Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Мәшһүр Жүсіп Көпеев

Мәшһүр Жүсіп Көпеев

Мәшһүр Жүсіп Көпе­ев қазақтан шыққан көрнекті ақын, та­рих­шы, эт­нограф, шежіреші, аудар­ма­шы, ауыз әде­би­еті мұра­ларын жи­на­ушы.

Бес жа­сынан бас­тап ауыл мол­да­сынан дәріс алған. Жас­тайынан еті тірі, зе­рек ба­ла Ха­мар Хазірет де­ген үлкен оқымыс­ты мол­да­ның ал­ды­нан жеті жыл бойы са­бақ ала­ды. Мол­да бір ғана дін са­бағын емес араб, пар­сы, шағатай тіліндегі кітап­тарды да қат­ты қадағалап оқыта­ды. Кітап­тың тек қара­сын та­нытып қой­май, ішкі мазмұн, мән-мағына­сына дейін тәптіштеп түсіндіреді. Араб­тың, пар­сы­ның тілін үй­те­теді. Мәшһүр бір жыл ішінде хат та­нып, өнер-білімге, әде­би­ет­ке құмар бо­лып өседі. Жеті-тоғыз жа­сын­да «Ер Тарғын», «Қозы Көрпеш — Ба­ян Сұлу» сияқты ха­лық жыр­ла­рын, шығыс қис­са­ларын жатқа айтқан. Сол се­бепті де Мәшһүр де­ген атқа ие бо­лады. Он бес жа­сын­да мед­ре­седе оқып жүріп өлең жа­за бас­тай­ды. Он бес жас­тан кейінгі өмірінің бәрін дерлік өлеңмен сөй­ле­ген де­седі. Ол ту­ралы ақын­ның өзі бы­лай дейді:

Жа­быс­ты маған өлең он бес жас­та,
Жұрт ай­тты: «Не қыла­сың» — деді бас­та
Де­ген­мен қоя ал­ма­дым үй­рен­ген соң,
Мінім жоқ қылған жұртқа мұнан басқа.
Шүкірлік, бер­геніңе, құдай пат­ша,
Он бес­те ша­быт­тандым жүйрік ат­ша.
Бір күндер ұйықтап жатқан мезгілімде,
Ке­уде­ме өлең тол­ды сызған хат­ша.

Ака­демик М. Қара­та­ев та ХХ ғасыр­дың бас кезіндегі ақын­дардың твор­чест­во­сын са­ралай келіп: «М. Көпе­евтің қазақ әде­би­етінде әрі ақын, әрі жи­на­ушы ретінде ала­тын ор­ны ерек­ше» — деп бағалап­ты. («Қай­та қара­уды қажет ететін мәсе­ле», «Қазақ әде­би­еті», 1956)

Мәшһүр Жүсіп 1858, қой жы­лы, қыс мезгілінде қазіргі Пав­ло­дар об­лы­сы Ба­янауыл ауда­нының Қызыл­тау өңірінде Най­за­тас де­ген жер­де дүни­еге кел­ген. Нәрес­те­ге ата-ба­ба сал­ты­мен азан шақырып, атын Жүсіп деп қояды. Бұл жөнінде ақын кейіннен «Өмірба­ян» ат­ты өлеңінде:

Жа­сым­да қойылған ат адам Жүсіп,
Жұрт кет­кен сүй­генінен Мәшһүр Жүсіп.
Қолы­ма қағаз, қалам алған шақта,
Ке­темін қара сөзге жел­дей есіп, — деп ес­ке ала­ды.

Ол есейе ке­ле ел ішіндегі ауыз әде­би­еті үлгілерін жи­най­ды, со­нымен қатар ба­ла оқыту­мен де ай­на­лыса­ды. Ел көріп, жер көріп, өз білімін әрі қарай те­реңде­ту мақса­тын­да Таш­кент, Бұхар, Түркістан сияқты ірі қала­ларға бірне­ше рет са­пар шегіп, Шығыс мәде­ни­еті, Шығыс­тың ғұла­ма ғалым­да­ры мен ақын, ой­шыл­да­рының шығар­ма­лары­мен жақын­нан та­ныса­ды.

Осы са­пары жөнінде ақын:
Мәшһүрден ке­ле жа­тыр өнер қай­нап,
Бұлбұлдай қапас­тағы тұрған сай­рап.
Са­марқан, Бұхар, Таш­кен — бәрін кез­ген,
Жа­сын­да бір кем отыз тәңірім ай­дап — деп ха­бар бе­ре ке­теді.

1888 жыл­дан бас­тап жас ақын­ның өлеңдері мен мақала­лары қазақ тіліндегі тұңғыш бас­пасөз үні «Да­ла уәла­яты­ның га­зетінде» жиі жа­ри­яна­на бас­тай­ды.

Мәшһүр Жүсіп 1905 жылғы пат­ша ма­нифесінің жалған­дығын әшке­релейді, елдің уақыт­ша көзін бо­яу үшін шығарылған жалған бұй­рық екенін де ешнәрсе­ден тай­сал­май қазақ ақын­да­рының ішінде алғашқысы бо­лып толғай­ды.

1907 жы­лы Қазан­дағы Хұсайынов­тар бас­па­сынан Мәшһүр Жүсіптің «Са­ры­арқаның кімдікі екендігі», «Тірлікте көп жа­саған­дықтан көрген бір та­маша­мыз», «Хал-аху­ал» де­ген үш кіта­бы бірінен соң бірі ба­сылып шығады.

