Бастапқы бет сайт картасы
Қазақша
Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Сейтек Оразалыұлы

Сейтек Оразалыұлы

Сей­тек Ора­залыұлы 1861 жы­лы Ор­да ауда­нын­да дүни­еге кел­ген – күйші-ком­по­зитор, қазақтың төкпе күй әдібінің негізін са­лушы. Бес жа­сын­да әке­ден қалып, ағайыны Шо­шақтың тәрби­есінде болған. Алғаш дом­бы­ра тар­ту­ды ағасы­нан үй­рен­ген. Ауыл ара­сын­да ба­ла дом­бы­рашы ата­нып, сол кез­дегі Әлікей са­ла­уат­ке­рей, Тұрып, мәди сияқты дом­бы­рашы­лар­дың ал­дын көреді. Олар арқылы әйгілі Дәулет­ке­рейдің күй­леріне ден қойып, оның күй­леріндегі ше­берлік-ша­лым­дарды иге­реді.

Сей­тек мүшел жасқа толған­да ата сал­ты­мен нағашы­лап Аты­рау бойын­дағы Дәуле­ти­яр­дың ауылы­на ат­та­нады. Өзімен бірге дом­бы­расын ала шығады. Осы са­парын­да Сей­тектің жо­лы бо­лып, Ұлы күйші Құрманғазы­ның ал­дын көреді, ықыла­сына бөленіп, тілеуқор лебізін ес­тиді. Бұл оның өміріндегі еле­улі ке­зеңі еді. Мұнан кейін күй өнерін өмірінің мағына­сына ба­лап, күйдің өмір жыр­лағыш ұлы қаси­етіне құныға ден қояды. Ел ішіндегі шет-шегі жоқ небір інжу-мар­жан күй нөпірін естіген сайын құнығып, енді бірье-бірте өріс ұзар­тып, өнерді өмірлік мұра­тына ай­нал­ды­ра бас­тай­ды. Әрідегі «Ақсақ құлан», «Ер ай­рылған», сияқты қарт көкірек күй­лер­ден бас­тап, берідегі ел өмірінің ды­бысқа ай­налған шежіресі сияқты күй­леріне дейін жат­тап тар­тып, жүрегіне сіңіру­мен бо­лады. Ел ішін ар­мансыз ара­лап, Орал, аст­ра­хан ай­мағын­дағы Еділ мен Жайық бойын­дағы, на­рын алы­бын­дағы күйшілік дәстүрлер­мен та­ныса­ды.

Сей­тек за­ман әділетсіздігіне қар­сы шыққаны үшін қуғын­да­лып, Ор­да, Ир­кутск, Аст­ра­хан, Бу­тыр­ка (Мәскеу) түрме­леріне қама­лады. Сібірге жер ауда­рыла­ды (1897). Осы ке­зеңде «Ай­дау», «Түңілдім», «Ар­ман» ат­ты күй­лерін шығара­ды. 1905 жы­лы ка­тор­га­дан бо­сап, еліне ора­лады. Мұнда ол ана­сы мен ба­ласы­ның қай­тыс болғанын естіп, өзінің қайғы-қасіретін «Жоқтау», «Ғазиз» ат­ты күй­лерінде бей­не­лейді. «Жігер», «За­ман-ай» т. б. те­рең пси­холо­ги­ялық мазмұнға құрылған күй­лері Сей­тек шығар­ма­лары­ның жан-жақты өріс алған­дығын та­ныта­ды. 1923 жы­лы Мәске­уде өткен Бүкіло­дақтық ауыл ша­ру­ашы­лығы көрмесіне қаты­сып, өнер көрсе­теді. Ол түрікпен күй­лерінде қол­да­ныла­тын негізгі бас пер­нені дом­бы­раға пай­да­лана­ды. Бұл пер­не қазір де «Сей­тек пер­не» деп ата­лады. Сей­тек со­нымен бірге ән де шығарған. Оның «Сей­тек әнін» А. За­та­евич «1000 ән» жи­нағына енгізген.

Ару қызға де­ген адал көңіл, ақ тілегінің айғағы «Бұлбұл Ай­ша», қазақ қыз­да­рының ақжарқын, ба­уыр­мал қаси­етіне тәнті бо­лып «Бес қыз» күйін тар­ту ет­се, азат­тықты аңсаған асық көңілдің күйін «За­ман-ай» күйімен білдірген. Күй арқылы қайғы мен ащы азап­ты сыр етіп ай­та­ды.

Су­рет­кер Сей­тек құла­шын кең жайып, алыс­ты шо­лып, ел қамы, ха­лық тағды­ры, уақыт сыйы ту­ралы толғана­ды.

