Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Шөже Қаржаубайұлы

Шөже Қаржаубайұлы

Шөже Қар­жа­убайұлы 1808 жы­лы қазіргі Нұра ауда­ныны жерінде ке­дей ша­руа от­ба­сын­да туған. Ол қазақ ха­лық ақыны, жыр­шы. Ата­лары Қуан­дық. Шөженің әкесі құлдықта, ше­шесі күндікте өткен адам­дар. Өзі де жа­сынан жетім қалып, бай бо­сағасын­да ма­лай­лықта күн кеш­кен. Өлең шығару та­лан­ты жас кезінен-ақ байқалған, ба­ла кезінде ауру­дың сал­да­рынан зағип бо­лып қалған.

Шөже – өрен жүйрік ай­тыс ақын­да­рының бірі. Ай­тыс­тарға ка­тысқан­да қалып­тасқан әле­уметтік — фи­лосо­фи­ялық көзқарас­та­ры бол­ды.

Адам­гершілікке жат кесілді кемшіліктерді әшке­релейді.

Шөже ай­тыс­та­ры өзінің өткірлігімен де, шы­найылығымен де, сын­шылдығымен де көзге түседі. Ол Кемпірбай, Те­зек­бай, Жәмішбай, Келдібай, Бал­та, Орын­бай, Серәлі, Шор­танбай Таз­ба­ла және қыз ақын­да­рымен ай­тысқан. Үлкен ай­тыс­тарда 17 рет жеңіп шыққан. Өзінің асқан ше­шендігімен, су­ырып сал­ма төкпелігімен, көкей­кесті мәсе­лелерді қозғауымен және ауыл­дағы ат төбеліндей бай-шон­жарлар­дың екі жүзді зұлым­ды­лығы мен па­рақор­лығын жұрт ал­дында ба­тыл аяусыз әше­кере­ле­умен кеңінен та­нымал болған.

Шөже ай­тысқа түсіп қана қой­май, кезінде ар­нау өлеңдер де айтқан. Оның бізге жет­кен бірне­ше толғаула­ры да бар. Олар: «Арқадан шығып едім Ноғайға еріп», «Дәуке, осын­ша не қыл­ды бейілің қашып», «Дом­бы­ра шыққан тыңқыл­дан», «Жи­ылған көп жа­мағат отыр қор­шап», «Ас­са­ла­умағалай­кум, қара Бәй­тек», «Бәйтікке», «Кім өлсе, соған түсер за­ман ақыр», «Қос құлаққа», «Ер­ден ба­тырға», тағы басқалар.

Асқақ жыр­шы, ли­рика­лық-эпи­калық дас­тандар­ды ше­бер орын­да­ушы болған. Абай­мен кез­десіп, ха­лық эпос­та­рын, әндері мен аңыз­да­рын білетіндегімен оған зор ықпал жа­саған. Ш. Ш. Уали­ханов 1864 жы­лы 6 на­урыз­да өзінің Ом­бы­дағы пәтерінде Шөже орын­даған «Қозы Көрпеш–Ба­ян сұлу» дас­та­нының ең таңда­улы нұсқала­рының бірін жа­зып алып, Шөженің ақын­дық ше­берлігіне жоғары баға бер­ген.

Шөже Қар­жа­убайұлы – ХIХ ғасыр­дағы қазақ по­эзиясы­ның аса ірі тұлғала­рының бірі.

1895 жы­лы қай­тыс болған.