Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Бақтыбай Жолбарысұлы (1842 - 1902 ж.ж.)

Бақтыбай Жолбарысұлы (1842 - 1902 ж.ж.)

Жетісу өңіріндегі атақты ақын­дардың бірі-Бақты­бай Жол­ба­рысұлы 1842 жы­лы ма­усым айын­да дүни­еге кел­ген. Ата­сы Аңла­мас­тан Аю, Жол­ба­рыс, Үден де­ген үш ба­ла өрбіген. Жол­ба­рыс­тан Тәттібай та­рай­ды. Ол кез­де Тал­дықорған жағын­дағы биік-биік та­улар ішінде, жы­ра-сай­лар­да аю, жол­ба­рыс сияқты ірілі-уақты аң-құстар өте көп болған. Аңла­мас қари­яның ба­лала­рын сон­дай күшті аңдар­дың аты­мен ата­уын­да гәп бар. Күш пен ай­ла­ның за­манын­да аю, жол­ба­рыс сияқты ба­тыр ту­са екен деп ар­мандаған бо­луы ке­рек, бірақ оның ұрпағынан Бақты­бай сияқты атақты ақын шығарын, әри­не, ол білген жоқ.

Адам тағды­рының сон­ша қиын да қызық екенін мы­надан байқаңыз: жеті ай­лығын­да ша­ла туған нәрес­тені ата­сы Аңла­мас­тан қалған ескі ты­маққа са­лып, ай ке­реге іліп қойған. Ба­ла үш күн бойы ауызы­на нәр ал­мапты. Ескі ырым бойын­ша, ше­шесі Шәуке қай­ны­сы Үденнің тұзақпен ұстап, үйінде бағып отырған бұлбұл құсын сұрап алып, жас нәрес­тені со­ның тілін таңдайына са­лып ауыз­дандырған екен. Бақты­бай жеті жасқа кел­генде әке-ше­шесі бірдей өліп, нағашы­сы асы­рап ала­ды. Жас ба­ланың он жасқа кел­генше тілі шықпаған. Он екі жа­сын­да нағашы­сының ешкілерін қасқырға та­латып, қорыққаны­нан күзгі жа­уын­да суық түнінде өз еліне қарай қаша­ды. Әрі тоңып, әрі қорқып ке­ле жатқан ба­ла ай­да­лада әлі шоғы сөне қой­маған жер ошаққа кез болған. Со­ның күліне аяғын тығып жат­са, көзі ілініп ке­теді. Түсінде Қабан ақын­ды көреді. Ел Ес­келді, Бал­пықпен қатар әулие са­най­тын осы­нау аруақты ақын: «Өлең ала­сың ба, көген ала­сың ба?» – деп сұрап­ты-мыс. Бақты­бай: «Өлең ала­мын» де­ген. Қабан ауызы­на түкіріп, «жұтып қой» депті. Шат­та­на оянған ба­ланың сол күннен бас­тап тілі шығып, ай­на­ла дүни­еге ақын көзімен қарай бас­тай­ды. Бұл ту­ралы өзі де бы­лай де­ген:

Жа­сым­да жетім бо­лып безіп кеттім,
Қаңғырып ай­на­ланы кезіп кеттім.
Түсімде қабе­кеңнен өлең алып,
Қызырға бай қыла­тын кезікпеппін.

Ай­на­лада адасқан ба­ла елін та­ба ал­май ке­ле жатқан­да, ұзын қара жол­да бір са­уда ке­ру­еніне кез­де­седі. Бұлар керші өзбек­тер екен. «Еліңді та­уып бе­реміз» деп ба­ланы ал­дап, өздерімен бірге алып ке­теді. Сөйтіп, үш жыл­дай өзбек­терде ма­лай­лықта жүреді. Есі кірген соң күншығыс жақта, Қара­тал, Көксу өзен­дерінің бойын­да елі бар екенін білетін боз­ба­ла бір түнде қашып ке­теді. Жол­да жер өлшеп жүрген бір орыс ин­же­неріне кез­де­седі де, оның да жұмы­сын бір жыл­дай атқарып жүрген­де өрістегі жылқыдан бір жүйрік ұстап мініп, «елім қай­да­сың?» деп тар­тып оты­рады….

