара­мас­тан Шай­ба­ни ұрпақта­ры өз иелігіндегі билігін сақтап қал­ды. Ал XV ғасыр­дың 20- жыл­да­рының аяғына қарай Шыңғыс ұрпақта­ры мен көшпелі түрік шон­жарла­рының қиян-кескі күресінің нәти­жесінде билік Ор­да-Ежен мен Тоқа-Темір мұра­гер­лерінен Шай­бан ұрпақта­рына ауыса­ды. Оған Ақ Ор­да­ның әлсіреуі мен құлды­ра­уы, оның соңғы ха­ны Ба­рақтың 1428 жы­лы қаза та­буы се­бепші бол­ды. Бұл кез­де Ақ Ор­да­ның жерінде бір-біріне тәуелсіз екі са­яси бірлестік нығай­ды. Олар­дың біріншісі – Жайықтан және оның ба­тысы­на қарай Еділге дейінгі жер­лерді қам­тыған Ноғай Ор­да­сы. Ал Жайықтың шығыс жағын­да Ырғыз, Елек, Торғай, Са­рысу бойын­да, То­был мен Есілдің жоғарғы ағыс­та­рына Шай­ба­ни ұрпақта­ры иеліктерін жүргізді. Олар: Арал­дан солтүстікке қарай Шай­ба­ни әулеті Жұма­дық хан­ның ұлы­сы, Шай­ба­ни әулетінің екінші бір тұқымы Мұста­фа хан Ат­ба­сар­да, үшінші бір тұқымы Махмұд Қожа То­был­да. Маңғыт Ке­пек би мен Ада­бек Бүркіт Ба­тыс Сібірдегі Ту­ра өңірінде билік ет­кен. Жаз­ба та­рихи де­реке­тер­де бұл фе­одал­дық иеліктер Көшпелі өзбек­тер хан­дығы деп те аталған. Бұл ұлыс­тардың ара­сын­да жер үшін, билік үшін ешбір тоқта­усыз, қиян-кескі ұрыс­тар үнемі бо­лып тұрған. Осы та­лас-тар­тыстың ба­рысын­да Жо­шының Шай­бан ұрпағынан та­раған Дәулет-Шай­хоғылы­ның ба­ласы 17 жа­сар Әбілхайыр жеңіске жетті. Ол 1428 жы­лы Ба­тыс Сібірде Ту­ра (Тю­мень) қала­сын­да хан бо­лып жа­ри­ялан­ды. Оны Шай­ба­ни ұлы­сына кірген ру­лар мен тай­па­лар­дың 200-ге жуық ірі өкілдері қол­даған.

Халқының құра­мына Ақ Ор­даға кірген түрік және түріктен­ген түрік-моңғол тай­па­лары жат­ты. Олар­дың бас­ты­лары: қып­шақ, най­ман, қият, маңғыт, қарлұқ, қоңырат, қаңлы, ұйылын, шын­бай, күрлеуіт және тағы басқала­ры. Бұл тай­па­лар тілі, ша­ру­ашы­лығы, мәде­ни­еті және тұрмы­сы жағынан ту­ыс­тас тай­па­лар. Сон­дықтан олар «өзбек» де­ген ат­пен са­яси жағынан бірге аталған. Оның иелігі Ноғай Ор­да­сының шығыс бетін, ба­тыс­та – Жайыққа, шығыс­та – Балқашқа дейінгі, оңтүстікте – Арал теңізі мен Сыр­да­ри­яның төменгі ағысы­на, солтүстікте – То­был мен Ертістің ор­та ағысы­на дейінгі жер­лерді қам­ты­ды.

Әбілхайыр басқарған 40 жыл­дай уақыт ішінде (1428–1468 жж.) елдің са­яси жағдайын­да тұрақты­лық пен ты­ныш­тық бол­ма­ды. Жо­шы әулеті – оның ішінде Ибак-хан, Бе­реке-сұлтан, Ұрыс хан­ның ұрпақта­ры Жәнібек пен Ке­рей тағы басқала­ры – Әбілхайырға үнемі қар­сы шығып отыр­ды. Әбілхайыр хан өзінің жа­улаушы­лық әре­кетін XV ғасыр­дың 30-шы жыл­да­рынан бас­тай­ды. Ең әуелі ол То­был бойын­да Шай­бан ұрпағы Махмұд Қожа хан­ды талқан­дай­ды. Ол Ал­тын Ор­да­ның әлсіреуін пай­да­ланып, Еділ бойын­дағы көпте­ген жер­лерді ба­сып ала­ды. Өзінің ор­та­лығын Ту­радан Ор­да-Ба­зарға көшіреді. 1430 жы­лы аз уақыт Хо­резмді ба­сып алып, Үргеніш қала­сын то­най­ды. 1446 жы­лы Әбілхайыр өзіне қар­сы бо­лып жүрген күшті шон­жарлар­дың бірі – Мұста­фа хан­ның әскер­лерін талқан­дай­ды. Сол жы­лы Әбілхайыр хан Сыр­да­рия өзені мен Қара­тау ба­урайын­дағы Со­зақ, Сығанақ, Аққорған, Үзкент қала­ларын ба­сып алып, Сығанақты өз хан­дығының ас­та­насы­на ай­нал­дырды.

Әбілхайыр­дың Сыр бойын­дағы қала­лар­ды ба­сып алуы ағайын­дас Шай­ба­ни ұлы­сы мен Ақ Ор­да ұлы­сы ру-тай­па­лары­ның ара­сын­дағы қырғи-қабақ қаты­нас­тарды одан әрі ши­еленістіре түсті. XV ғасыр­дың 50-ші жыл­да­ры Әбілхайыр Мәуере­нахр­дағы Темір ұрпақта­рының ішкі тар­ты­сына ара­ласып, Са­марқанд пен Бұха­раға та­лау-то­нау жо­рықта­рын жүргізді. Соғыс­тар ба­рысын­да Әбілхайыр қан­ша жер­лерді қосып алғаны­мен, хан­дық ішінде са­яси берік бірлік бол­ма­ды, әле­уметтік-эко­номи­калық қай­шы­лықтар күшейді. Ірі фе­одал­дық топ­тар, ру ба­сыла­ры, сұлтан­дар оны қол­да­мады, қар­сы шығып отыр­ды. Әбілхайыр мем­ле­кетінің ішкі әлсіздігі, Шыңғыс әулеті ара­сын­дағы тоқта­усыз қырқыс­тар, көшпелі ру­лар мен тай­па­лар сұлтан­да­рының өз ал­ды­на бөліну­ге ұмты­луы 1456–1457 жыл­дардағы Әбілхайыр­дың Үз-Темір-Тай­шы басқарған ой­рат­тармен Сығанақ маңын­дағы шайқас­та күй­ре­те жеңілуіне алып келді. Ол Түркістан­дағы та­лан-та­ражға түскен қала­ларын тас­тап, Дешті-Қып­шақ да­ласы­на ке­туге мәжбүр бол­ды. Тек 60-жыл­дардың ба­сын­да ғана Әбілхайыр Сыр­да­рия бойын­дағы бұрын өзі жа­улап алған қала­лары­на қай­та орал­ды. Осы жер­ден Әбілхайыр 1468 жы­лы Моғолс­танға қар­сы жо­рыққа кетіп ба­ра жатқан­да ке­нет­тен қай­тыс бол­ды.

Ішкі және сыртқы қай­шы­лықтар­дың ши­еленісуі, бітпейтін фе­одал­дық соғыс­тар мем­ле­кеттің шаңырағын шайқал­тып, Әбілхайыр хан­дығының ыды­рап та­ра­уына ұрын­дырды. Сөйтіп Шай­бан әулетінің Шығыс Дешті Қып­шақтағы билігі тоқта­ды. Көшпелі өзбек тай­па­лары­ның бір бөлігі XVI ғасыр­дың бас кезінде Мәуере­нахрға көшіп кетті. Қазақстан жерінде қалып қойған ру-тай­па­лар қазақ хан­да­рының қол ас­ты­на кірді. Темір ұрпақта­ры өкіметінің әлсіре­генін пай­да­ланып, Шай­ба­нилер Ор­та Ази­ядағы өкімет билігін ба­сып ал­ды.

Ба­тыс-Сібір хан­дығы (XI­II-XV ғғ.)

XI­II-XV ғасыр­лардағы Ба­тыс Сібір. Сібірдің жерінде бірша­ма түрік тай­па­лары ме­кен етті. Ба­тыс Сібір ал­ды­мен Жо­шы ұлы­сына, кейіннен Шай­ба­ни хан­дығына қарай­ды. Ба­тыс Сібірдің ор­та­лығы – Тұра қала­сы. 1428 жы­лы Ба­тыс Сібірді Әбілқайыр ба­сып ал­ды.

Көшім тұсын­дағы Сібір хан­дығы. Тер­ри­тори­ясы: Ба­тыс Сібір, Орал өңірі, Ертіс, То­был өзен­дерінің ала­бы

Құра­мын­дағы тай­па­лар: ке­рей, қып­шақ, най­ман, арғын, жа­лайыр, хан­ты, ман­сы т. б.

Ас­та­насы: Ис­кер қала­сы.

1563 жы­лы хан тағына Көшім отыр­ды. Ал­ты ұл тай­па­сынан шыққан Көшім 1510 жы­лы Ноғай ор­да­сын­да дүни­еге кел­ген. Ол 1555 жы­лы Сібірде билік жүргізген Тайбұған­мен соғысып, оны жеңеді.

Эко­номи­касы мен мәде­ни­еті. Көшімнің кезінде Сібір хан­дығын­да көпте­ген қамал­дар мен бекіністер, ғима­рат­тар са­лына­ды. Көшімнің тұсын­да Сібір халқы ис­лам дінін қабыл­дай­ды. Сібір хан­дығын­да, негізінен, са­уда мен аңшы­лық да­мыды.

Са­яси құры­лысы. Жоғарғы би­ле­уші – хан, хан кеңесі – ди­ван, кеңесшілер – ата­лықтар, уәзірлер – қара­ша Сібір-Ре­сей қаты­насы. Сібір ха­ны Көшім Ре­сейдің шығысқа қарай ұмты­лу­ына ке­дергі жа­сауға ты­рыс­ты.

1574–1575 жыл­да­ры сібірге бар­лауға жіберілген Иван Гроз­ный­дың от­ря­дын Көшім хан қырып тас­тай­ды.

1582 жы­лы Көшім әскер­лері ата­ман Ер­мактың от­ря­дынан жеңіледі.

1582 жыл­дың күзінде ата­ман Ер­мак 600-ге жуық ка­загы­мен Ис­кер қала­сына ша­бу­ыл жа­сай­ды. Көшім әскері жақсы қару­ланған Ер­мак от­ря­дынан жеңіледі.

1584 жы­лы Көшімнің адам­да­ры Ер­макты өлтіреді.

1598 жы­лы орыс әскер­леріне қар­сы ұйым­дасты­рылған шайқас­та Көшім жеңіліп, Шығыс Қазақстан жеріне қаша­ды. Сібір хан­дығы осы­лай Ре­сей им­пе­ри­ясы­ның құра­мына кіреді.

