Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Беркімбайұлы Естай (1874 - 1946 ж.ж)

Беркімбайұлы Естай (1874 - 1946 ж.ж)

Беркімбайұлы Естай (1874 - 1946 ж.ж)

Ес­тай Беркімбайұлы (1874–1946) — Пав­ло­дар об­лы­сы, Екібастұз ауда­ны, Ақкөл ауылын­да дүиеге ке­леді. Ес­тай­дың ана­сы-Күли­па және ата­сы Байтұлым бұл кісілер әнші саз­гер болған. Ес­тай ата-ана­лары­нан ән, дас­тандар­ды, түрлі жанр­дағы әндерді ай­туға үй­ре­неді. Ес­тай 7–8 жа­сынан бас­тап ән ай­ту­ды ер­те бас­тай­ды. Ол жи­ыр­ма жа­сын­да бүкіл Ертіске аты әйгілі бо­лады. Ес­тай осы әні арқылы көпте­ген жер­лерде: Қараөткел­де, Се­мей­де, Ке­реку, Зай­сан, Тар­бағатай, Жетісу, Ба­янөлке жер­лерін ара­лай­ды.

Ес­тай Біржан­мен та­нысып өлеңдерін тыңдап, өзінің шығар­ма­шылық қабілетін шыңдай түседі. Омскіде, Көкше­тау, Пет­ро­павлскіде та­нымал ақын­дармен Жа­рылғап­берді, Ақан сері, Ба­лу­ан Шо­лақ, Үкілі Ыбы­рай, Сәтмаған­бет, Ша­шубай сияқты та­нымал ақын­дармен көпте­ген жи­ын тойға қаты­нас­ты.

Ес­тай өзінің шығар­ма­шылық қабілетін: сал, сері әрі дәре­жесіне шыңдай түсуі.

Ес­тай — ақын, ком­по­зитор, ҚазССР-нің еңбек сіңірген өнер қай­рат­кері. Ес­тай әндік-ақын­дық ор­та­да өскен, ана­сы Күли­па мен ағасы Бай­то­лым белгілі әншілер болған. Ес­тай олар­дан жыр, дас­тандар мен толғаулар­ды орын­дау мәнерін үй­рен­ген.16 жа­сын­да ха­лық әндерін та­лант­ты орын­да­ушы, ха­лықтық му­зыка дәстүрін жалғас­ты­рушы тұлға. Оның «Жай қоңыр», «Наз қоңыр», «Май­да қоңыр», «Хор­лан», «Сан­дуғаш», «Гүлнәр» әндері көркемділігімен, саз­ды­лығымен да­рала­натын қазақ му­зыка­сының інжу — мар­жа­ны. Клас­си­калық «Хор­лан» әні Ес­тай­дың есімін аңызға ай­нал­дырды. Бұл әннің әуені М. Төле­ба­ев­тың «Біржан мен Са­ра», Е. Г. Бру­силовс­кийдің «Ер Тарғын» опе­рала­рын­да, С. Ша­бель­ский мен Л. Шар­го­родс­кийдің қобызға ар­налған кон­церт­терінде қол­да­нады. М. Әлімба­ев­тың «Ес­тай — Хор­лан» ат­ты по­эма­сы Ес­тайға ар­налған. «Аңыз­дар» та­ра­уын­да Ес­тай­дың Хор­лан ат­ты қызға ғашық болған ма­хаб­бат та­рихы ба­ян­да­лады.

1946 жы­лы Ес­тай Беркімбайұлы қай­тыс бо­лады.

1939 ж. қыркүйегінде «Қазақстан­ның еңбек сіңірген өнер қай­рат­кері» де­ген құрметті атақ берілді.

1940 ж. Қазақстан Ком­по­зитор­лар одағына мүше бо­лып қабыл­данды.

Шығар­ма­лары:

«Май­да қоңыр», «Жүрек­те», «Мәли­ке», «Өмір», «Қоңыр жел», «Дүние», «Шоққара ағаш» «Хұсни-Хор­лан»- Әні мен сөзі Ес­тайдікі, орынд. Р. Аб­дуллин