С. Ора­залыұлы ту­ралы мәлімет­термен мәде­ни қауым­ды алғаш та­ныс­ты­рушы белгілі му­зыка ма­маны А. В. За­та­евич бо­латын. Ол өзінің 1925 жы­лы ба­сылып шыққан белгілі жи­нағын­да ком­по­зитор­дың «Сей­тек» ат­ты әнінің но­тасын берді.

Сей­тектің күй­лері мен өмірі ту­ралы де­рек­терді тұңғыш жи­нас­ты­рушы­лар­дың бірі С. Көшек­ба­ев. С. Ора­залыұлы­ның туғаны­на 80 жыл то­лу ме­рекесі қар­саңын­да ол ту­ралы 1941 жы­лы «Құрманғазы­ның шәкірті» ат­ты «Со­ци­алис­ти­чес­кая Ал­ма-Ата» га­зетінде көлемді мақала жа­ри­яла­ды.

1937 жыл­дан бас­тап Сей­тектің «Он ал­тыншы жыл», «За­ман-ай», «Жан­та­за» ат­ты шығар­ма­лары қазақтың Құрманғазы атын­дағы ұлт ас­паптар ор­кестрінің ре­пер­ту­ары­на еніп, жұртшы­лық ара­сына кең та­рауға мүмкіндік ал­ды.

З. Жанұзақова­ның «Қазақ халқының ас­пап му­зыка­сы» ат­ты жи­нағын­да да Сей­тек өмірі жай­лы қысқаша мәлімет пен оның «Ай­дау», «Балқай­мақ», «Бұлбұл Ай­ша», «Көк ала ат», «Қара­шаш» күй­лерінің но­тала­ры бірілді.

Бұл күй­лерді кезінде Ф. Сұлта­нов­тың орын­да­уынан Ж. Қалам­ба­ев жа­зып алып, но­таға түсірген. «Жаңа дәуір жар­шы­сы» 1980 жы­лы Ал­ма­ты қала­сының «Ғылым» бас­па­сынан жа­рық көрген кіта­бының ав­то­ры Т. Мерғали­ев Сей­тектің өмірі мен твор­чест­ва­сын зерт­теу, оның ха­лық ара­сын­да сақталған күй­лерін жи­нау мақса­тын­да, 1965 жы­лы күйшінің ту­ып өскен жерінде бол­ды. Бұл еңбек­терді но­таға түсіріп, «Дом­бы­ра са­зы» ат­ты еңбегінде жа­ри­ялаған. Аталған кітап­та Сей­тектің «Он ал­тыншы жыл», «Ар­ман», «Ғазиз», «Мар­жан», «Жан­та­за», «Бес қыз», «Сек­сен ер» күй­лерінің но­тала­ры, шығу та­рихы жай­лы әңгімесімен берілген.

Сон­дай-ақ атақты му­зыка зерт­те­ушісі, ком­по­зитор Ах­мет Жұба­нов­тың 1962 жы­лы Ал­ма­ты қала­сының "Қазақ мем­ле­кеттік са­яси әде­би­ет бас­па­сынан «Қазақтың ха­лық ком­по­зитор­ла­ры» ат­ты еңбегінен Сей­тек шығар­ма­шылығы ту­ралы біраз мәлімет­тер алуға бо­лады.

Ал 2002 жы­лы Ас­та­на қала­сының «Күлтегін» бас­па­сынан жа­рық көрген белгілі ғалым-зерт­те­уші Ақсе­леу Сейдімбектің «Қазақтың күй өнері» ат­ты үлкен мо­ног­ра­фи­ясы­нан Сей­тек өмірі ту­ралы тың де­рек­тер алып, оның «За­ман-ай» күйінің но­тасын та­буға бо­лады.

Өзінің ша­быт­ты да жігер­ге то­лы серпінді күй­лерін ха­лық аты­нан сөй­летіп, дом­бы­ра өнерін ту етіп көтер­ген өнер­паздың жетпіс екі жас өмірінің жи­ыр­ма бес жы­лы үстем тап өкілдерімен ар­па­лыс­та, қуғын мен қама­уда өткен Сей­тектің күй­лері, бас­тан кеш­кен ғұмыр шежіресі болғаны­мен, хан­ның зер­десіндей, уақыт үніндей, за­мана ты­нысын­дай бо­лып жаңғыра­ры сөзсіз.

Жоғары­да аталған әде­би­ет­терді және Сей­тектің өмірі мен шығар­ма­шылығы ту­ралы басқа да мағлұмат алғысы ке­летін оқыр­мандар­ды Ж. Мол­дағали­ев атын­дағы Ба­тыс Қазақстан об­лыстық ғылы­ми-әмбе­бап кітап­ха­насы­ның өлке­тану бөліміне шақыра­мыз.