Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы

Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы

Қажы Мұқан Мұңай­тпасұлы — Қазақ халқының та­рихын­дағы тұңғыш кәсіпқой ба­лу­ан. Тұтас ғұмы­рын күрес өнеріне ар­нап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші бо­лып өзге жұртқа паш ет­кен, өзінен бұрынғы қан­даста­ры бас­паған то­пырақты ба­сып, көрме­ген елді көріп, өзге қазақ тақпаған ал­тын, күміс ме­даль­дар­ды мой­ны­на тұңғыш ілген Қажы Мұқан ба­бамыз.

Ора­сан күштің иесі, күрестің бірне­ше түрінен әлем чем­пи­оны атанған тұңғыш қазақ алы­бы! Теңдессіз өнерімен жер ша­рын ара­лаған, 28 мем­ле­кет­те күрес­ке түсіп, 56 ме­даль ол­жа­лаған Қажымұқан­дай мықты ХХ ғасыр­дың ба­сын­да түркі ха­лықта­рының ішінде қазақта ғана бол­ды. Ре­сейдің ба­лу­ан­дар то­бын­да Қажымұқан­нан күші асқан ешкім бол­мағанын да ай­туға тиіспіз. Дүние жүзінің чем­пи­он­да­ры Иван Под­дубный, Иван Ше­мякин, Алекс Аберг, Иван За­икин, Ге­орг Лу­рих, Ге­орг Гак­кенш­мидт, Поль Понс, Вей­ланд Шульц сын­ды жам­поздар­мен қатар жүру, боз кілем­дегі айқас­тарда осы ба­лу­ан­дарды шетінен жығып, бәй­ге алу — сол за­ман­да нағыз ерлік еді. Ол кез­де им­пе­ри­яның бу­ына семірген Ре­сей күресінің қожайын­да­ры қазақты шын мәнінде менсінбе­уші еді. Қажымұқан сон­дай ор­та­да на­мысын жатқа бер­ген жоқ. Ке­удесін ешкімге бас­тырма­ды. Күрес қожайын­да­рының, төрешілердің сан мәрте әділетсіздігіне белі бүгілмеді, еңсесі түспеді.

Өмірі

Та­рихи де­рек­терге сүйен­сек ол 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмо­ла уезі, Са­рыте­рек бо­лысы­на қарас­ты Жәдік де­ген жер­де дүни­еге кел­ген. Кейбір зерт­те­улер­де, оның 1883 жы­лы туған­дығы ай­ты­лады. Қажымұқан ке­дей ша­ру­аның ба­ласы болған­дықтан, орыс бай­ла­рына және дәулетті адам­дарға жал­данған. Сөй­те жүріп, күрес­ке түсіп, той то­малақтар­да ел­ге көрініп, ба­ла ба­лу­ан де­ген атқа ие болған.

Бы­лай бас­та­латын өлең жол­да­ры оның сал-серілігінен де ха­бар­дар етеді:

Атан­дым Мұқан па­лу­ан, ба­ла жас­тан.

Ішінде күштілердің бол­дым ас­там.

Та­лай-та­лай жер­лердің дәмін та­тып,

Өтті дәурен осы­лай біздің бас­тан

Сон­да сол цирк­те жеңген па­лу­ан, ең соңын­да жеңген па­лу­ан мен Қажымұқан күрес­ке түседі. Оны жыға ал­май­ды, де­ген­ме­нен ха­лық ара­сына та­ныла­ды. Зло­бин де­ген цирктің қожа­сына ұнай­ды да, бұл жаңағы бар­лық зерт­те­улер­де жа­зады ол «Ва­ня ағай» де­ген атақты алғашқы кәсіби Сән-Пи­тер­бордағы мек­тепті ашқан атақты Ле­бедев­ке хат жа­зып жібе­реді. Сол арқылы ол сол жаққа ба­рады. Сол жақта үш жыл­дай дәріс ала­ды. Со­дан кейінгі өмірі Қажымұқан­ның үлкен өрісте бо­лады, биіктей түседі жыл­дан жылға.