Қазақ халқы қалып­та­су­ының аяқта­луы

Эт­но­са­яси қауым­дастық – белгілі бір та­рихи ай­мақта құрылған хан­дықтың тұрғын­да­ры. Қазақ халқының эт­ни­калық жағынан қалып­та­су­ын­да Ақ Ор­да тай­па­лары бас­ты рөл атқарған.

«Өзбек» ата­уының шығуы Өзбек хан­ның (1312–1342 жж.) есімімен бай­ла­ныс­ты. «Өзбек­тер» құра­мы:

шай­ба­нилер – түркілен­ген моңғол тұқым­да­ры.

Қазақтар – қып­шақтар т. б.

Маңғыт­тар – қарақал­пақтар, ноғай­лар

Қазақ халқының қалып­та­су про­цесі XIV-XV ғғ. аяқтал­ды.

Са­яси жағынан ша­шыраңқы эт­ни­калық ту­ыс­тас топ­тардың ба­сы қосы­лып, қазақ ру­лары мен тай­па­лары­ның бірігуіне Қазақ хан­дығының құры­луы әсер етті.

XV ғасыр­дың екінші жар­ты­сы – XVI ғасыр­да негізгі эт­ни­калық топ­тардың қазақ халқына және олар ор­на­ласқан аумақтың Қазақ хан­дығына бірігуі, тұтас ха­лық бо­лып қалып­та­судың аяқта­лу­ын тез­детті.

XV-XVII ғасыр­лар – Қазақстан­ның аумағын­дағы тұрғын­дарға іс жүзінде ор­тақ негізгі белгілер мен қазақ эт­но­сының өзіне тән ма­тери­ал­дық және ру­хани мәде­ни­еті бекіп жетілді.

Қазақ хан­дығының құры­луы және оның нығаюы (XV-XVII ғғ.)

Са­яси жағынан бы­тыраңқылығы ба­сым эт­ни­калық топ­тардың, яғни қазақ тай­па­лары­ның бір мем­ле­кет­ке бірігуі Қазақ хан­дығының құры­лу­ына әкелді. Қазақ хан­дығы XV ғасыр­дың ор­та­сын­да құрыл­ды.

Қазақ хан­дығының құры­лысы бас­тапқы кез­де (XV-XVI ғасыр­ларда) 7 са­тыдан тұрды.

  1. Ауыл. Бас­шы­сы – ауыл­ба­сы, бірне­ше жанұядан тұра­ды.
  2. Ата-ай­мақ. Бас­шы­сы – ақсақал, жеті ата­дан қосы­латын бірне­ше ауыл­дан тұра­ды.
  3. Ру. Бас­шы­сы – ру­басы, 15 ай­мақтан құры­лады.
  4. Арыс. Бас­шы­сы – би, бірне­ше ру­дан құралған.
  5. Ұлыс. Бас­шы­сы – сұлтан, бірне­ше арыс­тан құры­лады.
  6. Жүз. Бас­шы­сы – хан, бірне­ше ұлыс­тан құры­лады.
  7. Хан­дық. Бас­шы­сы – хан, үш жүзден құралған.

Қазақ хан­дығының құры­луы. XV ғасыр­дың 50 жыл­да­рын­да Дешті-Қып­шақтағы Әбілқайыр хан­дығын­дағы са­яси жағдай ши­еленісе түседі. Осы кез­де Ке­рей мен Жәнібек сұлтан­дар өздеріне қарас­ты ха­лықты бас­тап, Моғолс­тан­ның иелігіндегі Жетісу жеріне қоныс ауда­рады. Моғолс­тан ха­ны Есен-Бұға олар­ды қар­сы алып, Шу өңірінен Қозы­басы де­ген жерді бөліп бе­реді. Бұл Қазақ хан­дығы құры­лу­ының ба­сы еді. Қазақ хан­дығы 1465 жы­лы құрыл­ды. Бұл фактіні Мұхамм­мед Хай­дар Ду­лати рас­тай­ды. Әбілқайыр хан­ның Қазақ хан­дығының құры­лу­ына бөгет жа­самақ болған әре­кеті жүзе­ге ас­па­ды.

Қазақ хан­дығының нығаюы. XV ғасыр­дың екінші жар­ты­сын­да Қазақ хан­дығының іргесі нығай­ды. Көрші мем­ле­кет­тердің (Әбілқайыр хан­дығы, Темір және Моғолс­тан мем­ле­кет­тері) құлды­ра­уы Қазақ хан­дығының күшеюіне се­беп бол­ды. Ең ал­ды­мен Қазақ хан­дығының құра­мына Со­зақ, Са­уран қала­лары кірді.

1480 жы­лы Ке­рейдің ба­ласы Мұрын­дық хан бол­ды.

1486 жы­лы қазақ әскер­лері Мұхам­мед Шай­ба­ниді жеңді.

XV ғасыр­дың аяғына қарай Қазақ хан­дығының Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан­дағы ықпа­лы күшейді. Қазақ хан­дығының құра­мын­да Сығанақ, Со­зақ, Са­уран қала­лары бол­ды.

XVI ғасыр­дағы Қазақ хан­дығы. XVI ғасыр­дың бірінші жар­ты­сын­да Қазақ хан­дығы күшейе түсті.

1511 жы­лы Жәнібектің ба­ласы Қасым хан бол­ды. Қасым хан­ның алға қойған бас­ты міндеті – Сыр­да­рия бойын­дағы қала­лар­ды Қазақ хан­дығының құра­мына қосу. Қасым хан­ның бұл істі орын­дау жо­лын­дағы бас­ты ке­дергісі Мұхам­мед Шай­ба­ни бол­ды.

1510 жы­лы Қасым хан­ның әскер­лері Мұхам­мед Шай­ба­нидің әскерін жеңді.

1510 жы­лы Мұхам­мед Шай­ба­ни Мерв­те өледі.

XVI ғасыр­дың аяғына қарай Қасым хан Қазақ хан­дығының жерін ұлғай­та­ды.

XVII ғасыр­дағы Қазақ хан­дығы. XVI ғасыр­дың аяғына қарай Жетісу жер­лері, Сыр­да­рия бойын­дағы көпте­ген қала­лар, бұрынғы Ноғай Ор­да­сының құра­мын­да болған жер­лер Қазақ хан­дығының қара­мағына қосы­лады. Қасым хан­ның кезінде Қазақ хан­дығының ха­лық са­ны 1 млн-ға жет­кен. Қасым хан қазақтың құқықтық та­рихы­ның 5 бөлімінен тұра­тын белгілі «Қасқа жол» заңдар жи­нағын шығарған. Қасым хан­ның тұсын­да Қазақ хан­дығы Ре­сей пат­ша­лығымен, Сібірмен т. б. ел­дермен бай­ла­ныс ор­на­тады. Қазақ хан­дығының Қасым­нан кейінгі билігі Ма­маш­тың қолы­на тиді.

1523 жы­лы хан тағына Тақыр отыр­ды. Тақыр­дың кезінде Қазақ хан­дығы біраз жер­лерінен айырыл­ды.

1533 жы­лы хан тағына Бұй­даш отырған­да да, Қазақ хан­дығының ішкі және сыртқы жағдай­ла­ры жақсарған жоқ.

1534 жы­лы хан тағына Қожа Махмұд, 1535 жы­лы Тоғым хан отыр­ды.

1537 жы­лы хан тағына Қасым­ның ба­ласы Хақна­зар (1537–1580) отыр­ды. Хақна­зар ең ал­ды­мен Жайық маңын, Түркістан жер­лерін ба­сып ал­ды.

1580 жы­лы хан тағына Шығай отыр­ды.

1582 жы­лы Шығай­дың ба­ласы Тәуекел хан бол­ды. 1586 жы­лы Тәуекел Түркістан­ды ба­сып ал­ды. 1598 жы­лы Тәуекел хан інісі Есім сұлтан­мен қазақ қолы Мәуерен­нахрға кіріп, Са­марқан­ды ба­сып ала­ды. 1598 жы­лы Таш­кент­те Тәуекел хан қай­тыс бо­лады.

1598 жы­лы Есім хан бол­ды. Есімнің інісі Тұрсын Есім ханға бағын­бай, Түркістан­ды же­ке би­леді.

1627 жы­лы Есім хан Тұрсын­ды өлтіреді. Есім хан Қазақ хан­дығының аумағын кеңей­ту бағытын­да үлкен үлес қос­ты. Мем­ле­кет билігін, құқықтық жүйені рет­те­уде Есім хан­ның «Ескі жо­лы» аталған заңдар жи­нағы еле­улі рөл атқар­ды.

1628 Есім хан қай­тыс бо­лады. 1629 жы­лы хан тағына Есім хан­ның ба­ласы Жәңгір оты­рады. Ол қазақ та­рихын­да «Салқам Жәңгір» де­ген атқа ие бол­ды.

1643 жы­лы Салқам Жәңгір 600 сар­базбен ой­рат­тың 50000-дық әскеріне қар­сы шығып, жеңіске же­теді. Бұл соғыс­та Жәңгір ханға Жа­лаңтөс көмек­ке ке­леді. 1652 жы­лы ой­рат­тарға қар­сы ұйым­дасты­рылған шайқас­та Жәңгір қай­тыс бо­лады. Біраз уақыт бойы қазақ хан­дығының билігі сұлтан­дардың қолын­да бо­лады.

1680 жы­лы хан тағына Әз-Тәуке оты­рады. Әз-Тәуке хан­дық билікті би­лер­ге сүйеніп жүргізеді. Би­лердің көмегімен «Жеті жарғы» заңдар жи­нағын шығара­ды.

Тәуке хан кезінде Қазақ хан­дығының ас­та­насы Түркістан қала­сы бо­лады. 1718 жы­лы Әз-Тәуке қай­тыс бо­лады.

Қасым хан тұсын­дағы Қазақ хан­дығы (1512–1521 жж.)

Қазақ хан­дығы ең жоғарғы қуат­ты­лығына XVI ғ. бірінші ши­регінде, Қасым хан тұсын­да жетті. Қасым Әз Жәнібектің ұлы, ана­сы Жаған­бегім – Мұхам­мед Шай­ба­ни хан­ның інісі Мах­муд сұлтан­ның ана­сының сіңлісі.

Қасым хан­дығына Ақ Ор­да иеліктері, көшпелі ноғай­лықтар, шығыс­тағы түрік тай­па­лары, ду­лат, үйсін, қаңлы және Моғолс­тан­ның ба­тысын­дағы тай­па­лар енді. Қасым хан ел бірлігі және қазақ хан­дығының тәуелсіздігі үшін бел­се­не күресті.

Аумағы: Жайық өзені, Сыр­да­рия, Ұлы­тау, Балқаш көлі, Жетісу­дың бір бөлігі, Шу, Та­лас, Қара­тал, Іле өзен­дері. Ас­та­насы – Түркістан.

Қасым хан тұсын­дағы хан­дықтың алғашқы әкімшілік, са­уда-эко­номи­калық ор­та­лығы – Сығанақ.

Қасым хан­ның бас­ты мақса­ты: Сыр бойын­дағы қала­лар­ды қай­та­дан өз иелігіне қосып алу.

Ол бүкіл Дешті Қып­шақтың ха­нына ай­нал­ды. Қырғыз­дарға билігі жүрген жоқ.

