Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Бөлтірік Әлменұлы

Бөлтірік Әлменұлы

Бөлтірік Әлменұлы (1771–1854) — Жам­был об­лы­сы Шу районы Шоқпар ауылын­да дүни­еге келіп, Жер­ленген жері: Жам­был об­лы­сы Та­лас ауда­ны Жи­дек ауылын­да жер­ленген. Бөлтірік ұлы жүздің ыс­ты елінен шыққан. Ыс­ты елінің Ойықты­дан, Қызылқұрт, Зор­бай, Ор­бай, Сәтек та­раған. Зор­бай­дан Бай­гелді одан Қосай, одан Ма­лай-Сүйіндік-Өте­ген-Саб­да­лы-Әлмен-Бөлтірік та­раған.

Бөлтіріктің ше­шесі жағынан ту­ыс­тық қаты­насы бар, ол- Бөлтірік ше­шен.

Қазақ та­рихын­дағы әрі би-ше­шен, әрі жа­уын­гер-ба­тыр, па­лу­ан ретінде та­нымал болған көрнекті қай­рет­кер.

Бөлтіріктің жас­тайынан өмірден өткен­ге дейінгі ара­лықта адам­дардың тағдыр­ла­рына қатыс­ты са­налу­ан мәсе­лелердің бар­лығына да да­налықпен, әділдікпен шешімді бағала­улар жа­сағанын көреміз.

Бөлтірік Әлменұлы­ның ше­шендік сөздері жас­тардың да, ере­сек­тердің де жақсы­лық пен жа­ман­дық қаси­ет­терін са­лыс­ты­ра бағалауға бағдар­лай­ды. Адам­дардың фәни­дегі қарым-қаты­нас­та­рының күрделі қай­шы­лықта­ры, қақтығыс­та­ры өмірлік шын­дық құбы­лыс­та­рымен, қаси­ет­терімен нақты дәлел­де­не, дәйек­те­ле түсіндіріледі. Аз сөзге ас­тарлы, мег­зе­улі ой-мағына­ларын сыйғыза білу – ше­шен­дердің шығар­ма­шылық өнерінің бас­ты ерек­шелігі. Адам­дардың ру­хани жан әлемі сұлу­лығының қор­шаған ор­та­сына, кейінгі ұрпаққа тағылым бо­латын ұлағаты ше­шен­дер сөздерімен тұжы­рым­далған. Яғни, би-ше­шен­дер ғасыр­лар бойы ұрпақтар­ды сөй­леу мәде­ни­етін иге­руге қалып­тастыр­ды. Бұл орай­да, Бөлтірік «Нақыл сөз ту­ралы» топ­та­масын­дағы мы­надай оқиғалы сөздер тақырып­та­рын ай­та­мыз:

«Сөздің көркі мақал-ды», «Сөз қадірін білме­се», «Басқа пәле тілден», «Бәле қай­да де­ме – аяқ ас­тында», «Әкең қапа бо­лады», «Сөз мәнісі», «Тұз сөздің де дәмін кіргізеді», т. б.

Бөлтіріктің осы топ­тағы оқиғалы сөздерінде ха­лықтың бар­лық ор­та­ларын­дағы (от­ба­сы, ауыл-ай­мақ, жал­пы ха­лық) сөз өнерінің құдіретті қыз­метінің адам­гершілік-эс­те­тика­лық, әле­уметтік ықпал­ды маңызы са­рала­на бағаланған. Мы­салы, «Сөз қадірін білме­се» ат­ты әңгіме­де Бөлтіріктің са­лыс­ты­ру-шен­дестіру тәсілімен берілген бағала­ула­рын көреміз:

Бай бол­маған бай бол­са,
Жай­ла­маған саз қой­мас.
Би бол­маған би бол­са,
Ба­сын шал­маған сөз қой­мас.
Сөз қадірін білме­се,
Бай­дан бай­лық көшеді.
Сөз қадірін білме­се,
Би­ден билік көшеді.

