Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Барлыбек Сыртанов (1866 - 1914ж.ж)

Барлыбек Сыртанов (1866 - 1914ж.ж)

Бар­лы­бек Сыр­та­нов 1866 жы­лы Жетісу жерінің Қапал уезінде дүни­еге кел­ген. Бар­лы­бектің әкесі өте ақыл­ды, көргенді кісі болған. Бар­лы­бек Сыр­та­нов Вер­ный­дағы ер­лер гим­на­зи­ясы­на оқуға түседі. 1866 жы­лы бұл оқу ор­нын өте жақсы де­ген бағамен бітіреді. Сыр­та­нов өзінің өте қиын тұрмы­сына қара­май оқуын жалғас­ты­ра бе­реді. Ер­лер гем­на­зи­ясы­ның ди­рек­то­ры Д. Но­вак Бар­лы­бектің білімге де­ген құштар­лығын байқап, оны Жетісу әске­ри гу­бер­на­торы­на өтініш ай­тып оның білімін Пе­тер­бург­ке әрі қарай жалғас­ты­ру­ын сұрай­ды.

1886 жы­лы Сыр­та­нов Бар­лы­бек Пе­тер­бург уни­вер­си­тетінің шығыс­та­ну фа­куль­тетіне оқуға түседі. Оны­мен бірге Қазақстан­ның басқа да жақта­рынан оқуға көпте­ген сту­дент­тері оқиды. Олар­дың ішінде: Орал­дық Бақыт­жан Қара­та­ев, Қос­та­най­дан Жан­ша Сей­да­лин, Көкше­та­улық Мәмбетәлі Сер­да­лин, Ақтөбелік Аб­долла Теміров­тер бол­ды және көпте­ген сту­дент­тер бол­ды.

ХІХ ғасыр­дың ІІ жар­ты­сын­да ай­шы­лық алыс жер­ден Санкт-Пе­тер­бург уни­вер­си­тетіне білім, ғылым, өнер үй­ре­нуге барған Бар­лы­бек Сыр­та­нов, Бақыт­жан Қара­та­ев, Мәмбетәлі Сер­да­лин, Бақты­герей Құлма­нов, Аб­долла Теміров сын­ды бір топ қазақ жас­та­ры жұрт ісін түс көрмей, ояу жүріп іздеу – мақсат деп «Жер­лестер» ұйымын құрды. «Жер­лестер» – қазақ та­рихын­дағы ең тұңғыш ұйытқы болған жас­тар ұйымы. Қазақ қай­рат­керлері шыңдалған, өмірлік мұрат­та­рын айқын­дауға септігін тигізген ұйым­да олар басқосу­лар өткізіп, түрлі ша­ралар ұйым­дасты­рып, та­нымын қалып­тастыр­ды. Со­нымен бұл ұйым қалай дүни­еге келді, за­маны­ның ыңғайы қалай бол­ды? де­ген сұрақтарға жа­уап бе­релік.

ХІХ ғасыр­дың екінші жар­ты­сын­да та­рихи өзгерістер бо­ла бас­та­ды. ХІХ ғасыр­дың 60-жыл­да­рын­да Қазақ жерінің Ре­сей құра­мына қосы­луы пат­ша өкіметінің субъек­тивтік мақсат­та­ры мен мүддесіне сай жұмыс жа­сады. Қазақ жұрты­ның жігері мүжіле, жері жы­рым­да­лып, та­лан-та­ражға түсе бас­та­ды.

Ұлты­ның хал аху­алы­ның мүшкілде­нуі, сайқал са­ясат­тың сы­рын түсінген Б. Сыр­та­нов, Б. Қара­та­ев, М. Сер­да­лин­дердің көз ал­дында өтті. Дәл осын­дай күрделі де аса ауыр жағдай­да та­рихи сах­наға Санкт-Пе­тер­бург­ке оқуға ат­танған қазақ жас­та­ры шықты.

Бар­лығын да ел үкілі үмітпен ат­тандырған еді. М. Ты­ныш­ба­ев ұста­зы Б. Сыр­та­нов ту­ралы өзінің ес­телігінде: «…Сон­дай қиын­шы­лықта Жетісу де­ген бір түкпірден қазақ көрме­ген я естіме­ген жер­ге Бар­лы­бек …жа­рық дүние көру­ге, кейінгілер­ге үлгі бо­лып, жол көрсе­ту үшін жалғыз кетті» дейді. Ал Жетісу об­лы­сынан тұңғыш бо­лып Санкт-Пе­тер­бург­ке білім алуға ат­та­нып ба­ра жатқан Бар­лы­бек Сыр­та­нов­ты бүкіл ел бо­лып, Құдайы та­мақ беріп, Құран оқытып және жиған-тер­гендерін қолы­на ұста­тып ұзақ са­парға шығарып са­лады. Осы­лай­ша әрбір қазақ ба­ласы ел ама­натын арқалап Санкт-Пе­тер­бург­ке кел­ген бо­латын.

