Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Нұрмұхамедұлы Жанқожа (1774 - 1860 ж.ж)

Нұрмұхамедұлы Жанқожа (1774 - 1860 ж.ж)

Нұрмұха­медұлы Жанқожа (1774–1860) – ба­тыр, Сыр бойы қазақта­рының Хи­уа, Қоқан хан­дықта­рының езгісіне және Ре­сей отар­шы­лары­на қар­сы ұлт-азат­тық көтерілісінің бас­шы­сы. Қазіргі Қызы­лор­да об­лы­сының Қаза­лы ауда­нын­да туған. 19-шы ғасыр­дың 20-шы жыл­да­рынан бас­тап Сыр бойы мен Арал теңізінің шығыс жағала­уын қоныс­танған қазақтарға өз үстемдігін жүргізе бас­таған Хи­уа, Қоқан хан­дықта­ры 1830–1840 жыл­да­ры жергілікті ха­лыққа өктемдігін одан әрі күшей­тті. Хи­уа хан­дығы Жаңада­рия, Қуаңда­рия, Қызылқұмнан өтіп, Қосқорған, Арал теңіздеріне дейінгі ара­лықтағы Сыр бойын­дағы қазақтарға шапқын­шы­лықтар жа­сап, ма­лын ба­рым­та­лап, әйел, ба­ла-шағала­рын тұтқынға алып кетіп отыр­ды. Қоқан­дықтар ше­кара бекітіп, әкімшілік құрып, 1817 жыл­дан бас­тап са­лына бас­таған бекіністерінен әркез жа­сақтар шығарып, бейбіт елді ша­уып, алым-са­лық жи­нап тұрды. Осын­дай зор­лық-зом­бы­лықтан жа­па шек­кен қазақтар, жас­тайынан әділдігімен, ба­тыр­лығымен ел­ге та­нымал болған Жанқожа­ның төңірегіне топ­та­сады.

Жанқожа 17 жа­сын­да Кіші жүз құра­мын­дағы Әлімұлы тай­па­сының жергілікті ру­лары сай­лап алған Қылыш­бай хан­ның Хи­уа бекінісіне жа­саған жо­рығы кезінде жа­саққа еле­усіз еріп ба­рып, ешкімге дес бер­мей тұрған қарақал­пақ ба­тыры Тықыны жек­пе-жек­те өлтіреді. Осы жо­рықта әділетсіздігі үшін Қылыш­бай хан­ның өзіне де қол жұмсай­ды. Бұл кез­дерде Жанқожа ауылы Қарақұмды жай­лап, Ырғыз­ды қыс­тай­тын. Қоқан хан­дығының Со­зақ бекінісіне ор­на­ласқан әкімдерінің жергілікті ха­лыққа са­лына­тын алым-са­лықтан тыс көрсет­кен зор­лықта­ры қазақтар­дың бас біріктіріп, бұл қамалға ша­бу­ыл жа­са­уына се­беп­кер бо­лады. И. Анич­ковтың мәліметі бойын­ша, Қоқан әкімі Дәурен Со­зақ қала­лары­ның бек­тері Отын­шы, Су­шымен бірігіп, Сар­ман биді өлтіреді.

Со­зақта тұра­тын Құрман би ара­ша түсуін өтініп, Жанқожаға ар­найы ха­бар жібе­реді. Жанқожа ел­ден қол жи­нап, Со­заққа жо­рыққа ат­та­нып, жол­да Жаңақорған, Же­лек бекіністеріндегі қоқан­дықтар­ды қуады. 1830 жыл­дың күзінде Со­зақ бекінісін қор­шауға алып, көмек­ке кел­ген қоқан­дық Таған па­лу­ан­ды жек­пе-жек­те қолға түсіреді. Одан кейін Жанқожа жа­сақта­рымен бекіністің дар­ба­засын бұзып кіріп, Со­зақты ба­сып ала­ды. Қоқан бек­тері Отын­шы мен Су­шыны қолға түсіріп, ба­ласын өлтірген өтеуі үшін Құрман би­ге тап­сы­рады. Кейбір де­рек­терге қараған­да, Жанқожа Қоқан хан­дығының Шымқорған, Қосқорған, Күмісқорған тәрізді бекіністерін де талқан­даған. Жанқожа ба­тырға арқа сүйеп, алым-са­лық төле­уден бас тар­тып, Хи­уа бегі Ба­бажан­ның оз­бырлығына көнбей жүрген Сыр­дың төменгі сағасын­дағы қазақтар­ды тәртіпке келтіру үшін Хи­уа ха­ны Ал­лақұл жа­сақта­рымен түрікмен Аймұха­мед па­лу­ан­ды жібе­реді. 1836 жы­лы Ақирек де­ген жер­де ел­ге тізесі батқан осы Аймұха­мед па­лу­ан­ды Жанқожа жек­пе-жек­те өлтіреді. Бас­шы­сы мерт болған па­лу­ан­ның жа­сақта­ры бас сауғалап қашуға мәжбүр бо­лады. Жанқожа бұдан кейін де Сыр бойын­дағы қазақтар­ды хи­уалықтар­дың езгісінен құтқару үшін, олар­дың бекіністеріне жиі-жиі ша­бу­ыл жа­сап оты­рады. Оның бұл жо­рықта­ры нәти­желі бо­лып, Хи­уа бекіністері көп шығынға ұшы­рай­ды.