«Әкең қапа бо­лады» ат­ты әңгіме­де «Аузы қисық бол­са да бай­дың ба­ласы сөй­лесін» деп шы­нын­да да ауызы қисық, бірақ жұрттың ара­сын­да ретсіз әрнәрсені ай­та бер­ген бай­дың ба­ласын бағалағаны үшін жи­ын­ның шырқы бұзылғаны­на қапа болған Бөлтіріктің айтқан сөй­леу мәде­ни­етін ұғын­ды­ру ұлағаты­ның бар­лық күнде де мәнін жой­май­ты­ны анық:

«Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден ащы нәрсе тағы жоқ. Сөзден жеңіл нәрсе жоқ. Сөзден ауыр нәрсе де жоқ. Сөзіңді тіліңе би­лет­пе, ақылыңа би­лет. Ақыл­ды сөзіңді ақыл­сызға қор ет­пе, ақылға айт. Не сөй­лейтініңді біл. Кімге сөй­лейтініңді біл. Қай жер­де сөй­лейтініңді біл. Қай кез­де сөй­лейтініңді біл. Қалай сөй­лейтініңді біл. Оны білме­сең, са­ра сөзің ша­ла бо­лады, ар­ты жа­ла бо­лады, әкең қапа бо­лады».

Бөлтірік сөздерінің біра­зы адам­дарды жол­дастыққа, дос­тық қарым-қаты­нас­тарға тәрби­елеу бо­лып ке­леді. Әкенің ба­ласын тәрби­елеуі – ата-ба­балар­дың жо­лы. «Саңыла­уы жоқпен са­бақтас бол­ма» ат­ты әңгіме­де ше­шеннің ұлы­ның сотқар, бұзық ба­лалар­мен бірге жүргені, әкесінің ес­керту­леріне құлақ ас­пағаны, ақыры со­лар­дың та­зы ұрлаған оқиғасы­на бай­ла­ныс­ты жа­зала­нып, айып тартқан­дардың бірі болғаны­на бай­ла­ныс­ты айтқан Бөлтіріктің на­сихат сөзі де тағылым­ды:

Саңыла­уы жоқпен
Са­бақтас бол­ма.
Бай­ла­уы жоқпен
Са­нат­тас бол­ма.
Тілегі жа­ман­мен
Қапаға түспе.
Тегі жа­ман­мен
Ор­таға түспе.

Адам­дардың өза­ра жол­дастығы, дос­тығы нағыз сын сағат­та­рын­да, қиын-қыс­тау кез­дерінде та­ныла­ды. Адам­дардың ара­сын­да жол­дастық, дос­тық қарым-қаты­нас­та­рын тек ғана дәулеті шалқыған, қыз­мет дәре­жесі бар кезіндегі пен­дешілік есеп­ке ғана құрып жүретіндер де кез­де­сетіні мәлім. Ал, шын жол­дастық, дос­тық тек ғана қиын­шы­лықтар­ды бірге көтеріскен мәрт мінезді қаси­ет­термен ғана көрінуі тиіс емес пе? «Жол­ба­рыс терісін жа­мылған ба­тыр» ата­латын ха­лық әңгімесінде бірге ке­ле жатқан адам­дардың жол­ба­рыс­пен бет­пе-бет кез­десіп қалған­да аңмен алы­сып жатқан Бөлтірікті тас­тап қашып кет­кендіктеріне бай­ла­ныс­ты бағалау жа­салған. Жол­ба­рыс­пен жалғыз өзі алы­сып, өлтіріп, «Иығына са­лып алған жол­ба­рыс терісінің бір пұшпағы жер­ге сүй­ретіліп» ке­ле жатқан Бөлтірікке қашып кет­кен жол­даста­ры қай­та ора­лып кел­гендегі ди­алог­тардан, ше­шеннің қоры­тын­ды бағала­ула­рынан жол­дастықтың шы­най­лығы мен жалған­дығына баға берілген. Бөлтірік ше­шеннің по­эти­калық мағына­сы, мег­зе­улі ой­ла­ры те­рең сөздері арқылы адам­гершілік қаси­ет са­пасы­ның шы­найылығы дәлел­денген:

  1. «Тірі бол­сам да, өлі жол­ба­рыс құрлы бол­ма­дым. Өлі бол­са да бұл жол­ба­рыс тірі Бөлтіріктен гөрі жол­ды екен»;
  2. «Мен екі сойыл­дым, жол­ба­рыс бір сойыл­ды… – Мы­нау қасым­да тұрған қоянжүрек­тер мені жалғыз тас­тап қашып кетіп, бір сойыл­дым. Олар­дан соң ба­тыр жүректі жол­ба­рыс бо­лат тыр­нағымен, ал­мас азу­ымен тағы сой­ды. Ал, жол­ба­рыс бол­са, ол бір-ақ сойыл­ды».
  3. «– Жол­ба­рыс­та қырық жігіттің ай­ба­ты бар, бір жігіттің қай­ра­ты бар. Жүрегін тоқта­та алған жігітке бір жол­ба­рыс не қай­рат қылу­шы еді» – деп жа­уап беріпті. Осы оқиғадан кейін ел ішінде Бөлтіріктің «Жол­ба­рыс жүректі ба­тыр», «Жол­ба­рыс терісін жа­мылған ба­тыр» де­ген аты шығып­ты".