Қазақ қоғамын­дағы қалып­тасқан әле­уметтік жағдай­лар мен са­яси-құқықтық қаты­нас­тар қазақ да­ласы­ның әр түкпірінен Санкт-Пе­тер­бург­ке кел­ген қазақ жас­та­рының өза­ра тізе қосып бірігуіне әкелді, әрі олар­дың өмірі мен қоғам­дық-са­яси қыз­метін анықтауға әсер етті. «…Сол кез­де Пет­роград­та 2–3-тей-ақ қазақ сту­дент бар еді, қазақ ара­сынан уни­вер­си­тет­ке алғаш кірген со­лар еді», – деп жа­зады М. Ты­ныш­ба­ев. Со­лар­дың бірі – 1881 жы­лы Пе­тер­бург уни­вер­си­тетінің заң фа­куль­тетіне қабыл­данған Бақты­герей Құлма­нов. Ол осы фа­куль­тет­те 1884 жылға дейін оқып, әр түрлі се­беп­терге бай­ла­ныс­ты уни­вер­си­теттің шығыс тілдері фа­куль­тетіне ауыс­ты. 1889 жы­лы тіл білімінің ми­нистрі де­ген үлкен ғылы­ми атақпен ой­дағыдай бітіріп шықты. Б. Құлма­нов араб, пар­сы, түрік және та­тар тілдерін еркін меңгер­ген оқымыс­ты қазақтар қата­рын­дағы тұңғыш­тардың бірі.

Пе­тер­бург уни­вер­си­тетінің есігін 1886 жы­лы бір топ қазақ жас­та­ры аш­ты. Олар­дың ішінде Көкше­та­удан кел­ген Мәмбетәлі Сер­да­лин, Жетісу­дан – Бар­лы­бек Сыр­та­нов, Орал­дан – Бақыт­жан Қара­та­ев, Ақтөбе­ден – Аб­долла Теміров сияқты жас жігіттер бар еді. М. Сер­да­лин жа­раты­лыс­та­ну фа­куль­тетіне түсіп, В. И. Ле­ниннің ағасы А. И. Ульянов­пен бірге оқыды. Б. Қара­та­ев пен А. Теміров заң фа­куль­тетінде оқыды. Бар­лы­бек Сыр­та­нов шығыс­та­ну фа­куль­тетіне түсті. Уни­вер­си­тет қабырғасын­да қазақ да­ласы­ның әр об­лы­сынан білім іздеп кел­ген жас­тар қоян-қол­тық ара­ласып, шар­та­рапқа әйгілен­ген білім ор­да­сынан су­сын­дай­ды. Осы уни­вер­си­тет қабырғасы­нан білім нәрімен қаныға су­сын­дап, сайын да­ласын­да азат­тық пен өрке­ни­ет жар­шы­сы бо­луды көксейді. Бұл мұрат­тардың бәрін уни­вер­си­тет­те әр ұлттың жас­та­ры ара­сын­да өзінің бағдар­ла­масы бар, са­яси бағыт көзде­ген «Жер­лестер» («Зем­ля­чест­ва») үйірмесі не­месе «Жер­лестер одағы» («Со­юз зем­ля­чест­ва») деп ата­латын ас­тыртын ұйым­дардың ішінде жүріп шыңдаған еді. Ұйым­ның ас­тыртын жұмыс жа­са­уының өзіндік се­бебі бар. Сол уақыт­тарда Ре­сей им­пе­ри­ясы­ның ас­та­насын­да 1886–1887 жыл­дарда сту­дент­тер ара­сын­да кең қанат жайған ре­волю­ци­ялық және сту­денттік қозғалыс­тар, са­яси оқиғалар көп бол­ды. Мәсе­лен, 1887 жы­лы на­урыз­дың 1-ші жұлды­зын­да Алек­сандр ІІІ пат­шаға қар­сы А. Ульянов және басқа ре­волю­ци­онер­лердің жа­саған қас­тандық әре­кет­тері. Осы оқиғалар сту­дент­тердің са­яси бел­сенділігін арт­ты­ра берді. Әри­не, бұл оқиғалар билікті қат­ты алаңдат­ты. Пат­ша өкіметі қатаң тәртіпке көшті. 1886 жы­лы Ре­сей уни­вер­си­тет­терінде 1884 жы­лы бекітілген жаңа Жарғы енгізілді. Жаңа Жарғының та­лап­та­ры сту­дент­тер мен оқыту­шы-про­фес­сорларға қатал тәртіп енгізіп, уни­вер­си­тет­те дәстүр бо­лып жалғасып ке­ле жатқан де­мок­ра­ти­ялық дәстүрлер қыс­паққа алын­ды. Сту­дент­тердің ұйым­дар мен үйірме­лер құру­лары­на, ақша­лай қор ұйым­дасты­руға, тіпті, жи­ылып кон­церт қоюла­рына қатаң тыйым са­лын­ды. Уни­вер­си­тет бас­шы­лары атал­мыш әре­кет­терге қатыс­пауға міндет­те­ме ретінде әрбір сту­дент­тен қол­хат алып отырған (Б. Сыр­та­нов­тың осы ту­расын­да жазған қол­ха­ты сақталған). Бекітілген тәртіптер­ге қар­сы­лық білдірген сту­дент­тер­ге Жарғы бойын­ша сөгіс жа­ри­ялау, 24 сағат­тан 4 ап­таға дейін кар­церге қамау, уни­вер­си­тет­тен уақыт­ша қуу және оқудан шығару сияқты жа­залар­ды қол­да­ну іс жүзіне асы­рыл­ды. Де­малыс­тарда еліне қай­та­тын не­месе басқа жер­лерге ба­ратын жағдай­да да рұқсат сұраған. Аб­долла Теміров Торғай об­лы­сына қай­тпақ болған­да ар­найы рұқсат сұрап, өтініш жазған. Сон­дықтан да сту­дент жас­тар бар­лық игі са­яси, ру­хани ша­рала­рын ас­тыртын жа­сауға мәжбүр болғанын байқай­мыз.

