Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Абай Құнанбаев (1845 – 1904 ж.ж)

Абай Құнанбаев (1845 – 1904 ж.ж)

Абай Құнанбаев (1845–1904 ж.ж)

22.08.1845 қазіргі Се­мей обл., Абай ауд. – 05.071904

Ұлы ақын, ком­по­зитор, фи­лософ, ағар­ту­шы, қазақтың ре­алистік жаңа жаз­ба әде­би­етінің негізін қала­ушы.

Ақын­ның арғы тегі Ор­та жүз То­бықты Арғын ішіндегі Ол­жай ба­тыр­дан бас­та­лады. Ол­жай­дан Ай­дос, Қай­дос, Жігітек есімді 3 ұрпақ та­рай­ды. Бұлар­дың әрқай­сы­сы кейін бір-бір ру­лы ел бо­лып кет­кен. Ай­дос­тың Ай­па­ра де­ген әйелінен: Ыр­гызбай, Көты­бақ, То­пай, Торғай, де­ген 4 ұл ту­ады. Бұлар­дың әкесі мо­мын, ша­руа ада­мы, ал ше­шесі өткір тілді, өр мінезді әйел болған. Сол Ай­па­ра ба­лала­рына:

Шын­жыр ба­лақ, шұбар төс Ыз­гызбайым,
Тоқоақ жал­ды то­райғыр Көтібағым,
Әрі де кет­пес, бері де кет­пес То­пайым,
Сірә да оңбас торғайым, -

Ана айтқанын­дай, шы­нын­да, бұлар­дың ішінде Ыр­гызбай ор­та­сынан оза ша­уып, ел басқарған. Ыр­гызбай­дан Үркер, Мыр­за­тай, Жор­тар, Өскен­бай та­рай­ды. Өскен­бай ша­руаға жай­лы, билікке әділ кісі болған­дықтан, «Ісің адал бол­са Өскен­бай­га бар, арам бол­са Ера­лыға бар» де­ген мәтел сөз қалған. Өскен­бай­дың әйелі Зер­де­ден Құнан­бай ту­ады.

Құнан­бай 4 әйел алған адам. Оның бәйбішесі Күңке­ден – Кұдай­берді, інісі Құттымұхам­бетке ай­тты­рылып, қалыңдық кезінде жесір қалған соң өзі алған екінші әйелі: Ұлжан­нан – Тәңірберді (Тәке­жан), Иб­раһим (Абай), Ысқақ, Ос­пан, үшінші әйелі Айғыз­дан – Ха­ли­ул­ла, Ыс­мағұл ту­ады. Қар­тайған шағын­да үй­лен­ген ең кіші әйелі Нұрғаным­нан ұрпақ жоқ. Абайдің Ата­дан ал­тау, ана­дан төртеу едім дейтіні осы­дан. Бо­лашақ ақын са­быр­лы мінезімен, кең пейілімен ел ана­сы атанған «кәрі әжесі» Зе­ренің та­усыл­май­тын мол қазы­надай аңыз ер­тегілерін естіп, абы­сын-ажынға жай­лы, мінезі көнтерлі, әзіл-қал­жыңга ше­бер, жөн-жо­бага жетік өз ана­сы Ұлжан­ның тәрби­есінде өсті. Абай әуелі ауыл­дағы Ғабит­хан мол­да­дан са­уатын аша­ды да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Се­мей­дегі Ах­мет Ри­за мед­ре­сесінде оқиды. Бұл мед­ре­седе араб, пар­сы тілдерінде, негізінен, дін са­бағы жүргізілетін еді. Құрбы­лары­нан анағұрлым зейінді ба­ла оқуға бар ықыла­сымен беріліп, үздік шәкірт ата­нады. Ол енді дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіру­ге ұмты­лады. Сөйтіп көпте­ген шығыс ақын­да­рының шығар­ма­лары­мен, араб, иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жа­зылған ер­тегі, дас­тан, қис­са­лар­мен та­ныса­ды, Шығыс­тың Ни­зами, На­уаи, Сәғди, Ха­физ, Фзу­ли сияқты ұлы ғұла­ма, клас­сик ақын­да­рына ба­уыр ба­сады. Мед­ре­сенің үшінші жы­лын­да Абай Се­мей қала­сын­дағы «При­ходс­кая шко­лаға» да қосым­ша түсіп, орыс­ша са­уатын аша бас­тай­ды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғас­ты­ра ал­май, небәрі 3 жыл­дан соң оның мұсыл­манша да, орыс­ша да оқуы аяқта­лады. Абай­дың басқа ба­лалар­дан алым­ды­лығын аңғарған Құнан­бай оны ел­ге шақырып алып, өз жа­нына ертіп, әкімшілдік-билік жұмыс­та­рына ара­лас­тырмақ бо­лады. Сөйтіп 13 жас­тағы Абай ел ісіне ара­ласа­ды.