Та­лас аға жалғай­ды. Сон­да ол орыс­тың көпте­ген па­лу­ан­да­рымен та­ным­сып, дос бо­лады. Олар­дың ішінде Иван Под­дубный, Иван Ше­мякин сияқты мықты мықты дүние жузіне белгілі жа­уыры­ны жер­ге ти­меген, Иван Зай­кин тәрізді ба­лу­ан­дар бар, Шульц де­ген па­лу­ан осы­лар­мен тек қана күресіп қана қойған жоқ, ру­хани жағынан жақын­да­сып, ұзақ жыл­дар дос бол­ды.

Қажымұқан­ның тұңғыш рет әлемдік деңгей­де көрінген шағы — 1906 жыл. Ал­ма­ни­яда өткен дүни­ежүзілік сайыс­та ол әлем чем­пи­оны ата­нады. Бірақ орыс әкімшілігіне бұра­тана ха­лықтың атын шығарған па­лу­ан он­ша ұнай қой­май­ды. Сол үшін де Қажымұқан орыс па­лу­ан­да­рының аты­мен күре­суге мәжбүр бол­ды. Қажымұқанға не­ше түрлі лақап ат­тар беріледі. Сол кез­дегі са­ясат бойын­ша, бізде тек орыс­тар ғана емес, жа­пон­дықтар да күре­седі де­ген жар­на­малар жа­салып, Қажымұқан­ды «Яма­гата Му­хуну­ри» де­ген лақап ат­пен күрестіреді. Со­нымен қатар, Му­хан, «Иван Чёр­ный» сияқты лақап есімдері болған.

1909 жылғы ха­лықара­лық па­лу­ан­дар жа­рысы­на ол «Қара Мұста­фа» де­ген ат­пен шыққан. Сөйтіп бүкіл дүние жүзіне Мұқан­ның не­ше түрлі лақап ат­та­ры та­рай бас­тай­ды.

1910 жы­лы Мұқан тұңғыш рет Оңтүстік Аме­рика құрлығына та­бан тірейді. Ар­генти­наның ас­та­насы Бу­энос-Ай­рес қала­сын­да өткен еркін күрес­тен болған біріншілікте ол Аме­рика чем­пи­оны ата­нады.

1911 жы­лы Мұқан Мұңай­тпа­сов Ыс­тамбулға ба­рады. Сол ке­зеңде әлем­де түрік па­лу­ан­да­рынан мықты па­лу­ан­дар жоқ сияқты көрінетіндігі сон­ша­лық, ол жаққа орыс па­лу­ан­да­ры аяқ бас­пай­тын-ды. Осы рет­те на­мысқой Қажымұқан өзі түркі халқының өкілі ретінде Түркияға ба­руға бел бу­ады.


Ол по­ляк қызы­мен отау құрған. Ом­бы­да мешітке апа­рып, оған Бәти­ма де­ген ат беріп, мұсыл­ман дініне кіргізген. Пат­ша үкіметі құлаған соң, ба­лу­ан­ның от­ба­сы аза­мат соғысы мен аш­тықтың сал­да­рынан біраз сер­гелдеңге тап бо­лады.

1937 жы­лы Қажымұқан­ның ізіне ІІХҚ қыз­меткер­лері түсіп: «Бұл пат­ша­ның ада­мы, оның қолы­нан ме­даль алған, сый­лық алған сы­бай­ла­сы» — деп қуда­лауға ұшы­рата­ды. Сол се­бепті Қажы Мұқан от­ба­сын тас­тап, Түркістан мен Өзбекс­тан­да бас сауғалай­ды. Өмірінің соңғы ке­зеңі Түркістан жерінде өтеді.

