Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Биримжанов Ахмет (1871 - 1927 ж.ж)

Биримжанов Ахмет (1871 - 1927 ж.ж)

Биримжанов Ахмет (1871 - 1927 ж.ж)

Бірімжа­нов Ах­мет — Ала­шор­да үкіметінің мүшесі, 1–2 мем­ле­кеттік Ду­ма мүшесі, заңгер.

1871 жы­лы 7 жел­тоқсан­да Торғай уезінің То­сын бо­лысы­ның № 1 ауылын­да дүни­еге кел­ген. Арғы ата­лары атақты Арғын-Шақшақ Қошқарұлы Жәнібек ба­тыр және Ше­ген би. Өз әкесі — Қорған­бек. Ше­шесі — Қып­шақ На­урыз­бай бидің қызы Хан­ша. Ал арғы ата­сы — Ше­ген бидің қызы, Ай­ман Ыбы­рай Ал­тынса­риннің ше­шесі.

Жас­тайынан зе­рек Ах­мет Орын­бор ер­лер гим­на­зи­ясын 1891 жы­лы күміс ме­даль­мен бітірсе, ал Қазан уни­вер­си­тетінің заң фа­куль­тетін 1895 жы­лы ал­тын ме­даль­мен бітірген. ЖОО бітірісімен Орын­бор ок­ругтық сот­тың кан­ди­даты, онан кейін Торғай уезінің бітімші со­ты бо­лып істеп жүрген­де, 1906–1907 жыл­да­ры Ре­сейдің 1–2 мем­ле­кеттік Ду­масы­ның мүшелігіне қата­рынан екі рет Торғай об­лы­сы қазақта­ры аты­нан сай­ла­нады.

1906 жы­лы 2 шілде­де ду­ма оты­рысын­да сөз сөй­леп, аг­рарлық ко­мис­сияға қазақ де­путат­та­рын енгізуді ұсы­нады. Де­путат А. Қал­ме­нев екеуі қазақ жерінде қоныс ауда­рушы­лар­ды жер­ге ор­на­лас­ты­ру ко­мис­си­яла­рының заңсыз­дықта­ры ту­ралы жоғарғы үкімет билігіне сұрау са­лады.

А. Бірімжа­нов 2-Ду­мада әске­ри да­ла сот­та­рын жою ту­ралы заң жо­басын жа­сау ко­мис­си­ясы­ның құра­мына енеді. Бұдан басқа өзге де 53 де­путат­пен бірлесіп, Ми­нист­рлер Кеңесіне 1906 жы­лы 4 ма­усым­да қазақ да­ласын­да қоныс ауда­рушы­лар учас­ке­лері мен ор­мандағы са­яжай­лар­дың ор­на­ласу заңсыз­дығы жөнінде сұрау са­лады.

Қазақ да­ласы­на ішкі Ре­сей­ден қоныс­та­нушы­лар­дың жап­пай шұбы­ру­ына бай­ла­ныс­ты жер, қоныс мәсе­лесі қат­ты ушығып, қазақ халқының тағды­рына тіке­лей әсер ет­кендіктен, қазақ зи­ялы­ларын қат­ты толған­ды­рып, оны Ду­ма мінбері арқылы жеңілдетіп ше­шуге әре­кет­тенген іс-қимыл­да­ры еді. Алай­да Ду­ма та­раты­лып, бұл іс-әре­кет­тер нәти­жесіз бо­лып, Ду­ма мүшесі ретінде А. Бірімжа­нов қазақ өлкесінде қыз­мет істеуіне рұқсат етілмей, 1917 жылға шейін Бу­зулук қала­сын­да сот тер­ге­ушісі болған.

Ақпан төңкерісінен соң алғашын­да Уақыт­ша өкіметтің Торғай уезінің ко­мис­са­ры, онан кейін Қос­та­най уезінің ко­мис­са­ры болған. Сол жыл­да­ры ел­де бе­лең алған қоғам­дық-са­яси және Алаш қозғалы­сына ара­ласа бас­тай­ды.

1917 жы­лы 2–8 сәуірде Орын­борда және сол жылғы 20–25 та­мыз­да Ақтөбе­де өткен Торғай об­лы­сы қазақта­рының си­езіне қаты­сып, соңғысын­да жаңа сот жүйесінің жо­басын әзірлеу жөніндегі ко­мис­си­яның құра­мына кіреді. Торғай об­лыстық біріккен мұжық-қазақ си­езіне де қаты­сады.

Шілде­де өткен Жал­пықазақтық си­ез­де Торғай об­лы­сынан Құрыл­тай жи­налы­сына де­путат­тыққа ұсы­ныла­ды да, жел­тоқсан­дағы си­ез­де Торғай об­лы­сынан Ала­шор­да үкіметінің мүшелігіне өтеді.

Кеңес өкіметі кезінде заң орын­да­рын­да жа­уап­ты қыз­меттер атқарған. Қазақ АКСР-дің заң ко­мис­са­ри­аты­ның алқа мүшесі және өмірінің соңына шейін Қазақстан­ның Жоғарғы со­тының мүшесі болған.

1927 жы­лы 5 қаңтар­да Ле­нинг­рад­та қай­тыс болған. Ақтық са­парға Ә. Бөкей­ха­нов, Ә. Сей­да­лин, Ле­нинг­рад­та оқып жүрген қазақ сту­дент­тері М. Әуезов, Ә. Марғұлан, ұлы Ба­тыр­бек және та­тар зи­ялы­лары шығарып салған.

Алаш Ор­да мүше­лері:

Мүше­лері Жақып Ақба­ев, Са­дық Аман­жо­лов, Отын­шы Әлжа­нов, Әли­хан Бөкей­ха­нов, Ах­мет Бірімжа­нов, Ха­лел Ғаб­ба­сов, Жан­ша Досмұха­медов, Ха­лел Досмұха­медов, Әлімхан Ер­ме­ков, Бақты­керей Құлма­нов, Ба­зар­бай Мәме­тов, Уәлит­хан Та­нашев, Ай­дар­хан Тұрлы­ба­ев, Мұха­мет­жан Ты­ныш­ба­ев, Мұста­фа Шоқай

Мүшелікке кан­ди­дат­та­ры:

Өмір Ал­ма­сов, Мол­да­ни­яз Бекімов, Мұқыш Бош­та­ев, Нүсіпбек Жақып­ба­ев, Сейілбек Жа­най­да­ров, Ере­жеп Ит­ба­ев, Ас­панди­яр Кен­жин, Сейдәзім Қадыр­ба­ев, Есенғали Қаса­бола­тов, Иса Қашқын­ба­ев, Ба­тырқайыр Ни­язов, Сәлімге­рей Нұра­лыха­нов, Са­тылған Са­бата­ев, Бе­лек Сол­то­но­ев, Есен Тұрмағам­бе­тов

Алаш Ор­да­ның оқу ко­мис­си­ясы­ның мүше­лері:

Ах­мет Байтұрсы­нов, Мағжан Жұма­ба­ев, Ел­дес Ома­ров, Би­ах­мет Сәрсе­нов, Тел­жан Шо­нанов.