Соғыс жо­рықта­ры:

1503, 1505, 1506 жыл­да­ры – Шай­ба­ни хан қазақ жеріне то­на­ушы­лық жо­рықтар жа­сады.

1509 жыл – Қара­талға ша­бу­ыл­дап, то­нады.

1510 жыл – Мұхам­мед Шай­ба­ни Сығанаққа ша­бу­ыл жа­сап, жеңіліп Са­марқанға қаш­ты.

1510 ж. аяғы – Мұхам­мед Шай­ба­ни Мерв түбіндегі Хо­расан­да Иран ша­хымен болған шайқас­та қаза тап­ты.

Сыр­да­ри­яда берік ор­нығу үшін Қасым хан Ор­та Ази­ядағы са­яси жағдай­ды тиімді пай­да­лан­ды.

1513 жыл – Қасым хан Сай­рам­ды ал­ды.

1513 жыл – Ба­быр­дың ізба­сары Қат­та­бек­пен одақ жа­сасып, Таш­кент би­ле­ушісі Сүйініш қожаға соғыс аш­ты.

Таш­кент түбінде қасым хан жа­рала­нып, Сай­рамға шегінді.

1513 жыл – Моғолс­тан ха­ны Сұлтан Сай­дпен одақтас бо­лып, Таш­кент­ке бірігіп жо­рық жа­сауға келісті. Алай­да қыс­тың та­яп қалған­дығына бай­ла­ныс­ты, бұл жо­рық кейінге қал­ды­рыл­ды.

1514 жыл Сұлтан Са­ид Шығыс Түркістанға кет­кен соң қазақ ха­нының Жетісу­дағы билігі нығай­ды.

Ноғай Ор­да­сын­дағы са­яси дағда­рысқа бай­ла­ныс­ты көпте­ген ру мен тай­па Қасым хан­дығына көшіп келді.

Моңғол шапқын­шы­лығынан кейін тұңғыш рет бар­лық дерлік қазақ ру­лары мен тай­па­лары бір мем­ле­кет­ке бірікті.

Қазақ хан­дығын­дағы ха­лық са­ны 1 млн. жетті. Алғаш рет орыс мем­ле­кетімен (Ва­силий III, 1505–1533 жж.) дип­ло­мати­ялық қаты­нас ор­на­тыл­ды.

Қасым хан әдет-ғұрып­тарды бір жүйеге келтіріп, алғаш рет заңдар жи­нағы «Қасым хан­ның қасқа жо­лын» шығар­ды. Заң 5 бөлімнен тұра­ды:

  • Мал-мүлік және жер­ге бай­ла­ныс­ты қаты­нас­тар;
  • Қыл­мыс пен оларға қол­да­ныла­тын жа­залар;
  • Әске­ри қыз­метті, әске­ри міндетті атқару ере­желері және әскер тәртібін бұзу­шыларға берілетін жа­залар;
  • Елшілік қаты­нас­тарды рет­теу;
  • Ха­лықтық дәстүрлерді өткізу тәртібі (ас бе­ру, той-ду­ман­дарды өткізу т. б.).

Қасым билігінің соңғы ке­зеңдері ты­ныш­тық за­ман бол­ды. Ол ха­лыққа хан билігін мойын­да­та оты­рып, ел бірлігін сақтай білді. Са­уран қала­сы са­уда ор­та­лығына ай­нал­ды. Ор­та Ази­ямен, Еділ бойын­дағы ел­дермен, Ба­тыс Сібір хан­дығымен, Ре­сей­мен са­уда, дип­ло­мати­ялық бай­ла­ныс жа­сады.

Қасым хан тұсын­да қазақтар Ор­та азия мен Шығыс Еуро­паға белгілі болған.

Хақна­зар хан тұсын­дағы Қазақ хан­дығы (1538–1580 жж.)

Қасым хан­нан кейінгі тар­тыстан әлсіре­ген хан­дықты қай­та­дан нығай­тып, біріктіру­ге Хақна­зар хан (Қасым­ның ба­ласы, 1538–1580 жж.) әре­кет жа­сады.

Негізгі мақса­ты: Қасым хан кезіндегі иелікті қал­пы­на келтіру. Аумағы: Сыр­да­рия, Арал маңы, Жетісу, Жайықтың сол жағала­уы.

Хақна­зар сыртқы са­яса­тын Ноғай Ор­да­сынан бас­та­ды. Жайықтың сол жағала­уын­дағы ноғай­лар Қазақ ха­нының билігіне өтті.

1550–1560 жж. — Моғол ха­ны Аб­дар Ра­шид Жетісу мен Ыс­тықкөл маңын­дағы жер­лерді ба­сып алу мақса­тымен ша­бу­ыл­да­ды.

Моғолс­танға қар­сы қазақ-қырғыз соғыс одағы құрыл­ды. Де­рек­терде Хақна­зар­ды «қазақтар мен қырғыз­дардың ха­ны» деп атай­ды.

1560 жыл – моғол­дар қазақ-қырғыз соғыс одағын жеңді.

Моғолс­танға қар­сы соғыс­тағы сәтсіздік және ой­рат­тардың шапқын­шы­лығы сал­да­рынан Хақна­зар­дың Жетісу­дағы иелігі азая берді.

1570 жыл­дың аяғы – Жетісу­дың ба­тысы, Шу, та­лас өңірі оның билігінде бол­ды.

Хақна­зар хан тұсын­да орыс мем­ле­кетімен са­яси және са­уда қаты­нас­та­ры да­мыды. Орыс елшілері:

1569 жы­лы Се­мен Маль­цев;

1573 жы­лы Третьяк Че­буков қазақ хан­дығы ту­ралы көпте­ген мәлімет­тер қал­дырды (IV Иван тұсын­да).

Хақна­зар хан өзін «пат­ша, әрі ұлы князь­бен та­тумын» деп са­нады.

Сібір хан­дығын 1563 жыл­дан бас­тап би­леген шай­бан әулетінен шыққан Көшім хан Қазақ хан­дығына қар­сы дұшпан­дық әре­кет­те бол­ды.

1573 жыл – Қазақ хан­дығына жіберілген Мәскеу елшісі Т. Че­буков Көшімнің бұй­рығымен ұстал­ды.

Осы кез­дегі са­яси жағдай­дың ауыр­лығы Хақна­зар хан­ды Мәуерен­нахр­дағы Шай­ба­ни әулетінен одақтас ізде­уге итер­ме­леді.

II Аб­даллах (1538–1598 жж.) пен Хақна­зар хан ара­сын­да бейбіт қаты­нас­та бо­лу ту­ралы шарт жа­сал­ды.

Бұл қаты­нас нәти­жесі:

  • Соғыс қақтығыс­та­ры уақыт­ша тоқта­тыл­ды;
  • Ор­та Азия халқымен са­уда қаты­насы жақсар­ды;
  • Хан өкіметі нығай­ды.

Сыр бойын­дағы қала­ларға ор­нығып алуға ұмтылған Хақна­зар хан, 1570 жыл­дың аяғын­да Аб­даллах­тың қара­мағынан бөлініп шыққысы кел­ген Ба­ба сұлтан­ның әркетін пай­да­лан­ды. Ол қар­сы­лас­тар ара­сын­да ше­бер жол та­уып, бірде бір жағын, бірде екінші жағын қол­дап отыр­ды. Нәти­жесінде:

Аб­даллах хан Түркістан өңіріндегі қала­лар­ды Қазақ хан­дығына берді.

Ба­ба сұлтан Йасы, Са­уран­ды Хақна­зарға сый­ла­ды.

1579 ж. II жар­ты­сы – қазақ би­ле­ушісінің Аб­даллах жағын­да екенін байқаған Ба­ба сұлтан келіссөз жүргізу­ге кел­ген Жа­лым сұлтан­ды, оның ба­лала­ры мен Хақна­зар­дың екі ба­ласын өлтірді (1579 ж.)

1580 жыл – Ба­ба сұлтан­ның тыңшы­сы Хақна­зар­ды өлтірді.

Хақна­зар хан са­яса­тының маңызы:

  1. Хан­дықтың аумағының кеңеюі.
  2. Же­ке дер­бес мем­ле­кет ретінде та­нымал бо­луы.
  3. Хан билігінің күшеюі.
  4. Ішкі са­яси және ша­ру­ашы­лық өмірдің тұрақты­лығы.

Жоңғар мем­ле­кетінің құры­луы және оның қазақ жеріне шапқын­шы­лығы

Қазақ халқына мәңгі жойылып, құрып ке­ту қаупін төндірген жау – жоңғар­лар еді.

XVII ғасыр­дың бірінші жар­ты­сын­да ой­рат­тар мен қазақтар­дың ара­сын­дағы әске­ри қақтығыс­тар жиілей түсті. Ой­рат фе­одал­да­рының Шығыс Моңғолияға қар­сы жүргізген соғыс­та­ры олар­дың күшін нығай­тты. XVI ғасыр­дың аяқ шенінде ой­рат­тар төрт тай­па­лық бірлестіктен құрал­ды. Олар: Тар­бағатай­дан Шығысқа қарай өңірді алып жатқан торғауыт­тар, Ертістің жоғарғы ағысын бой­лай қоныс­танған дер­беттер, қазіргі Ди­хуа қала­сының төңірегіндегі хо­шо­уыт­тар және Іле өзенінің жоғарғы жағын­дағы шо­рос­тар еді.

Қазақ және ой­рат әміршілерінің ара­сын­да жайылым­дық жер­лер үшін қақтығыс­тар XV ғасыр­да бас­талған бо­латын. XVI ғасыр­дың аяғын­да ой­рат­тардың шағын бір бөлігі сәтсіз ша­бу­ыл­дан кейін қазақ ха­ны Тәуекел­ге бағыныш­ты бо­лып шықты. 1635 жы­лы қон­тай­шы Ба­тур­дың бас­та­уымен Жоңғар хан­дығы құрыл­ды. Осы­дан соң, егер XVI ғасыр­дың аяғын­да XVII ғасыр­дың ба­сын­да қазақ хан­дығына бы­тыраңқы ой­рат тай­па­лары қар­сы бол­са, XVII ғасыр­дың екінші ши­регінде күштердің ара сал­мағы жоңғар тай­па­лары­ның пай­да­сына өзге­ре бас­та­ды. Қазақ-жоңғар қаты­нас­та­ры, әсіре­се Ба­тур-қон­тай­шы (1634–1654 жж.) билік құрған кез­де ерек­ше ши­еленісе түсті. Одан кейін Ғал­дан-Бо­шак­ту (1670–1697 жж.) би­леген кез­де, оның мұра­гері Це­ван-Раб­тан (1697–1727 жж.) өкімет ба­сына кел­генде қазақ-қал­мақ қаты­нас­та­ры қат­ты ши­еленісіп кетті. 1698 жы­лы ой­рат­тар мен қазақ хан­да­ры ара­сын­дағы қару­лы қақтығыс­тардың жаңа ке­зеңі бас­талды. Жоңғар­лардың әскер бас­шы­лары маңыз­ды са­уда жол­да­ры өтетін және ірі са­уда ор­та­лықта­ры ор­на­ласқан Оңтүстік Қазақстан жерін ба­сып алу­ды көздеді.

