Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Кейкі батыр

Кейкі батыр

Кейкі ба­тыр (Нұрмағам­бет) Көкем­байұлы (1871–1923 ж.), 1916 жылғы Торғай көтерілісінің ба­тыры. Ор­та жүз құра­мын­дағы Қып­шақ тай­па­сының Құланқып­шақ ру­ынан шыққан. Тұрмыс тап­шы­лығын ер­те көрген Кейкі Жы­лан­шық бо­лысы­ның ал­па­уыты Р. Ша­шам­байұлы­ның ма­лын қорып, дұшпан­да­рына ат­танды­ратын жігіті болған. Жас­тайынан аңшы, мер­гендігімен, өжеттігімен ай­маққа та­нылған.

Оның құра­лай­ды көзге атқан мер­гендігіне сай ел аузын­да «Аман­гелдінің көзі мер­ген, Кейкінің қолы мер­ген» де­ген си­пат­та­ма сақталған. Ре­сей пат­ша­сының 1916 жылғы ма­усым жар­лығы се­беп болған Торғай қазақта­рының ұлт-азат­тық көтерілісіне алғаш­кы күндер­ден-ақбел­се­не ара­ласып, оның негізгі қару­лы күші — мер­гендер жа­сағын басқар­ды, көтеріліс шта­бынын, ең кауіпті тап­сырма­ларын орын­дап, жиі-жиі бар­лауға шығып тұрды. Күйік қопа­сын­дағы соғыс­та, Торғай қала­сын қор­шау кезінде және жа­зала­ушы от­рядқа қар­сы соңғы ұрыс — Доғал шайқасын­да ерек­ше ерлік көрсетті.

1919 ж. 13 ма­мыр­да Торғай ояз­дық соғыс ко­мис­са­ры, ха­лық ба­тыры Аман­гелді Има­нов өлтірілген­нен кейін Кейкі қуда­лауға ұшы­рап, Ұлы­тау, Қызылқұмға бой та­салауға мәжбүр бол­ды. Бұл сүргін Торғай­да Кеңес өкіметі ор­наған­нан кейін де то­лас­та­мады. Ақыры, 1922 жыл­дың көктеміңде ко­мис­сар Алек­сандр То­каревті атып кет­кен Кейкіні 29 на­урыз­да қызыл әскер­лер айуан­дықпен өлтірді. Олар мер­геннің екі қолы мен ба­сын кесіп алып, ба­сын бір ай бойы Торғай қала­сының ор­та­лық ала­нына сы­рыққа шан­шып қой­ды. Кейін мер­геннің бас сүйегін Орын­борға, ал 1926 ж. рес­публи­ка ас­та­насы Қызы­лор­даға көшуіне бай­ла­ныс­ты, Санкт-Пе­тер­бург­ке алып кет­кен.

Ол қазір Санкт-Пе­тер­бург­тегі ант­ро­поло­ги­ялық қор­дың кунс­тка­мера­сын­да сақта­улы. Кейкі мер­геннің ұрпақта­ры Қос­та­най об­лы­сының Аман­гелді аудан­дағы Ақтас, Тас­ты елді ме­кен­дерінде тұра­ды. 1996 ж. ба­тыр­дың 125 жасқа то­лу­ына бай­ла­ныс­ты ас беріліп, ес­керткіш ор­на­тыл­ды. Жа­зушы А. Нұрма­нов­тың «Құлан­ның ажа­лы» ро­манын­дағы Құлан, Ғ. Мүсіре­повтің «Аман­гелді» пьеса­сын­дағы Ке­те ба­тыр­лардың көркем тұлғала­ры осы Кейкі мер­ген өмірінен сом­далған.