Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Мәди Бапиұлы (1880 - 1921 ж.ж)

Мәди Бапиұлы (1880 - 1921 ж.ж)

Қазіргі Қараған­ды об­лы­сы, Қарқара­лы ауда­ны төңірегінде дүни­еге кел­ген. Ол – атақты Қаз да­уыс­ты Қазы­бектің ұрпағы. Жа­сынан өлең-жырға, өнер­ге құмар бо­лып өседі, араб­ша хат та­ниды. Ел ішінде әнші-ақын, сері ата­нып, Ақан сері, Біржан сал, Ба­лу­ан Шо­лақ, Ыбы­рай сын­ды саңлақтар­мен кез­десіп, өнер көрсе­теді.

Оның бүкіл өмірі әділетсіздікке қар­сы күрес­пен өтеді. Сол кез­дегі үстем тап өкілдерінің қысы­мымен жа­ла жа­былып, қуғын көреді. Мәди түрме­де ел-жұртын сағынып, әділетсіз за­ман­ды әшке­реле­ген өзінің атақты ән-өлеңдерін шығара­ды.