1710–1711 жыл­да­ры жоңғар­лар қазақ жеріне ба­сып кіріп, қырғын соғыс жүргізді. 1717 жы­лы жаз­да Аякөз өзенінің жағасын­да қазақтар­дың 30 мың жа­сағын талқан­дап жеңді.

1718 жы­лы Тәуке хан өліп, билік оның ба­ласы Бо­лат ханға өткен тұста қал­мақтар­дың қазақ жер­леріне жо­рығы күшейді. Бұл жо­рықтар­дың та­быс­ты бо­лу­ына шведтің ар­тилле­рия сер­жанты Иоганн Гус­тав Ре­нат­тың тигізген әсері үлкен. 1709 жы­лы Пол­та­ва түбінде орыс­тардың қолы­на түскен Ре­нат То­был қала­сына ай­да­лады, осын­да Ертістің бойымен жоғары өрлеп ба­ра жатқан Бух­голь­цтың экс­пе­дици­ясы құра­мын­да Ке­реку қала­сының маңын­да 1715 жы­лы қыс­та ол қал­мақтарға тұтқынға түседі. 1733 жылға дейін қал­мақтар­дың қолын­да болған ол қал­мақтар­ды темір балқытып, зеңбірек жа­сауға, оның оғын дайын­дауға, тіпті бас­па­хана жа­сап, әріп құюға үй­ре­теді. Ре­нат­тың көмегімен зеңбірек атыс жа­рақта­рын жа­сап, жүз мыңнан ас­там әскер құрап, қал­мақтар қазақтарға қар­сы соғысқа дайын­да­лып жатқан­да қазақтар жағы олар­дан қауіп күтпей, ішкі та­лас-тар­тыспен жүрген бо­латын. Бұл тұста қазақтар мен қал­мақтар­дың ше­кара­сы Ертіс өзені, Балқаш көлі, Шу, Та­лас өзен­дерінің ара­лығымен өтетін.

1723 жыл­дың көктемінде жоңғар­лар ше­шуші жо­рыққа шықты. Мол әскер жи­нап, то­лық қару­лан­ды­рып, оның қол­басшы­лығына Шу­но Да­бо де­ген қал­мақ баһадүрін тағайын­да­ды. Оның так­ти­калық жос­па­ры бойын­ша қал­мақ әскер­лері стра­теги­ялық екі бағыт­та қимыл жа­сауға тиісті бол­ды. Бірінші бағыт Қара­та­уды ба­сып өтіп, Шу мен Та­лас өзен­деріне шығу бол­са, екінші бағыт – қазақтарға ес жиғыз­бай соққы беріп, Шыр­шық өзенінің қой­на­уына же­ту еді. Бұл жос­парды іске асы­ру үшін әскер­лер жеті топқа бөлініп, оның бірі Жетісу Ала­та­уының етегіндегі Балқаш көліне құятын төрт өзеннің бойына топ­тасты­рыл­ды. Қал­мақтың ірі қол­басшы­сы Амур­са­на басқарған 70 мың адам­нан тұра­тын екінші бір то­бы Іле өзенінің бойына, Ке­ген өзенінің солтүстік жағасы­на, На­рын өзенінің күншығыс жағын­дағы Кет­пен та­уының ба­урайына ор­на­лас­ты.

Сөйтіп, Ала­тау ба­урайын жай­лаған қан­нен-қаперсіз отырған қалың ел­ге ша­бу­ылға шыққан қал­мақ әскер­лері қазақтар­дың қанын су­дай ағыз­ды. Ер­кек кіндікті адам­дарды қырып, әйел­дерді, қыз­дарды бай­лап-ма­тап алып кетті. Бейғам отырған ел басқын­шы­ларға ешқан­дай қар­сы­лық көрсе­те ал­ма­ды. Ұлы жүз бен Ор­та жүздің қазақта­ры Са­марқанд пен Ход­жент­ке қарай шұбыр­ды. Кіші жүз қазақта­ры Хи­уа мен Бұқараға ағыл­ды. Босқын­дардың біра­зы Алакөл маңына келіп па­нала­ды. Бұл ке­зеңді қазақ «Ақта­бан шұбы­рын­ды, Алқакөл сұла­ма» деп ата­ды. Яғни, қазақтар­дың та­баны ағарған­ша шұбы­рып, Алқакөлге жетіп азап пен аш­тықтан сұлаған жер­лер еді дейді. Осы ауыр жыл­дарда шыққан қазақтың қара­лы ды қайғылы, ән ұра­ны сияқты «Елім-ай» әні еді. Мұнан үш жүз жылға жуық уақыт бұрын шығарылған осы өлеңмен оның әні қазақтың ба­сына түскен сол бір ауыр күндердің өшпес ес­керткіші.

«Жеті жарғы»

Жеті жарғы – Тәуке хан тұсын­да қабыл­данған қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңда­рының жи­нағы. XVII ғасыр­дағы кейбір хан, сұлтан­дардың өз иеліктеріндегі ұлыс­тарды же­ке-да­ра би­ле­уге ұмты­лушы­лығы Қазақ хан­дығының ыды­рау қаупін ту­дыру­ына бай­ла­ныс­ты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арт­ты­ратын ша­ралар қарас­ты­рып, хан­дық билікті нығай­туға күш сал­ды. Қазақ қоғамы­ның да­муы мықты билік пен бірлікті қам­та­масыз ете ала­тын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы рет­те Тәуке хан бұрын­нан қалып­тасқан дәстүрлі әдет-ғұрып заңдар мен өзінен бұрынғы хан­дардың тұсын­да қабыл­данған «Қасым хан­ның қасқа жо­лы» мен «Есім хан­ның ескі жо­лын» одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жа­сауға ты­рыс­ты. Үш жүздің игі жақсы­лары мен би­лерін жи­нап, оның ішінде атақты Төле би, Қазы­бек би, Әй­те­ке би­лер бар, Күлтөбенің ба­сын­да «Тәуке хан­ның Жеті жарғысы» де­ген атауға ие болған заңдар жи­ын­тығы қабыл­данды. Жеті жарғыға сүйен­ген қазақ би­лері ел ішіндегі дау-жан­жалдар мен са­яси маңызы бар мәсе­лелерді тиімді ше­ше ал­ды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәсе­лелерін бар­лық жағынан қам­ты­ды, со­ның нәти­жесінде Тәуке хан­ның билік ет­кен тұсы Қазақ хан­дығының ба­рын­ша күшейіп, дәуірле­ген кезі бол­ды. Жеті жарғыдан кейін ар­найы ата­улы заң жүйесі жа­сал­маған­дықтан және Жеті жарғының өзі та­лап, тілекті қанағат­танды­рар­лық деңгей­де болған­дықтан, оның көпте­ген жол-жо­бала­ры мен қағида­лары XX ғ. ба­сына дейін қол­да­нылып келді. Жеті жарғы қазақтың ұлттық ше­шендік өнеріне сай, негізінен, афо­ризм­дер­ден, мақал-мәтел­дерден, қанат­ты сөздер­ден құралған. Жеті жарғының то­лық нұсқасы сақтал­маған. Жеті жарғының ата­луы Тәуке хан енгізген жеті өзгеріске бай­ла­ныс­ты де­ген тұжы­рым жа­салған. Бұл өзгерістер­де төре­лер мен қожа­ларға ерек­ше құқық бе­ру арқылы билікті нығай­ту мақса­ты көздел­гені айқын байқала­ды.

  1. «Ха­лықтың ха­ны, сұлта­ны, пір-әзіреті қас­тан өлтірілсе, олар­дың әрқай­сы­сы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін». Яғни қара­пайым ер адам­ның құны 1000 қой не­месе 100 түйе, я бол­ма­са 200 жылқы бол­са, сұлтан мен қожа­ның құны одан жеті есе көп;
  2. «Төре­лер мен қожа­лар­дың жай қатар­дағы біреуі өлсе, олар­дың әрқай­сы­сына екі кісінің құны төленсін». Со­нымен қатар, қоғам­дағы тұрмыс­тық және адам­гершілік қаты­нас­тарды құқықтық тұрғыдан жетілдіре түскен.
  3. «Сырт­тан кірген адам үй­ге кірер­де мініп кел­ген атын бо­сағаға бай­лаған­дықтан біре­уді теуіп өлтірсе, бүтін құн, үйдің жап­са­рына бай­лаған ат теуіп өлтірсе, жар­ты құн, ал үйдің ар­ты­на бай­лаған ат теуіп өлтірсе тек ат-тон айып тар­та­ды»
  4. «Ата-ана­сын туған ба­ласы ренжітіп, қар­сы келіп, қол жұмса­са, он­да ол ба­ланы ата-ана өлтірсе де ерікті, сұра­усыз бо­лады».
  5. «Кәме­лет­ке жет­кен ба­ласы туған ата-ана­сына тіл тигізіп сөккені үшін (қол тигізбе­се) қара си­ырға не қара есек­ке теріс мінгізіп, мой­ны­на құрым іліп, ауыл­ды ай­нал­ды­ру ке­рек»
  6. «Құй­рық-ба­уыр жесіп, құда болған соң ақ ба­талы жесір басқаға кет­се, оған берілген қалыңмал жесір иесіне түгел қай­та­рылып, оның үстіне қалыңсыз қыз не­месе бір қыз­дың қалыңма­лы беріледі»
  7. «Ұры айыр түйеге нар, атқа ару­ана, тай­лаққа атан, тайға ат, қойға та­на төлейді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді».

Осы соңғы өзгерістер­мен қатар жер да­уы, от­ба­сы және не­ке заңы, қыл­мыс пен құн да­уына, ұрлық-қар­лық, то­на­ушы­лыққа және куәлік ету мен ант бе­ру рәсімдеріне орай қалып­та­сып, тұжы­рым­далған қазақтың ұлттық әдет-ғұрып заңда­ры Жеті жарғыда көрініс тап­ты.

Қазақ халқының қалып­та­суы

Қазақ халқының эт­ни­калық қалып­та­суы алғашқы қауым­дық құры­лыс­тың ыды­раған кезінен бас­та­лады. Эт­нос – та­рихи жағдай­да қалып­тасқан тілі, салт-дәстүрі, тұрмы­сы ор­тақ, басқалар­дан бөлек­тенген адам­дар то­бы. Кейбір жаз­ба де­рек­терде «қазақ» сөзі ескі түрік тіліндегі «еркін адам­дар» ұғымын білдіретінін ай­та­ды. Тағы бір де­рек­терде сақ, ха­зар тай­па­лары­ның аты­нан шыққаны ай­ты­лады.

XV ғасыр­дағы Шай­ба­ни Әбілқайыр хан­дығын­дағы, яғни Дешті-Қып­шақтағы көшпелі ха­лықтар­дың эт­ни­калық бірігу про­цесі тез жүрді. XV ғасыр­дың ор­та­сына қарай Әбілқайыр ықпа­лы әлсіреді. Оған қар­сы шыққан Ке­рей мен Жәнібек сұлтан­дар ар­ты­на көп ха­лықты ертіп, Жетісуға көшті. Міне, осы Ке­рей мен Жәнібектің ар­ты­нан ер­ген және осы хан­дардың билігіне қараған бұрынғы Шай­ба­ни хан­дығын­дағы ха­лықтар қазақтар деп атал­ды. Қазақ халқының құра­мына арғын, най­ман, ду­лат, ке­рей, үйсін, қаңлы, қып­шақ, ал­шын, қоңырат, жа­лайыр, уақ тай­па­лары кірді. Бұл тай­па­лар­дың тілі қазақ тілі бол­ды. Нәсілдік белгілері – моңғоло­идтік.

