Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Дулат Бабатайұлы (1802 - 1874 ж.ж)

Дулат Бабатайұлы (1802 - 1874 ж.ж)

Дулат Бабатайұлы (1802 - 1874 ж.ж)

Халқымыз­дың маңдайына біткен са­на­улы ұлы ақын­да­рының бірі — Ду­лат Ба­батайұлы, бұрынғы Се­мей об­лы­сы Аягөз ауда­нының Қызыл­жолда де­ген ата­мекенінде 1802 жы­лы туған. Жаз­дық ме­кені Ақжай­лау, Сан­дықтас. 1871 жы­лы ата­мекенінде қай­тыс болған.

Бізге жет­кен өлеңдерінде кез­де­сетін кейбір де­рек­терге қараған­да, Ду­лат ескіше оқыған, са­уат­ты ақын боған.

XIX ғасыр­дағы қазақ әде­би­етінде Ду­лат­тың өзіндік үлкен ор­ны бар. Өй­ткені, ол өзінің толғау-жыр­ла­рын­да көпте­ген ке­лелі мәсе­лелерді көтеріп, өз за­маны­нының шын­дығын бірқыды­ру бе­ре білді.

Же­ке кісілер­ге ар­наған «Кеңес­байға», «Ба­раққа», «Ел ара­лаған ишанға» т. б. өлеңдерінде ақын сол кез­дегі тірліктің ұсқын­сыз жақта­рын өлтіре ше­неп, кей­де өткір са­тира дәре­жесіне дейін көте­ре білді.

Ду­лат­тың өлеңдері ауыз­ша та­ра­умен қатар, 1880 жы­лы Қазан қала­сын­да «Өси­ет на­ма» де­ген ат­пен кітап бо­лып шык­ты. Бұнда ақын­ның за­мана ту­ралы толғаула­ры енгізілген. Ақын­ның шығар­ма­ларын ел аузы­нан жа­зып алып, бізге жеткізген ха­лық ақыны — Шәкір Әбе­нов.

Ол — Пат­ша­лық Ре­сейдің ка­зақ өлкесін күшпен отар­лау ке­зеңін, одан туған зо­балаңдар­ды өз көзімен көріп, соған ба­рын­ша на­разы­лық білдірген ел ба­сы адам­да­рының бірі. Отар­лау са­яса­тының қазақ елін та­лан-та­ражға са­лу, ха­лықтың дер­бестігін біржо­ла жойып, тәуелділікке ай­нал­ды­ру әре­кетіне қар­сы шыққан, ха­лықты күрес­ке шақырған күрес­кер ақын.

Ақын өз за­манын­дағы осы пат­ша­ның отар­лау са­яса­тынан зар­дап шек­кен халқының қайғысын те­реңнен сезініп, мұңын жы­рымен жа­зып, ел қамын ой­лап, кейінгі ұрпақты тәрби­елеуде маңыз­ды толғаулар ай­та­ды:

Сы­рым­ды менің сұра­саң,
Тұман­ның суық су­ын­дай
Ке­уде­ме қайғы толған соң
Тұнық жыр­мен жу­ынам.
Сорғалаған нөсер­дей,
Жы­рын тыңда Ду­лат­тың, — деп толғана­ды.

Ду­лат шығар­ма­шылығын­да еле­улі орын ала­тын ба­тыр­лар жы­ры үлгісіндегі, Отан­ды қорғауға ар­налған пат­ри­от­тық мәні бар «Ес­пенбет» ат­ты толғау. Бұл шығар­ма­шылығын­да жетім ба­ла, жас ба­тыр­дың қал­мақтар­мен соғыс­та көрсет­кен ерлігін сөз қыла­ды. Дас­танның бір ерек­шелігі, тек ба­тыр­дың же­ке түлғасы ғана емес, со­нымен бірге ха­лық бей­несі қоса су­рет­теліп оты­рады. Ақын жо­рыққа атанған қалың топ­ты та­биғат­тың жойқын күшіне ба­лап, ерек­ше ша­быт­пен, әсерлі жыр­лай­ды:

Жөңкерілген қалың қол,
Жүй­ткіген жел­ге ұқсай­ды.
Көрінісі кей кез­де,
Толқыған гүлге ұқсай­ды.
Мұнар түнеп бұлт көшкен,
Асқар бел­ге ұқсай­ды,
Ке­нетінен ду ет­се,
Тас қопа­рып, тау бұзған,
Аққан сел­ге ұқсай­ды.

Ду­лат қазақ әде­би­еті та­рихын­да алғаш мы­сал жазған ақын. Оның мы­сал ретінде жазған шығар­ма­лары үлгі, өне­ге бе­ру, ақыл ай­ту ретінде келіп оты­рады. Атап айтқан­да, «Бір пат­ша­ның бір кез­де», «Шым­шық пен бөде­не», «Са­ры шым­шық», «Қара қарға жем тілеп» де­ген өлеңдерінде орын­сыз мақтан­шақтықты, тойым­сыздықты әшке­релеп, кішіпейілділікті, адам­гершілікті, бірлікті уағыз­дай­ды. Адам бойын­дағы асыл қаси­ет­терді ар­дақтаған ақын­ның мы­сал өлеңдерінің тәрби­елік мәні бүгінге дейін жойылған жоқ.

