Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Саржан Сұлтан

Саржан Сұлтан

Сар­жан Қасымұлы -қазақ халқының 1825–1836 жыл­дардағы ұлт-азат­тық көтерлістің бас­шы­сының бірі болған. Абы­лай хан­ның не­мересі. Қарқара­лы ок­ругіне қарас­ты Қар­пық бо­лыс­тығын басқарған. Ор­та жүзде хан­дық биліктің жойылу­ына (1822ж) тақ мұра­гері Ғұбай­дол­ла Уәлиұлы және әкесі Қасымсұлтан­мен бірге қар­сы­лық та­нытып, Ре­сей өкіметі та­рапы­нан ашылған ок­ругтерді жойып, хан­дық билікті қал­пы­на келтіруді та­лап етеді. Оның осы мақсат­тағы Солтүстік және Ор­та­лық Қазақстан аудан­да­рын қам­тыған көтерлісі он жыл­дан ас­там уақыт со­зыл­ды. 1836 жыл­дың жа­зын­да Қоқан би­ле­ушілері Са­жан­ды інілері Ер­жан, Есен­гелділер­мен бірге зұлым­дықпен өлтірді. Оның бас­таған ісін інілері Ке­неса­ры жалғас­тырды.

Сар­жан Сұлтан­ның көтерлісі (1825–1836ж) -Ре­сей им­пе­ри­ясы­ның Қазақстан­да жүргізілген отар­шылдық са­яса­тына қар­сы бағыт­талған ұлт-азат­тық қозғалыс. Хан­дық биліктің жойылу­ына бай­ла­ныс­ты ок­ругтік және ше­кара­лық Ре­сейлік басқару ме­кеме­лері ашы­лып, әске­ри бекіністер са­лына бас­та­ды. Көтерлістің шығуына Солтүстік Қазақстан­дағы суы мен жайылы­мы мол Есіл өзенінің бойын­дағы жер­лердің орыс-қазақ ша­ру­ала­рына берілуі және алым-са­лықтың өсуі де қат­ты әсер етті. Сар­жанның Қытай­дағы Цинь үкіметімен қарым-қаты­нас ор­на­ту әре­кеті сәтсіздікке ұшы­рады. Ол інісі Есен­гелдімен бірге қазақ ауыл­да­рын­да ха­лықты ашық бас көте­руге үгіттеп, 1825 жы­лы Қарқара­лы ок­ругіне қар­сы Қар­пық бо­лыс­тығы қазақта­рының көтерліске шығуына ұйытқы бол­ды. Қару­лы жа­сақтар Сар­жан сұлтан­ның бас­шы­лығымен ок­ругтік при­каз­дарға, ке­ру­ен жол­да­рына тұтқиыл­дан ша­бу­ыл жа­сап, жергілікті билік орын­да­рын әбігер­ге түсірді. Жа­сақтар қата­рын­да Сар­жанның інісі Ке­неса­ры да бол­ды.

1826 жы­лы 31 қаңтар­да Ба­тыс Сібір ге­нерал-гу­бер­на­торы П. М. Кап­це­вичтің бұй­рығына сәй­кес жіберілген 200 қазақтан жа­сақталған жа­зала­ушы жа­сақпен Сар­жан бас­таған көтерлісшілердің ара­сын­да шайқас бо­лып, көтерлісшілер жеңіліс тап­ты. Бірқатар көтерлісшілер тұтқынға түсті. Қуда­ла­удан құты­лу үшін Сар­жан өз қол ас­тындағы көпте­ген ауыл­дармен Орын­бор шебіне қарай көшіп, Кіші жүз қазақта­рын өз жағына тар­ту бағытын­да жұмыс­тар жүргізді. Соған орай Орын­бор ге­нерал-гу­бер­на­торы Сар­жан сұлтан­ды Кіші жүздегі «бар­лық ма­засыз­дыққа бас­ты кінәлі» деп бағалап, оның мұндай әре­кетіне тосқауыл қоюға әре­кет­тенді. Бұған қара­мас­тан көтерлісшілер қата­рына Кіші жүз қазақта­рымен қоса қашқын орыс, та­тар, башқұрттар да қосыл­ды. Сар­жан Қоқан, Хи­уа хан­дықта­рымен және Бұхар әмірлігімен бай­ла­ныс ор­натты. Сар­жан жа­сақта­рымен барған сайын жаңа көтерлісшілер­мен то­лығып отыр­ды. Оның жа­сақта­рының бірін басқарған сұлтан Абы­лай Ғаб­ба­сов Қарқара­лы ок­ругіне жо­рықтар ұйым­дастыр­ды. Көкше­тау ок­ругтерінде сұлтан Сар­тай Шыңғысов Сар­жанға қол­дау білдіретіндігін та­нытып, он­дағы ха­лық көтерлісіне бас­шы­лық жа­сады. Отар­шылдық әкімшілікке жағым­пазд­пну­мен ерек­ше­лен­ген Қарқара­лы ок­ругтерінің аға сұлта­ны Тұрсын Шыңғысов Сар­жан бас­таған көтерлісшілердің талқан­да­уына ын­та­лылық та­нытып, пат­ша әскеріне көмек­тесті. Сар­жан 1832 жы­лы Қоқан хан­дығының Таш­кент құсбегімен пат­ша үкіметіне қар­сы бірле­се күре­су жөнінде келісім жа­сап, Ұлы­тауға, Са­рысу өзенінің бойына келіп қоныс­танды. Қоқан­дықтар­дың қол­да­уымен бірне­ше рет Ор­та жүз жеріне жо­рық жа­сал­ды. Ол Таш­кент құсбегіне бағыныш­ты Ұлы жүз қазақта­рын да өз жағына тар­туға ты­рыс­ты. Бұл өз ке­зегінде Сар­жанның қоқан­дықтар­мен жан­жа­лына негіз бол­ды. Таш­кент құсбегі 1836 жы­лы жаз­да Сар­жанды және оның інілері Ер­жан мен Есен­гелдіні, сон­дай-ақ оны қол­даған бірқатар белгілі ба­тыр­ларды Таш­кент­ке ал­дап шақырып зұлым­дықпен өлтірілді. Сар­жанның өлімінен кейін Ре­сейдің отар­лық са­яса­тына қар­сы күрес оның інісі Ке­неса­ры Қасымұлы бас­таған қазақ халқының ұлт-азат­тық қозғалы­сына ұлас­ты.