Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835 - 1898 ж.ж)

Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835 - 1898 ж.ж)

Май­лықожа Сұлтанқожаұлы (1835–1898) — қазақтың ха­лық ақыны (су­ырып сал­ма ақын). Қазiр­гi Оңтүстік Қазақстан об­лы­сы Оты­рар ауда­нының Қожа­тоғай ауылын­да дүни­еге кел­ген.

Ауыл мол­ла­сынан са­уат ашып, ескіше хат та­ныған. 14 жа­сын­да әке­сiнен айырылған ақын тағдыр тауқыме­тiн көп көрiп, тер­ме-толғаулар шығарып ай­тыс өне­рiне бет бұра­ды. Ұлда­ры Асан, Жол­ба­рыс, Иса­бек әке жо­лын қуған сөз ше­берi апайтөс ақын­дар бо­лып өмiр­ден өткен.

Май­лықожа Сұлтанқожаұлы XIX ғасыр­да өмір сүрген ақын-жы­ра­улар­дың ішінде өзіндік ор­ны ерек­ше, ар­ты­на мол мұра қал­ды­рып, ха­лықтың ықыла­сына бөлен­ген ақын. Атақты Жам­был ақын­ның өзі оның ақын­дығына, ғиб­ра­ты мол өлең-тер­ме­леріне «Май­лықожа, Сүйінбай, пірім еді си­ынған» деп бағасын да беріп кет­кен.

Май­лықожа Сұлтанқожаұлы өлеңдерін ауыз­ша шығарған, өзі жа­зып қал­дырған мұра­лары да кез­де­седі. Май­лықожа­ның әде­би мұра­сын жан­ры мен мазмұны­на қарай бірне­ше тақырып­тарға бөлу­ге бо­лады: ғиб­рат, нақыл­дар («Ер көге­рер дұғамен», «Жол­дас бол­саң жақсы­мен», «Жақсы адам қар­тай­са»), ар­нау өлеңдер («Ах­мет төре­ге», «Тұрлы­бек­ке», тағы басқалар), дас­тан- мы­сал­дар («Қасқыр», «То­тына­ма», «Аңқау мен қу», «Шо­ра ба­тыр», «Үш жігіт»), ай­тыс­тар.

Май­лықожа ақын­ның Сүйiн­бай, Мәделқожа Жүсіпқожаұлы, Күдеріқожа, Құлын­шақ, Ай­ман-Гүлха­ным, Ұлби­ке, қырғыз ақыны Жа­ныс­тармен сөз сайыс­ты­руы ақын ата­мыз­дың те­рең ой­лы шын­дықты ту ет­кен бi­лiм­дi шайыр еке­нiне көз жет­кi­земiз.

Мы­салы, за­ман­да­сы Құлын­шақ ақын­ның:
«Май­лы, Май­лы де­ген­мен май бол­ма­дың,
Жұрттан алып же­ген­мен бай бол­ма­дың» — де­генi­не лез­де сөз та­уып:
Сен Құлын­шақ болғалы та­лай бол­ды.
Не құлын, не жа­бағы тай бол­ма­дың.
Не­месе Гүлха­ным ару­дың:
Ке­дей­сiң қыз­ды жылқысы көп бай ала­ды-де­ген әзi­лiне:
Би­бiмiз те­гiн қыз­ды күнде­мей­дi,
Ал­дың деп мұны қай­дан үнде­мей­дi.
Ба­тыр бiр оқ, бай бiр жұрт бәрi бе­кер,
Дүни­енiң бай­лығы тiл­де дей­дi, — деп ор­нықты, ой­лы жа­уап бер­дi.
Қырғыз­дың Асыл де­ген байының тойын­да қазақ ақын­да­ры бет қарат­паған Жа­ныс­ты та­рих жо­лымен жiп­сiз бай­лап:
Мол­да­лар кi­тап оқып мән ай­та­ды.
Бiл­ме­се бе­кер сөздi не­ге ай­та­ды.
«Қыс-асыл әмби­енiң» кi­табын­да

Қырғыз­дың ата те­гiн ит деп ай­та­ды — деп ит­тей қапқан Жа­ныc ақын­ды Жол­ба­рыс­тай та­ла­уы Май­лы­ның мықты­лығы Бұха­ра — Са­марқан­да бi­лiм алған­дығының сеп­тi­гi.

Бiр­де Қасым­бек бо­лыс­тың бәй­бi­шесi ақын­ның тарт­па жел­дi­гiн қойып «Үш күн күттiк бiз­дi бiр мақта­мадың тарт­па жел­дi­гiңмен құрып кет­кiр Май­лықожа» де­генi­не сөз сүлейi:

Қазақтың оза шапқан май­лы­сы едiм,
Бұл өлеңiм бол­ма­са қай кi­сi едiм,
Бес-ал­ты ауыз өлеңдi ай­тып бе­рiп,
Көңiлiн қош қылайын бәй­бi­шенiң
Жоғал­ма­са құры­сын тарт­па жел­дiк
Бұрын қай ер-тоқымы сай кi­сi едiм, — деп ел­дi ри­за етiп­тi.

Май­лықожа ақын­ның бір топ өлеңдері Я. Лю­тиштің құрас­ты­ру­ымен 1883 жы­лы Таш­кент­те ба­сылып шыққан «Қырғыз хрес­то­мати­ясы» кіта­бына ен­ген. Май­лықожа Сұлтанқожаұлы ауыз әде­би­етін жақсы білген, фоль­клор­шы Ә. Ди­ва­ев мол де­рек­терді Май­лықожа­дан алған. Көпте­ген өлеңдері «Үш ғасыр жыр­лай­ды» (1964), «Бес ғасыр жыр­лай­ды» (1964), «Ай, за­ман-ай, за­ман-ай» (1991) кітап­та­рын­да және «Нақыл» (1972) ат­ты же­ке жи­нағын­да жа­ри­яланған. «Ай­тыс» жи­нағына (2 том, 1988) ақын­ның бірқатар ай­тыс­та­ры ен­ген.

Шым­кент қала­сын­да Май­лықожа Сұлтанқожаұлы­на ес­керткіш мүсін ор­на­тылып, бір көше­ге есімі берілген.

2009 жы­лы Түркістан қала­сын­дағы Қожа Ах­мет Иаса­уи атын­дағы Ха­лықара­лық Қазақ-Түрік уни­вер­си­тетінің мәде­ни­ет ор­та­лығын­да ақын Май­лықожа Сұлтанқожаұлы­ның 175-жыл­дық ме­рей­тойына ар­налған «Қазақ әде­би­етіндегі кіта­би ақын­дар дәстүрі» тақыры­бын­да ғылы­ми-те­ориялық кон­фе­рен­ция бо­лып өтті.