Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Махамбет Өтемісұлы (1803 - 1846 ж.ж)

Махамбет Өтемісұлы (1803 - 1846 ж.ж)

Ма­хам­бет Өтемісұлы (1803–1846) — Иса­тай Тай­манұлы бас­таған көтерілістің көсемі әрі жа­лын­ды жыр­шы­сы, халқының азат­тығын көксе­ген күрес­кер, ел бас­таған ба­тыр, қазақтың өр рух­ты ақыны.

Ба­тыс Қазақстан об­лы­сының Жәнібек ауда­нын­да туған. Ба­ла кезінен мұсыл­манша, орыс­ша білім ал­ды. Әкесі Өтеміс ел­ге ықпал­ды би болған. 1824–1828 жыл­да­ры Орын­бор қала­сын­да Жәңгір хан­ның ұлы Зұлқар­найын­ның қасын­да бол­ды. 1829 жы­лы Ма­хам­бет Ішкі Ор­даға Жайықтан жа­сырын өтті де­ген айып­пен ұста­лып, Кал­мы­ков бе­кетіндегі абақтыға 2 жыл­дай қамал­ды. 1831 жы­лы түрме­ден қашып шықты, бірақ ар­тынша ақтал­ды. 1834 жы­лы Иса­тай ба­тыр­мен бірікті. Осы жы­лы ма­усым­ның 9-ын­да Жәңгір хан Ма­хам­бетті өз жағына тар­ту мақса­тын­да стар­шын ла­уазы­мын ұсын­ды.

Жер мәсе­лесі, жайылым­ның тар­лығы, орыс им­пе­ри­ясы­ның қазақ хан­дығын жою мақса­тын­дағы іс-қимыл­да­ры, сон­дай-ақ Жәңгір хан­ның жерді туған-ту­ыс­та­рына бөліп бе­руі мен ел билігінде қайын ата­сы Қара­уылқожаға үстемдік бер­ген ас­тамшы­лық әре­кет­тері көтерілістің ту­уына се­бепші бол­ды. Қара­уылқожа мен Иса­тай-Ма­хам­бет ара­сын­дағы тар­тыс өршіп, на­разы­лық үлкен қозғалысқа ай­нал­ды. Иса­тай аты­нан жа­зылған «Әй, Ма­хам­бет, жол­да­сым!» ат­ты ақын толғауы, он­дағы «Хан ба­ласы жы­лады-ай, Жа­ным­ды қи деп сұра­ды-ай» де­ген жол­дар хан ор­да­сын қор­шауға алған соғыс күндерінің шын­дығын си­пат­тай­ды. Осы жыл­дың қара­ша айын­да көтерілісшілер Бе­кетай құмын­да өздерінен күші әлдеқай­да ба­сым Гек­ке әскерімен соғысып, жеңіліс тап­ты. Бұл оқиғалар ақын­ның «Соғыс» жы­рын­да бей­не­лен­се, «Жа­бығу», «Ере­улі атқа ер сал­май» ту­ын­ды­ларын­да жеңілістің күй­зелісті күйі шертіледі.

1838 жы­лы шілденің 12-інде Ақбұлақ бойын­дағы шайқас­та Иса­тай қазаға ұшы­рап, Ма­хам­бет Хи­уа жақта 2 жыл­дай жа­сақ жи­науға әре­кет жа­сады. Бұл ни­етінен нәти­же шықпаған соң Бөкей ор­да­сына жа­сырын өтіп, ел ішін па­нала­ды. Ақын өміріндегі ауыр да сүргінді жыл­дар жалғасып, 1841 жы­лы на­урыз­дың 4-інде белгісіз біре­улердің көрсе­туімен Тіле­ков де­ген қазақтың үйінде отырған жерінде қолға түсті. Орал әскерінің 40 адам­нан құралған жа­сағы үй иесі мен Ма­хам­бетті тұтқын­дап, Кал­мы­ков бе­кетінде 2 ап­та түрме­де ұста­ды, кейін Орын­борға ай­да­ды. Орын­бор ге­нерал-гу­бер­на­торы Ма­хам­бет ісін әске­ри сот­тың қара­уына тап­сырды. Сот 1841 жы­лы шілденің 7-інде «бүліншілікке» тағы ара­лас­са, қатаң жа­зала­насың де­ген үкіммен тұтқын­нан бо­сатып, ше­кара­дан өтпе­уді қатаң ес­кертті.

1841–1845 жыл­дар ара­лығын­дағы Ма­хам­бет өмірі ту­ралы де­рек­тер тым аз. 1845 жы­лы ол ба­ласы Нұрсұлтан­ды оқуға ор­на­лас­тырмақ ни­ет­пен Орын­борда бол­ды. Ше­кара­дан өтуіне бай­ла­ныс­ты ге­нерал-гу­бер­на­тор істі қай­та қозғаса, Кіші жүздің ба­тыс бөлігінің әкімі Б. Ай­шуақов та ақын­ды қуда­ла­уын қой­ма­ды. Ол ақын­ның ба­сына 1000 сом тігіп, оны ұстау үшін ар­найы адам­дардан құралған қару­лы жа­сақ жіберді. Ма­хам­бет хо­рун­жий Тұрымұлы­ның қолы­нан қаза тап­ты.

