Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Қоңырбайұлы Ағыбай (1802 - 1885 ж.ж)

Қоңырбайұлы Ағыбай (1802 - 1885 ж.ж)

Қоңыр­байұлы Ағыбай (1802–1885) – қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күрес­кен әйгілі ба­тыр, қол­басшы. Қазақ ха­ны Ке­неса­ры Қасы­мов­тың Ре­сей отар­шы­лығына қар­сы жүргізілген көтеріліс бас­шы­лары­ның бірі. Ту­ып өскен жері Қараған­ды об­лы­сын­дағы Балқаш, Бет­пақда­ла ала­бымен жап­сарла­сып жатқан Арқаның Қызыл­тау, Ор­тау, Ақтау, Ұлы­тау деп ата­латын сілемді та­ула­ры. То­пырақ бұйырған жері — Ағадыр елді ме­кенінің оңтүстігінде 80–90 шақырым­дай жер­де ағып жатқан Қара­тал өзенінің бойы, Тайатқан, Шұнақ та­ула­рының алқабы. Ағыбай ба­тыр­дың шыққан тегі Ор­та жүз Арғын, оның ішінде Шұбырт­па­лы ру­ынан өрбиді. Нағашы жұрты Ор­та жүздің ноқтағасы Та­рақты елі. Абы­лай хан­ның сенімді серігі, әрі ту ұста­ушы ба­тыры Най­ман­тайұлы Байғозы­ның Қой­са­на есімді қызы Ағыбай ба­тыр­дың ана­сы. Та­рих­тан белгілі Абы­лай­хан­нан та­раған ұрпақтың ішінде Қарақал­пақ қызы Сай­ман ха­ным­нан туған Уәли­хан бас­таған ба­лала­ры амал­сыздан Ре­сей отар­шылдығына мойын ұсын­ды да қал­мақ қызы То­пыш ха­ным­нан туған Қасым бас­таған ба­лала­ры Ре­сей отар­шылда­рына қар­сы бітіспес күрес жүргізіп өтті. Қасым сұлтан өз тұсын­да Көкше­тау өңірінде орыс әскерінен қысым көріп, Арқаның бет­пақ да­ламен жап­сарлас өңірін қоныс ететін Қара­кесек, Шұбырт­па­лы, Та­рақты ру­лары­ның жеріне ығысуға мәжбүр болған. Ағыбай ба­тыр­дың да азат­тық күресіне ер­те­рек ара­ласуы осы Қасым сұлтан­мен, оның ба­ласы Ке­неса­ры хан­мен ете­не ара­лас, мүдде­лес бо­лу­ынан бас­та­лады.

Ре­сей им­пе­ри­ясы­ның отар­шылдың са­яса­тына қар­сы 1824 жы­лы Қарқара­лы ай­мағын­да болған көтеріліске бел­се­не қатысқан ағыбай алғаш рет ерлік-ба­тыр­лығымен, тапқыр­лық-та­бан­ды­лығымен көзге түседі. Мұнан екйін де 1826, 1827, 1829, 1832 жыл­да­ры Ре­сей әскерімен болған қақтығыс­тарда Ағыбай ба­тыр өзін ел үшін белін бе­кем буған қаһар­ман ба­тыр, қабырғалы қол­басшы ретінде та­ныта­ды. Ре­сей отар­шылдығына қар­сы Ор­та Ази­ядағы түркі тілдес ха­лықтар­мен бірігіп, күрес жүргізу мақса­тымен елшілік келісімдер­ге қаты­сады. Қасым сұлтан таш­кенттік Бег­дербектің қолы­нан қаза тапқан соң, Шу бойын­дағы Бесқұлан де­ген жер­де Ағыбай бас­таған қазақ қосын­да­ры өзбек әскер­лерін тас талқан етіп жеңіп, Түркістан ай­мағын өзбек ықпа­лынан сейілтеді. Ке­неса­ры Қасымұлы бас­таған ұлт азат­тық соғысы қарқын алған кез­де, 1837 жы­лы Айыр­та­удың етегінде Ке­неса­рыны Ор­та жүзге хан етіп көтер­генде, Ағыбай ба­тыр да бір ауыз­дан бас сар­дар әскер ба­сы бо­лып тағайын­да­лады.

Ке­неса­ры хан­ның тіке­лей бас­шы­лығымен Ағыбай ба­тыр бас­таған қазақ қосын­да­ры Ре­сей им­пе­ри­ясы­ның Қазақстан­дағы тірек ор­та­лықта­ры Қарқара­лы, Ақмо­ла, Ақтау, Ека­терин­бург бекіністеріне ша­бу­ыл жа­сап, орыс әскер­леріне Ырғыз, То­был бойын­дағы ұрыс­тарда, Қызыл­жар, Көкше­тау шайқас­та­рын­да та­лай рет ой­сы­рата соққы бе­реді. Ке­неса­ры хан бас­тап, 1847 жы­лы Кекілік та­уын­да қырғыз­дармен болған қан­ды шайқас­та Ағыбай­дың қолы шепті бұзып шығады. Осы шайқас­та Ке­неса­ры өлген соң да Ағыбай ба­тыр Ре­сей өктемдігіне қар­сы күресін тоқтат­пай­ды. Ре­сей үкіметінің қамал­да­рына өз бетінше ша­бу­ыл ұйым­дасты­рып, кейін Сыз­дық төре бас­таған отар­шылдыққа қар­сы бағыт­талған қозғалысқа қосы­лады. Салт ат­ты әске­ри так­тиға жүйрік Ағыбай ба­тыр­ды за­ман­даста­ры «Ақжол­тай ба­тыр» деп атап, оның есімін ұранға қосқан. Ағыбай қар­тайып бойынан қуат қайтқан шағын­да ауыл елін егіншілікке, ба­лықшы­лыққа жұмыл­ды­рып, бас көз болған. Қазақ халқының тәуелсіздігі үшін бар­лық өмірін ар­наған Ағыбай ба­тыр­дың өмір жо­лы қазақ та­рих­шы­лары мен қалам­герлерінің еңбек­теріне арқау болған.