Қазақ жүздері

Жаңадан қалып­тасқан қазақ халқы Қазақстан жеріне түгел­дей қоныс­танды. Қазақ халқы ме­кен­де­ген бұл жер­лерде 3 түрлі ша­ру­ашы­лық ай­мақ қалып­тасты. Осыған бай­ла­ныс­ты сол өңірлер­де ме­кен­де­ген ха­лықтар үш жүзге бөлінді:

  1. Ұлы жүз
    Ме­кен­де­ген өңірлері: Оңтүстік Қазақстан, Жетісу (Іле, Шу, Та­лас өзен­дерінің бойы).
    Тай­па­лар: ду­лат, ал­бан, үйсін, қаңлы, су­ан, жа­лайыр, ша­пыраш­ты, сіргелі. Ұлы жүзді Ақарыс деп те атай­ды.
  2. Ор­та жүз
    Ме­кен­де­ген өңірлері: Ор­та­лық және Шығыс Қазақстан (Ертіс, Есіл, Нұра, То­был, Са­рысу өзен­дерінің бойы).
    Тай­па­лар: арғын, най­ман, ке­рей, уақ, қып­шақ, қоңырат.
    Ор­та жүзді Бе­карыс деп те атай­ды.
  3. Кіші жүз
    Ме­кен­де­ген өңірлері: Ба­тыс Қазақстан, Сыр­да­ри­яның төменгі ағысы (Орал, Ырғыз, Торғай, Еділ өзен­дерінің бойы)
    Тай­па­лар: та­бын, адай, шөме­кей, жағал­бай­лы, ал­шын, шекті, төртқара, та­ма, сер­кеш т. б.
    Кіші жүзді кей­де Жа­нарыс деп атай­ды.

XVI-XVII ғасыр­лардағы Қазақ хан­дығының әле­уметтік- эко­номи­калық және мәде­ни да­муы

Қазақ қоғамын әлу­меттік-тап­тық топ­тарға бөлу негізіне әл-ауқат­ты­лық жағдайынан гөрі, әле­уметтік шығу тегі алын­ды. Жоғары арис­тократ­тық топ — ақсүйек­терге Шыңғыс әулет­тері: хан­дар, сұлтан­дар, оғлан­дар не­месе төре­лер, би­лер, бек­тер сон­дай-ақ, қожа­лар жат­ты. Шыңғыс әулет­тері қазақ ру­лары мен тай­па­лары­ның ешқай­сы­сына жат­пай­тын, олар қоғам­ның басқару­шы то­бын құра­ды. Ал бүкіл өзге ха­лық әл-ауқат­ты­лық жағдайына қара­мас­тан төменгі топқа — қара сүйек­ке жатқызыл­ды. Қара­пайым ха­лық қата­рына – ша­ру­алар, мал­шы­лар, егіншілер мен қолөнершілер, жа­тақтар мен қала ха­лықта­ры, ұсақ са­уда­гер­лер мен ауыл адам­да­ры кірді.

Хан өзінің қасы­нан ұлыс сұлтан­да­ры мен көшпелі тай­па­лар көсем­дерінің кеңесін құрды. Олар хан­дық әмірінің соғыс, дип­ло­мати­ялық мәсе­лелерін, тер­ри­тори­ялық дау-жан­жалдар­ды және т. б. ше­шу үшін жыл бойы құрыл­тайға жи­налып отыр­ды. Мем­ле­кеттік басқару жүйесі әдет­тегі құқыққа (адат) негізделді. Адат­пен бірге мұсыл­мандық құқық нор­ма­лары XVII ғасыр­дың соңын­да, Тәуке хан­ның тұсын­да «Жеті жарғы» де­ген ат­пен бірыңғай жи­нақ түрінде жүйеленіп, то­лықты­рылған бо­латын.

Са­яси-әкімшілік құры­лысы

XVII ғасыр­дың аяғын­да Қазақстан ай­мағын­да бірне­ше фе­одал­дық мем­ле­кет­тер, яғни хан­дықтар құрыл­ды. Бұл кез­де қазақ қауымы үш жүзге бөлінді. Үш жүздің халқы Қазақ хан­дығына бағын­ды. Үш жүзді би­леген қазақ ха­ны «Ұлы хан» бол­ды. Жүздерді кіші хан­дар, ұлыс­тарды сұлтан­дар, ру-тай­па­лар­ды би­лер, ру ба­сыла­ры, ал ауыл­дарды ауыл ағала­ры басқар­ды.

Қазақ хан­да­ры мұра­герлік жол­мен сай­лан­ды. Хан өлсе ор­ны­на үлкен ұлы отыр­ды. Ер жет­кен ба­ласы бол­маған жағдай­да аға-інілері, не­месе олар­дың ба­лала­ры сай­лан­ды. Бірақ хан мұра­гер­лерінің таққа оты­руы сұлтан­дар мен ру-тай­па бас­шы­лары­ның құрыл­тайын­да, яғни «хан көте­ру» деп ата­латын сай­ла­удан өту­ге тиісті бол­ды. Жи­ын­да хан бо­луға лайықты адам­ды ақ киізге отырғызып, үш рет хан көтеріп, «хан ата­сы» болған бе­делді адам­ның ба­тасын алған­нан кейін, рес­ми заңды хан тағына отырған.

Ша­ру­ашы­лықтың да­муы.

а) Ша­ру­ашы­лығы

XVI-XVII ғасыр­ларда қазақтар­да ша­ру­ашы­лықтың үш са­ласы анық байқала­ды:

  1. Көшпелі
  2. Жар­ты­лай көшпелі
  3. Оты­рықшы

Мал­дың негізгі түлігі – қой, жылқы, түйе. Ірі қара аз бо­лып, негізінен оты­рықшы ай­мақтар­да өсірілді. Көшпелі ша­ру­ашы­лық мал­ды ма­усымға қарай жаю тәжіри­бесін туғыз­ды. Ма­усым­ды жайылым 4 ке­зеңге бөлінді:

Көктеу – көктемгі көш, мал­дың төлдеу мерзіміне сәй­кес ке­леді.

Жай­лау – жазғы көш, ма­мыр айының ба­сын­да бас­та­лады.

Күзеу – кұзгі көш, суық бас­та­лысы­мен көшеді.

Қыс­тау – қысқы көш, қара­шаның ақырғы күндері қар жа­уып, мұз қата бас­таған­да көшеді.

Егіншілік Сыр­да­ри­яның ор­та са­ласы мен Жетісу­да, Ертіс бойы мен Зай­сан көлі маңын­да да­мыды. Оты­рар, Түркістан, Са­уран алқап­та­рын­дағы егістік жер­лерді құбыр­лар арқылы су­арып отырған.

Ма­лынан ай­ры­лып, көшу­ге мүмкіншілігі бол­маған ке­дей­лер егіншілікпен ай­на­лысқан,. Олар­ды жа­тақтар деп атаған. Қазақтар аңшы­лықпен, үй кәсіпшілігімен, қолөнер­мен ай­на­лысқан. Көшпелілер үй кәсібінде мал ша­ру­ашылғы шикізат­та­рын өңде­умен ай­на­лыс­ты.

ә) Са­уда. Ақша түрлері

Қазақ хан­дығының Ор­та Азия, Шығыс Түркістан, Орыс мем­ле­кет­терімен са­уда қаты­насы да­мыған. Ұсақ ақша са­уда­сы қал­пы­на келтіріліп, күміс жа­латылған мыс дир­хемдер негізгі ай­на­лым құра­лы бол­ды. Оты­рар­да ұсақ ти­ын­дар қыз­метін атқарған мыс фель­стер соғыл­ды.

XV ғасыр­дың екінші ши­регі – Ұлықбек ақша ре­фор­ма­сын жүргізіп, мыс теңге­лер­ге тыйым са­лынып, олар­ды жоғары са­палы мыс ди­нар­мен ауыс­тырды.

XVI ғасыр­дың бірінші жар­ты­сы – Оңтүстік Қазақстан­дағы ақша ай­на­лымын­да Темір мен Шай­бан ұрпақта­ры шығарған мыс теңге­лер пай­да­ланыл­ды.

XVI ғасыр­дың ор­та­сы – Қазақстан қала­лары­на ор­та­азиялық мыс теңге­лердің ағыны азайып, Таш­кент­те, Йас­сы­да соғылған мыс теңге­лер ке­ле бас­та­ды.

Оты­рар­да ішкі ай­на­лымға ар­налған жа­зусыз мыс теңге­лер шығарыл­ды. Күміс теңге­лер ірі ха­лықара­лық са­уда­да қол­да­ныл­ды.

XVI-XVII ғасыр­ларда соғылған мыс теңге­лер­ге хан­дардың есімдері жа­зылған.

XVII ғасыр – Оты­рар­да ақша шығару­да құлды­рау ке­зеңі бас­та­лып, теңге­лер Түркістан мен Таш­кент­те соғыл­ды.

XVII ғасыр­да Оңтүстік Қазақстан қала­ларын­дағы ақша ай­на­лымы теңге емес, жу­ан сым­нан кесіп алу арқылы жа­салған шағын мыс ке­сек­тер түріндегі ақша­ның бо­лу­ымен ерек­ше­ленеді.

б) Қала­лар

XV ғасыр­дың бірінші жар­ты­сы — XVII ғасыр­дың ба­сын­да – Қазақстан қала­лары­ның са­ны 23-ке дейін азайып кетті. Ра­бад­тар бос қалып, қала халқы бекініс қама­лы бар ор­та­лыққа шоғыр­ланды. XVI-XVII ғасыр­ларда ай­мақтың са­яси және эко­номи­калық өміріндегі бас­шы­лық рөлі Сыр­да­ри­яның солтүстік жағала­уын­дағы Аркөк, Аққорған, Құтжан, Үзгент қала­лары­на ауыс­ты. Қара­та­удың солтүстігіндегі бас­ты қала – Со­зақ. Түркістан – Оңтүстік Қазақстан­ның бас­ты қала­сы.

XVI-XVII ғасыр­лар – Қазақстан­да 70 мыңдай қала халқы болған.

Сығанақ – Шығыс Дешті-Қып­шақ үшін «са­уда ай­мағы», Қасым хан­дығының ор­да­сы. XVI-XVII ғғ. қазақ хан­дығының ас­та­насы, діни ор­та­лық. Сыр­да­рия бойын­дағы көшпелі да­ламен шек­тесіп жатқан шеткі қала.

Оты­рар – Оңтүстік Қазақстан жеріндегі ірі са­уда-өнеркәсіп ор­та­лығы. XVI ғасыр­да Түркістан­дағы Шай­бан әулетінің ме­кені. VI­II ғасыр­дың ба­сынан Тар­банд аты­мен белгілі қала. Де­рек­терде: Тұрар­банд, Тұрар, Фа­раб. V-XV ғғ. Арал бойын­дағы көшпелілер­мен са­уда жүргізетін ор­та­лық болған. Ер­зен хан қала­да мешіт-мед­ре­селер сал­дырған.