Көп қор­лықпен, әркімнен сұрас­ты­ра жүріп ауылы­на кел­се, ағасы Аю ешкілерін күтіп тұр екен. Ешкі соңын­да жүрсе де өмірдің тақсіретін көп тартқан, бірақ жүрек оты сөнбе­ген ба­ла өздігінен дом­бы­ра тар­ту­ды үй­реніп, жи­ын-той­лар­да ән ай­тып, ауыл ел­ге та­ныла бас­тай­ды. Өнерінің арқасын­да ешкі бағудан құты­лады. 17 жа­сын­да Жетісу­дың азуы ал­ты қарыс би­ле­ушісі, ха­лық «хан» атаған, орыс пол­ковнигі, Абы­лай хан­ның не­мересі Те­зек төрені іздеп ба­руы оның бойын­дағы ақын­дық ала­пат күш пен өжетілігін аңғар­та­тын­дай. Оқиға бы­лай болған: Те­зек төре «Ал­ман» де­ген жай­ла­уда ақ шаңқан үй­лерін тіктіріп, ша­руа істейтін қара­ша үй­лер­ден алыс­тау оты­рады екен. Өзі шақыр­ма­са, оның ауылы­на ба­са-көктеп ешкім ба­ра ал­маған. Шақыры­лып барған­дардың өзі ат­та­рын алысқа бай­лап, қол қусы­рып жа­яу кел­ген. Қолын­да кішке­не дом­бы­расы бар жұпы­ны киімді ба­ла жігітті ешкім елең қыл­май­ды. Ақ Ор­да­да ақылы­мен, ше­шендігімен аты шыққан Су­ан Қож­бамбет бидің Те­зек Төре­мен әңгіме-сұхбат құрып отырғанын алыс­тан байқап-біліп, аңда­усыз­да үй сыр­ты­на жет­кен Бақты­бай Ес­келді ата­сының аруағына си­ынып, өлең ти­егін ағыта жөне­леді:

Үш жүзге «Абы­лай­лап» шыққан атың,
Ешкімге білен­бе­ген жа­ман атың.
Кем­бағал ал­дыңызға келді қонақ-
Ал­ла –жар, білесіз ғой жетім ақын.
Ше­шен­де тіл, ше­бер­де мін бо­ла ма,
На­шар­да шыға-тұғын, үн бо­ла ма
Ақ сүйек хан иемнің ба­ласы едің,
Бір ат­тар бо­сағаңнан күн бо­ла ма

За­тын­да өзі де ақын, бірақ хан тұқымы болған­соң, жөнсіз жайыла бер­мейтін Те­зек ба­ла жігіт қан­ша мақтап өлең ай­тса да сы­нағысы келді ме, әлде бей­бас­тақ жігітке шын ашу­лан­ды ма, есік күзетіп тұрған жа­са­уыл­да­рына үй сыр­тында шаңқай түсте қақсап тұрған жетімді «Әрі қуып тас­таңдар, кет­пе­се ба­сын алыңдар» деп бұйыра­ды. Та­биғаты­нан өжет Бақты­бай жетіп кел­ген екі жен­детке: «Мен төрені дат­тағам жоқпын, мақта­дым. Не­ге „ба­сым­ды ал“ дейді? Менің ба­сым­ды төре ал­май­ды, ал­ла­ның өзі ала­ды» де­ген сөзін үй­де оты­рып естіген соң Те­зек көзбе-көз сы­нап көргісі келді ме екен: «Жа­рай­ды, кірсін», — дейді. Жас ақын кірген бой­да дом­бы­расын қағып-қағып жіберіп, өлеңмен сәлем­де­седі де, төрені біраз мақтаған соң, аяқ жағын­да:

Жас та бол­са мей­ман­мын,
Қар­сы ала­ды деп едім.
Са­ры ала тұйғын сен едің,
Са­ры ала тышқан мен едім,
Тышқанға көзін салған­дай,
Қарғалық заңың бар ма еді? — деп тиіседі.