Жақсы адам­дардың дос­тығы арқылы адам­заттың өсіп-өркен­деп ке­ле жатқаны белгілі. Сон­дықтан, Бөлтірік ше­шеннің жол­дастық, дос­тық ту­ралы сөздері аза­мат­тық-отан­шылдық тұғыр­на­мамыз берік ха­лық екенімізді дәлел­дейді.

Бөлтірік ше­шен сөздеріндегі тәлім-тәрби­елік мағына­лы ой­лар жақсы­лық пен жа­ман­дық ұғым­да­рын та­нып-білу ұлағатын са­ралауға ар­налған. Мы­салы, «Жа­ның жеті жа­ман­нан аман бол­сын», «Өнерің мен өне­гең аз­ба­сын», «Жеті жетіні білгенді адам дейді», «Жеті жақсы», «Жеті жетім», «Ба­лаға ақыл», «Бес жа­ман», «Ақыл», т. б. нақыл сөздері жас ұрпақтың адам­гершілік ұлағаты­мен қалып­та­сып өсуіне ха­лық да­налығы бойын­ша бағдар бе­реді. Ше­шен қазақ ұғымын­дағы ки­елі жеті са­нына негіздел­ген қаси­ет­тер, дәстүрлер тағылы­мын толғай­ды.

Қазақ ұл-қыз­да­рының жеті жетіні (жеті ата, жеті ру, жеті жарғы, жеті құбы­ла, жеті жақсы, жеті жа­ман, жеті жетім), со­лар­ды са­ралаған­да жеті жақсы­ны (ақыл, та­лап, білім, мал, кісілік, кәсіп, сөз), жеті жа­ман­ды (күншілдік, кекшілдік, ас­тамшы­лық, са­раңдық, қара­улық, бәлеқор­лық, ын­сапсыз­дық), жеті жетімді (жа­уын жа­умаған жер, бас­шы­сы жоқ ел, елінен ажы­раған ер, аққу-қазы жоқ көл, тыңда­ушы­сыз сөз, киілмей тозған тон, қатар­ла­ры жоқ шал) – білудің ұлттық-отан­шылдық дүни­ета­ным үшін маңыз­ды­лығын байқата­ды.

Бөлтіріктің «Ба­лаға ақыл» ат­ты на­сихат-нақыл, ба­та-тілек бағда­рымен ай­тылған сөздері де ди­дак­ти­калық-фи­лосо­фи­ялық байып­ты си­паты­мен ерек­ше­ленеді.

Ше­шендік на­сихат-нақыл сөздерінде қазақтың ата-ба­балар­дан жет­кен адам­гершілік қаси­ет­тер ұлағатын жас ұрпақтың жа­дына, са­насы­на сіңіру ұсы­нылған. Қол­дағы бар дүни­ені орын­сыз шаш­па­уды, ашкөз дүниеқоңыз бол­ма­уды, меншікті жердің, су­дың («Су­лы жер – ну­лы жер, ну­лы жер – ру­лы ел») иесі бо­луды, жігіттік пен қарт­тықтың үй­лесімін білуді, ой­дың да, сөздің де, істің де та­за, ақ бо­лу­ын сақта­уды уағыз­дай­ды.

Бөлтірік Әлменұлы сөздерінің бар­лығын­да да тәрби­елік мән бар. Адам­гершілік қаси­ет­терді бағалау тұрғысын­да са­налу­ан оқиғалар (жер да­уы, жесір да­уы, ұрлық, ба­рым­та, т. б.), ағайын­ның, дос-жол­дастар­дың қарым-қаты­нас­та­ры, т. б. мәсе­лелер­ге бай­ла­ныс­ты ту­ын­даған сөздері ха­лықтың жа­дын­да жат­талған. Әсіре­се, оның би­лер­мен болған сөз сайыс­та­рын­дағы билік шешімдері сөз өнерінің құқықтық заңды­лықта­ры сақтау құра­лы болған­дығын дәлел­дейді. Су­рет­кер жа­зушы­мыз Мұхтар Әуезов «Әде­би­ет та­рихы» ат­ты кіта­бын­да «Би­лер ай­ты­сын» әде­би­ет та­рихын­дағы «Ай­тыс өлеңдері» са­ласы аясын­да қарас­тырған еді. М. Әуезов «Би­лер ай­ты­сын» «ішкі мағына­сына ғана қарап» жіктеп, олар­ды билік ай­тыс­та­ры ата­уымен жүйелейді: "бірінші – дау мен билікті қоса ай­тып, ру жігінің бетімен сөй­лейтіндер бо­лады. Мы­салы, Бұқар жы­ра­удың Ке­рей­ге айтқан тақпағы; "Екінші, екі бидің әділ билікке та­ласып айтқан та­лас сөздері. Мы­салы, Ақтай­лақ, Сол­та­бай билігі; "Үшінші, ар­ба­сып, ырғасып, жұмбақпен, тұспал­мен ай­ты­сатын та­лас билік, мы­салы, Қара­мен­де мен Кеңгірбай билігі; «Төртінші, дау мен билік тұсын­да, не жа­ман­дап, не мақтау ай­та­тын сөздер. Мы­салы, Са­быр­бай­дың Сол­та­бай төре­ге айтқан өлеңі».

