Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Тастанбекқызы Сара (1878 - 1916 ж.ж)

Тастанбекқызы Сара (1878 - 1916 ж.ж)

Тас­танбекқызы Са­ра (1878–1916) – ай­тыс­кер ақын. Туған жері – қазіргі Ал­ма­ты об­лы­сының Қапал ауда­ны. Руы – Най­ман.

Өзінің қысқа ғұмы­рын­да тауқыметтің та­лайын көріп, әле­уметтік теңсіздіктің тәлкегіне ұшы­раған Са­раның шығар­ма­шылық жо­лы — тым ауыр да күрделі жол. Ол үш жа­сын­да әкесінен айыры­лып, еңсе бас­кан жетімдік пен жоқшь­шык­тың зар­да­бын көріп өседі.

Бұл аз де­ген­дей, сырт­тай бол­са да жалғыз сүйенер тірегі — не­мере ағасы Жай­саңбек «өгіз ұрла­ды» де­ген жа­ламен түрме­ге түседі. Жоқшы­лық өтінде же­ке қалған жетім ба­ла, жесір әйел­ге қамқор­шы бо­лып, ауылы­на көшіріп әкел­ген Тұрыс­бек қажы Са­раны шы­рыл­да­тып, өзінің теңі емес, жа­раты­лысы­нан кеміс туған, бай ба­ласы Жи­енқұлға атас­ты­рады.

Жетім қыз үшін мал алған Тұрыс­бек қажы­ның әре­кетін естіген Есімбек қажы дау шығарып, Са­раны өз ауылы­на көшіріп ала­ды. Бірақ бұдан Са­раға жақсы­лық бол­май­ды. Ақырын­да бар ша­руа екі қажы­ның қыз­дың қалың ма­лын тең бөліп алуға келісуімен ты­нады.

Осы­лай­ша қар­ша­дайынан ба­сы дау-шарға түскен ақын қыз­дың бағының ашы­лу­ына осы кез­де най­ман елін ара­лап, серілік жа­сап жүрген атақты Біржан сал­мен кез­десіп, шар­шы топ­тың ал­ды­на оны­мен ай­ты­суы үлкен се­бепші бо­лады. Бұл ай­тыс Са-ра­ның ха­лық ал­дындағы бе­делін арт­ты­рып, атағын алысқа жа­яды. Елдің құрметіне бөленіп, ха­лықтың ма­хаб­ба­тына ие болған ақын қыз­дың тағдыр тізгінінің өз қол­да­рынан су­сып шығып ба­ра жатқанын сез­ген қажы­лар да көпке көре­неу қар­сы шыға ал­май, оның ба­сына бос­тандық бе­реді. Сөйтіп ақын Са­ра өзінің асқан да­рыны­ның арқасыңда теңдікке қол жеткізіп, он тоғыз жа­сын­да өз теңі Ал­тынбекұлы Бек­бай де­ген­ге тұрмысқа шығады. Теңдікке жетіп, теңіне қосы­лып, көзі ашылған­дай болған осын­дай күндердің бірінде Вер­ный ка­ласы­нан Әбіштің (Әбдірах­манның) сүйегін алып қайтқан жол­да Қапал­да Абайға көңіл ай­туға кел­ген Най­ман елінің игі жақсы­лары­мен бірге Са­ра да келіп, ұлы ақын­мен көріседі, аяулы ба­ласы­нан айырылған ауыр кайғысы­на ор­тақтас­тығын білдіреді.

Жас­тай жоқшы­лықты көп көріп, ауыр тұрмыс­ты бас­тан кеш­кен, теңсіздіктің зар­да­бын шегіп, қайғы-мұңды серік ет­кен ақын қыз көп ұза­май ауруға шал­дығып, жалған­ның қызығын жа­рытып көре ал­май, ер­те көз жұма­ды.

Са­ра Тас­танбекқызы­ның Біржан сал­мен ай­ты­сы — ғасыр­дан ғасырға үзілмей жалғасып ке­ле жатқан қазақтың ай­тыс өнерінің шоқтығы биік, көркем үлгісі бо­лып са­нала­ды. Ақын­ның бұл ай­тыс­тан басқа «Жүрек», «Ашын­дым», «Ар­са­лаң аға ал­дыңда», «Жүрек сы­ры», «Жай­ла­уда», «Әбіштің аруағына», «Хош бол, елім» секілді көпте­ген өлен­дері мен «Тұзақ» ат­ты дас­та­ны бар.

Тас­танбекқызы Са­раға ар­нап, Тал­дықорған об­лы­сының Ақсу ауда­нын­да ес­керткіш тас қойыла­ды. Ал 1993 жы­лы Т. Қали­ила­хано­ваның «Ақын Са­ра» де­ген кіта­бы жа­рық көреді.