Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Қаратай хан

Қаратай хан

Қара­тай Нұра­лыұлы (1772 – 8.7.1826, қазіргі Ба­тыс Қазақстан об­лы­сы, Сы­рым ауда­ны, Шідерті өзенінің бойы) — сұлтан, Кіші жүздің байұлы ру­ының би­ле­ушісі. Әбілқайыр­дың не­мересі, Нұра­лы хан­ның ба­ласы. Жа­сынан Кіші жүздегі та­рихи оқиғаларға бел­се­не ара­ласқан. 1797 жы­лы та­мыз­да Ай­шуақпен хан­дыққа та­ласқан. Бірақ пат­ша үкіметі Қара­тай­дың бе­делінен қауіптеніп, нәти­жесінде Ай­шуақ, кейін оның ба­ласы Жантөре хан сай­ла­нады. Есім хан өлген­нен кейін төңірегіне топ­тасқан би-сұлтан­дардың қол­да­уымен 18 ғасыр­дың соңы мен 19 ғасыр­дың ба­сын­да Қара­тай хан­дық билікті қолға алу­ды, қазақтың Ре­сей ықпа­лынан шығуын көзде­ген әре­кет­тер жа­сады. Есім хан­ды өлтіргені үшін Сы­рым Да­тов­пен өштесті, Кіші жүзде Бөкейдің хан бо­лу­ын жақта­ды.

Оны жеті ру­дың бе­делді би­лері қол­да­ды. Ай­шуақпен және оның төңірегіне топ­тасқан Әбілқайыр үрім-бұтағымен күрес жүргізді. 1806 жы­лы Жантөренің хан сай­ла­ну­ын құпта­мады. Сол жы­лы оны қол­даған ру­лар Қара­тай­ды гу­бер­на­тор­дың келісімінсіз хан көтерді. 1809 жы­лы 2 қара­шада Қара­тай және Ор­ман сұлтан бас болған топ бейқам жатқан Жантөре ауылын ша­уып, оны өлтірді. Қара­тай қозғалы­сына қар­сы жа­залау то­бы шықты.

1816–17 жыл­да­ры келісөздер нәти­жесінде қар­сы­лықты тоқта­тып, Кіші жүздегі қақтығыс­тарды рет­теу, толқулар­ды ба­су ісінде Ре­сей үкіметіне қыз­мет етті, қатал­дығымен көзге түсті. 1828 жы­лы Ішкі ор­да­да хан тағына отырған Жәңгірдің Кіші жүзді басқару­ын сұрап, Орын­бор әкімшілігіне 66 сұлтан, стар­шын, би қол қойған хат жол­да­ды. 1824 жы­лы та­мыз­да Орын­бор гу­бер­на­торы П. Г. Эс­сен оны Кіші жүздің Ба­тыс бөлігінің әкімі етіп тағайын­да­ды. Бұл жыл­да­ры, әсіре­се, 1825 жы­лы күзде Жо­ламан Тіленшіұлы бас­таған та­бын ру­ының көтерілісінба­суға тіке­лей ат са­лыс­ты. Сол қимыл­да­ры үшін Ре­сей үкіметі та­рапы­нан ал­тын ме­даль­мен ма­рапат­талған.