Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Мәди Алшынбаев (1880 - 1921 ж.ж)

Мәди Алшынбаев (1880 - 1921 ж.ж)

1880 жы­лы қазіргі Қараған­ды об­лы­сы, Қарқара­лы ауда­нын­да дүни­еге кел­ген.
Арғы атам – әулие ет­кен Ер Қазы­бек,
Бек­бо­лат – оның ұлы бо­лып­ты бек.
Тіленші – одан туған аб­зал шері,
Қара­дан хан боп туған бәрі асыл тек.

Ата­мыз одан кейін Ал­шынбай-ды,
Аруағынан естіген жан қал­шылдай­ды.
Атағы Ала­та­удай ба­бала­рым,
Көрдің бе осы күнде біздің жай­ды.

Сұра­саң Мәди еді менің атым,
Кем емес еш адам­нан сал­та­натым.
Ке­шегі Ба­уыр-Бо­шан ара­сын­да,
Жа­ралған ар­тық бо­лып асыл за­тым, -
деп өзінің бек­за­далық бол­мы­сын, Алаш­ты би­леген алыс-жақынға сөзі өткен асыл­дардың тұқымы ет­кенін жа­рия ет­кен.
Мәди – арқалы ақын, әнші, ком­по­зитор. Ғазиз ба­сы отар­лықтың оз­бырлығына көнбе­ген күрес­кер тұлға.

Бо­лашақ саз­гердің ба­лалық шағы әсем та­биғат аясын­да өтеді. Алғашқы өлеңдерінің тақыры­бы туған жер, шетсіз де шексіз кең да­ла бо­луы кез­дей­соқ емес. Мәди аду­ын­ды әжесі Ал­шынбай ата­сының тоқалы Ұлжан­ның ба­уырын­да ер­ке бо­лып ер­жетіп өскен. Мәдиді ба­ла кезінде әкесінің ағасы Қақабай қат­ты ер­ке­лет­кен. Бес жа­сынан бас­тап Қожа­бек мед­ре­сесіндегі Ысқақ ишанға оқуға бе­реді. Іске қабілетті, та­лант­ты ба­ла зе­рек те бо­лып, етіне таяқ тигізбей жақсы оқып­ты. Мәди есейе ке­ле Қақабай ата­сына қарас­ты мал-мүлікті еркін жұмсай бе­реді. Дүние үшін ағайын ара­сы қыр­бай бо­лып, Қақабай Мәдидің жас кезінде атас­тырған қалыңдығынан ай­нып, бер­ген ма­лын қай­та­рып ала­ды. Осы­лай­ша, әлді ағаның оз­бырлығына қара күшпен жа­уап бер­ген Мәди қимы­лын мал­ды ту­ыс­тар өрес­кел көріп, өтірік шын­дықты жа­ла жа­уып, істі қылып жібе­реді. Жергілікті жу­ан­дармен ұстасқан Мәдидің ба­тыл қимыл­да­ры мен өткір өлеңдері, асқақ әндері отар­шыл оз­бырлар­дың да зәре-құтын ұшы­рып, олар еркіндікті на­сихат­тай­тын, жа­ны азат­тыққа құштар же­ке ба­тыр­ды жа­залауға құлшы­на кіріседі.

Үстем тап өкілдерінің «ұры» де­ген жалған жа­ласы­мен Ат­ба­сар, Қарқара­лы, Се­мей, Ом­бы түрме­лерінде бо­лады.

Мәди өмірі мен шығар­ма­шылығын зерт­те­ушілердің көпшілік на­зары­на ұсынған де­рек­теріне қараған­да әнші 25 жа­сынан бас­тап бірне­ше мәрте қуғын-сүргінге түсіп, абақтыға қама­лып, жер ауда­рылып, кең да­ланың «сайынан саяқ құрлы сая тап­пай», қашқын ата­нады.

Ақын­ның ком­по­зитор­лық шығар­ма­шылығының өрісте­ген шағы, атағы шығып, ел аузын­да ба­тыр атанғаны да осы кез деп ша­мала­нады.

1915 жы­лы Мәди түрме­ден қашып шығады. Бұл кез­де оның әндері ха­лыққа та­рап кет­кен еді. Мәди жөнінде де та­лай аңыз­дар да ай­ты­ла бас­таған. Атқамінер жан­дай­шап­тардан жа­сыры­нып, ұзақ уақыт туған жер­ге ат ізін са­ла ал­май­ды. «Шіркін-ай» әні осы кез­де туған.

1916 жы­лы ол еліне ора­лады. 1917 жы­лы бо­лыс би­ле­ушісі Айтқожа Теміржа­нов Мәдиді «жылқы ұрла­ды, түрме­ден қаш­ты» деп айып­тап, тағы да түрме­ге жөнел­теді. Қазан төңкерісін Мәди Қарқара­лы абақты­сын­да оты­рып қар­сы ала­ды.

За­мана да­уылы соғып, ала­сапы­ран өзгерістер­ге то­лы дәуірде дүни­еге келіп, қам­шы са­бын­дай кел­те ғұмы­ры сүргінде өткен Мәдидің әніне тұңғыш рет ғылы­ми баға беріп, но­таға түсірген А. В. За­та­евич.

Мәдидің әрбір әнінен оның тәкап­пар тұлғасы, Са­ры­арқаның сайын да­ласын­дай кең ты­нысы, шексіз те­реңдігі аңқып тұра­ды. Фи­лосо­фи­ялық толғамы сұлу са­зымен жа­раса өрілген «Үшқара» та­удан аққан тасбұлақтай шы­мыр, гауһар­дай жарқыл­даған «Шіркін-ай» кез кел­ген ком­по­зитор «менің әнім осын­дай бол­са ғой» деп ар­мандай­тын­дай шығар­ма­лар.

Бір өзі бір опе­раға арқау бо­латын­дай шығар­ма «Қара ке­сек» әнінің ор­ны тіпті бөлек. Қазақ му­зыка өнерін те­ориялық тұрғыдан негізде­уші, ака­демик Ах­мет Жұба­нов аталған әнге төмен­дегідей баға бер­ген: «Мәдидің „Қара ке­сегі“ бүкәл қазақ халқының әнұра­ны де­се де болған­дай. Мәдидің қазақ пер­зенті үшін ор­ны бөлектігі де осын­дай ұлы шығар­ма­лар ту­дырған қай­та­лан­бас та­лан­тында».

Адам­зат са­пары­ның та­рихын­да ұлттың ру­хани әлемінде өшпес із қал­ды­рып, құй­рықты жұлдыз­дай ағып өткен ерек­ше тұлғалар­дың бірі Мәди деп сеніммен ай­та­мыз.

Мәдидің өміршең әндері Са­ры­арқаның са­ры беліндегі Қоян­ды жәрмеңкесінен бас­тау алып, бай­тақ еліміздің, алыс-жақын шет ел­дердің әлемдік биік сах­на­лары­нан шырқалу­да.