Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Байғанин Нұрпейіс (1860 - 1945 ж.ж)

Байғанин Нұрпейіс (1860 - 1945 ж.ж)

Байғанин Нұрпейіс (1860 - 1945 ж.ж)

Нұрпейіс Байғанин — ха­лық ақыны, жы­рау.

Қазіргі Ақтөбе об­лы­сы Байғанин ауда­нын­да 1860 ж. дүни­еге кел­ген. Ол ақын­дық өнерді ең алғаш ана­сынан үй­рен­ген.

16—17 жа­сынан-ақ «ба­ла жыр­шы» ата­нады. Кейіннен Абыл, Шер­ни­яз, Нұрым, Қашаған, Ақтан, Қазақбай, Са­быр тәрізді белгілі ақын­дардан үлгі алып, бірқата­рымен ай­тысқа түседі, ба­тыр­лық жыр­ларды үй­ре­неді.

Н. Байғанин негізінен ба­тыр­лықты, адам­гершілік пен адал­дықты, әділдік пен ізгілікті дәріптейтін, ха­лық сүйіп тыңдай­тын «Құбығұл», «Төре­хан», «Қобы­лан­ды», «Ер Тарғын», «Ал­па­мыс», «Қыз Жібек», «Ай­ман-Шол­пан» сияқты жыр, дас­тандар­ды жыр­лаған. Дайын сю­жет­терді пай­да­лана оты­рып, ха­лықтық, әле­уметтік мәсе­лелер­ге ар­налған «Ақкен­же», «Нарқыз» сияқты өз ту­ын­ды­ларын шығар­ды.

Н. Байғанин шығар­ма­шылығы жағынан то­лысып, ха­лық құрметіне бөлен­ген шағын­да отансүйгіштік, ха­лық тағды­ры, тағы басқа тақырып­тарды кеңінен жыр­ла­ды. Көп жа­саған, көп көрген, көп үй­реніп, көп жыр­лаған, қазақ халқының мол сөз қазы­насын меңге­ре, пай­да­лана білген ақын­ның шығар­ма­лары те­рең мағына­лы, өткір тілді, ше­шендік сөздер­ге, мақал-мәтел­ге, афо­ризм­ге то­лы.

1938 ж. бас­тап Н. Байғанин­ге әде­би хат­шы белгіленіп, ақын шығар­ма­ларын М. Хакімжа­нова, Қ. Шаңғыт­ба­ев, Е. Ах­ме­тов, тағы басқа ақын­дар ұқып­ты түрде дер кезінде қағазға түсіріп отыр­ды. Н. Байғаниннің өмірі мен шығар­ма­шылығы Е. Ыс­майылов­тың, О. Нұрмағам­бе­това­ның, К. Сей­де­ханов­тың зерт­те­улерінде қарас­ты­рылған.

Ақтөбе об­лы­сын­да Н. Байғанин ауда­ны бар. Ақтөбе және басқа қала­лар­дағы көше­лер мен мек­тептер­ге ақын аты берілген.

1940 ж. Н. Байғанин «Құрмет белгісі» ор­денімен ма­рапат­талған.

1999 ж. Нұрпейіс Байғанин­ге ар­налған ес­керткіш Ақтөбе қала­сының Әбілқайыр даңғылын­да ар­найы тұғырға қон­ды­рыл­ды. Өлшемі шар­шы үлгіде (2,5 х 2,5 m), қара-көк мәрмәр тас­пен қап­талған. Төменгі тұғыр ұзын­дығы — 12,2 m, ені — 6 m, биіктігі — 100 cm, тұғыр­ды есеп­те­ген­де — 136 cm. Тұғыр үстіндегі мүсін биіктігі — 2,3 m, ас­бест це­мент ара­ласқан ма­тери­ал­дардан әзірлен­ген, мыс темірмен қап­талған. Жал­пы биіктігі — 3,66 м. Ес­керткішті ор­на­ту жо­басын об­лыстың бас сәулетшісі, Қазақстан Сәулетшілер одағының мүшесі Б. С. Егінба­ев­тың бас­шы­лығымен «Ақтөбе­аза­мат­тықжо­балау» инс­ти­туты жа­сады. Ес­керткіштің ав­то­ры Гру­зи­яның белгілі су­ретші-мо­нумен­та­лисі Гам­лет Эли­аба­раш­ви­ли.