1845 жыл­дың көктемінде Хи­уа хан­дығы Сыр бойын­дағы қираған бекіністерін қал­пы­на келтіру үшін 200 жа­сақ ат­танды­рады. Жанқожа­ның жігіттері бұлар­мен ұрыс са­лып, кері қай­та­рады. 1847 жы­лы көктем­де Хи­уа бегі Уайыс-Ни­яз­дың әскері Атан­бас, Ақирек, Қамыс­ты­бас­ты жай­лап отырған қазақтарға ша­бу­ыл жа­сап, 1400 үйді ой­ран­дап, то­нап ке­теді. Осы жыл­дың та­мыз айын­да Хи­уа бегі Қожа­ни­яз бас­таған шапқын­шы­лар қазақ ауыл­да­рын тағы да то­науға ұшы­рата­ды. Хи­уалықтар­дың мұндай шапқын­шы­лығы бір жыл­да бірне­ше рет қай­та­лана­ды. То­науға ұшы­раған елін қорғауға Жанқожа 700 сар­базбен қар­сы шығады. Құра­мын­да екі мың әскері бар хи­уалықтар Жаңақала бекінісінің төңірегіне шоғыр­ла­нады. Жанқожаға Ре­сейдің Райым бекінісінің бас­тығы Еро­фе­ев бас­таған от­ряд келіп, хи­уалықтар­ды талқан­дауға көмек­те­седі. 1847 жы­лы Райымға келіп, бекініс са­ла бас­таған Ре­сей әскер­леріне Жанқожа қар­сы­лық көрсет­пейді.

Сол кез­дегі Орын­бор ге­нерал-гу­бер­на­торы В. Об­ру­чев­пен жо­лығып сөй­лес­кен соң Жанқожа оны­мен орыс әскері жергілікті ха­лықтың ты­ныш­тығын бұзбай­тын­дығына және хи­уалықтар­дың шапқын­шы­лығынан қорғай­тын­дығына келіседі. Бірақ кейін іс жүзінде керісінше бо­лады. Пат­ша ше­не­уніктері мен әскер­лері ауық-ауық елдің ты­ныш­тығын бұзып, бұл кез­де ег­де тар­тып отырған Жанқожаға да ма­за бер­мейді. Орын­бор ше­кара­лық ко­мис­си­ясы­ның Сыр­да­рия жүйесі бойын­ша өкілі И. Ос­ма­ловс­кийдің көмекшісі бо­лып есеп­те­летін тілмаш Мұхам­медха­сан Ах­ме­ров ша­бар­манда­рын па­ра жи­науға Жанқожа ауылы­на жұмсай­ды. Жанқожа олар­ды «орыс заңын­да мұндай са­лық мүлде жоқ» деп қуып жібе­реді. Осын­дай ке­леңсіз құбы­лыс­тарға ашу­ланған Жанқожа көтеріліске шығуға мәжбүр бо­лады. 1856 жы­лы жел­тоқсан­ның соңғы күндерінде көтерілісшілер Қаза­лыны қор­шауға ала­ды. Қаратөбе маңын­дағы Л. Бу­латов­тың от­ря­дына бірне­ше рет ша­бу­ыл жа­сай­ды. Көтерілістің бас кезінде Жанқожа­ның 1500-ден аса сар­ба­зы бол­са, 1857 жы­лы қаңтар­да олар­дың са­ны 5000-ға же­теді. Жағдай Орын­бор ге­нерал-гу­бер­на­торы В. Пе­ровс­кийді қат­ты алаңдат­ты. Ол ге­нерал-майор Фи­тин­гофт бас­таған 300 ат­ты ка­зак, 320 жа­яу әскер, 1 зеңбірек, т. б. қару­лары­мен қоса сұлтан Елікей Қасы­мов бас­таған бірне­ше жүз қазақ жа­сағы бар жа­залау от­ря­дын ат­танды­рады. Екі жақ Арықба­лықтың тұсын­да кез­десіп, бірне­ше дүркін шайқас бо­лады. Бақай­шағына дейін қару­ланған жа­зала­ушы от­рядқа көтерілісшілер қар­сы тұра ал­май, шегіну­ге мәжбүр бо­лады.

Екі күн бойы ізіне түскен жа­зала­ушы от­рядтың көзіне көрінбей, көтерілісшілер Қызылқұмға ойысып ке­теді. Жа­зала­ушы от­ряд жол­да кез­дескен қазақ ауыл­да­рын ша­уып, то­на­ушы­лыққа ұшы­рата­ды. Фи­тин­гофт бас­таған жа­зала­ушы от­ряд ақпан-на­урыз ай­ла­рын­да көтерілісші ха­лыққа қар­сы тағы бірне­ше рет жо­рыққа шығып, қазақ ауыл­да­рына адам айтқысыз жа­уыз­дықтар жа­сай­ды. 1856–1857 жыл­да­ры қазақтар­дан тар­тып алы­нып есеп­телмей, та­лан-та­ражға түскенді қос­паған­да, 79567 сом­ның ма­лы са­тыла­ды. Көтеріліс жеңіліс тапқан­нан кейін Жанқожа сатқын­дық жа­саған ру­басы­лары мен елағала­рына ренжіп, Дауқара жаққа, одан Бұхар хан­дығы жеріндегі Ер­лер та­уына жалғыз кетіп қала­ды. Екі жыл­дан соң қай­та ора­лып, Қызылқұмда жалғыз отырған Жанқожа­ны Елікей Қасы­мов бас­таған ка­зак от­ря­ды өлтіріп ке­теді.