Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Біржан сал Қожағұлүлы (1834 - 1897 ж.ж)

Біржан сал Қожағұлүлы (1834 - 1897 ж.ж)

Қазақ әде­битінде, мәде­ни­етінде аса ірі түлғаның бірі XIX ғасыр­дағы қазаң ән өнерінің, сөз өнерінің ірі өкілі Біржан сал Қожағүлүлы. Ол 1834 жы­лы қазіргі Ақмо­ла (Көкше­тау) маңайын­дағы Сек­сенкөлдің бірі Же­кей көлінің жағасын­да дүни­еге кел­ген. Біржан­ның ескі ата қоны­сы Обаған болған. Біржан­ның арғы ата­сы Бертіс-тен Ақшо­лақ, Ай­шуақ, Жан­шуақ, Қожамқұл, Қожағұл, Қожағұлдан Тұрлы­бай, Нұра­лы, Ера­лы ту­ады. Біржан Тұрлы­бай­дың ба­ласы. Ата­сы не­мересін ба­уыры­на ба­сып, ежел­ден ер­ке өсіреді. Ата мен әже тәрби­есін көріп өскен ер­ке Біржан «Ба­ласы Қожағұлдың Біржан сал­мын» деп жар са­латын со­дан. Дәулетті ата­сының тәрби­есінде өскен Біржан тұрмыс тар­шы­лығын көрмей, еркін ер же­теді. Бас еркіндігі өзіндегі та­лант­ты ба­ла жас шағынан дом­бы­рамен ән са­луға, өлең сөз қиыс­ты­руға бейімдігін байқата­ды. Өлеңге құмар жас тар аяда қал­май, ошақ ба­сы, от қасы әңгіме­лерінен биік тұрып, ел там­санды­рар серілер өміріне қызығып, өзі де сал­дық, серілік құра бас­тай­ды. Осы әншілігінің, ақын­дығының арқасын­да Біржан ал­ты алашқа оңай та­нылып, кейінгіге ер­тегідей жетіп, қазақтың ерек­ше салт-дәстүрі серілік дәстүрін шыңға шығарған жанға ай­на­лады. Ол тек Көкше­тау ай­мағы ғана емес, бүкіл Са­ры­арқаға та­нылып, кейіндері қазақ әде­би­етінің биік тұлғасы­на ай­на­лады. Жа­яу Мұса, Үкілі Ыбы­рай, Ба­лу­ан Шо­лақ секілді әнші-ақын­дар Біржан жо­лын жалғас­ты­рушы бо­лып, со­ның жо­лымен жүрген жан­дар еді. Біржан­ның әр әні ерек­ше жағдай­лар­да, ерек­ше жай­лар­да ту­ады. Мәжіліс қүрып отырған шақтар­да, я бол­ма­са көңілінде қалған бір түй­ткіл жай­ларға бай­ла­ныс­ты Біржан ән шығара бе­реді.

Ба­ласы Қожағұлдың Біржан сал­мын
Адамға зи­яны жоқ жүрген жан­мын.
Қасыңа мені сен­дер не­ге ал­май­сың,
Өзім сұңқар, өзім сал, кімге зар­мын.
Жа­сым бар жи­ыр­ма­да жа­сыр­май­мын
Ба­сым­нан дұшпан сөзін асыр­май­мын.
Ба­сым­нан дұшпан сөзі асып кет­се,
Сен түгіл, пат­шаға да бас ұрмай­мын, —

деп ақын­дық қуаты­ның, шалқар та­лан­ты­ның бар екенін ес­кертіп, биік па­фос­пен жоғары әуен­ме­нен ай­та­ды. Осы­дан-ақ Біржан­ның ақын­дық қуатын та­нимыз. Ақын сөзін әдемі өрнек­теп, соған сай қуат­ты әнме­нен қоса­ды. Яғни, ол қазақ да­ласын­дағы біріккен, тоғыс­па­лы, синк­ретті өнер түрін саз­герлік, ақын­дық, әншілік си­пат­та үш тоғыс­тың ба­сын қосқан ай­рықша та­лант. Біржан ең бас­ты­сы ақын екендігі мәлім.

Со­зады Біржан да­усын қоңыр қаз­дай
Басқаға бір өзіңнен жүрмін жаз­бай,
секілді сөздері Біржан­ның ақын­дық күшін көрсе­теді.
Аты жоқ құс бо­лады көкек де­ген,
Ал­дында те­резенің се­кек­те­ген.
Ойым­да үш ұйықта­сам бар ма менің,
Айыры­лып сені сәулем ке­тет де­ген.
Кім сүй­мес ше­шек атқан көкек айын
Бей­не жаз менің сүй­ген сәуле­тайым.
Ақ қалқам отыр ма екен, жа­тыр ма екен,
Әй, көкек, ұшып ба­рып білші жайын.
Ше­кеңе селдіретіп ай­дар тағып
Көкек­теп бос жүрген­ше се­кең қағып,
Қосайын өле-өлген­ше мен әніме,
Қалқадан ха­бар әкел ұшып ба­рып.

