Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Омар Шораяқұлы

Омар Шораяқұлы

Сыр бойы ақын-шайыр­ла­рының бірі «Омар Шо­раяқұлы бұрынғы Түркістан өлкесіне қараған Сыр­да­рия об­лы­сының Қаза­лы уезіндегі Аққыр бо­лысы­на, қарас­ты 12-ауыл­да (қазіргі Қызы­лор­да об­лы­сы, Қар­мақшы ауда­ны) 1878 жыл­дың 22 қаза­нын­да дүни­еге келіп, 1924 жыл­дың 12 ма­усы­мын­да өмірден өтеді». Он жеті жасқа дейін мол­да­дан оқып, ескіше хат та­ниды. Одан әрі білімін мо­лай­туға мүмкіндігі бол­май­ды. Кәсіп іздеп Қаза­лы қала­сына келіп, та­тар са­уда­геріне жал­да­нады. Сон­да тоғыз жыл бойы жал­шы­лықта жүргенінде ауруға шал­дығып, 1905 жы­лы туған ауылы­на қай­та ора­лады.

Қазан төңкерісінен кейін Омар 3–4 жыл кеңес қыз­метіне ара­ласып, жа­уап­ты жұмыс­тарда бо­лады (бо­лыс­тық атқару ко­митетінің төрағасы, сот т. б.), бірақ ер­те­ден бойына жа­бысқан ауру бел­сенді қыз­мет етуіне жібер­мейді.

Өлең жа­зуды 16 жа­сынан ма­шық ете бас­таған ақын­ның көпте­ген толғау, тер­ме, өси­ет, мы­сал­да­рымен қатар, он бес­тен аса көлемді дас­танда­ры бар. Олар «Жар­лы Тәліп», «Қара шек­пен», «Әбу Шаһыма», «Һақ Сүлей­мен», «Мағауия», «Мұхам­мад», «Үш күлше» және т. б. хи­кая, дас­танда­ры. «Һақ Сүлей­мен» дас­та­ны жетпіс тоғыз (79) бөлімнен тұра­ды. Бұл шығар­ма өте көлемді шығар­ма­лар­дың бірі. Діни са­уат­ты Омар Шо­раяқұлы «кіта­би ақын­дар» қата­рына осы те­рең фәлса­фалық ту­ын­ды­лары­мен ен­ген.

«Һақ Сүлей­мен» дас­та­нын­да Омар ақын ша­риғат жо­лын ұлықтай ке­ле иман­ды­лықты уағыз­дай­ды. Мы­салы:

Сүлей­мен өткен сұлтан за­ты қалыс,
Зор дәулет бақыты­на болған бағыш.
Қараған бүтін дүние мем­ле­кеті,
Ешкімге берілме­ген он­дай да­быс.
Пат­ша­лық, пайғам­барлық ыр­са­латы -
Жаһанға екі аты да бірдей та­ныс.
Жа­ран­дар, һақ ша­риғат үкімімен
Жо­лынан қадам түгіл, шықпа қарыс.

Діни уағыз са­рынын­да ай­ты­латын бұл шығар­ма­лар – ХІХ-ХХ ғасыр­дағы ақын-жы­ра­улар­дың өзекті тақыры­бы. Пайғам­барлар­дың өмірі, олар­дың ұлағат­ты істері, ғиб­раттық сөздері бұлар­дың бар­лығы дерлік үнемі дас­тандар­да кез­десіп оты­рады. Осын­дай дас­танның бірі «Жар­лы Тәліп» дас­та­ны. Дас­танның көлемі жағынан шағын болғаны­мен өзіндік ай­тар ойымен, ғиб­раттық сөздері жай­лы сөз қозғай­мыз. «Жар­лы Тәліп» дас­та­нын­да әдет­тегідей, кіріспе ал­дында қол­да­натын фи­лосо­фи­ялық ой-орам­дар толған­бай­ды, бірден дас­танның кіріспесінен бас­та­лады. Олай бол­са дас­танға на­зар ауда­райық;

Өтіпті ілгеріде жар­лы Тәліп,
Кіта­бын көрді бір күн қолы­на алып.
Әр пәнде бір мақсатқа ет­се та­лап,
«Ақыры, — де­ген екен, — же­туі анық!»
«Он­да мен, пат­ша қызын ала­мын!» — деп,
Көңіліне біра­зырақ тұрды ой­ла­нып.