Са­уран – XVI ғасыр­дағы мұна­ралы, биік қамал қабырғалы, те­рең ор қазылған қорғаныс жүйесі. Оның тер­беліп тұра­тын мұна­рала­ры болған. Са­уран қала­сы үшін Өзбек пен Қазақ хан­дығының ара­сын­да І ғасырға со­зылған шайқас бол­ды. XVI ғасыр­да Қазақ хан­дығына түпкілікті өтті. Тәуекел хан тұсын­да – берік қамал, ірі са­уда ор­та­лығы.

Сай­рам – мықты бекініс, ірі са­уда-өнеркәсіп ор­та­лығы. Мәуерен­нахр­дан Түркістан мен Жетісуға шығатын са­уда және әске­ри жол­дардың то­рабы­на ор­на­ласқан қала. Сай­рам XVI-XVII ғғ. Қазақ хан­дығының қоғам­дық, әле­уметтік-эко­номи­калық өмірінде бас­ты орын ал­ды.

Со­зақ – ірі бекініс, са­уда және өнеркәсіп ор­та­лығы. Қазақ хан­дығы би­ле­ушілерінің бас­ты тірегі, әске­ри бақылау ор­та­лығы.

Йасы (Түркістан XIV ғ.) — XVII ғ. екінші жар­ты­сын­да Қазақ хан­дығына өтті. Есім хан тұсын­да ас­та­на бол­ды. Ке­ру­ен са­уда жо­лы Түркістан­ды ба­сып өтті.

XVI-XVI­II ғасыр­лардағы Қазақ хан­дығының мәде­ни­еті

Қазақ халқының тіршілік-тұрмы­сын­да қолөнер кәсібі үлкен маңыз­ды орын ал­ды. Өй­ткені мал ша­ру­ашы­лығы не­месе егіншіліктің да­муы қолөнер кәсіпшілігімен тіке­лей бай­ла­ныс­ты бол­ды. Мал ша­ру­ашы­лығы үшін ер-тұрман, ат әбзел­дері, мал­ды ұстай­тын, бай­лай­тын жаб­дықтар, егіншілік үшін жер жыр­та­тын және тыр­ма­лай­тын, ас­тықты жи­най­тын және өңдейтін құрал­дар т. б. қолөнершілердің еңбегімен дайын­далды. Бұл кез­дегі қазақтың қолөнер кәсіпшілігі қара­байыр ша­ру­ашы­лық еді. Үй­де істе­летін кәсіп бұйым­дардың көпшілігі та­уарға ай­нал­май­тын, өндірушінің өз от­ба­сын ғана қанағат­танды­руға пай­да­ланы­латын. Ха­лық өнері, әсіре­се, киіз үйдің жаб­дықта­рын, жиһаз­да­рын жа­са­уда ерек­ше өрістеді.

Бұл кез­де оңтүстік Қазақстан қала­лары­ның, Ор­та Ази­ямен, Шығыс Түркістан­мен, Орыс мем­ле­кетімен са­уда-сат­тық бай­ла­нысы жан­данды. Осы­ның арқасын­да көшіп-қону­шы және оты­рықшы ха­лық топ­та­рының эко­номи­калық, мәде­ни-әле­уметтік қарым-қаты­насы кеңейе түсті. XVI-XVI­II ғасыр­ларда «Ұлы жібек жо­лы» бойын­да ор­на­ласқан Сығанақ, Са­уран, Оты­рар, Түркістан, Сай­рам, Жент т. б. қала­лар­дың тез­деп өркен­деуі, қазақ халқының біртұтас ел бо­лу­ына, же­ке хан­дық құрып нығаюына үлкен әсерін тигізді. Түркістан, Оты­рар, Та­раз, Сай­рам және тағы басқа қала­лар­дан та­былған күміс теңге­лер мен мыс ақша­лар Қазақ хан­дығы тұсын­да са­уда-сат­тық өркен­деп, ақша ай­на­лымы да­мыған­дығын көрсе­теді.

Сығанақ пен Са­уран­ның, Ясы мен Оты­рар­дың ар­хи­тек­ту­ралық комп­лек­стері, Жәнібек пен Қасым­ның Са­рай­шықтағы, Қазанғап­тың Ұлы­тау жеріндегі ке­сене­лері, Маңғыс­та­удағы, Сыр­да­рия алқап­та­рын­дағы және Қара­тау қой­на­ула­рын­дағы ма­зар­лар өзіндік сәулет-си­паты­мен, ар­хи­тек­ту­ралық фор­ма­лары­ның жи­нақылық әрі айқын­шы­лығымен ерек­ше­ленді.

Ұлан бай­тақ кең да­лада мал бағып, күндерін та­биғат құшағын­да мал өрісінде, түндерін жұлдыз­ды ас­пан ас­тындағы мал күзетінде өткізген қалың қазақ, әлем­дегі та­биғат құбы­лыс­та­рын үнемі бақылап отырған. Осы бақыла­удың нәти­жесінде ха­лықтың көпжыл­дық тәжіри­белері қоры­тылып, жұлдыз­ды ас­пан ту­ралы аст­ро­номи­ялық түсініктер мен білімдер жи­нақталған. Және оның негізінде байырғы қазақ күнтізбесі қалып­тасты. Қазақ халқы ас­пан әлемін бақылау арқылы «құс жо­лы», «құй­рықты жұлдыз», «ақпа жұлдыз» және «кемпірқосақ» жайын­да ұғымын кеңей­тті.

XVI-XVII ғасыр­ларда қазақтар ара­сын­да ис­лам діні кеңінен та­рады. Оны та­рату­да Сығанақ, Түркістан, Хо­резм, Бұха­ра, Са­марқанд сияқты қала­лар ай­рықша рөл атқар­ды. Ис­лам діні көшпелі ха­лық ара­сын­да те­рең та­мыр жайған жоқ. Оған се­беп қақтығыс­тар, соғыс­тар және түрлі са­яси қара­ма-қай­шы­лықтар еді. Сон­дықтан ха­лықтың әсіре­се көшпелі бөлігі ис­лам дінін көпке дейін қабыл­да­май, тәңірге, күнге, ас­панға, жер­ге, суға та­бынуға негіздел­ген на­ным­ды ұста­ды. Қазақтар өмірінде от­ты қаси­ет­теу үлкен рөл атқар­ды.

XVI-XVI­II ғасыр­ларда қазақ халқының ара­сын­да тақыры­бы мен жан­ры жағынан алу­ан түрлі ауыз әде­би­еті кең өріс ал­ды. Қазақ халқының по­эзиясын­да жы­ра­улар­дың ор­ны ерек­ше бағалан­ды. Жыр толғаула­рын­да қанат­ты сөздер, ғиб­ратты нақыл­дар кең орын ал­ды. Сол кез­дегі қазақ по­эзиясы­ның аса ірі тұлғала­ры – Шал­киіз (XV ғ.), Дос­памбет (XVI ғ.), Жи­ем­бет (XVII), т. б. жы­ра­улар.

Қазақтың ба­тыр­лар жы­ры эпосқа тән аңыз сияқтанғаны­мен, олар­дың бәрі дерлік та­рихи оқиғаларға құрылған. Мәсе­лен, Қобы­лан­ды, Ал­па­мыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қам­бар дас­танда­ры та­рих шын­дығымен қабы­сып жатқан шығар­ма­лар. Қазақтың әле­уметтік-тұрмыс­тық дас­танда­ры да («Қозы Көрпеш-Ба­ян сұлу», «Қыз Жібек» т. б.) фе­одал­дық-ру­лық қоғам­ның өмірін үлкен ше­берлікпен көрсе­теді.

Бұл кез­де Қазақ хан­дығының мем­ле­кеттік құры­лысы мен ха­лық өмірінің ерек­ше жағдай­ла­рын өзіндік өзге­шелігімен қам­ти­тын қоғам­дық ук­лад «би­лер сөзі», «би­лер ай­ты­сы», «би­лер да­уы», «төрелік ай­ту», «ше­шендік сөздер» деп ата­латын көркемдік мәде­ни­еттің біре­гей түрін туғыз­ды. Әде­би­еттің бұл түрін шығару­шылар негізінен XVI-XVI­II ғасыр­ларда қазақ қоғамын­да сот ісін жүргізу­мен ғана ай­на­лысқан жоқ. Би­лер хан кеңесінің мүше­лері бо­лып, мем­ле­кеттік істер­ге бел­се­не ара­лас­ты. Со­нымен бірге атақты би­лер тай­па­лар мен ру­лар­дың бас­шы­лары бо­лып, ел басқар­ды, жи­ын­дарда со­лар­дың аты­нан сөз сөй­леп, ай­тыс-тар­тыстар кезінде олар­дың мүдде­лерін қорғады.

Қазақтың атақты би­лері по­эти­калық та­лан­ты зор және су­ырып сал­ма ай­ту мен ше­шендік сөз арқылы өза­ра ай­тыс­тың та­маша ше­бер­лері болған. XVI-XVI­IIғасыр­ларда би-ше­шен­дер ара­сын­да мем­ле­кеттік және қоғам­дық қыз­метінің маңыз­ды­лығы, ше­шендік өнерінің күшімен по­эти­калық ше­берлігі жағынан Төле би Әлібекұлы (1663–1756), Қазы­бек Келдібекұлы (1665–1765), және Әй­те­ке Бай­бекұлы (1682–1766) ерек­ше орын ал­ды. Олар тек Қазақстан­да ғана емес, со­нымен қатар Ре­сей­де, Хи­уада, Жоңғария мен Қытай им­пе­ри­ясын­да та­нымал болған.

Бұл кез­де қазақ тіліндегі жаз­ба әде­би­ет­тері діни және аңыз­дық мазмұндағы кітап­тар түрінде та­рал­ды, сон­дай-ақ та­рихи шығар­ма­лар мен ру­лар та­рихы (шежіре) жа­сал­ды. Олар­дың ішінен За­хир-ад-дин Ба­быр­дың «Ба­быр­на­масын», Ка­малад-дин Би­най­дың «Шай­ба­ни-на­месін», Мұхам­мед Хай­дар Ду­латидің «Та­рих-и Ра­шидиін», Қожамқұл бек Ба­хидің «Та­рих-и-Қып­шағын», Қадырғали «Жа­ми-ат-та­вари­хын» және басқа да шығар­ма­лар­ды ар­найы бөліп көрсе­туге бо­лады.

Бұл кез­де Қазақ хан­дығы көршілес мем­ле­кет­термен, Ор­та және Та­яу Шығыс ел­дерімен үздіксіз ара­ласып отыр­ды. Мұның өзі араб-мұсыл­ман мәде­ни­еті мен ғылы­мының та­ралу­ына әсерін тигізді. Қазақ жерінде мек­тептер мен мед­ре­селер ашы­лып, олар­да оқу араб-пар­сы және түрік тілдерінде жүргізілді. Қазақтар жа­зуда араб әліп-биін тұтын­ды. Мек­тептер мен мед­ре­селер­де ғылым­ның әр түрлі са­лала­ры "дін ілімі, ма­тема­тика, ло­гика, фи­лосо­фия) бойын­ша білім беріліп, Шығыс­тың ұлы ақын­да­рының клас­си­калық ту­ын­ды­лары­мен та­ныс­ты­рыл­ды. Мұның бәрі қазақ халқының жал­пы да­му­ына, бүкіл қоғам­ның ру­хани өмірі мен мәде­ни­етіне игі ықпал жа­сады.