Абай әке қасын­да болған жыл­дарда атқамінер би-бо­лыс­тардың қулық-сұмдықта­рын, қазақ да­ласы­на ыды­рай бас­таған фе­од­ру­лық қаты­нас­тардың ке­реғар қай­шы­лықта­ры кіріптар ет­кен әле­ум. Теңсіздіктің зар­дапта­рын, аш­тық пен жа­лаңаш­тықты, пат­ри­ап­халдық, кер­тарт­па салт-са­на, әдет-ғұрып зан­да­рының за­лал­да­рынын айқын түсінді. Пат­ша үкіметінің отар­шы­лық са­яса­ты мен па­рақор орыс әкімдерінің жергілікті би-бо­лыс­тардың арам­за әре­кет­терін ай­ныт­пай та­нып, көкірегінде жир­кеніш сезімі оянып, со­ларға қар­сы күре­суге бел бу­ды, «ел­ге пай­да­лы, адам­гершілігі бар, әділ бас­шы бол­сам ғана жақсы адам бо­ламын” де­ген тұжы­рымға бекіді. Осы мақсат­пен бо­лыс сай­ла­уына түсіп, жеңіп шығады да, 1876–78 ж. Қоңыр-Көкше еліне бо­лыс бо­ладі». Бұл жыл­да­ры Абай оз қолын­дағы билікті пай­да­ланып, әділдік та­раза­сын тең ұстауға күш сал­ды. Әлсізге зор­лық көрсет­кендерді, ұрлық жа­саған­дарды қат­ты жа­заға тар­тып, ха­лық қамқоры­на ай­нал­ды. Оның ел басқару­дағы бұл бағыты ха­лықты қала­уын­ша езіп-жан­шып жүрген шон­жарлар та­рапы­нан қат­ты қар­сы­лыққа ұшы­рады, үстінен оязға жал­ган арыз ай­ту­шылар көбейді. Со­ның бірі Үзікбай Бөріба­ев­тың «Тай­мақкөл де­ген жерімді тар­тып ал­ды» де­ген жалған ары­зы бойын­ша көтерілген іс 10 жыл сүргінге со­зылып, ақыры Е. П. Ми­ха­элистің көмегімен аяқсыз қал­ды. П. В. Ма­ковец­кий бұл істі 1884 ж. 27 та­мыз­да жалған жа­ла деп та­уып, қысқар­тып тас­та­ды. Ақын үстінен жа­зылған «Абай ба­рым­та ал­ды, ауыл шайып әйел қор­ла­ды» де­ген бір топ шон­жар дұшпан­да­рының ары­зы да нәтіжесіз қал­ды.

Ақын са­яси қыз­меті үшін 1870 жыл­да­ры Пе­тер­бург­тен Се­мей­ге ай­да­лып кел­ген Ми­ха­элис­пен, 80-жыл­дарда орыс де­мок­ратта­ры Н. И. Дол­го­полов, А. А. Ле­онтьев­пен та­ныса­ды. Бұл озық ой­лы аза­мат­тардың Абай­дың са­яси-әле­ум. Көзқара­сына игі ықпа­лы тигізгені сөзсіз. Бірақ А. Құнан­ба­ев орыс мәде­ни­етімен, әде­би­етіме­нен, де­мок­раттық көзқарас­та­рымен осы кісілер арқылы деу ағат айтқан­дық бо­лар еді. Бұл тұста М. О. Әузов­тың «Ал, кейін орыс тілін біліп, орыс­тың ұлы ма­дени­етін мол, те­рең та­ни бас­таған Абай оз­гын ой­ды бұлар­дан үй­рен­бейді. Пуш­киннің өзінен, Бе­линс­кий, Герт­сен, Чер­ны­шевс­кий, Сал­ты­ков-щед­рин, Нек­ра­сов­тардың өз мұра­ларын оқып, кең, те­рең тар­бие ал­ды. Абай­дың клас­сик ақын болған маңызын, әле­ументтік көзқара­сын тек Ми­ха­элис әсерінен деп қой­сақ, әрі Абайға, әрі орыс халқының ұлы мұра­сына жа­не ұлы да­нала­рына қиянат сөз айтқан бо­лар едік» де­ген тұжы­рымын келтірсек те жеткілікті. Абай осы­лай­ша Ев­ро­паның Ге­те, Бай­рон сияқты ақын­да­рын, Спен­сер, Спи­ноза, Льюис, Дар­вин, Дре­пер сын­ды ғұла­мала­рының ту­ын­ды­ларын оқыды. Сөйтіп Әуезов­тың сөзімен айтқан­да «1884 жыл­да­ры, жа­сы қырыққа та­ман іліңен­де, ол дүни­еден көп мағлұма­ты бар кісі бол­ды.» Абай осы тұста, 1886 ж. до­сы Ми­ха­элистің ұсы­нысы­мен, Се­мей обл. Ста­тис­ти­ка ко­митетінің то­лық мүшесі бо­лып сай­лан­ды.

