Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Бөгенбайұлы Кемпірбай (1834 - 1895ж.ж)

Бөгенбайұлы Кемпірбай (1834 - 1895ж.ж)

Кемпірбай Бөген­байұлы1834 жы­лы қазіргі Қараған­ды об­лы­сы, Қарқара­лы ауда­нын­да ту­ылып, 1895 жы­лы қай­тыс болған. Оның әйгілі ақын­дар Шөже Те­зек­бай Әсет, Жәмшібай­мен ай­тыс­та­ры ха­лық ара­сына кең та­раған. Кемпірбай­дың Шөже­мен ай­ты­сының аяғы жұмбақ ай­тысқа ай­нал­ды. Кемпірбай­дың Жәмшібай­мен сөз қағысы ру ай­ты­сының дәстүрінде өтеді.

Бұл ай­тыс алғаш «Таң» жур­на­лының бірінші са­нын­да (Се­мей, 1925ж), С. Сей­фул­лин құрас­тырған «Қазақтың ескі әде­би­ет нұсқала­ры» жи­нағын­да (А., 1931ж), кейін ха­лық ақын­да­рының ай­тыс жи­нақта­рын­да (1939, 1948, 1965ж. т. б) жа­ри­ялан­ды.

Әсет ақын­ның Кемпірбай ауырып жатқан­да көңілін сұрай келіп айтқан өлеңі, оған Кемпірбай­дың қай­тарған жа­уабы- көркемдік жағынан қазақ фоль­клор­ны­ның та­маша үлгілерінің бірі:

Бөгем­бай-әкем аты, мен- Кемпірбай
Өзге ақын мен сөй­ле­сем, тұрар бы­лай.
Та­лабым тәңір бер­ген та­удан үлкен
Ал­ма­са өз бақытын қай­тып құдай.
Едіге­дей, Арқалықпен ма­лыма жай,
Ар­да ем­ген құлын­нан жа­бағы, тай
Ағайын қайыр бер­сең өзіме бер,
Кен­же ұлы ке­дейліктің мен Кемпірбай
Бөгем­бай-әкем аты, Кемпір едім,
Өлеңді кәсіп қылып тентіредім.
Да­уысым­ның кел­мейтұғын мәнісі сол,
Бақыр­дан «ұрлық» етін жеңкіредім.

Кемпірбай ақын ауырып жатқан­да Әсет ақын көңілін сұрай келді. Әуелі Әсет Кемпірбайға көңілін сұрай өлең ай­та­ды:

Ас­са­ла­умағалейкүм, нар Кемпірбай,
Науқасқа ши­па берсін пат­ша, құдай.
Ас­панға ай­на­ла ұшқан ақ сұңқарым,
Кез келіп жайған торға боп­сың мұндай.
Науқас­тың меңдеу тарт­ты де­ген­нен соң,
Жыл­дам бәйіт ай­тып үш күн ұдай.
Да­уысым та­нимы­сың, атым-Әсет,
Мен келдім әдейі іздеп көңіл сұрай.
Япы­рау, жа­уап қат­пай кет­кенің бе,
Алғашқы атың шыққан қыра­ным-ай?!

Кемпірбай:

Көңілді Әсет келді көтер­гелі,
Бол­май­ды ке­уде шіркін жөтел­гелі.
Ар­ты­ма бір ауыз сөз тас­тайын,
Ба­сым­ды жас­тықпе­нен көтер бері!
Өлсем де «Көк кеп­терге» бір соғайын,
Қу тақтай екі шекті әпер бері
Аузы­ма айыр­ларда сөз сал­ма­саң,
Қонғаның, өлең шіркін, бе­кер ме еді?
Ал енді шіркін көмей был­пылда­сын,
Сөзімді әши­есіз кім тыңда­сын,
Ішінде арғын, най­ман сал­дым айғай
Не қылып, шіркін көмей, жыр­тылма­сын,
Мойынға әзірейіл сал­са құрық
Білемін ғазиз жан­ның құтыл­ма­сын.
Кемпірбай бұл дүни­еден көшіп кет­се.
Білемін енді өзімді ұл ту­масын.
Сырған қына­бынан нар­кескен­дей,
Әр жер­ден қызыл тілім қыл­тылда­сын
Көңілімді Әсет сұрап кел­генінде,
Ша­ба ал­май кәрі тар­лан сыл­пылда­сын.

Әсет­жан, осы ауру­дан өлем білем,
Ал­ла­ның ама­натын бе­рем білем.
Ке­удем­нен көка­ла үй­рек «қош» деп ұшты,
Сол шіркін, кәрі жол­дас өлең білем.

Әсет­жан, осы ауру қой­мас білем,
Ал­ла­ның әмірі екі бол­мас білем.
Қамығып «хош» деп жыл­дар ұшып кетті,
Осы өлең Сер­ке­байға қон­бас білем.

Сәлем айт, Арқадағы хан-қараға,
Қара Ертіс, Қарқара­лы жан­да­раға.
Ағытай, Қара­уыл мен өрдегі Үйсін,
Қараөткел та­ныс едім екі араға.
Се­мей­де то­пырағым бо­лар білем,
Кемпірбай дұға қыл­сын бей­ша­раға.