Ұлы Отан соғысы бас­талған кез­де Қажымұқан ҚКСР Жоғарғы кеңестің төрағасы Қазақба­евқа жо­лығып, оған «Ел ара­лап, цирк өнерін көрсет­сем, сол арқылы ақша та­уып, май­данға көмек­тессем» — де­ген ұсы­ныс ай­та­ды. Бұл ұсы­ныс­ты үкімет қол­дап, екі жылға жуық жүріп цирк өнерін көрсетіп, 100 мың сом­дай ақша та­бады.

Егер ол өз за­манын­да тәуелсіз елдің аза­маты бол­са, оның Мұқан Мұңай­тпасұлы де­ген шын есімі әлемдік спорт та­рихын­да ал­тын әріптер­мен жа­зылар еді. Өмірінің 55 жы­лын күрес пен цирк өнеріне ар­нап, 50 шақты ме­дальдің иесі бо­лып, жеңіс тұғыры­нан түспе­ген да­ра тұлға — қазақтың нағыз хас ба­тыры.

Ол 1948 жы­лы Оңтүстік Қазақстан об­лы­сы, Бөген ауда­ны, Ле­нин туы кол­хо­зын­да қай­тыс бол­ды. Темірлан де­ген ауыл­да, қабы­рының ба­сына ес­керткіш ор­на­тылған. Оның төрт әйелінен та­раған ұрпақ Түркістан мен Ақмо­ла өңірінде өмір сүру­де.

Қосым­ша Ол ағамыз ең алғашқы лақап аты Му­хану­ра, Ле­бедев мыр­за­да дәріс алып күрес өнерін да­мытқан еркін күрес­тен әлемнің бірне­ше дүркін жеңінпа­зы фран­цуз күресінен өзімен бірдей дәре­жеде күре­сетіндер еркін күрес­тен бәрі бас­та­рын идірген.

Жетістіктері

Қажымұқан Мұңай­тпасұлы. Ең алғаш рет ірі та­бысқа Қажымұқан Хар­бин қала­сын­да өткізілген Ха­лықара­лық тур­нирде қол жеткізеді. Мұнда ол бірінші орынға ие бо­лып, өңіріне ал­тын ме­даль тақты. Кейбір де­рек­терде бұл тур­нир 1905 жы­лы өтті делінеді. Белгілі бас­ты оқиға — Қажымұқан «Жиу-Жит­су» бойын­ша күресіп, тур­нирде бірде-бір рет жеңілме­гені, үлкен ал­тын ме­даль жеңіп алғаны.

Хар­бин са­пары Қажымұқан­ның даңқын ас­панға көте­реді. Енді оны «Мань­чжу­рия» чем­пи­оны деп атап ке­теді, әрі «Му­хину­ра» де­ген лақап ат беріледі. Қажымұқан­ның мұнан басқа да бірне­ше лақап ат­та­ры болған. Со­лар­дың ішінде Ок­тябрь ре­волю­ци­ясы­на дейін осы «Му­хину­ра» де­ген лақап аты сақта­лып келді. Ре­волю­цияға дейін ол қатысқан чем­пи­онат­тарды ұйым­дасты­рушы­лар, сол за­ман­дағы жағым­паз бас­пасөз өкілдері, біре­се «жа­пон» деп, біре­се «мань­чжур» деп, мүмкіндігінше «қазақ» екенін ай­тпауға ты­рыс­ты. Мәсе­лен, 1909 жы­лы Қажымұқан атақты эс­тон ба­лу­аны, әлем чем­пи­оны Ге­орг Лу­рих­тың то­бын­да күресіп жүреді. Лу­рих өз то­бының же­текші ба­лу­ан­да­ры жөнінде ай­та келіп, Қажымұқан ту­ралы: «Шығыс ұлы жа­пон „Му­хину­ра“ ол си­рек кез­де­сетін мықты ба­лу­ан, күрес­те қай­тпай­тын бірбеттігі, да­лаға тән қай­сар­лығымен және ызақор­лығымен ерек­ше­ленеді» — деп жазған.

