Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Есет Батыр (1807 – 1888 ж.ж)

Есет Батыр (1807 – 1888 ж.ж)

Есет Батыр (1807 – 1888 ж.ж)

Есет ба­тыр Көтібарұлы (1807–1888) — ха­лықтың әйгілі ба­тыр­ла­рының бірі. Ре­сей им­пе­ри­ясы­ның отар­шылдық са­яса­тына қар­сы ұлт-азат­тық қозғалыс­тың бас­шы­сы, Кіші жүздің Қабақ ру­ының басқару­шысы болған. Ақтөбе об­лы­сының Шалқар ауда­нын­дағы Шалқар көлінен жеті-он шақырым жер­дегі Ақши бойын­да дүни­еге кел­ген.

1838 жы­лы Жо­ламан ба­тыр­мен бірге көтеріліске шығып, Елек қорғаны­на ша­бу­ыл жа­саған. 1847–1878 жыл­да­ры Жанқожа ба­тыр­мен бірге Қоқан, Хи­уа хан­дықта­рына қар­сы шықты. 1847–1858 жыл­да­ры Есет ба­тыр Арал теңізінің ба­тыс жағала­уын, Үлкен және кіші Бор­сық құмда­ры мен Мұғал­жар та­ула­рын, Жем, Сағыз, Ырғыз, Елек, Ойыл, Қыйыл өзен­дерінің бойын жай­лаған қазақтар­дың Ре­сей им­пе­ри­ясы­ның отар­шылдық са­яса­тына қар­сы көтерілісіне бас­шы­лық жа­сады. ХІХ ғасыр­дың 40–50 жыл­да­рын­дағы Есет Көтібарұлы бас­таған ұлт-азат­тық көтерілісі, негізінен, ұсақ қимыл-әре­кет­термен си­пат­талды.