Дас­тандағы «тәліп» сөзі шәкірт мағына­сын бе­реді. Жар­лы тәліп шаһар­дың сұлта­нына ба­рып, басқа жағдай не­месе мәсе­ле ай­тпай, ту­ра сөзден жал­тармай қызын сұрай­ды. Бұған сұлтан тіпті шам­данбай, «бұл сөзді айтқызып тұрған Сұбһан Ал­ла шығар» деп оған: "Менің мейірбан пер­зентімнің мейірі үшін, мүмкіндігің бол­са, бір қап гауһар алып кел. Бір қап гауһар әкел, саған басқа қоятын та­лабым жоқ, құпи­ям да жоқ – дейді. Ал, сон­да әлгі жар­лы тәліп «бұл бір қап гауһар­ды қай­дан та­бам», – деп сұрай­ды. Алай­да, гауһар­дың қай­да бо­латы­нын білмеймін де­ген­де, оған сұлтан:

Құдай­дың «гәніш мах­фи» қазы­насы бар,
Ас­тында ағып жатқан да­рия Нілдің.
Наз­дында ділда­сы бар тау мы­сал­дас,
Са­ны жоқ, інжу, гауһар, лағылы, дүрдің.

Омар ақын дас­танда ғылым да­рия секілді, інжу, мар­жан асыл тас­тарды «білімің бол­са алуға бо­лады», – деп тұспал­дай­ды. Дас­тан кейіпкері еш нәрсе­ге мойымай­ды. Алға қойған мақса­тына жет­кенше тын­бай­ды. Ба­зарға ба­рып бір мес са­тып ала­ды. Сон­дағы мес­ке да­ри­яның су­ын та­сып, та­уыс­пақ ойы бо­лады. Ав­тор бұл іске күле қарай­тын­дарды кейіп ке­теді. Бұл ғаріп Ал­ла­ны жа­дынан шығар­май мес­пен су­ды та­си бас­тай­ды. Күні бойына су­ды та­сып шар­шап, біраз ты­нығып алған соң, түннің бір уағын­да тағы жалғас­ты­рады. Ойының бәрі да­рия су­ын та­сып, уәж қылған сұлтан қызын ал­мақ. Тәліптің ғылымға ту­ралығы сон­ша, осы кітап­та ай­тылған сөз қате бо­луы мүмкін деп шүбә келтірмейді.

Нұр си­пат хан­ның қызы Гүлайым­ша,
Сыр мінез, сы­нық дерттің мұнайын­ша.
Сол кез­де: «Су­ды ірік!» деп періште­ге,
Бұйыр­ды қадір мәулен бұлайын­ша:
«Месіне Нілдің су­ын сыйғыз, — деді, -

Тәліптің та­лап қылған райын­ша!».

Дас­тан қазақтың «та­лап­ты ер­ге нұр жа­уады» де­ген мақал­ды нықтай түсіп, қай­тпас қажыр­лықты көрсет­кен кейіпкер, қалай­да Ал­ла пәрмен ет­се, бәріде орын­да­лады деп се­неді. Жа­ратқан­ның құдіретімен мес­ке да­ри­яның суы сыйып, да­рия кеуіп, ішіндегі бақа-ба­лығы шу­ыл­да­сады. Күллі та­биғат, жан-жа­ну­ар­лар аң-таң қала­ды. Са­рай­дың жен­деттері сол жер­ден өтіп ба­ра жа­тып, әлгі таңғалар­лық істі көзбен көріп оны пат­шаға ба­ян етеді. Пат­ша сол жер­де болған жәй­тті көріп, ол пақырға қызын бе­реді. Местің ішіндегі су­ды да­рияға ағызған­да, да­рия ар­на­сынан та­сып, қай­та то­лады.

Дас­танның қоры­тын­ды­сын­да бойын­ша Омар Шо­раяқұлы жар­лы­лыққа қара­май ғылым ізде­ген, та­лап­танған адам мақса­тына же­теді де­ген ой­мен тұжы­рым­дай­ды. Діннің ықпа­лы зор әрі ди­дак­ти­калық маңызы­мен күрделі бо­лып ке­летін дас­танның бас­ты ерек­шеліктері де осын­да. Ғылым мен білімді жыр­лаған соң, дас­танның ағар­ту­шылық ролі, өзіндік нақышы­мен бо­яуы қаныға әрі ар­та түскен.