1910 жы­лы Аме­рикаға, Еуро­паға орыс ба­лу­ан­да­рының үлкен бір то­бы ат­та­нады. Сөз ара­сын­да ай­та ке­тетін бір жайт, — бұл са­пар­да Қажымұқанға еріп, әйелі На­деж­да Ни­кола­ев­на Чеп­ковс­кая да бар­мақ болған. Бірақ аяғы ауыр бо­лу­ына бай­ла­ныс­ты Пор­ту­галия пор­ты Лис­са­бон­да ке­меге көтерілуіне рұқсат етілмейді. Жергілікті тәртіп бойын­ша, екіқабат әйел­дерді мұхит ке­мелеріне мінгізбейді екен. Қажымұқан­ның өзі Бәти­ма деп атап кет­кен Чеп­ковс­кая цирк акт­ри­сасы болған, әрі ерінің кәсіби күрес­тегі та­лай та­маша жеңістерін өз көзімен көрген.

Осы са­пар­да Аме­рикаға барған ба­лу­ан­дар бірне­ше шағын топ­тарға бөлініп, әр жер­де күре­седі. Оңтүстік Аме­рика­ның ірі-ірі қала­ларын­да күш сы­наса­ды. Олар­дың әсіре­се Ар­генти­на ас­та­насы Бу­энос-Ай­рес­ке барған са­пары сәтті бо­лады. Қажымұқан бұл са­пар­дан үлкен ал­тын ме­даль­мен ора­лады. Бірақ Қажымұқан­ның Аме­рика­да күрестің қай түрінен өнер көрсет­кенін анықта­удың әзірше сәті түскен жоқ. Оның Аме­рика­ның еркін күрес түрі бойын­ша сайысқа түсу әбден ықти­мал де­ген пікір бар. Се­бебі олай де­уге негіз бар. Қажымұқан өзін әрқашан да еркін күрес­тен мықты сезінген де, фран­сузша күрестің тех­ни­касы­на шорқақтау бо­лып­ты.

Қажымұқан Оңтүстік Аме­рика­дан 1910 жыл­дың аяғына та­ман оралған сияқты. Олай дейтін се­бебіміз: ол 1910 жыл­дың жел­тоқса­нын­да, 1911 жыл­дың қаңта­рын­да Мәске­уде өткен Ха­лықара­лық чем¬пи­онатқа қаты­сады. Бұл жо­лы Қажымұқан Ра­зумов­тың, Шней­дердің, Иоган­санның, Вин­тердің, Ап­по­лин­ның жа­уырын­да­рын қысқа уақыт­та кілем­ге тигізген. Осы чем­пи­онат­та сол за­ман­да аты дүрілдеп тұрған Цик­лоппен ұзақ алы­сады. Айқас 20 ми­нутқа со­зылып, тең аяқталған. Чем­пи­онат­тың жетінші күні Қажымұқан Әлем чем­пи­оны Лу­рих­пен кез­де­седі. 20 ми­нутқа со­зылған бұл қиын бел­де­су еш нәти­же бер­мей, тең аяқта­лады. Ер­теңіне Лу­рих қазақ ба­лу­анын тағы да кілем­ге шақыра­ды.

Белгілен­ген уақыт­та Лу­рих тағы да жеңіске же­те ал­май­ды. Әккі Лу­рих қулыққа көшеді, ақыры ақшаға са­тылған төрешілер Лу­рих жеңді деп ха­бар­лай­ды. Күресті та­маша­лауға жи­налған көпшілік бұл шешімге келіспейтіндіктерін білдіріп, үлкен шу шығара­ды. Жа­рыс­ты ұйым­дасты­рушы­лар кілемді тас­тай қаша­ды. Төрешілердің Қажымұқанға қар­сы ой­лап тапқаны — ол «жа­рыс ере­жесін бұзды» де­ген сыл­тау.

