Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Қорамсаұлы Ақан сері (1843 – 1913 ж.ж)

Қорамсаұлы Ақан сері (1843 – 1913 ж.ж)

Қорамсаұлы Ақан сері (1843–1913 ж.ж)

Ақан Сері, А қ ж і г і т Қ о р а м с а ұ л ы — ақын, әнші, ком­по­зитор. Ақан 1843 ж. бұрынғы Көкше­тау (қазіргі Ақмо­ла) об­лы­сын­дағы Үлкен Қоскөлдің маңын­да туған.

Шыққан тегі — Арғын ішіндегі Қара­уыл руы. Әкесі Қорам­са, ше­шесі Жаңыл қара­пайым ша­руа адам­да­ры болған.

Алғашқыда ауыл мол­да­сынан са­уат ашып, со­дан кейін Қызыл­жардағы Уәли (Ах­ме­туәли) мед­ре­сесінде оқыған (1856-—1859).

Мұнан кейін өз ауылы­на қай­тып ора­лып, өнер жо­лына бір жо­ла өмірін ар­наған. Ха­лық Ақаңның бойын­дағы қай­та­лан­бас биік өнерді жоғары бағалап, оның сұлу сыр­лы өлеңдерін сүйіп ай­тып, өнер­ге өмірін ар­наған бек­заттығын қадірлеп «Ақан сері» деп атаған.

Ақан сері бірінші әйелі Жұман қызы Бәти­мадан туған жалғыз ұлы Ыбан (Ыбы­райым) тілсіз, мылқау болған. Бәти­ма өлген соң Ұрқия ат­ты қызға үй­леніп, оны­мен ұзақ отас­паған. Ақан­ның «Хат жаз­дым қағаз алып, қалам, сия» деп бас­та­латын өлеңі осы Ұрқияға ар­налған. Ақын өмірінде — өшпес із қал­дырған адам — Ақтоқты сұлу. Ақтоқтыға үй­ле­нуді тағдыр Ақанға жаз­баған. Ақан­ның «Ақ көй­лек», «Аужар», «Ал­ты­басар», «Ғашық жарға», «Тағри­пың» деп ата­латын те­рең сыр­лы, ғажайып сезімге то­лы әндері осы Ақтоқтыға ар­налған.

Сал-серілік дәстүрді бар­ша сән-сал­та­наты­мен ұстанған Ақан сері жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай та­зыны жан серігі ет­кен. Мұндай өмір сал­тын оның әншілік-ақын­дық ша­быты­на тұғыр бо­лып, «Құла­гер», «Маңмаңгер», «Көкжен­дет», «Екі то­ры ат», «Алай көк», «Тер қатқан» сияқты та­маша әндердің дүни­еге ке­луіне се­бепші болған. Сон­дай-ақ, оның «Көкше­тау», «Сы­рым­бет», «Кер­без сұлу» деп ата­латын әндері туған жер­ге, өскен ел­ге де­ген пер­зенттік ма­хаб­баттың жарқын айғағы.

Құла­гердің мерт бо­луы (1880-жыл­дардың ор­та­сы) да ег­де тартқан серінің өмірі мен шығар­ма­шылығын­да ұмы­тыл­мас оқиға бол­ды. Өмір соққысын көрген ол жай­лауға көшпей, ба­ласы Ыбан екеуі қыс­та­уда қала­ды. Дұшпан­да­ры оны әр саққа жүгіртіп өсек та­рата­ды. Бірақ Ақан өмірден де, өнер­ден де қол үзбейді. Осы тұстағы ән-өлеңдерінің еле­улісі – «Балқади­ша». 1890 жыл­дардағы шығар­ма­шылығын­да ай­тыс едәуір орын ал­ды. Ақан­ның елдің жер-су­дан, қоныс­тан айыры­лу­ына на­разы­лық білдірген аза­мат­тық ли­рика­лары мен сықақ өлеңдері де өткірлігімен ерек­ше­ленеді. Қоны­сынан ай­рылған елдің мұң-мұқта­жын ақын ха­лық аты­нан ай­та­ды. 1913 ж. Ақан өзінің туған жерінде дүние сал­ды. Ақан сері – өмір шын­дығын үлкен су­рет­керлікпен жыр­лаған за­маны­ның асқақ ақыны ғана емес, мұңшыл да сыр­шыл, әншілік-орын­да­ушы­лық өнерімен та­нылған өзге­ше да­рын иесі. Оның ком­по­зитор­лығы ақын­дығынан кем түспейді. «Ақан сері» ата­нып, кезінде жұртшы­лыққа кең та­нылуы, атақ, даңқының шар-та­рапқа же­туі – әншілік-ком­по­зитор­лық өнерінің жемісі.

Ол жас кезінде ай­на­ласы­на әнші-күйші жас­тарды жи­нап, өзге­ше бір өнерлі топ бо­лып ел ара­лады. Ба­лу­ан шо­лақ, Жа­яу Мұса, Ес­тай, Иман Жүсіп, Құлту­ма сияқты атақты ақын-әншілер Ақан­ның ең жақын дос­та­ры болған. Ол қазақтың ұлттық өнерін кәсіби биікке көтеріп, дәстүрлі өнердің клас­си­калық үлгісін жа­сады. Елу­ге жуық му­зыка­лық мұра­сы қазақ мәде­ни­етінің ал­тын қоры­на енді. Оның шығар­ма­ларын белгілі әншілер Әміре Қаша­убаев, Жүсіпбек Еле­беков, Ма­нар­бек Ер­жа­нов, Жәнібек Кәрме­нов, т. б. ел игілігіне ай­нал­дырды. Қазақстан ком­по­зитор­ла­рының сим­фо­ни­ялық және опе­ралық шығар­ма­лары­на кеңінен енгізіліп, Ақан әндері екінші өмірін бас­та­ды. Серінің өмірі мен тағды­ры ту­ралы Іли­яс Жансүгіров «Құла­гер» по­эма­сын, Ғабит Мүсіре­пов «Ақан сері – Ақтоқты» дра­масын, Сы­дық Мұха­мед­жа­нов осы ат­тас опе­расын, Сәкен Жүнісов «Ақан сері» ро­манын жаз­ды.

Ақан сері өз кезінде Біржан сал, Үкілі Ыбы­рай, Ба­лу­ан Шо­лақ, Жа­яу Мұса, Ес­тай, Иманжүсіп, Құлту­ма сияқты ақын-әншілер­мен бас­тас бо­лып, ха­лықтың мәде­ни-ру­хани өміріне ай­рықша ықпал ет­кен.