Ма­хам­бет шығар­ма­лары — бұқара өмірінің ру­хани-по­эти­калық шежіресі, ша­ру­алар қозғалы­сының шы­найы бей­несі. Ол жы­ра­улық по­эзияның көркемдік әлемін байытып, шығар­ма­ларын­да ұлт-азат­тық иде­яла­рын көтерді, елдікті сақтап қалуға шақыр­ды. «Мұнар күн» жы­рын­да ел ба­сына түскен ауырт­па­лықты ашы­на ай­тты. «Ұлы ар­ман», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Ата­дан туған ар­дақты ер» жыр­ла­рын­да ақын ал­дағы күндеріне үмітпен, зор сеніммен қара­ды. «Біртіндеп са­дақ асын­бай», «Арғымақтың ба­ласы», «Қара нар ке­рек біздің бұл іске», «Еменнің түбі — са­ры бал», «Жалған дүние», «Еріске­дей ер бол­са», т. б. шығар­ма­ларын­да ұлт-азат­тық қозғалыс ру­хы, ел тағды­ры мен ар­ман-мүддесі те­рең әрі шы­найы су­рет­телген. «Ха­лық қозғал­са, хан тұрмай­ды тағын­да» дейді ол от­ты жыр­ла­рын­да.

Ақын өлеңдерінің бас­ты қаһар­ма­ны — Иса­тай Тай­манұлы. «Иса­тай де­ген ағам бар», «Иса­тай сөзі», «Арғымаққа оқ тиді», «Тар­ла­ным», т. б. өлеңдерінде Иса­тай ба­тыр­дың көркем тұлғасы, адам­гершілік, қай­сар­лық, тапқыр­лық қаси­ет­тері жан-жақты си­пат­талды.

Оның «Жәңгірге», «Бай­мағам­бет сұлтанға» ар­налған өлеңдері пат­ша­ның жергілікті би­ле­уші өкілдері — хан-сұлтан­дарға қар­сы жа­зылған, олар­дың бет пер­десін аша­тын жыр­лар бол­ды.

Ақын өлеңдерін дәстүрлі үлгіге негіздей оты­рып, түр, мазмұн, жағынан байыта, жетілдіре түсті. Ли­рика­лық өлеңдері көбіне толғау, жыр, тер­ме түрінде жа­зыл­ды. Иса­тайға ар­налған өлеңдерінде жоқтау са­рыны ба­сым. Оның шығар­ма­лары қазақ по­эзиясы­ның са­тира, эле­гия, мо­нолог, ар­нау жанр­ла­рының қалып­та­су­ына, стилінің да­рала­нып, по­эти­калық тіл құрал­да­рының ар­ту­ына, фи­лосо­фи­ялық те­реңдіктің ор­нығуына үлес қос­ты. Ха­лық нақылы­на құрылған фи­лосо­фи­ялық толғаула­ры мен жігер­ге то­лы ерлік жыр­ла­ры, жа­уын­гер рух­ты биік өлеңдері оның шығар­ма­шылығын жоғары деңгей­ге көтерді. Ма­хам­бет жыр­ла­ры дәуір шын­дығын бей­не­леп, көтеріліс ай­на­сы бо­лып қана қойған жоқ, асқақ рух пен бо­лашаққа де­ген сенімнің ерек­ше үлгісін көрсетті. Ақын жыр­ла­ры орыс, араб, пар­сы сөздерінің көп кез­десіп, шағатай тілінде жа­зылу­ымен ерек­ше­ленеді. Ол жы­ра­улық по­эзия дәстүрін ше­бер да­мыта оты­рып, қазақ өлеңінің та­биғатын жаңарт­ты.

Ма­хам­бет ақын­дығына қатар ше­бер күйші бол­ды. Оның 11 күйі 1982 жы­лы «Ша­шақты най­за, шалқар күй» де­ген ат­пен жа­рық көрді.

Ақын өлеңдерінің ха­лық ара­сына та­ра­уына Ш. Жа­рылғапұлы, Қуан ақын, кішке­не Қобы­лан­ды, Қуба­ла, Лұқпан, Мұрат, Ығыл­мандар көп еңбек сіңірді. Алғаш 1908 жы­лы Қазан қала­сын­да жа­рық көрген «Мұрат ақын­ның Ғұмар қажы оғли­на айтқаны» ат­ты жи­нақта Ма­хам­беттің 100 жол­дан ас­там 2 толғауы ба­сыл­ды. Ғ. Мұштақ құрас­тырған «Шайыр яки қазақ ақын­да­рының бас­ты шығар­ма­лары» жи­нағын­да Ма­хам­бет толғауынан үзінділер берілді. 1939 жы­лы Қ. Жұма­ли­ев ақын өлеңдерінің жи­нағын шығар­ды. 2003 жы­лы Ма­хам­бет Өтемісұлы­ның 200 жыл­дық ме­рей­тойы ЮНЕС­КО шеңберінде кең түрде ата­лып өтіліп, 4 том­дық жи­нағы жа­рыққа шықты. Ин­тернет­те Ма­хам­бет сай­ты ашыл­ды. Ас­та­на қала­сын­дағы оқушы­лар са­райына ақын есімі берілді. Ре­сейдің «Вы­борг ке­ме жа­сау за­уыты» ААҚ Қазақстан­ның тап­сы­рысы бойын­ша «Ма­хам­бет» ат­ты мұнай құю тан­керін жа­сап шығарып, суға түсірді. Аты­рау об­лы­сын­да Ма­хам­бет атын­дағы аудан, ауыл, көше бар. Ақын қай­тыс болған Аты­рау об­лы­сының Ин­дер ауылы­нан 40 шақырым жер­де ке­сенесі тұрғызыл­ды. Белгілі ант­ро­полог Но­эль Ша­ях­ме­тов Ма­хам­беттің бет-бей­несін жа­сап шығар­ды.