1911 жыл­дың сәуірінде Пе­тер­бург­те күрес­ке қаты­сады. Бұл жо­лы чем­пи­онатқа қаты­сушы­лар ара­сын­да Ра­уль де Ра­ун мен Ге­орг Лу­рих та бо­лады. Әділетсіздік бұл жо­лы да Қаже­кеңнің ал­ды­нан шығады. Чем­пи­онат­тың жар­ты жо­лын­да баяғы әуен қай­та­ланып, «жа­рыс ере­жесін бұзды» деп тағы да жа­рыс­тан шығарып тас­тай­ды. Пе­тер­бург чем­пи­она­ты аяқта­лар-аяқтал­мастан, оны Поль­ша­ның ас­та­насы Вар­ша­вада өту­ге тиісті Ха­лықара­лық жа­рысқа шақыра­ды. Осы жа­рыс жайын­да Бәти­ма жеңгей бы­лай деп ес­ке ала­ды:

Бұл ес­те қалар­лықтай аты шу­лы жа­рыс бол­ды. Қажымұқан бұл жа­рыс­та Әлем чем­пи­оны, атақты неміс ба­лу­аны Поль Абс, әлем және Ре­сей чем­пи­оны Иван Яго, неміс ба­лу­аны Шульц сияқты ше­бер ба­лу­ан­дармен бел­десті. Ал­тын ме­даль­ды бұл жо­лы ой­ла­маған жер­ден неміс Шульц ұтып ал­ды. Қажымұқан ке­удесіне кіші ал­тын ме­даль­ды тақты, күміс ме­дальға Лу­бие ие бо­лып, атақты Поль Абс қола ме­даль­ды қанағат тұтты. Жар­ты жыл­дан соң Вар­ша­ва біріншілігіне қаты­су үшін біз Поль­ша ас­та­насы­на қай­та орал­дық. Сол кез­де ұлы­мыз Ха­ли­ол­ла кішкен­тай, жаңа ғана қаз-қаз ба­сып жүрген кезі еді. Біз Ха­ли­ол­лаға бас-көз бол­сын деп, көршінің 16 жа­сар қызы — Жәми­ланы ала кел­генбіз. Қажымұқан бұл жо­лы да жүлделі орын­нан көрінді. Одан жоғары орын­дарға чех Пос­пе­шил мен атақты Лу­рих ие бол­ды. Осы жа­рысқа қатысқан Қытай алы­бы Ли Хун Синг пен Ла­убе Қажымұқан­нан кейінгі орын­дарға ие бол­ды. Чем­пи­онат аяқталған соң, бәріміз ауылға, Ом­быға орал­дық. Ұмыт­па­сам, осы жо­лы, не 1912 жы­лы, әй­теуір осы екі жыл­дың бірінде біз Қызыл­жар қала­сына тоқта­дық. Қазақ ба­лу­аны­ның дәре­жесі көтеріліп, Ре­сей­дегі, шет ел­дердегі чем­пи­онат­тарда жақсы күрес көрсетіп жүргенін естіген қала тұрғын­да­ры, со­ның ішінде Қажымұқан жас кезінде жал­шы­лықта болған көпес Гри­горий Мас­ля­ков кісі жіберіп, үйіне шақырып, қонақ етті. Ба­тыр ба­лу­ан­ның болған жер­леріндегі күрес әңгіме­лерін қызыға тыңдап, көпте­ген сұрақтар қой­ды. Дас­тарха­нын жайып, сый­лы қонақта­рын шақырып, Қажымұқанға, қасын­дағы біздер­ге үлкен сый-құрмет көрсетті. Мұның өзі бай­лығымен ғана ма­сат­та­нып жүрген көпес­тен ке­дей ша­ру­аның ба­ласы, ке­шегі жал­шы­сы, бойына біткен алып күшін, сарқыл­мас өнердің иесі, қазақ халқының мақта­нышы Қажымұқан­ның Гри­горий Мас­ля­ков­тан биік тұрғанын ха­лықтың ал­дында бір көрсетіп тас­та­ды. Қажымұқан­ның ас­ты­на ат мінгізіп, маған 5 метр көк мақпал та­за күмістен әше­кей­леп жа­саған ре­дикюльді сыйға тарт­ты. Біз қан­ша бас тарт­сақ та, көнбей қой­ды. «Бұл Қызыл­жарда болған кез­деріңіздің ес­телігі бол­сын» деп бәйек бол­ды. Біз Қызыл­жардан осы­лай ат­тандық. Сол жо­лы Қажымұқан үш айға жуық ел ара­лап, той­ду­ман­дарда бо­лып, халқының ара­сын­да сай­ран са­лып жүрген.