Соған қара­мас­тан 1880 жыл­да­ры Санкт-Пе­тер­бург­тың бар­лық жоғары оқу орын­да­рын­да ас­тыртын түрде «Жер­лестер» ұйым­да­ры кең қанат жайған бо­латын. Олар­дың құры­лу­ының негізгі се­бебін зерт­те­уші С. Өзбекұлы жан-жақты тарқатып, ашып өтеді: «бір өлке­ден, бір то­пырақтан шыққан сту­дент­тердің қоян-қол­тық ара­ласуы және бір-біріне қамқор бо­луы еді. Алғашын­да „Жер­лестер“ ұйымы­ның мүше­лерінің мақса­ты бір ұлттан не­месе бір өлке­ден кел­ген мұқтаж сту­дент­тер­ге ма­тери­ал­дық көмек көрсе­ту болған. Бірақ бұл ұйым­дардың пісіп-жетілуі ба­рысын­да ал­да­рына қойған мақсат­та­ры са­ясатқа ұшы­расып кетіп отыр­ды». Бірте-бірте «Жер­лестер» үйірме­лерінің аясы ұлғая ке­ле көп сту­дент­терді қам­тыған «Жер­лестер одағына» ай­на­лып отыр­ды. Олар­дың ар­найы Жарғыла­ры, мүшелік жар­на­лары болған. 1880 жыл­да­ры Санкт–Пе­тер­бург­те сту­дент­тер ара­сын­да 20-ға жуық «Жер­лестер» үйірме­лері болған және олар­дың мүшелігіне 1500-ге тар­та сту­дент­тер кірген. Атап ай­тсақ, сту­дент­тердің Сібір, По­волжье, Ку­бань, Дон, Поль­ская кас­са, Тав­рия, Нов­го­род, Ук­ра­ина, Гру­зия, Ар­ме­ния сияқты «Жер­лестер» үйірме­лері мен одақта­ры тұрақты түрде қалып­тасты.

Сол «Жер­лестер» ұйымы қазақ жас­та­ры ара­сын­да да болған еді. Бар­лы­бек Сыр­та­нов, Мәмбетәлі Сер­да­лин, Бақыт­жан Қара­та­ев, Аб­долла Теміров және шығыс­та­ну фа­куль­тетінде бұлар­дан бұрын келіп дәріс алып жүрген Бақты­герей Құлма­нов сияқты жігіттер «Жер­лестер» үйірмесін құра­ды.