Мәшһүр Жүсіп өлеңдерімен бірге көпте­ген уыт­ты мы­сал­дар, шығыс үлгісіндегі бірне­ше дас­тан жа­зып қал­дырды. Оның қазақ ауыз әде­би­еті мұра­ларын жи­на­удағы еңбегі ора­сан зор. Бұл рет­те ел аузы­нан көпте­ген ба­тыр­лық, ғашықтық жыр­ларды, та­рихи жыр­лар ман ай­тыс­тарды, шежіре­лер мен аңыз­дарды, атақты ақын­дар мен жы­ра­улар мұра­ларын жи­нап, хатқа түсірді. Ұлы Абай­ды өзіне ұстаз тұтып, оның ағар­ту­шылық иде­ясы мен ақын­дық дәстүрін жалғас­ты­рушы­лар­дың бірі бол­ды. Абай өлеңдерін жат­тап алып, ел ішінде та­рату­да, на­сихат­та­уда берік ұста­ным тұтын­ды. Ол Абай соқпағымен «тас қияға өрле­ген­дердің» бірі еді. Абай­дың тірі кезінде оның өлеңдеріне алғаш рет тал­дау жа­сап, баға бер­ген де Мәшһүр Жүсіп бол­ды. «Да­ла уәла­яты­ның га­зетінде» 1989 жы­лы жа­ри­ялаған «Ба­ян­та­удан ха­бар: Абай твор­чест­во­сы ту­ралы мәлімет» де­ген мақала­сын­да Абай шығар­ма­шылығы ту­ралы өз ой­ла­рын ор­таға са­лады.

Мәшһүр Жүсіп Көпе­евтің шығар­ма­лары­мен орыс тілді оқыр­мандар алғаш рет «Түркістан уала­яты­ның га­зеті» арқылы та­ныс­ты. Бұл га­зеттің бел­сенді ав­торла­рының қата­рын­да Ш. Құдай­дер­ди­ев, А. Бай­ме­нов, С. Шор­ма­нов, Б, Сыр­та­нов­тармен бірге М. Ж. Көпе­ев те бол­ды. Бұл ор­ганды қазақ халқының ру­хани же­текшісі бол­ды деп есеп­те­уге бол­май­тын еді, ол негізінен орыс им­пе­ри­ясы­ның са­яса­тын жүргізуші арқау ретінде де қыз­мет етті.

Мәшһүр ақын көпшіліктің бе­рекесін ала­тын, жа­рас­тығын бұза­тын оз­бырларға үнемі қар­сы тұрып келіпті. Жан-жағын жұтып жібе­рер­дей ала­ра қарай­тын бай-шон­жарлар, қысы-жа­зы ауыл маңы айғай-шу, бос дүрмек, оқу іздеп, өнер қуып жүрген бірде-бір жас­тарды көре ал­маған ақын ха­лыққа қарап: Қазағым, өнер ізден, ұрлық-зор­лық,

Қыла­сың бір-біріңе не­ге оз­бырлық?
Болған­нан ал­ты ауыз­ды ын­ты­мақсыз,

Ба­сыңа кел­ген жоқ па та­лай қор­лық? — деп ел ішінің ауыр жағдайын, бе­реке-бірлігі жоқ жүдеу қал­пын ашы­на ай­та­ды. М. Көпе­ев өлеңдерінің ай­рықша бір қаси­еті — қара­пайым­ды­лығын­да. Ол ерек­ше бо­яу, тыңнан жаңалық ізде­мейді, жұртты таңырқата қояйын де­ген ой ақын­да аты­мен жоқ. Ақын­ның сөзі — жүрек түбінен шыққан сөз. Ақын сөз өнерін өте жоғары бағалаған. Адам ба­ласы мен адам ба­ласы­ның та­быс­пай­тын, жақын­даспай­тын ұғыс­пай­тын кезі бол­май­ды.

Мәшһүр Жүсіптің бөліп ай­туға тұрар­лық бір ерекшклігі — өлеңдерін жа­зып шығарған.

Мәшһүр қазақтың көпте­ген білікті адам­да­рымен кез­дескен, сыр­лас болған. Со­лар­дың ішінде 1925 жы­лы атақты ба­лу­ан Қажы­ымұқан­мен та­ныс-біліс бо­лып, екеуі Ба­янауыл­да бірне­ше күн бірге жүріпті. Бірі ақын, бірі ба­лу­ан — өнер адам­да­ры іштей түсінісіп, қыл ажы­рамас дос бо­лып, қимай-қимай ажы­расып­ты.

Мәшһүр Жүсіптің игі істеріне қанық қазақтың зи­ялы қауымы оны ерек­ше құрмет­теп, бағалаған, ақын­дардың пайғам­ба­рына теңеген, әруағына си­ынған.

Жұма күні, қой жы­лы аш­тың есік,
Қазақтың кең да­ласын қыл­дың бесік.
Дәл сон­дай жұма күні, қой жы­лын­да,
Көз жұмдың жалғаныңа қош бол десіп. (К. М)
Мәшһүр Жүсіп Көпе­ев 1931 жы­лы дүни­еден өтті.

Өмірден өзі оз­са да ар­ты­на өлмес мұра қал­дырған қаси­етті Мәшһүр Жүсіп ба­бамыз­дың мұра­лары­ның бізге, ке­лер ұрпаққа бе­рері мол екеніне ешкімнің де күмәні жоқ. Ен­де­ше, сол мол мұра­ны көздің қара­шығын­дай сақтап, кейінгі бу­ын үлгі алар­лық кәде­ге жа­рату біздің па­рызы­мыз.