Бөлтірік ше­шеннің де әле­уметтік-қоғам­дық қай­рат­кер тұғыры­на көтерілген қыз­меті осын­дай «Билік сөз» үлгілері арқылы та­нылған: «Аға бор­дан, іні зор­дан» (жесір да­уы), «Халқым үшін ту­дым» (жер да­уы), үш нұсқалы «Ал­тын Емел да­уына да­уа» (жер да­уы), «Сы­патай ба­тыр­дың құты» (жо­март­тық-мәрттік), «Тен­тек төртеу болған­да» (тен­тектікке баға), «Аз­дым деп ұрлыққа бар­ма» (оз­бырлыққа үкім), «Құдай­дың өзі оңғарар» (жо­март­тық), «Да­удың түбін қыз бекітеді» (қырғыз-қазақ дос­тығы), «Арыс­тан қар­тай­са тышқан аулай­ды» (ірі мінез-мәрттік), «Еріккен хан өстіп от­тай ма екен» (ха­лықтың қуатын та­ныту), т. б.

Бөлтірік Әлменұлы­ның ше­шендік сөздері – мыңжыл­дықтар бе­лес­терінен өткен, қазіргі кез­де жаңа әлем­дегі Қазақ мем­ле­кеті аты­мен әлем­деп ең озық ел­дермен иық теңестірген халқымыз­дың ұрпақта­рын тәрби­елейтін ру­хани құрал­да­рымыз­дың бірі. Қазақтың тәлім-тәрби­елік негізі бай, те­рең мағына­лы осын­дай мұра­лары әлемдік пе­даго­гика­лық көзқарас­тар жүйесін де байыта түсетіні ақиқат. Бұл орай­да, Қазақстан Рес­публи­касы­ның Пре­зиденті Нұрсұлтан Әбішұлы На­зар­ба­ев­тың ұлттық-отан­шылдық бағдар­лы сөздерінің де Бөлтірік ба­ба сын­ды да­нала­рымыз­ды ұлықтау арқылы өз бағыты­мыз­дан адас­пай­ты­нымыз­ды дәлел­дей түседі: «Ба­бала­рын қалтқысыз қас­терлей алған ха­лық ба­лала­рының бо­лашағын да қапы­сыз қам­дай ал­мақ. … Сал­та­наты жа­расқан қала­сы бар, бай­тағы ұшан – теңіз да­ласы бар, аруақ қол­даған ба­басы бар ел екенімізді мақтан етейік!».

Бөлтірік ше­шеннің та­рихи тұлғасы дас­тандар­да да (К. Әзірба­ев­тың «Аңыз­дар сы­ры» (1969), Б. Би­гели­евтің «Бал­каш» (1970) кітап­та­рын­дағы дас­тандар­да бей­не­лен­ген. 2007 жы­лы Балқаш ауда­нының, Бақанас ауылы ор­та­лығын­да ес­керткішінің қойылуы да қазақ халқы ба­бала­ры ұлы­лығын ұрпақта­ры ұлықта­уының көрнекті көрсеткіші.

Қоры­та айтқан­да, қазақ та­рихын­дағы көрнекті би-ше­шен, ба­тыр Бөлтірік Әлменұлы­ның сөз өнері шығар­ма­шылығы мен қай­рат­керлігі тұтасқан қыз­метінің өне­гесі біздің ұлттық және жал­пы­адам­заттық мұрат­тарды игер­ген озық өрке­ни­еттік бол­мы­сымыз­ды анықтай түседі. Қазақ өрке­ни­етінің осын­дай гу­манистік тағылы­мы ұрпақтар­ды адам­гершілік ұлағаты­мен мәңгілік бо­лашақта да тәрби­елей бе­реді.