Қазақ жас­та­рының ара­сынан уни­вер­си­тет­те, әсіре­се, М. Сер­да­лин ре­волю­ци­ялық қозғалыс­тар мен сту­денттік жи­ын­дарға жиі-жиі қаты­сып жүрді. 1887 жыл­дың на­урыз айының 1-жұлды­зын­да Алек­сандр ІІІ-ге қас­тандық жа­сау ісіне бел­се­не қатысқан бір топ сту­дент­тер өлім жа­засы­на кесіліп, жүзде­ген сту­дент­тер оқудан шығары­лады. «Жер­лестер» са­яси бағыт алған­дықтан ұйым­ның мүшесі бо­лып, оның жи­ын­да­рын­да көрінгені үшін пат­ша өкіметі М. Сер­да­линді оқудан шығарып, Көкше­тауға по­лици­яның бақыла­уына жіберіледі. Б. Қара­та­ев, Б. Сыр­та­нов және А. Теміров 1890 жы­лы уни­вер­си­теттің то­лық кур­сын ой­дағыдай аяқта­ды. Бұлар­дың ішінде Б. Қара­та­ев­тың та­маша да­рын­ды қабілетіне пат­ша үкіметінің бас­шы­лары да на­зарын ауда­рып, Се­нат­тың екінші де­пар­та­ментіне қыз­меткер бо­лып ор­на­ласу­ына жол­да­ма берді.

Бақты­герей Ах­метұлы Құлма­нов – уни­вер­си­тет­тен дис­серта­ция дип­ломмен қоса ғылым кан­ди­даты атағын алып шыққан қазақтың қоғам қай­рат­кері, Ре­сейдің І және ІІ Мем­ле­кеттік ду­масы­ның де­пута­ты, Алаш көсем­дерінің бірі. Жетісу­лық Бар­лы­бек Сыр­та­нов шығыс тілдері фа­куль­тетін араб, пар­сы, түрік, та­тар тілдері негізінде І дәре­желі дип­ломмен, ырғыз­дық Аб­долла Теміров ал­тын ме­даль­мен, орал­дық Бақыт­жан Қара­та­ев заң фа­куль­тетін ал­тын ме­даль­мен тәмам­да­ды. Бұлар­мен бір жыл­да түскен көкше­та­улық Мәмбетәлі Сер­да­лин са­яси көзғара­сы үшін қуда­ланып, уни­вер­си­тетті бітіре ал­мағаны­мен, зи­ялы, эко­номист-ғалым ретінде та­нымал бол­ды.

Әли­хан Бөкей­ха­нов 1890 жыл­да­ры Пе­тер­бург­ке барған­да Б. Сыр­та­нов, А. Теміров­тердің оқу бітіріп, ел­ге қыз­мет ету­ге кіріскен кез­дері еді дейді. Кейін 1911 жы­лы жаз­да Әли­хан Бөкей­ха­нов Бар­лы­бек­пен ке­лелі істерді талқылап болған­нан соң «құшақта­сып, сүйісіп ай­ры­лысқан едік» деп жа­зады «Қазақ» га­зетіне. Енді «Жер­лестер­ден» қана­тын қағып ұшқан қазақ жас­та­ры ойы, көзғарас­та­ры ХХ ғасыр­дың ба­сын­дағы Алаш иде­ясы­на ұла­сып кетті.

«Жер­лестердің» салған са­ра жо­лының арқасын­да Санкт-Пе­тер­бург­те оқыған­дар көп бол­ды. Санкт-Пе­тер­бург ақмешіттік С. Ла­пинді, се­мейлік Д. Сұлтанғазинді (Шоқан­ның не­мере інісі), орал­дық Ә. Ни­язов­ты, қарқара­лылық Ә. Бөкей­ха­нов­ты және т. б. атауға бо­лады.

Қоры­та кел­генде, бос­тандық жо­лын­дағы сан ғасыр­лық ұлт-азат­тық қозғалыс­тың бір көрінісін Ре­сей ас­та­насы­ның қақ төрінде тұлғала­рымыз «Жер­лестер» ұйымы­ның аясын­да көрсетті. Кейін ел­ге ора­лып, өз істерін жалғас­тырды. Бұл ұйым мем­ле­кеттік деңгей­дегі иде­ялар­дың қай­нар көзі болғаны да­усыз.

Кейіннен Бар­лы­бек Сыр­та­нов бас­таған бұл ұйым­ның жұмы­сы «Алаш» пар­ти­ясы­на көп көмек берді.

Бар­лы­бек Сыр­та­нов 1914 жы­лы 26 қара­ша айын­да ке­нет­тен өкпе ауру­ынан қай­тыс бо­лып, оны Қапал жеріне апа­рып жер­лейді.