Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Мұрат Мөңкеұлы (1843 - 1906 ж.ж)

Мұрат Мөңкеұлы (1843 - 1906 ж.ж)

Мұрат ақын XIX ғасыр­дың екінші жар­ты­сын­да өмір сүрген ақын­дардың ішіндегі ең көрнектілерінің бірі. Ол 1843 жы­лы қазіргі Гурьев об­лы­сы, Қызылқоға ауда­ны, Қара­бау де­ген жер­де туған. Мұрат жас шағын­да әке­ден жетім қалып, ағасы Ма­тай­дың тәрби­есінде өседі. Бо­лашақ ақын ауыл мол­да­сынан оқып, зе­ректігі арқасын­да тез ара­да мұсыл­манша хат та­нып, араб­ша жа­зу үлгісін үй­ре­неді.

1860 жы­лы жілікші ақын­мен кез­десіп, осы кез­ден бас­тап Мұрат ай­тыс өнеріне ма­шықта­на бас­тай­ды.1863 жы­лы Ба­ла Ораз­бен және Жас­келін мен ай­тысқа түсіп жеңіске же­теді. Со­нымен бірге басқа да ақын­дар ай­ты­сына қаты­сады, олар: Қал­ни­яз, Жантөлі, Ты­ныш­тық Шол­пан. Осын­дай ай­тыс өнері Мұрат­ты ақын­дар мек­тебінің өнері оны шыңдай түседі. Мұрат өзінің бірне­ше толғаула­рын, та­рихқа бай­ла­ныс­ты жыр­ла­рын өмірге алып кел­ген ақын. Ол өз Ота­нын жырға қосқан мы­на толғаула­ры: «Жалған­шы фәни жалған­да» («Во вре­мени об­манном, бре­ном»), «Әттең қапы дүние-ай» («Омир, су­ет­ный, ско­ротеч­ный»), «Өлім» («Смерть») ал қалған өлеңдерінде ба­тыл, ба­тыр, ержүрек жігіттерді, қалыңдық- қыз келіншек­тер, бүркітпен аңға шығу, со­нымен бірге өмірдің қысқа екені ту­ралы және де өмірдің құбыл­ма­лы сәттері көп деп өз өлеңдеріне қосқан.

Ақын өз өлеңдеріне кітап по­эзиясын жырға қосқан ақын­дардың бірі. Со­ның бірі «Үш қиян»- бұл өлеңде ақын қара­пайым ха­лықтың тұрмыс-сал­тын, өзінің ішкі ой­ла­рын, ар­ман мен үмітінде ай­тып, жырға қосқан ақын­ның бірі. Бұл жыр­да ақын­ның иде­ялық ойының өте әсерлі тұста­ры көп бол­ды. Со­ның ішінде «Са­ры­арқа» күйінде ха­лықтың ба­сынан кеш­кен қиын за­ман­ды жырға қосқан.

«Қара­сай қазы» мен «Қаз­туған»ба­тыр ту­ралы ай­ты­лып, қазақтың ба­сынан кеш­кен қиын-қыс­тау ке­зеңді жырға қосқан. Бұл жыр­да ба­тыр­лардың өз елін қорғаудағы жа­нын бе­руге бар екенін су­рет­тейтін тұстар өте көп. Бұл өлең қазақ халқының пси­холо­ги­ялық жағынан тілдің, мәде­ни­еттің қалып­та­су­ына бірден-бір ықпал ет­кен өлең жыр­дың бірі бол­ды. Ол кісінің қойын дәптерінен та­былған мы­на үш өлеңінде: («Оқудан қайтқан жігітке хат», «Еліне жазғаны», «Бір досқа». Біздің қазіргі күнімізге дейін Ма­хам­беттің өлеңдерін осы өмірге алып ке­ген ақын­ның бірі.

Мөңкеұлы Мұрат өзінің өлеңдерінде со­нау ғасыр­дан ке­ле жатқан қазақ елінің салт-дәстүрін ес­те ұстап, өзінің жыр­ла­рына то­лық пай­да­лана білді. Со­нымен бірге ол кісі қазақ әде­би­етіне озық үлгі тас­таған ірі тұлғалар­дың бірі бол­ды.

Мөңкеұлы Мұрат өзінің сол кез­дегі пат­ша үкіметіне қар­сы, қар­пайым ха­лықтың тұрмыс-тіршілігін, ауыр тұрмы­сын жырға қосқан ақын.

Мөңкеұлы Мұрат бұрынғы ке­зең мен қазіргі кездің қоғамын ашып көрсе­те білген көзі ашық ақын-жыр­шы­ның бірі бол­ды.

Мөңкеұлы Мұрат­тың еңбек­тері «Мұрат ақын­ның Ғұар Қазиұлы­на айтқаны» (Қазан 1908ж), «Ақын» (1912 ж), «Мұрат ақын­ның сөздері» (Таш­кент 1924ж), «Бес ғасыр жыр­лай­ды» (1989ж), «Алқала­са әле­умет» (1991ж) т. б. Және де Мөңкеұлы Мұрат­тың шығар­ма­лары орыс тіліне ауда­рылған.

Мұрат жас кезінен жи­ын-тойға үнемі ара­ласып, өлең ай­туға ма­шықта­на бас­тай­ды, ел ішінде «ше­шен, тапқыр ба­ла» ата­нып жүреді. Көп ұза­май ол ай­тысқа да түседі. Мұрат ай­тыс­тың асқан ше­бері бо­лумен қатар үлкен эпик ақын. Оның шығар­ма­ларын­дағы қай­шы­лықта­ры мен қателіктеріне бай­ла­ныс­ты да­рын­ды ақын­ның твор­чест­ва­сы соңғы кез­ге дейін жөнді бағалан­бай ке­леді.

Мұрат Мөңкеұлы 1906 жы­лы 63 жа­сын­да, Жайық бойын­дағы Өрлік по­сел­кесінде қай­тыс бо­лады.

Мөңкеұлы Мұрат шығар­ма­ларын зерт­те­ген­дер: Х. Досмұха­медов, С. Сей­фул­лин, М. Әуезов, С. Мұқанов, А. Тоқмаған­бе­тов, Б. Ома­рова, Қ. Мәдіба­ев, Қ. Жұма­ли­ев.