Ақын шығар­ма­ларын­да орын ала­тын маңыз­ды мәсе­ленің бірі— оқу, өнер-білім.
Өнер, білім оқып біл,
Өнер ал­ды қызыл тіл,
Оқып ал­са, ке­рек сөз
Ал­тынға құйған бал­мен тең, -

деп, өнер, білімнің оқу арқылы та­была­тынын, көп ізде­нуді, еңбек­те­ну ке­рек екенін ес­кертеді. Жы­рау өлеңдерінің тілі ше­шен, өткір тар­тымды.

Ду­лат ақын өзінің «Бесінші сөз» не­месе «Ата қоныс арқада» деп ата­латын өлеңінде Арқаны жай­лаған қазақтар­дың бір кез­дегі та­рихын ба­ян­ды етеді. Ол қазақ халқының Жоңғар­ларға қар­сы ерлік күрес жүргізу арқылы елдігін сақтап кел­генін, туған жерін қал­мақтар­дан қорғай білгенін ай­тып, сол кез­дегі ерлікті, дер­бестікті мақтай­ды.

Абай­дың ел пы­сықта­рын, би-бо­лыс­тардың мінез-құлықта­рын бей­не­ле­улері Ду­лат ақын­мен үндесіп жа­тыр. Бұл тұста ақын­ның Ду­латқа үңіле қарай оты­рып, оның кейбір жақта­рын то­лықты­ра түседі.

Ду­лат шығар­ма­лары қазақ жаз­ба әде­би­етінің қалып­та­су­ына үлес қос­ты.

Ду­лат ақын шығар­ма­лары­ның көбі XIX ғасыр­дың 30–40-шы жыл­да­рын­дағы та­рихи жағдай­ларға бай­ла­ныс­ты қазақ өде­би­еті ар­на­сына шықты. Оның өзіндік ор­ны бар. Ду­лат толғаудың асқан ше­бері болған­дықтан өлеңдерінің бар­лығы дерлік еркін үйқас­ты. Ақын өлеңдері ауыз­ша та­раса да, қызыл им­пе­рия тұсын­да әркімнің қолын­да сарғайған қағаз­да сақта­лып қал­ды. Ақын­ның алғашқы өлең жи­нағы «Өси­ет-на­ма» де­ген ат­пен 1880 жы­лы Қазан­да ба­сыл­ды.

Тек халқымыз тәуелсіздігін қолы­на алған­нан кейін ғана, 1991 жы­лы ақын­ның бір топ шығар­ма­ларын құрас­ты­рып, «За­мана са­зы» де­ген ат­пен «Жа­зушы» бас­па­сы жи­нақ етіп шығар­ды.

Шығар­ма­шылығын зер са­лып, зерт­те­ген ғалым­дар көп. М. Әуезов, Ә. Тәжіба­ев, Қ. Жұма­ли­ев, Ы. Дүй­сен­ба­ев, Қ. Мұха­мед­ха­нов, М. Мағауин т. б. Ұлттық Ғылым Ака­деми­ясы­ның мүшесі, Мем­ле­кеттік сый­лықтың ла­уреаты Р. Сыз­дықова: «Ду­лат — Абай­дың ал­дында өткен қазақ сөз зер­герлерінің ішіндегі ең мықты­сы. Ол мәде­ни-ру­хани дүни­емізден өз ор­нын, үлкен ор­нын алуға тиіс ақын», — деп бағалаған.

Ақын жы­ра­улық пен ақын­дық өнерді ұштас­ты­ра білді. Кей­де жы­ра­улар үлгісінде төгілте тер­ме­леп, ше­шен нақыл­дар шығар­са, кей­де ағыла, ақта­рыла ар­на­улар, су­ретті ли­рика­лар жаз­ды.

2003 жы­лы қыркүйектің 5-де Аягөз қала­сын­да XIX ғасыр­дағы қазақ по­эзиясы­ның аса көрнекті өкілі Ду­лат Ба­батайүлы­ның туғаны­на 200 жыл то­лу­ына ар­налған ме­рекелік ша­ралар өтті. Он­да мәде­ни­ет, ақпа­рат және қоғам­дық келісім ми­нистрі М. Құл-Мүхам­мед бас­татқан зи­ялы қауым, жыр дүлдүлі, шы­мырқанған шы­мыр жыр­ла­рымен елдік пен ерлікті асқақтатқан Ду­лат ақын­ның өмірі мен шығар­ма­шылығы ту­ралы толғаныс­та­ры ай­тыл­ды.