Бүл жы­рын­да ақын сағынған сұлу­ын көкек­ке ба­рып білші деп сон­ша­лық нәзіктікпен үшқан құсқа мұңын шағып ай­та­ды. Біржан­ның сезімді әндерді ақын­дық қуаты мол.

Өзіміз айтқан­дай Біржан Қожағұлдың ба­уырын­да, со­ның қара­уын­да өседі.
Ұсын­сам қолым жет­пес туған айға,
Ай­тсам да арыз жет­пес бір құдайға.
Жы­лына бес жүз теңге тап­сам-дағы,
Жақпа­дым өзім әкем Тұрлы­байға, —

деп өзінің бір өлеңінде ай­ткан­дай, ата­сы Қожагұл ки­елі болған­дығын байқай­мыз. Біржан жас кезінен-ақ әнші әнге құмар, жырға құмар, әр кез­де де со­ны аңсай­тын жүрек­пен, му­зыка­ны, әнді, дом­бы­раны ұнатқан жүрек­пен ер же­теді. Егер ауылға кел­ген әлдебір әнші, я бол­ма­са күйші бо­латын бол­са со­ның жа­нынан шықпай, мүмкіндігінше ба­рын тыңдауға, түгел та­уысып ұғынуға ты­рыса­ды. Ал егер көрші маңайын­дағы бір ауыл­да ән мен жыр­дың ду­маны бо­лып жат­са сол маңға тар­тып кет­кенді жақсы көреді. Ол тек қана әнге емес, сал-серілікті де ұна­тады. Сұлу киім, жүйрік ат, алғыр та­зы, қиыр­дағыны ша­лар қыран құс осы­ның бәрі Біржан­ның ба­ла шақтағы ұнатқан құмар­лығы бо­лады. Жас кезінде «әнші ба­ла» ата­нып жүрген Біржан «әнші жігіт» дейтін дәре­жеге де же­теді. Ол ел ара­лап жүріп, жұрт ара­лап жүріп қазақтың осы бір ешкімге ұқса­май­тын өнерінен өзегі қанып ішеді. Әдемі ер-тоқым, әдемі киім, Са­ры­арқаны тер­беткен ғажап да­уыс, сұлу бей­не, көркем кел­бет осы­ның бәрі қай жер­де жүрсе де Біржан­ның бойын өзге­ден биік көрсетіп, қан­дай жағдай­да кім бол­ма­сын ба­сын бұрып қарай­тын­дай, мы­нау Біржан-ау дейтіндей дәре­жеге әке­леді. Аз­даған уақыт­тың ішінде Біржан жұртқа та­нылып, яғни Біржан әнші, Біржан саз­гер, Біржан өнер­паз, Біржан сал аты­мен біліне бас­тай­ды. Бізге Біржан­ның қалай әнші болған­дығы жөнінде, қала берді кімдердің жо­лымен жүргендігі, кімдер­ден дәріс алған­дығы бей­мағұлым. Де­мек, біз Біржан­ның әрбір әні қалай туған­дығына қарап қана оның шығар­ма­шылық жо­лын байқай ала­мыз. Біржан­ның оқыған мек­тебі, әншілік мек­тебі, қала берді өскен ор­та­сы, алғашқы ән са­лыс­та­ры мен дом­бы­ра қағыс­та­ры бәрі Алаш­тың ішінде, қазақтың ішінде болған­дығы мағлұм. Де­мек, Біржан сал Қожағұлұлы­ның алғашқы мек­тебі қазақ елі, Са­ры­арқада сай­ран­дап күн кеш­кен, аққуға үн қосқан сол кез­дегі Алаш­тың ба­сын­дағы бір тәтті кез­дер, Біржан­ның үнінен естіледі. Со­ның ішіндегі «Аққуым» деп ата­латын ән:

Қызы едің Ақтен­тектің Ажар атың,
Ешкімнен кейін емес сал­та­натың.
Кез келіп ұшы­рас­тық сәті түсіп,
Аман бол, жо­лыққан­ша пе­риза­тым, —

деп жай бас­та­лып келіп, ой­нақшып келіп одан әрі қарай да­уысын жоғары көтеріп әке­тетін әдемі өн Біржан­ның алғашқы туь­нды­лары­ның бірі де­уге бо­лады. Біржан­ның тағы бір ке­сек әндерінің бірі «Жай­ма­шуақ».