Олар ше­караға жақын ор­на­ласқан Ре­сей бе­кет­теріне ша­бу­ыл жа­сап отыр­ды. 1853–1854 жыл­да­ры Есет ба­тыр­дың бас­шы­лығымен қару­лы көтеріліске шыққан Кіші жүз қазақта­рының ше­кара­лық әкімшілікпен қақтығыс­та­ры бол­ды. 1853 жы­лы осы көтерілісті ба­суға сұлтан Арыс­тан Жантөрин, екі ка­зак от­ря­ды мен 200 жігітті бас­таған сұлтан Та­укин, Орал бекінісінен майор Ми­хай­лов пен 600 жігітті бас­таған сұлтан Е. Қасы­мов ат­танды. Пат­ша әкімшілігінің бұл жос­па­рынан ха­бар­дар болған Есет ба­тыр Көтібарұлы шекті ауыл­да­рын Үстіртке жіберіп, өзі 800 жігітпен жа­зала­ушы от­рядтар­ды күтіп қал­ды. Жақсы қару­ланған жа­зала­ушы от­рядтар­дың көтерілісшілер­ге қар­сы бұл жо­рықта­ры нәти­жесіз бол­ды. Орын­бор ге­нерал-гу­бер­на­торы­ның нұсқауымен көтерілісті ба­су ке­лесі көктем­ге қал­ды­рыл­ды. Есет ба­тыр Көтібарұлы 1853–1854 жыл­дың қысын Үлкен Бор­сықта өткізді. 1854 жы­лы көтерілісшілердің са­ны 1500-ге жетті. Олар Ре­сей үкіметінің ал­ды­на: қазақ қауымы­нан түйе жи­на­уды тоқта­ту, жайылым­дық жер­ге еркіндік беріп, Жем, Мұғал­жар, Елек, Қоб­да, жайық өзен­дерінің бой­ла­рына көшіп-қонуға мүмкіндік жа­сау ту­ралы та­лап­та­рын қой­ды. 1855 жы­лы Орын­бор ге­нерал-гу­бер­на­торы Кіші жүздің бір топ би­ле­уші сұлтан­да­рына көтерілісті ба­сып, Есет ба­тыр­ды қолға түсіру­ге қатаң тап­сырма бе­реді. Ма­усым­ның аяғын­да тап­сырма­ны орын­дау үшін 900 адам­дық от­рядпен, өзіне бекітілген екі зеңбірегі бар ка­зак жүздігі және дис­танция бас­тықта­рымен бірге Арыс­тан Жантөрин жо­рыққа ат­та­нып, Ор бекінісінен 140 шақырым жер ша­масын­дағы Елек өзенінің жоғарғы сағасын­дағы Суықсу шатқалы­на келіп бекінеді. Сұлтан ор­да­сы мен көтерілісшілер ара­сын­да бірне­ше күн бойы келіссөз жүргізіліп, екі жақ нақты шешімге ке­ле ал­май­ды. Осы­дан кейін Есет ба­тыр өз адам­да­рымен кеңесіп, сұлтан ор­да­сына ша­бу­ыл жа­са­уды ой­лас­ты­рады. 1855 жы­лы шілде­де көтерілісшілер сұлтан ор­да­сын тұтқиыл­дан ша­бу­ыл­дап, А. Жантөрин бас­таған он шақты би-стар­шында­рын өлтіріп, ка­зак от­ря­дын талқан­дай­ды. Бұл оқиғаға ма­засыз­данған Орын­бор әкімшілігі көтерілісшілерді ба­суға тағы да жа­зала­ушы от­рядтар жіберіп, олар қазақ ауыл­да­рын қырғынға ұшы­рат­ты. 1856 жы­лы қыркүйек­те әске­ри да­ла со­тының үкімімен А. Ес­мамбе­тов, Қ. Қарин және Е. Ай­нақұлов­тар атыл­ды. 1857 жы­лы Ер­на­зар Кен­жа­лин, Бе­кет Сер­ке­ба­ев, тағы басқа 18 адам Сібірге жер ауда­рыл­ды. 1858 жы­лы қыркүйек­те Бо­родин басқарған жа­зала­ушы от­ряд көтерілісті біржо­лата бас­ты. Есет ба­тыр көтерілістен бас тартқан соң, оған кешірім жа­ри­ялан­ды. 1859 жы­лы та­мыз­да бір топ сұлтан, би­лер­мен бірге Санкт-Пе­тер­борға жіберіліп, 24 та­мыз­да пат­ша Алек­сандр ІІ-нің қабыл­да­уын­да бол­ды. 1861 жы­лы Есет Көтібарұлы қабақ ру­ының басқару­шысы бо­лып тағайын­далды. 1869 жы­лы Ырғыз уезі бас­тығының көмекшісі бо­лып бекітілді. 1873 жы­лы Хи­уа жо­рығына қатысқаны үшін пат­ша­дан ал­тын ме­даль ал­ды. 1879 жы­лы ол қыз­меттен бо­сатыл­ды.

Есет Көтібарұлы жөнінде де­рек­терді ХІХ ғасыр­да өзінің көзі тірісінде оны­мен кез­дескен жиһан­герлер, та­рих­шы­лар, са­ясат­керлер, қоғам қай­рат­керлері жа­зып кет­кен.

1856–1861 жыл­да­ры Ре­сей сыртқы істер ми­нистрлігі Азия де­пар­та­ментінің ди­рек­то­ры болған Е. Ко­валевс­кий Хи­уа са­пары кезінде Есет Көтібарұлы­мен кез­дескенін бы­лай­ша су­рет­тейді: «Арал маңын­дағы Кіші жүз қазақта­рының кейбір топ­та­рынан құрылған отар­шылдыққа қар­сы қозғалыс­ты басқару­ынан бұрын Есетті сайын да­ла то­рабы­нан кез­дестірдім. Есет Гер­ку­лес сияқты ат­ле­тика­лық де­не бітімді, сұлу кел­бетті және ерлік іс-әре­кет­тері кез-кел­ген еуро­палықты таңғал­ды­ратын­дай және бұл қаси­ет­тері өз отан­даста­рына да қат­ты әсерін тигізген». ХІХ ғасыр­дағы қазақ да­ласын еуро­палықтарға алғаш рет та­ныс­тырған по­ляк­тың де­мок­рат-ре­волю­ци­онері, су­ретші Бро­нис­лав За­лесс­кий 1865 жы­лы Па­риж­де фран­цуз тілінде шығарған «Қазақ са­хара­сына са­яхат» де­ген кіта­бын­да бы­лай деп жазған: «Мен бір күнімді Есет Көтіба­ров есімді қырғыз­бен өткіздім. Ол осы за­ман­дағы қазақ да­ласы­на та­нымал ерек­ше тұлға… ол көсем бо­лып қал­ды… және қазы­ның міндетін атқар­ды». Б. За­лесс­кий осы са­парын­да қара қарын­дашпен Есеттің қыры­нан отырған су­ретін са­лып алған. Есет сол за­ман­да Еуро­пада, Ре­сей­де су­рет­ке түсірілген, ол су­рет­тері кезінде га­зет-жур­налдар­да жа­рық көрген са­на­улы адам­дардың бірі бол­ды.

