Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Шығайұлы Дәулеркерей (1820 - 1887 ж.ж)

Шығайұлы Дәулеркерей (1820 - 1887 ж.ж)

Шығайұлы Дәулеркерей (1820 - 1887 ж.ж)

Шығайұлы Дәулет­ке­рей (1814–1887) — қазақтың әйгілі күйші ком­по­зито­ры, төре күй­лерінің негізін қалып­тасты­рушы. Бұрынғы Бөкей ор­да­сын­да, қазіргі Ба­тыс Қазақстан об­лы­сының Ор­да ауда­нына қарас­ты Қара­мола де­ген жер­де дүни­еге келіп, өзінің ата қоны­сынан то­пырақ бұйырған. Ата ба­басы Өріс (Орыс) хан­нан бері қарай хан­дық биліктен қол үзбе­ген. Бөкей хан өлген соң, Дәулет­ке­рейдің әкесі Шығай сегіз жыл­дай Бөкей ор­да­сына хан­дық билігін жүргізген.

Дәулет­ке­рей төре күй­лерінің дәстүрін біржо­лата ор­нықты­рып, төре тар­тысты тұтас бір мек­теп ете алған адам. Сон­дықтан да бо­лар, Дәулет­ке­рейді ака­демик А. Жұба­нов «төре күй­лерінің ата­сы» дейді.

Әри­не, Дәулет­ке­рей тақыр жер­ден өнген да­рын емес. Ол өскен ор­та­да күйшіліктің әбден қалып­тасқан дәстүрі болған. Соқыр Ес­жан, Байжұма, Мүсірәлі сияқты күйші дом­бы­рашы­лар Ор­да төңірегіне құлақ түргізген да­рын иелері еді. Дәулет­ке­рей осы күйшілердің дәстүрін ша­быт тұғыры ет­кен. Әсіре­се, оның күйшілік өнер­ге елдік мазмұн да­рытып, ша­быт жа­ныған­дай күй ке­шуіне Құрманғазы­мен кез­де­суі се­бепші бо­лады. Қос ұлы күйші іштей түсінісіп, жан жүрек­тері жа­расып, тіптен, бір-біріне күй ар­най­ды.

Дәулет­ке­рей бойын­дағы да­рын­ның тек та­мыры сөз болған­да өзі шыққан әулеттің өнер­паздық дәстүрін де ай­та кет­кен жөн. Бөкей ор­да­сын­дағы төре тұқым­да­рының ара­сын­да хан­дық билікті күй­тте­уден гөрі өнер мен ғылымға құлай берілген­дері де аз бол­маған. Дәулет­ке­рей­мен не­мере бо­лып ке­летін Мұхит бүкіл Кіші жүздегі ән мек­тебінің ту­ын көкке ша­нышқан да­рын.

Сон­дай ақ Арынғазы, Жантөре, Өрей­жан сияқты өкше ба­сар інілері де төңірегін күй­мен ба­ураған өнер­паздар болған. Тіптен, бел ба­ласы Са­ла­уат­тың өзі сұлтан­дық билікті тәрік етіп, күй­ден көбірек жұба­ныш тапқан. Дәулет­ке­рейдің туған жи­ені Бөкей­ха­нов На­уша бүкіл өмірін нағашы­сының күй­лерін на­сихат­тауға ар­на­са, екінші жи­ені, Орын­бордың ка­дет кор­пу­сын бітірген да­рын­ды түлек Ба­бажа­нов Са­лық бүкіл өмірін ха­лықты би­ле­уге емес, ғылым білімге ар­наған.

Дәулет­ке­рей алғаш рет жас­тық сезімнің қар­лығашы сияқты «Ақже­лең», «Қосалқа» сияқты күй­лерін шығарған. Да­рын­ды күйшінің жарқын сезімге, сұлу су­рет­терге бай өзіндік қол­таңба­сы осы күй­лерінің өзінен ақ айқын аңғары­лады. Жас­тық шағын­да ұлы күйшінің жақсыға қызыққанын, жүйрікке құмартқанын, сұлуға сүйсінгенін, тіптен жас­тыққа жа­раса­тын жа­лын сезімге бой ал­дырған сәттерінің аз бол­мағанын байқау қиын емес. Бұған оның «Қыз Ақже­лең», «Қосалқа», «Ысқыр­ма», «Желдірме», «Қоңыр», «Құда­ша» сиқты күй­лерінің тақырыб ғана айғақ емес, ең ал­ды­мен осы күй­лердің жүрек тер­бер са­зы, қалтқысыз сезімі, боз­ба­ладй елпілде­ген мінезі куә.

Дәулет­ке­рей өзі ту­ып, өскен ор­та­дағы ел жұрттың тағдыр тіршілігіне ер­те ара­ласқан. Хан сұлтан­дықтың өз төңірегіне ғана түгін дүрдит­кені бол­ма­са, күні өтіп ба­ра жатқан қаугөрік халін ер­те түсінген. Ор­да­ның ғана емес, бай­тақ елдің тағды­ры отар­шылдықтың қыл тұзағына шыр­малғанын ер­те сезінген. Дәулет­ке­рейдің ең бір дра­малық ши­еленіске то­лы үй­лері осын­дай аху­ал­мен бай­ла­ныс­ты дүни­еге кел­ген. Ол «Тар­тыс», «Шол­тақ», «То­пан», «Жігер» сияқты күй­лері арқылы өзі куә болған өмірдің қан сөлін сорғала­тып көрсе­те оты­рып, сол өмірге су­рет­кер ретінде өз үкімін айтқан. Әсіре­се, «Жігер» үйінің жөні бөлек. «Жігер» Дәулет­ке­рейдің ғана шыққан биігі емес, бүкіл қазақ күй­лерінің асқар белі.

Егер, дүние шіркіннің ди­дарын­да осы­нау фәни жалғанға жы­лап келіп, жы­лап ке­тетін адам­ның көңілін жұба­татын, жүрегін жы­лыта­тын, са­насын сергітетін бір құбы­лыс бол­са, ол Дәулет­ке­рейдің күй­лері. Ұлы күйші қиын за­ман­ның қасірет қама­уына тап болған бей­бақ халқын дом­бы­расы­мен жұбатқан.