Соңғы сөзіне ашу­ланайын де­се де, мы­на ба­лаң жігітте ақын­дық күш бар екенін сез­ген Те­зек са­быр сақтап, тағы да сы­намақ бо­лады. Қож­бамбет би­мен екеуіне сы­зылып қымыз құйып отырған ақ Дәне­кер аталған сұлу келіншекті иегімен мез­геп:

- Мы­на сұлу­ды мен көркіне қызығып, ол менің хан­дығыма қызығып, ти­ген күйеуінен тар­тып алып едім. Мақтай ала­сың ба? — дейді Те­зек. Бақты­бай: «мақтайын», — дейді. Сон­да су­ан ру­ынан шыққан Қож­бамбет би:

- сен, ба­ла, ес­келді бидің тұқымы­сың. Кейбір ақын қорыққаны­нан не­месе жағыну үшін өтірік мақтай­ды. Өтірік сөз жүрек­ке жақпай­ды, ар­на жоқ жер­ден су ақпай­ды. Шын­дықты ай­тсаң, құдай­дың өзі сақтай­ды, — де­ген екен. Бақты­бай сон­да:

Дәне­кер – сіздікі емес, біздің қатын,
Тар­тып ап қатын қыл­дың білмей за­тын.
Төркіні Дәне­кердің қоқан­дықтар,
Қоқан­ның қайын қыл­дың тәжік, сар­тын.
Қатын­ды кім мақтай­ды ел­ден шыққан,
Қорқауға жұтыл­ды ғой көрден шыққан… —
деп екуін де оңдыр­май­ды. Дәне­кер бетін ба­сып төмен қарай­ды.

1987 жы­лы «Жа­зушы» бас­па­сын­да жа­рық көрген «Жел қобыз» ат­ты Бақты­бай жи­нағынан алы­нып отырған осы­нау шағын үзіндіден-ақ та­лай жағда­ят­ты аңғаруға қиын емес. Біріншіден, Те­зек сияқты азуы ал­ты қарыс арыс­танның ал­ды­на ба­ру үшін жүрек ке­рек. Екіншіден, анан­дай ба­тыл­дықпен ба­тыра-ба­тыра ай­ту әр ақын­ның қолы­нан ке­ле бер­мейді. Үшіншіден, тапқыр­лық, бей­не­леп сөй­лей білу үлкен да­рын­ның үлесіне ти­етін ша­руа.

Бақты­бай­да қысқа өлеңдер, жыр-толғаулар көп бол­са ке­рек. Бәрі жи­нал­маған­мен әлгі кітап­тағы ба­рының өзі бұл ақын­ның қан­ша­лықты өткір, қыл­пып тұрған пы­шақтай қиып ай­та­тын алғыр­лығын аңғар­тып тұр. Сон­дай де­сек те, Бақты­бай – ал­ды­на жан сал­маған ай­тыс ақыны. Бұл – ар­найы зерт­те­луге тиіс тақырып.

Бақты­бай мен Мәй­ке бақыт­ты өмір сүріп, Нұрыш де­ген қыз, Түсіпбек де­ген ұл сүйеді. Бақты­бай 60 жа­сын­да 1902 жы­лы сүзек ауру­ынан қай­тыс бо­лады. Мәй­ке беріде, 1932 жы­лы өмірден өткен. Ол өле-өлген­ше, отыз жыл бойы өзі 17 жа­сын­да сүйіп қосылған ақын­ның жыр­ла­рын на­сихат­та­удан, жас ұрпаққа жат­та­тудан жа­лықпаған, дом­бы­расы­на дейін сақтап, ұрпақта­рына ама­нат етіп қал­дырған. Бүгінде Тал­дықорған ауда­нын­дағы Бақты­бай ауылын­да биік дөңнің ба­сын­да екеуіне сұлу ес­керткіш ор­на­тылған. Бұл жүрек­терін өнер рақылы жалғаған екеуіне де­ген қазіргі ұрпақтың сүйіспеншілігінің белгісіндей елес­тейді.