Ре­сей­де та­былған ақпа­рат құрал­да­рын­да Кіші жүзде Есет ба­тыр­дың аты 40-шы жыл­дарда өлтірілген отан­да­сы Ке­неса­рының не­месе Кав­каздағы Ша­мильдің атын­дай қаһар­лы болған­дығы және оның ұзын бой­лы, селдір қара сақал­ды, мұртты, оның жүзінен қайырым­ды­лық пен сер­гектік, тұнық әрі са­быр­лы көздерінен те­рең ақыл­ды­лық, сал­мақпен айтқан әңгіме­лерінен оның қазақ бол­мы­сын те­рең білетіндігі және кең па­расат­ты­лығы байқала­тын­дығы жа­зылған. Соңғы жыл­да­ры та­былған тағы бір де­рек шығыс­та­нушы С. Өте­ни­яз Ұлыб­ри­тани­яның Лон­дон ұлттық кітап­ха­насы­ның си­рек кітап­тар қоры­нан 1865 жы­лы ағыл­шын тілінде жа­рық көрген қазақ да­ласы жай­лы кітап­тың көшірмесін алып кел­ген. Осы кітап­тың 33-беті Есет ба­тырға ар­налған. Он­да Есеттің сегіз ұлы­ның үлкені — На­зар­дың да су­реті ба­сылған екен. Та­рихи де­рек­тер бойын­ша, Орын­бор ге­нерал-гу­бер­на­торы На­зар Есетұлын не­мере ағасы Бе­кет Сер­ке­байұлы­мен бірге Орын­бор түрмесіне қамай­ды. Кейін Бе­кетті Сібірге жер ауда­рады да, На­зар­ды Есеттің қаһары­нан сес­кеніп, бо­сатып жібе­реді. Осы кітап­та Есет ба­тыр бас­таған көтеріліс то­лық жа­зыла­ды.

Есет Көтібарұлы­ның бар­лық әулеті ел қорғауға ара­ласып, ат­та­ры та­рих­та қалған. Әкесі Көтібар­дың ерлігі өз ал­ды­на бір төбе не­мере ағасы Арыс­тан ба­тыр Тінәліұлы, інілері Бе­кет Сер­ке­байұлы, Ер­на­зар Кен­жа­лыұлы да та­рих­та қалған жан­дар. Арыс­тан, Көтібар, Есет есімдері «Ай­ман-Шол­пан» жы­рына арқау болған. Есеттің арғы ата­сы Қал­ды­бай ба­тыр еліміздің оңтүстігіндегі Сай­рам ша­былы­на қаты­сып, сүйегі Түркістан­да қалған. Есеттің арғы тегі Ал­тын Ор­да мен Ноғай­лы ұлы­сының әміршісі болған, атақты "ел қамын же­ген «ер Едіге­ге» ба­рып тіре­леді.

Есет ба­тыр Көтібарұлы 1888 жы­лы қар­тайған шағын­да дүние сал­ды. Ол ту­ып-өскен Шалқар ауда­нын­дағы Шо­лақжи­деде жер­ленген. Ба­сына төрт күмбезді ке­сене тұрғызылған.