1885 ж. ма­мыр айын­да Шар өзенінің бойын­дағы Қара­мола де­ген жер­де Се­мейдің ген. -гу­бер­на­торы Цек­линц­кийдің басқару­ымен Се­мей гу­бер­на­си­ясы­на қарай­ты 5 уездің 100-ден ас­там би-бо­лыс­та­ры бас қосқан төтен­ше съезі өткізілді. Осы съез­де төбе би бо­лып сай­ланған Абайға «Се­мей қазақта­ры үшін қыл­мысты істер­ге қар­сы заң ере­жесін» әзірлеу тап­сы­рыл­ды. Абай бас­таған ко­мис­сия бар­лығы 93 бап­тан тұра­тын ере­жені 3 күн, 3 түнде әзір етті. Бұл қазақ қауымын­да ежел­ден қалып­тасқан кер­тарт­па әдет-ғұрып заңда­рына да, пат­ша өкіметінің ха­лықты қана­ушы­лыққа, зор­лық-зом­бы­лыққа негіздел­ген заңына да ұқса­май­тын, өзге­ше құжат еді. Оның әсіре­се ұрлық, қыл­мыс пен әйел мәсе­лелеріне ар­налған бап­та­ры ерек­ше құнды. Бірақ Абайдің атақ-даңқын осын­ша көкке көтер­ген Қара­мола съезінен кейін оның дұшпан­да­ры тіпті еліріп кетті. 1890 ж. Байғұлақ, Кұнту де­ген жу­ан­дардан бас­таған 16 атқамінер Жи­рен­ше қыс­та­уының шетіндегі Ши де­ген жер­де Абайға қар­сы дұшпан­дық әре­кет­ке сөз бай­ла­сады. 1891 ж. Ораз­бай бас­та­ган дау 1897 жыл­га дейін со­зыла­ды. Бұл ши­еленістің аяғы 1898 жылғы Мұқыр сай­ла­уын­да­гы жан­жалға, Абай өміріне қас­тандыққа әкеп соқты­рады. Ақын бұл жан­жалдың бар­ша жи­ренішті сы­рын, өзінің ақ екендігін Се­натқа ха­тын­да ба­рын­ша айғақты де­рек­термен дәлел­деп бе­реді. Абай өлең жа­зуды 10 жа­сын­да («Кім екен деп келіп ем түйе қуған…») бас­та­са, өз өлеңдеріне шығару­ды ша­мамен 1880–97 ж. ара­лығын­да көбірек қолға алған. Өлеңдерін әркімдердің аты­мен та­ратып, Көкбай аты­нан бас­тырған ақын жазған өлеңдерін «жи­на­уды» шәкірттеріне 1896 ж. ес­керт­кен. Ал қара сөзбен жа­зылған ғақлия-өси­ет­терін 1890–98 ж. ара­лығын­да қолға алған.

Абай 3 әйел алған. Байбішесі Ділда­дан: Ақыл­бай, Әбдірах­ман, Кұлба­дан, Әкімбай, Мағаұия, Рай­хан; екінші әйелі Әй­герімнен Ту­рағұл, Ме­кайыл, Ізкаіл, Кен­же де­ген 7 ұл, 3 қыз сүй­ген. Келіндей алған әйелі Ер­ке­жан­нан ұрпақ көрген жоқ.

Абай­дың жи­ыр­ма тоғызын­шы қара сөзі

Қазақтың мақал­да­рының көбінің іске та­тыр­лығы да бар, іске та­тымақ түгіл, не құдай­шы­лыққа, не адам­шы­лыққа жа­рамайтұғыны да бар.

Әуелі «Жар­лы бол­саң, ар­лы бол­ма» дейді. Ар­дан кет­кен соң, тірі бо­лып жүргені құры­сын. Егер оны­сы жалға жүргеніңде, жа­ныңды қинап, еңбек­пе­нен мал тап де­ген сөз бол­са, олар ке­тетұғын іс емес. Ты­ныш жа­тып, көзін са­тып, біре­уден тілен­бей, жа­нын қар­ма­нып, адал ен­бекпен мал ізде­мек — олар­лы адам­ның ісі.

«Қала­уын тап­са қар жа­нады», «Сұра­уын тап­са адам ба­ласы­ның бер­мейтіні жоқ» де­ген — ең ба­рып тұрған құдай ұрған сөз осы. Сұра­уын та­бамын, қала­уын та­бамын деп жүріп, қор­лықпе­нен өмір өткізген­ше, мал­ды не жер­ден сұрау ке­рек, не аққан тер­ден сұрау ке­рек қой.

