Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Мұхамбеткерей Мұхит (1841 - 1918 ж.ж)

Мұхамбеткерей Мұхит (1841 - 1918 ж.ж)

Мұхит (Мұхам­бетке­рей) Ме­ралыұлы (1841–1918) Ба­тыс Қазақстан об­лы­сын­даҚара­ботын ауда­нын­да, Ақбақай ауылын­да дүни­еге кел­ген. Мұхит­тың ата-ана­сы дәулетті бай адам­дар болған. Мұхам­бетке­рей Мұхит­тың туған ба­уыр­ла­ры: Пәнге­рей, Шәнге­рей, Сақып­ке­рей, Жәнші, Жүсіп бұлар­дың бәрі от­ба­сымен мәде­ни­етті жақсы көрді, ән ай­тты, скрип­ка­да ой­на­ды, күй тарт­ты. Мұхит- ха­лық ком­по­зито­ры күйші, дом­бы­рашы. Мұхит той­лар­да, ірі жәрмеңке­лер­де дом­бы­рада ой­нап, ән ай­ту­мен көзге түскен өнер иесі. Мұхит, Ес­бай, Таз­ба­ла, Сәуле­бай күй­лерін ерек­ше ше­берлікпен орын­даған. Мұхит­тың әнді орын­дау дәстүрі ха­лық ара­сын­да Ғ. Құрманғали­ев, Т. Иб­ра­гимо­ва және т. б. арқылы та­раған. Ол әнді аза­мат бо­лып қалып­тасқан кез­де шығара бас­таған >және өз тыңда­ушы­ларын оның әні сезімтал­дығымен, те­реңдігімен бірден ба­ураған. Мұхит шығар­ма­ларын өзінің твор­чест­во­лары­на көпте­ген Қазақстан ком­по­зитор­ла­ры арқау етіп алған: Е. Бру­силовс­кий — "Жал­быр” опе­расын­дағы "Алу­аш” әні, "Қыз Жібек” опе­расын­дағы "Үлкен Ораз”, "Ер Тарғын” опе­расын­дағы "Дүние-ай” дүни­елері. Мұхит­тың "Ай­намкөз” әнін Б. Е. Ер­за­кович шекті ас­паптарға ар­налған квар­тетіне қол­данған, ал "Зәуреш” әні Л. М. Шар­го­родс­кий мен С. И. Ша­бель­ский "Сим­фоньет­та­сын­да” пай­да­ланылған.

Мұхит­тың шығар­ма­ларын қазіргі кез­ге дейін алып кел­ген ұрпақта­ры: Шоң мен Нау және не­мере­лері: Шайқы, Лұқпан, Ғабидл­ла бол­ды.

Мұхит Ме­ралыұлын жа­рыққа шығарғып ха­лыққа та­нымал ет­кен: Ғ. Құрманғали­ев, Т. Иб­ра­гимо­ва, Н. Аби­лова т. б. бол­ды.

«Көкай­дай»- Әні мен сөзі Мұхиттікі орынд. Ғ. Құрманғали­ев.