Со­нымен, XVI-XVI­II ғасыр­ларда Қазақ қоғамын­да ша­ру­ашы­лықтың және мәде­ни­еттің да­му­ын­да еле­улі ілгеріле­ушілік орын ал­ды. Оның бас­ты се­бебі, қазақ халқының біртұтас мем­ле­кет­ке бірігуімен бай­ла­ныс­ты еді.

Кіші жүздің Ре­сей им­пе­ри­ясы­ның құра­мына енуі

Қазақ елінің ауыр сыртқы жағдайын Кіші жүз ха­ны Әбілқайыр Ре­сей им­пе­ри­ясы­ның қол­да­уы арқылы шеш­пекші бол­ды. Әбілқайыр хан­ның мақсат­ты­ры:

  1. Қал­мақтар мен башқұрттар­дың Қазақ жерін ша­бу­ыл­да­уын тоқта­ту.
  2. Пе­тер­бург би­ле­ушілеріне арқа сүйеп, аға хан­дыққа та­лас­та қар­сы­лас­та­рын жеңу.
  3. Жайықтың төменгі ағысы, Есіл, Ертіс, Ор өзен­дері бойын­дағы қазақтар­дың мал жайылым­да­ры үшін бейбіт өмірді сақтау.
  4. Қазақ жері арқылы өтетін ке­ру­ен жол­да­рының қауіпсіздігін қал­пы­на келтіру.
  5. Ең бас­ты мақса­ты – жоңғар­ларға қар­сы күрес­те Ре­сей­мен бай­ла­ныс ор­на­ту.

Әбілқайыр хан 1726 жы­лы Ре­сей им­пе­ри­ясы­ның құра­мына кіру­ге өтініш білдіріп, елшілерін жібер­ген бо­латын. Бірақ елшілікке күмәнданған пат­ша үкіметі хан ұсы­нысын жа­уап­сыз қал­дырған. Кіші жүз ақсүйек­терінің та­лабы: Ре­сей­мен әске­ри одақ құру.

Әбілқайыр хан та­лабы: Ре­сейдің құра­мына кіру.

1730 жылғы қыркүйек – Пе­тер­бург­ке ат­танған елшілері Сейітқұл Қой­дағұлұлы, Құтлым­бет Қош­тайұлы­на Ре­сейдің құра­мына кіру ту­ралы құжат тап­сырды.

1731 жылғы 19 ақпан – Кіші жүзді им­пе­рия құра­мына қабыл­дау ту­ралы хан ұсы­нысын им­пе­рат­ри­ца Ан­на Иоан­новна қабыл­да­ды.

Кіші жүз ақсүйек­тері мен Әбілқайыр­дан ант қабыл­дау үшін Ре­сей­ден сыртқы істер кол­ле­ги­ясы­ның тілмәші, дип­ло­мат А. И. Тев­ке­лев бас­таған елшілік жіберілді.

1731 жы­лы қазан­да орыс елшілері Ырғыз өзені бойын­дағы Әбілқайыр ор­да­сына кел­генде, қазақ ақсүйек­тері ара­сын­да ала­уыз­дық бар екені анықтал­ды. Ба­рақ сұлтан, Бөген­бай ба­тыр топ­та­ры Кіші жүзді Ре­сей­ге қосу жөніндегі ша­ралар­ды аяқсыз қал­ды­руға ты­рысқан­мен, бұл қар­сы­лық сәтсіз аяқтал­ды.

1731 жылғы 10 қазан – Кіші жүздің 29 стар­шы­ны Ре­сейдің қол ас­ты­на кіру­ге ант берді.

Кіші жүздің Хи­уа хан­дығымен, қарақал­пақтар­мен шек­тесіп жатқан аудан­да­ры Ре­сей им­пе­ри­ясы­на қосыл­ма­ды. Орыс үкіметі Қазақ өлкесі жөнінде отар­шылдық са­ясат ұста­нып, 1714–1720 жыл­да­ры бекіністер тұрғызған бо­латын: Жәміш, Ом­бы, Кол­ба­синск, Же­лезинск, Се­мей, Ко­ряков (Ке­реку), Өске­мен.

Пат­ша үкіметінің мақса­ты – қазақ-жоңғар соғысын пай­да­ланып, бекіністер са­лу арқылы Қазақ өлкесін біртіндеп жа­улап алу.

Пат­ша үкіметі Жайық бойына бекіністер тұрғызып, егін ша­ру­ашы­лығына қолай­лы өңірлерді ба­сып алып, орыс по­мещик­теріне, ка­зак-орыс қоныс­та­нушы­лары­на та­ратып бе­ру са­яса­тын ашық жүргізе бас­та­ды.

Жаңадан қосылған қазақ жер­леріндегі шеп­терін нығай­ту мақса­тын­да Ре­сей үкіметі 1734 жы­лы ма­мыр­да Се­нат­тың хат­шы­сы И. К. Ки­рил­лов басқарған экс­пе­диция жаб­дықта­ды:

  • Ор өзені бойын­да бекініс тұрғызу;
  • Ор­та Азия хан­дықта­рымен ке­ру­ен са­уда­сын кеңей­ту;
  • Қазақ өлкесіндегі та­биғат бай­лықта­рын иге­ру;
  • Сыр­да­рия бойын­да қала тұрғызып, Өзен фло­тили­ясын құру.

Са­яси жағдай­дың ши­еленісіп ке­туіне бай­ла­ныс­ты экс­пе­диция мақсат­та­ры түгел іске ас­па­ды.

1735 жыл – Ор өзені бойын­да Ор бекінісінің негізі қалан­ды.

Орын­бор ше­кара­лық ко­мис­си­ясы­ның ке­лесі төрағасы И. И. Неп­лю­ев (1742 ж.) Орск қала­шығын 1743 жы­лы жаңа жер­ге көшірді. 1743 жыл – Орын­бор қала­сының негізі қалан­ды.

1735–1737 жыл­да­ры болған башқұрттар­дың көтерілістері кезінде Әбілқайыр­дың башқұрт би­ле­ушілерімен бірігіп ке­туінен сес­кенген пат­ша үкіметі екінші рет ант алу­ды көздеді.

1738 жылғы та­мыз – Орын­бор ко­мис­си­ясы­ның бас­шы­сы, та­рих­шы В. Н. Та­тищев Орын­борда қазақ сұлтан­да­рының съезін өткізді.

Кіші жүз бен Ор­та жүзден бар­лығы 60-қа жуық стар­шын Ре­сей­ге берілгендігін қуат­тап екінші рет ант берді.

1740 жыл – Әбілмәмбет хан мен Абы­лай сұлтан­ның ант бе­руі са­яси жағдай­дан туған ай­ла бол­ды. Ре­сей­мен жақын­да­сып, Ор­та жүзге жа­сала­тын жоңғар ша­бу­ылын әлсіре­туді көздеді.

1734 жылғы 10 ма­усым – им­пе­рат­ри­ца Ан­на Иоан­новна Ұлы жүзді Ре­сей құра­мына қабыл­дауға келісімі жөнінде жар­лық шығар­ды.

Абы­лай хан және оның ішкі және сыртқы са­яса­ты

Абы­лай хан – (Әбілмансұр, Са­балақ, Абы­лай сұлтан, Абы­лай баһадүр) қазақтың белгілі ұлы хан­да­рының бірі. Ол 1711 жы­лы, кезінде Ор­та Ази­яның бірне­ше қала­сының би­ле­ушісі «қанішер Абы­лай­дың» ба­ласы «Көркем Уәлидің» шаңырағын­да дүни­еге кел­ген. Әбілмансұрдың әкесі Уәли Түркістан­ды би­леген кезінде, шайқас­тардың бірінде қазаға ұшы­раған. Жау қолы­нан туған-ту­ыс, үй іші бірдей қыры­лады. Хан­ның сенімді көмекшілерінің арқасын­да Әбілмансұр аман қалған екен. Осы қырғын­нан жас хан­за­даны Ораз ата­лық дейтін адам алып шығып, көшпелі қазақ ішінде жан сақтай­ды. Абы­лай өзінің шыққан тегін, өзінің хан тұқымы­нан екенін жа­сырып кел­ген.

Үйсін Төле бидің түйесін бағып жүріп, Са­балақ де­ген ат ала­ды. Төле би үсті-ба­сының тоз-то­зы шыққан, ша­шы өскен оған осы есімді қойған екен-мыс. 1729 жы­лы жоңғар­лармен болған Аңырақай шайқасын­да Са­балақтың аты шығып, алғаш көзге түседі. 1733 жы­лы болған соғыс­тардың бірінде жеңіске же­теді. Са­балақ ор­таға «Абы­лай» деп ұран­да­тып шығып, қал­мақтың ба­тыры Ша­рыш­ты жек­пе-жек­те өлтіреді. Қал­мақтың қас ба­тырын жеңген Са­балақтың аты қазақ да­ласы­на та­рап, енді оны «Абы­лай» деп атап ке­теді. Осы шайқас­тан кейін Абы­лай­дың шыққан тегі мәлім бо­лып, қазақтың ха­ны Әбілмәмбет «тақ сенікі» деп тағын ұсынған екен. Абы­лай рес­ми түрде 1771 жы­лы, тек Әбілмәмбет қай­тыс болған­нан кейін ғана таққа оты­рады. Абы­лай өз за­маны­ның көре­ген де ақыл­ды са­ясат­кері, жа­ужүрек ба­тыры, өткір ой­лы, да­рын­ды дип­ло­маты болған. Ол со­нымен қатар мұсыл­мандық білім алған, са­уат­ты да ай­бын­ды би­ле­уші болған. 1730 жы­лы Абы­лай хан көрші ел­дермен келісімдер­ге қаты­сып, қазақтар­дың бар­лық әске­ри жо­рықта­рын басқара­ды.

1740–1750 жыл­да­ры Абы­лай жоңғар­лармен бейбіт келісімге келіп, жоңғар­лар қазақтарға Сыр­да­рия маңын­дағы қала­лар­ды қай­та­рып бе­реді. 60-жыл­да­ры ол Ре­сей және Қытай­мен дип­ло­мати­ялық бай­ла­ныс­тар ор­на­тады. Осы­лай­ша Абы­лай қазақтың жерін көршілерінен қорғап қалу са­яса­тын ұстан­ды. Абы­лай хан­ның көре­ген және ше­бер дип­ло­мати­ялық са­яса­тының нәти­жесінде XVI­II ғасыр­дағы көшпелі эт­ностар­дың ішінде қазақтар ал­дыңғы орынға шықты.

Абы­лай хан Қазақстан­да және одан тысқары жер­де да­рын­ды қол­басшы, зер­делі са­ясат­кер ретінде та­ныл­ды. Ол қазақ хан­дығын қуат­ты мем­ле­кет­ке ай­нал­ды­руды мақсат етті.