«Атың шықпа­са, жер өрте» дейді. Жер өртеп шығарған атыңның несі мұрат? «Жүз күн атан болған­ша, бір күн бу­ра бол» дейді. Тәңірге жа­зып мінбей-түспей, арып, шөмеңдеп ду­ана­лықпен бір күн болған бу­ралық не­ге жа­рай­ды?

«Ал­тын көрсе, періште жол­дан шығады» дейді. Періште­ден са­даға кеткір-ай! Періште ал­тынды не қыл­сын, өзінің көрсеқызар сұмдығын қос­тағалы айтқаны.

«Ата-ана­дан мал тәтті, ал­тынды үй­ден жан тәтті» дейді. Ата-ана­сынан мал тәтті көрінетұғын антұрған­ның жа­нынан да ма­лы қым­бат екен. Ата-ана­сын малға сат­пақ ең ар­сыздың ісі емес пе? Ата-ана ша­масы кел­се, мих­нат-та­нып мал жи­са да, дүни­елік жи­са да, ар­тымда ба­лала­рыма қал­сын дейді. Ол ата-ана­ны малға сатқан соң, құдайға дұспан­дық іс емес пе? Осын­дай білместікпен ай­тылғансөздеріне бек сақ бо­лу ке­рек.

Абай Құнан­ба­ев

Ұлты­мыз­дың ұлы пер­зенті — хакім Абай­дың өлеңдері мен қара сөздеріне ар­налған бет.

Өз за­маны­нан оза туған акын­ның те­рең ой­ла­ры мен асыл сөздері ке­лешек за­ман­дарда гауһар­дай жар­кы­рап, көзі ашык, көкірек­терге нұр бо­лып кұйыла бе­рері хақ.

Үзінділер

• Бес нәрсе­ге қашық бол,
Бес нәрсе­ге асық бол,
Адам бо­лам де­сеніз…

• Та­лап еңбек те­рең ой,
Қанағат, рақым ой­лап қой –
Бес асыл іс көнсеніз…

• Ке­рек іс боз ба­лаға – та­лап­ты­лық
Әр түрлі өнер, мінез, жақсы қылық.
Кейбір жігіт жұреді мақтан көй­леп,
Сытрқа пы­сық ке­леді, көзге сы­нық…

• Та­лап­тың мініп тұлпа­рын,
Тас қияға өрледің.
Бір ғылым еді інкарің,
Әр қиынға сер­медің…

• Жас­тықта бір күлгенің бір қара­лық,
Күлкі баққан бір көрер би­шара­лық.
Әуелі өнер ізделік қол­дан кел­се,
Ең бол­ма­са еңбек­пен мал та­балық…

• Түбінде ба­янді еңбек егін салған,
Жа­сын­да оқу оқып, білім алған,
Би болған, бо­лыс болған өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған…

• Бақпен асқан пат­ша­дан,
Ми­мен асқан қара ар­тық.
Сақалын сатқан кәріден
Еңбегін сатқан ба­ла ар­тық…

• Ойға түстім, толған­дым,
Өз мінімді қолға ал­дым.
Мінезіме көз сал­дым,
Тек­се­руге ой­лан­дым…

• Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал жи­ыл­мас,
Сұм нәпсің үйір бол­са, тез ти­ыл­мас,
Зи­ян шек­пей қал­май­сың он­дай істен,
Мал ке­тер, ма­заң ке­тер, ар бұйыр­мас.

• Жұрт жүр ғой адам­дықты еп көрем деп,
Тоқтау айтқан кісіні шет көрем деп.
Бар ма екен жай жүрген жан қанағат­пен,
Құдай­дың өз бер­генін жеп көрем деп? –

• Сан кісі мұңай­сын,
Са­быр­мен шы­дай­сың.
Күйемін, жа­намын,
Еш рақым қыл­май­сың…

• Қазақтың қай­сы­сының бар са­насы?
Қылт етер­де дап-дайын бір жа­ласы.
Пы­сықтың белгісі – арыз бе­ру,
Жоқ тұрса да бес бе­ресі, ал­ты ала­сы…

• Жа­ман­тай­дың ба­ласы Көжек де­ген,
Әркімге өсек та­сып бе­зек­те­ген.
До­сын келіп до­сына жа­ман­дай­ды,
Шіркінде ес бол­сай­шы се­зед де­ген…

• Ра­сы жоқ сөзінің,
Ыры­сы жоқ өзінің
Өңкей жалған мақтан­мен,
Шын­ның бетін бо­яды…

• Ер ісі ақылға ер­мек, бой­ды жеңбек,
Өнерсіздің қылығы өле көрмек.
Шы­га ой­ла­май, шыған­дап қылық қыл­май,
Еріншек өздігінен көпке көнбек…