Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Бақытжан Бейсәліұлы Қаратаев

Бақытжан Бейсәліұлы Қаратаев

Бақыт­жан Бейсәліұлы Қара­та­ев (1860, Қаратөбе ауда­ны, Ақбақай ауылы — 26.8.1934, Ақтөбе қала­сы) — қоғам қай­рат­кері, заңгер, ағар­ту­шы-де­мок­рат. Орын­бор гим­на­зи­ясын бітірген­нен кейін Санкт-Пе­тер­бург уни­вер­си­тетінің заң фа­куль­тетіне түседі. 1890 ж. оны 2-дәре­желі ал­тын ме­даль­мен үздік бітіреді. Пе­тер­бург­та, Ку­та­иси­да, Орын­борда тер­ге­уші бо­лып істейді. 1897 жыл­дан Орал­да, Қаратөбе­де, Жым­пи­тыда ад­во­кат бол­ды. 1907 ж. 2-Мем­ле­кеттік Ду­маға ка­дет­тер то­бынан Орал об­лы­сынан де­путат бо­лып қаты­сып, жер-су мәсе­лесі бойын­ша қазақ халқының мүддесін қорғап сөз сөй­ле­ген. Ол өзін боль­ше­вик­тер пар­ти­ясы­ның қата­рын­да­мын деп есеп­теді. 1907–16 жыл­да­ры ағар­ту­шылық жұмыс­тармен ай­на­лысып, «Қазақстан» га­зетін, «Айқап» жур­на­лын шығаруға көмек­те­седі. 1918 ж. об­лыстық атқару ко­митетінің мүшелігіне сай­лан­ды. 1918 ж. на­урыз­да «әске­ри үкімет» бүлік ұйым­дасты­рып, об­лыстық кеңес мүше­лерін, (ішінде Қ. та бар) тұтқынға ал­ды. 1919 жы­лы 24 қаңтар­да Ча­па­ев ди­визи­ясы бо­сатып, кейін ол Орал обл. рев­комның қүра­мын­да ұлттар кол­ле­ги­ясын басқар­ды. 1919 ж. 24 шілде­де Қ. Қазәсрев­комның мүшелігіне тағайыңдал­ды. 1920 ж. 4–12 қазан­да Орын­борда өткен Кеңес­тердің Бүкілқазақстан­дық 1-съезіне де­легат бол­ды. Мұнда қабыл­даған Қазақ АКСР-і еңбекшілерінің құқығы ту­ралы дек­ла­раци­яның жо­басын дайын­дауға қатысқан. Қазақ АКСР-інің заң ко­мис­са­ры бол­ды. Кеңес­тердің 2-Бүкілқазақстан­дық съезіне де де­легат бо­лып қатыс­ты.