Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша

Қазақстан­ның Ре­сей­ге қосы­луы XVI­II ғасыр­дың 30-жыл­да­ры бас­та­лып, ұзақ және күрделі оқиғалар мен үрдістер­ден кейін ғана XIX ғасыр­дың 60-жыл­да­ры аяқтал­ды. Қазақстан­ның Ре­сей­ге қосы­луы үш ке­зеңнен тұра­ды:

  • XVI­II ғасыр­дың 30-жыл­да­рынан – XIX ғасыр­дың 20-жыл­да­рына дейін. Бұл жұзжыл­дықтың ішінде Ре­сей мен Қазақ хан­дығының ара­сын­да про­тек­то­рат қарым-қаты­насы ор­на­ды. Ре­сей бекіністері мен шеп­тері қазақ жерінің солтүстік ше­кара­сын жан-жақтан қор­ша­ды. Қазақ хан­да­рының сыртқы істеріне орыс билігі тығыз ара­лас­ты және хан­дарды бекітіп отыр­ды.
  • Бағыныш­ты­лық (вас­са­литет) ке­зеңі, XIX ғасыр­дың 60-жыл­да­рына дейін. Оның негізгі көрінісі 1822 жы­лы қабыл­данған «Сібір қырғыз­да­ры ту­ралы Жарғы» мен 1824 жы­лы қабыл­данған «Орын­бор қырғыз­да­ры ту­ралы Жарғы». Осы жарғылар­дың нәти­жесінде хан­дық билік күшін жойып, Ре­сей бо­дан­дығын­дағы қазақ өлкесінде ішкі және сыртқы ок­ругтер ашыл­ды. Ок­руг бас­шы­лары аға сұлтан­дар мен сұлтан-пра­витель­дер ге­нерал-гу­бер­на­тор­лықтарға бағын­ды. Ок­ругтер­де бо­лыс­тықтар мен дис­танци­ялар ашыл­ды.
  • Та­за бо­дан­дық ке­зеңі, 1860 жыл­да­ры бас­та­лады. Оның негізгі белгісі Қазақ жерінің тұтас­тай Ре­сей им­пе­ри­ясы­ның құра­мына енуі, об­лыстарға бөліну, олар­дың уез­дерге т. б. бөлінуі. Қазақтың са­яси эли­тасы – сұлтан­дар мен би­лер биліктен біржо­лата шет­тетілді. Қазақ ша­ру­ашы­лығы Ре­сейдің та­уар­лы-са­уда қарым-қаты­нас­та­рының шеңберіне тар­ты­ла бас­та­ды.