Көл жағалай бітеді көкше құрақ,
Шырқаушы еді осы­лай Ләйлім шы­рақ.
Қозы­бақтың үйінде мәжіліс боп,
Ән еді Біржан салған жай­ма­шуақ -

деп бас­та­латын әнде Қозы­бақтың үйіндегі жи­ын­да отырған шағын­да, әншінің ша­быт­танған кезіндегі, тольқсып, твор­чест­во­лык тұрғыда биікке шапқан кезіндегі шығарған әніндей бо­лып көрінеді. Бұған қараған­да Біржан әнді көңіл-күйдің қала­уымен шығарған секілді. Көңіл хо­шы түскен кезінде, жан ра­хатын кеш­кен сәтінде осын­дай «Жай­ма­шуақ» секілді қай кез­де де алып қара­саңыз өз биігінен түспейтін әдемі әнді шығарып ке­те бе­реді. Осы секілді өндердің тағы бірі «Ай­тбай» деп ата­лады. Ай­тбай бұл қыз­дың аты. Қазақ ке­лесі ту­атын ба­ла ұл бол­сын деп ырым­дап, қыз ба­лаға кей­де ер адам­ның есімін қоятын әдеті бар.

Ма­мекем Ай­тбай де­сем күлімдейді,
Сұр жор­га ас­тындағы сүрінбейді.
Аққудай ас­пандағы жүз құбы­лып,
Сал Біржан ән са­луға ерінбейді, -
дейтұғын тұста­рын­да Ай­тбай­дың әдемілігі, Ай­тбай­дың сұлу­лығы ай­ты­лады.

Осын­дай әндердің бірі, жақсы әндерінің бірі — «Ләйлім шы­рақ» әні. Жал­пы бұл әннің ту­уы да ерек­ше бо­лады: Біржан сал Ләйлім ат­ты қызы бар өзімен тұстас, за­ман­дас Көлбай, Жан­бай де­ген аза­мат­та­ры бар үлкен ел­ге ке­леді. Біржан­ның әнші екенін, жүртқа қадірлі екенін біліп түрып, Көлбай мен Жан­бай салға өзі қалаған­дай құрмет көрсет­пейді. Жұрт алақанға салған серіні менсінбе­ген­дей си­пат көрсе­теді. Осы­ны байқап таңер­теңінде «Ләйлім шы­рақ» ат­ты бір ғажап әнді туғыза­ды. Бұл бір қараған­да қызға ер­ке­леп, сол ауыл­дағы әдемі аруға айтқан на­зын­дай бо­лып көрінгенімен, екінші жағынан Көлбай, Жан­байға да ти­етіні байқала­ды.

Ләйлім шы­рақ,
Мен де өзіңдей жас едім, жа­на та­лап,
Біреу Таш­кент барған­да ал­ды­рып ем,
Қызыл жібек қыр­мы­зы төрт-бес қадақ, -
деп ке­леді де:
Өзіме бер шідерді та­уып ал­саң,
Елу теңге бе­рер ем сүйінші ал­саң.
Жер­де шіріп қал­са да көзім көріп,
Қыр­шын жа­сым қиыл­сын бітім ал­сам, -

дейді. Яғни шідерді сен ал­дың, шідерді Ләйлім ал­ды, ұрлап ал­ды және жай ал­ма­ды үлкен бір ғашықтық жүрек­пен ұрлап алған­дай ас­та­ры бар деп көрсе­ту үшін өзге­ше бір әдет­ке, өзге­ше бір әдіске ба­сады. Біржан шідерінің өзі үшін бағасы­ның тым қым­бат екендігін қай­та-қай­та ай­та­ды. Со­дан кейін ғана ба­рып Көлбай, Жан­бай ауылы сал­ды басқаша құрмет­пен күтіп, өзге­ше бір ілти­пат­пен қар­сы алып, сал-серіге тән дәре­жеде шығарып са­лады. Бұл Біржан сал­дың аса бір ерек­ше жа­зылған шығар­ма­сы.

Кейін ке­ле Біржан жа­сы ұлғайған шағын­да ауыл­дан, ел­ден көп шыға бер­мейді. Бұл тұста­ры ал­дындағы қалып­тасқан әдет­тен, мінез­ден өзінің ағала­ры Ер­жан, Нұржан мүмкіндігінше те­жеп, әншіні көбіне­се шығар­май, өз ауылын­да шідер­леп ұстауға ты­рыса­ды. Бірақ Біржан бүған көне бер­мейді.

Жа­сым бар елу бес­те жа­сыр­май­мын,
Ба­сым­нан жа­ман сөзін асыр­май­мын.
Қысқа жіп кел­ме­се де күрмеуіме,
Саған да ту­ысым бас ұрмай­мын, -

деп ай­та­ды. Бүл тұстар­да Біржан­ның шын мінезін, оның кімнен бол­са да қай­тпай­тын­дығын, күрес­керлігін, ержүректігін анық та­нуға бо­лады.

Аяғын­да көп қина­лумен 64 жа­сын­да бай­ла­улы жа­тып, ас­панда­гы аққуға үн қоса­тын, бүкіл қазақ да­ласын әнге бөле­ген асыл өнердің иесі — Біржан бұл дүни­емен қош­та­сады. Біржан­ның өмірі, Біржан­ның әндері — қазақ му­зыка­сының биік бе­лесі. Біржан со­нысы­мен қым­бат, со­нысы­мен ке­рек.