Ақын жа­зушы­лар Мұқан ту­ралы

Қара сөздің қадірін білетін қазақ «күш ата­сы» деп басқаны емес, Қажымұқан­ды атаған. Қажымұқан ту­ралы қалам тер­бе­ген алаш қалам­герлерін түген­деп шығу да оңай емес.

Сәкен Сей­фул­лин, Сұлтан­махмұт То­райғыров, Ке­нен Әзірба­ев, Нар­тай Бе­кежа­нов, Асқар Тоқмаған­бе­тов, Әбділда Тәжіба­ев, Ди­хан Әбілев, Са­парғали Бе­галин, Сәбит Мұқанов, Әуел­бек Қоңырат­ба­ев, Сыр­бай Мәуле­нов, Төле­ген Ай­бер­ге­нов, Қадыр Мыр­за­ли­ев, Ғафу Қайыр­бе­ков, Қал­мақан Әбдіқады­ров, Сәуірбек Бақбер­ге­нов, Жайық Бектұров, Әди Шәріпов, Зейтін Ақышев, Берқайыр Аман­шин, Әлімқұл Бүркітба­ев, Қапан Қам­ба­ров, Төле­ген Тоқбер­ге­нов, Мұхтар Ша­ханов, Жа­расқан Әбдіра­шев, Бе­кен Әбдіра­зақов, Са­быр­хан Аса­нов, Аян Ны­сана­лин, Құлбек Ергөбе­ков, Ма­мыт­бек Қал­ды­ба­ев, За­хар­дин Қыс­та­убайұлы, Серік Бай­хо­нов, Жан­бо­лат Ауп­ба­ев, Әділғазы Қайыр­бе­ков, Әсия Бер­ке­нова, Есенқұл Жақып­бе­ков… Орыс­тың көрнекті ақыны Дмит­рий Мар­ты­нов, белді жа­зушы Ни­колай Анов… Ат­та­ры аталған бір-бір бәй­те­рек­тей ақын-жа­зушы­ларға спорт жур­на­лис­терін қос­сақ, Қажымұқан ту­ралы қалам тер­бе­ген адам­дардың шеті-шегі жоқ екенін бағам­дар едіңіз.

Қызықты мәлімет­тер

…1944 жы­лы осын­дай шо­улар­мен жи­налған 100 мың сом­ды — Қажымұқан осы қар­жыға ұшақ са­тып алып, оны Аман­гелді Има­нов аты­мен ата­уды өтініп, Жеңіс қоры­на аудар­ды. 29 қазан­да мы­надай же­дел­хат келді: «Оңтүстік Қазақстан об­лы­сы, Шәуілдір ауда­ны, Ақтөбе кол-зы, Мұңай­тпа­совқа. Қызыл Ар­ми­яның Әске­ри күштеріне көрсет­кен қамқор­лығыңыз үшін ме­нен сәлем және Қызыл Ар­ми­ядан ри­зашы­лық қабыл­даңыз, жол­дас Қажымұқан. Сіздің тілегіңіз орын­да­лады. Ста­лин».

Қажымұқан жер­ге жатқан­да, оған де­несінің үстіне тақтай­лар ор­на­тылып, сол тақтай­лар­дың үстімен адам­дар лық тол­ты­рылған жүк ма­шина­сы жүріп өте­тетін. Ор­ны­нын тұрған Қажымұқан ақсақал жүк ма­шина­сын­дағы адам­дарды иығына отырғызып, жан-жағынан жар­ма­сып-жа­бысып мініп алған адам­дармен ора­нып алған Алып құрмет­те­ушліредің ал­дында әрлі-берлі жүретін.