1754–1755 жыл­да­ры Қытай Жоңғари­яны жа­улап алып, Қазақстан­ның ше­кара­сына жақын­дай­ды. Қазақтар Абы­лай­дың бас­та­уымен жеңілген жоңғар­ларға көмек көрсе­теді. Олар қал­мақтар­дың соңғы ха­ны Әмірса­наны Қытайға бер­мей, қай­та Қытай әскер­леріне қар­сы соғыса­ды (1756 ж.). Қазақ би­ле­ушілері Жоңғар мем­ле­кетін сақтап қалу­ды көздеді, өй­ткені ол Қазақстан мен қытай ара­сын­да өткел ел (бу­фер) ретінде еді. XVI­II ғасыр­дың екінші жар­ты­сын­да Абы­лай­дың ішкі са­яса­ты ор­та­лық билікті нығай­туға бағыт­талды. Абы­лай елді ұлыс жүйесімен басқару­ды енгізді.

Ор­та­лық билікті күшей­ту­де Абы­лай хан­ның жа­саған екінші бір ша­расы өз дәуіріндегі бе­делді, та­лант­ты же­ке тұлғаларға сүйену бол­ды. Абы­лай хан­ды XVI­II ғасыр­дағы ұлы жы­ра­улар Бұқар жы­рау, Үмбе­тей, Тәтіқара, ба­тыр­лардан Қабан­бай, Бөген­бай, Ма­лай­са­ры, атақты би­лер Ұлы жүздегі Төле би және Ор­та жүздегі Қазы­бек би мен Кіші жүздегі Әй­те­ке би­лер үнемі қол­дап отыр­ды.

Абы­лай хан­ның көре­гендікпен жүргізген ішкі және сыртқы са­яса­ты ба­рысын­да Қазақ хан­дығы қуат­ты, біртұтас мем­ле­кет­ке ай­нал­ды.

1781 жы­лы Абы­лай хан Түркістан­да қай­тыс бо­лып, Қожа Ах­мет Йас­са­уи ке­сенесінде жер­ле­неді.

Қазақ хан­дығының жойылуы. Сы­рым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақта­рының көтерілісі (1783–1797 жж.)

Көтерілістің се­беп­тері мен алғышарт­та­ры. 1773–1775 жыл­дардағы Е. Пу­гачев басқарған ша­ру­алар соғысы­на қатысқан қазақтар­дың негізгі та­лап­та­ры қанағат­танды­рыл­ма­ды;

  • Көпте­ген сұлтан­дар, би­лер басқа да Кіші жүздің ықпал­ды адам­да­ры пат­ша үкіметінің са­яса­тымен келіспеді;
  • Кіші, Ор­та жүздердің кейбір аудан­да­ры Уфа, Си­бирск гу­бер­ни­яла­рына бағын­ды­рыл­ды;
  • Жайық бойын­дағы ка­зак­тардың, жаңадан қоныс аударған көпес­тердің оз­бырлығы жергілікті қазақтар­дың ашу-ыза­сын келтірді. Сон­дықтан көтерілісшілер бұрынғы жер­лерді қай­та­рып алу, Жайық ка­зак­та­рының, Нұра­лы хан­ның оз­бырлығына шек қою сияқты мәсе­лелерді мақсат етіп ал­ды­на қой­ды.

Қозғаушы күштері. Бас­ты қозғаушы күштер көшпенді қазақ ша­ру­ала­ры бол­ды. Бұлар­мен қатар пат­ша үкіметінің са­яса­тымен келіспе­ген үстем тап өкілдері (ба­тыр­лар, би­лер) де қатыс­ты. Көтеріліске қатысқан Кіші жүз ру­лары: жағал­бай­лы, шекті, беріш, та­бын, шөме­кей, алаш, сер­кеш, таз, бай­бақты, алаш, қара­кесек, төртқара т. б. Көтерілісті бай­бақты ру­ының стар­шы­ны ба­тыр Сы­рым Датұлы басқарған.

Көтерілістің ба­рысы. 1783 жы­лы Сы­рым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақта­рының ка­зак әскер­леріне қар­сы көтерілуі бас­талды.

1784 жы­лы Сы­рым Датұлы ка­зак­тар тұтқыны­нан бо­сап, көтеріліске ірі қол жи­най бас­та­ды. Бұл тұтқынға ол 1783 жы­лы жел­тоқсан айын­да түсті. Көтерілісшілер ара­сын­да Жантөре сұлтан, Ба­рақ, Тіленші стар­шындар сияқты үстем тап өкілдері де бол­ды.

1784 жы­лы Сы­рым Датұлы­ның қара­мағына 1000-ға жуық адам шоғыр­ланды. Пат­ша үкіметі көтерілістің етек алу­ынан сес­кеніп, жа­зала­ушы от­рядтар­ды жібе­ре бас­та­ды.

1785 жы­лы 17 ақпан­да ге­нерал-майор Смир­нов басқарған, ка­зак­тар мен башқұрттар­дан құралған 2670-тей ада­мы бар жа­зала­ушы от­ряд қара­пайым ауыл­дарды ой­ран­дап, біраз қазақтар­ды тұтқын­да­ды.

1785 жы­лы Сы­рым Датұлы басқарған көтерілісшілердің күресі ба­рын­ша кеңейді.

1785 жы­лы на­урыз­да На­заров басқарған Жайық ка­зак от­рядта­ры көтерілісшілер­ге ша­бу­ыл жа­сады. Мұнда екі жақ та нақты нәти­жеге жет­педі.

1787 жы­лы Кол­па­ков пен По­нома­рев басқарған, 1250 адам­нан құралған жа­зала­ушы от­рядтар көтерілісшілер­ге ша­бу­ыл жа­сауға ба­та ал­май, бейбіт ауыл­дарды ой­ран­да­ды. Нұра­лы хан­ның пат­ша үкіметін жақта­уы көтерілісшілердің ал­да­рына Нұра­лы хан­ды тақтан тай­ды­ру мақса­тын қоюға се­беп бол­ды.

1785 жы­лы Кіші жүздің ақсүйек­тер то­бы Нұра­лыны тақтан тай­ды­ру үшін құрыл­тай өткізді.

1786 жы­лы Нұра­лы хан Орал бекінісіне қашып бар­ды.

1790 жы­лы Нұра­лы Уфа­да қай­тыс бол­ды. Жайық бойын­дағы ка­зак әскері жа­саған оз­бырлықта­ры көтерілістің одан әрі өршуіне се­беп бол­ды.

1790 жы­лы та­мыз­да ка­зак әскерінің бас­шы­сы Д. Донс­ков 1500-ге тар­та адам мен бейбіт жатқан қазақ ауыл­да­рын ой­ран­да­ды. Бұл, әри­не, қазақтар­дың қар­сы­лығын ту­дыр­ды.

1791 жы­лы Нұра­лының ор­ны­на Кіші жүздің ха­ны бо­лып Ера­лы сұлтан сай­лан­ды. Бұл жағдай көтерілістің одан әрі кеңеюіне әсер етті.

1792 жы­лы Сы­рым Датұлы Ре­сей­ге қар­сы күресін ашық түрде кеңей­тті. Қазақ фе­одал­да­рының біраз бөлігі Сы­рым Датұлын қол­да­мады. Ал Жантөре сұлтан, Ера­лы, Ба­рақ, Ілек­бай стар­шындар Сы­рым Датұлын қол­да­ды. Бірақ осы уақыт­тан бас­тап Сы­рым Датұлы көтерілісінің қарқыны уақыт­ша бәсеңдеді. Оған көтерілісшілердің Елек пен Крас­но­горск бекіністерін алу­дағы сәтсіздігі се­беп бол­ды.

1794 жы­лы Ера­лы хан өлді.

1795 жы­лы Нұра­лының ұлы Есім хан бо­лып сай­лан­ды. Есімнің хан тағына оты­руы Сы­рым­ның басқарған көтерілісінің қай­та­дан өрістеуіне се­беп бол­ды.

1797 жы­лы 17 на­урыз­да Сы­рым басқарған көтерілісшілер хан са­райына ша­бу­ыл жа­сап, Есім хан­ды өлтірді.

1797 жы­лы пол­ковник Сквор­кин Сы­рым көтерілісшілерін қуда­лай бас­та­ды, бірақ қуда­ла­ушы­лар­дың алғашқы әре­кет­тері сәтсіздікпен аяқта­лып жат­ты.

Көтерілістің жеңілуі. Есім ханн­ның өлімінен кейін Кіші жүзде хан сай­лау мәсе­лесі тұрды. Ал пат­ша үкіметі Кіші жүздегі хан сай­лау мәсе­лесін жүзе­ге асыр­мауға ты­рыс­ты. Бірақ осыған қара­мас­тан, Кіші жүз фе­одал­да­ры Нұра­лының ба­ласы Қара­тай­ды хан ор­ны­на сай­ла­ды.

Осы­дан кейін Сы­рым Датұлы өзіне қарас­ты ха­лықты ар­ты­нан ертіп, Сыр­да­рияға қоныс аудар­ды. Ханға, хан кеңесіне қар­сы болған Кіші жүздің ықпал­ды адам­да­ры Сы­рым­ның қасы­на топ­тасты.

1797 жы­лы пат­ша үкіметі хан­дық кеңесті жойып, Кіші жүздегі хан­дық билікті қал­пы­на келтірді. Хан бо­лып Ай­шуақ сұлтан бекітілді.

1797 жы­лы Сы­рым Хи­уа хан­дығының жеріне қоныс аудар­ды. Се­бебі бұл кез­де Қара­тай сұлтан Сы­рым­ның қуғын­да­уын жиілет­кен еді.

1797 жы­лы Сы­рым­ның Хи­уа жеріне өтуі, оның бас­шы­лығымен болған көтеріліс те жеңіліспен аяқтал­ды.

1802 жы­лы Сы­рым Датұлы Хи­уа жерінде қай­тыс бол­ды.

Көтерілістің жеңілу се­беп­тері

  • Көтерілістің ұйым­дасты­рылуы на­шар бол­ды;
  • Үстем тап өкілдері (би­лер, стар­шындар) ара­сын­дағы ала­уыз­дық;

  • Ру ара­сын­дағы қай­шы­лықтар;

  • Көтеріліске шыққан әр түрлі топ­тар ара­сын­дағы бай­ла­ныс­тардың на­шар­лығы;
  • Жа­зала­ушы ка­зак от­ря­дының қару-жа­рағы мен күштерінің мықты­лығы;

  • Қазақ фе­одал­да­рының Орал ка­зак­та­рына са­тылуы;

  • Қазақ ша­ру­ала­ры ара­сын­дағы әр түрлі жағдай­лар т. б.

Көтерілістің та­рихи маңызы. 1783–1797 жыл­дардағы Кіші жүздегі ша­ру­алар көтерілісі – XVI­II ғасыр­дағы Жайық бойын­дағы ірі ха­лықтық қозғалыс. Бұл көтеріліс белгілі бір мөлшер­де ха­лықтың пат­ша үкіметіне қар­сы көтеріле ала­тынын дәлел­деді. Көтерілістің дүмпуі біразға дейін ба­сыл­ма­ды. Бұл көтеріліс пат­ша үкіметі отар­лау са­яса­тын ашық жүргізіп отырғанын дәлел­деді.

1801 жы­лы пат­ша үкіметі қазақтарға Жайықтың оң жағына жайғасу­ына рұқсат берді. Бұл – Сы­рым Датұлы басқарған көтеріліс нәти­желерінің бірі.